Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов “Көктем-2024” командалық-штабтық оқу-жаттығу жиынына қатысып, су тасқыны кезеңіне дайындықты тексерді. Бүгінде бұл мәселе ерекше бақылауға алынған. Себебі синоптиктер келесі айдың соңында қар белсенді ери бастайтынын болжап отыр. Бұл кезеңде тұрғындар мен олардың мүлкін қорғау басым бағыттардың біріне айналмақ.
Жауапты ведомстволар мен қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды сауатты құру аса маңызды. Жылдам және бірлесе әрекет ету үшін қолда бар бүкіл ресурстарды пайдалану қажет.
Сондай-ақ облыс әкімі Петропавл қаласының басшылығына қар тазалау жұмыстарын күшейтіп, су басу қаупі жоғары аймақтарға баса назар аудару қажеттігін тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.