«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Kaspi” – АҚШ IPO-сында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Kaspi.kz” финтех-холдингі АҚШ-тағы NASDAQ биржа­сында акцияларын бас­тапқы жария орналастыруға (IPO) шығар­ды. Ëондон қор бир­жасының сай­тын­дағы ақпа­рат бойынша, Kaspi.kz әр­қай­сысы компанияның әдеттегі бір акциясын ұсынатын 11300000 америка­лық депози­тарлық акцияны (ADS) ор­налас­тырған. Орналастыру бағасы – ADS үшін 92 дол­лардан.

“Kaspi.kz”-тің IPO-ға тартқан қаржы көлемі 1 млрд. 039 млн. дол­ларды құрайды. Ор­на­ластырудың жетекші бук­раннерлері (өтінімді қабыл­даумен айналысатын ком­па­ния) – Morgan Stanley, J.P. Mor­gan және Citigroup. Ал Susque­hanna Finan­cial Group, LLLP and Wolfe | Nomura Alliance ба­ға­­лы қа­ғаздарды орналасты­ру бойын­ша қосымша ме­нед­­жерлер ретінде жұ­мыс істейді. Жалпы финтех-хол­динг IPO аясында 9 млн. аме­ри­калық депозитарлық акциясын ор­налас­тыруды жоспарлайды.

“Нью-Йорктағы Time Square-де Қазақ­станның үл­кен туын көр­ген кезіміздегі кеу­демізді кернеген мақтаныш сезімін сөзбен айтып жеткі­зу қиын. Біз сіздермен бір­ле­сіп, Қазақстанды жаңа дең­гейге шы­ғардық, елімізді жа­һандық ин­новациялық кар­таға енгіздік, со­нымен қа­тар әлем бойынша көп­теген ком­пания мен инвестор үшін үлгі болдық. “Kaspi.kz” да­муы­ның жаңа кезеңі­не аяқ ба­сып отырмыз. Енді әр­қай­­­сыңыз­дың алдыңыз­дағы жауап­­­кершілігіміз одан әрі ұлғая түс­ті. Сүйік­ті клиент­теріміз бен серік­тес­терімізге айтар алғы­сымыз зор. Жаңа жетістік­терге же­ту­ге бізді ынталандыра бе­ріңіз­дер. Біз сіздердің өмір­леріңізді жақсар­татын және елдің дамуына елеу­лі үлес қосатын ин­но­ва­ция­лық сервис құруды жал­­ғастыра береміз”, – дейді “Kaspi.kz” басшысы Михаил Ломтадзе.

NASDAQ жаһандық орналас­тыру жөніндегі жетекшісі Кэрен Сноудың айтуынша, “Kaspi.kz” 17 жыл бұрын Ал­­ма­тыда құрылғалы бері ха­лық­тың өмірін жақсартуды өзінің миссиясына айналдырып, цифрландыруға орасан зор үлес қосты. “Kaspi.kz” супер­қосымшасы электронды коммерция, сая­хат, азық-түлік, тө­лем­дер, QR-кодпен төлеу және мемле­кеттік қызмет­терді ұсынып, Қазақстан азамат­тарының күнде­лікті өмірінің бір бө­лігі­не айналды және әлемдегі бас­қа қосымшалармен салыс­тырғанда қолдану бойын­­ша ең жоғары көр­сеткіштерге ие.

Айта кетейік, “Kaspi.kz” 2020 жыл­дың қазан айында Лон­дон қор биржасында (LSE) IPO өткізді. Ол кезде компа­ния акционерлері IPO-ға компания акция­сының 15 пайызын орналастырып, 1 млрд. дол­лар тартқан болатын.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp