Павлодарда волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел біріншілігінің үшінші туры аяқталды. “Қуаныш” клубы соңғы ойынын талдықорғандық “Жетісуға” қарсы өткізді.
Үшінші турдың ақырғы кездесуінде жерлестеріміз қарсыласын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ойынға келер болсақ, бірінші және екінші партияда “Қуаныш” 25:21 есебімен жеңіске жетті. Ал шешуші кезеңде тіпті бет қаратпады, есеп 25:11.
Үш турдың қорытындысы бойынша “Қуаныш” жеке дара көш бастады. Жерлестеріміздің еншісінде – 47 ұпай. Енді төртінші тур ойындары күтіп тұр. Ол ақпанның 20-28 күндері аралығында Петропавлда өтпек.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.