«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Инфляция көрсеткіштері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Стратегиялық жоспарлау жә­не реформалар агенттігінің Ұлт­тық статистика бюросы өңірдегі соңғы бір жылдағы инфляция деңгейіне қатысты көрсеткіш­тер­ді жариялады. Өткен жылғы қаңтар мен 2024 жылдың қаң­тары аралығында облыстағы инфляция 9,5 пайызды құрап отыр. Есепті 12 ай ішінде азық-түлік тауарларының құны – 8,8, азық-түлік емес тауарлардікі – 8, ақылы қызметтер 12,7 па­йызға өскен.

Сонымен қатар Ұлттық ста­тис­тика бюросы өткен жылғы жиын-терім науқанының қо­рытындыларын да жариялады. 2023 жылы диқандар 4478,6 мың гектар алқапқа тұқым сеп­кен. Бұл ретте дәнді және бұр­шақты дақылдардың жиналған алқабы – 3358,7 мың гектар, майлы дақылдар – 636,9, көкөністер – 5,4 мың, картоп – 26,5 мың гектар.

Дәнді және бұршақты да­қыл­дардың жалпы түсімі, 2022 жылмен салыстырғанда, 16,3 па­йызға азайып, 3747,7 мың тон­наны құраса, бидайдың үлесі – 78,2 пайыз. Өңір диқан­да­ры ел бойынша астықтың 21,9 па­йызын қамбаға құйған. Был­тыр жиналған майлы дақылдар кө­лемі 41,5 пайызға кеміп, 431 мың тонна болған.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp