«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хам­бетов “Көктем-2024” коман­далық-штабтық оқу-жаттығу жиы­нына қатысып, су тасқыны кезеңіне дайындықты тексерді. Бүгінде бұл мәселе ерекше ба­қылауға алынған. Себебі си­ноп­тиктер келесі айдың соңында қар белсенді ери бастайтынын болжап отыр. Бұл кезеңде тұр­ғындар мен олардың мүлкін қор­ғау басым бағыттардың біріне айналмақ.

Жауапты ведомстволар мен қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды сауатты құру аса ма­ңыз­­ды. Жылдам және бірлесе әре­­­кет ету үшін қолда бар бүкіл ресурстарды пайдалану қажет.

Сондай-ақ облыс әкімі Пет­ро­павл қаласының басшылы­ғына қар тазалау жұмыстарын кү­шейтіп, су басу қаупі жоғары аймақтарға баса назар ауда­ру қажеттігін тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp