«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙТЫСТЫҢ АҚТАҢГЕРІ ЕРІК АҚЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Драматург, дарынды ақын, жерлесіміз Ерік Асқаровтың туғанына 65 жыл толуына орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Аққан жұлдыздай Ерік ел есінде” атты әдеби-сазды кеш өтті. Жиналған қауым алдымен “Поэзияда өшпес із қалдырған” атты көрмені тамашалады.

Іс-шараны жүргізген жазу­шы-журналист Жақсыбай Сам­рат ақынның жарқын бейнесін еске алып, тебірене сөз сөйледі. Қа­ламгердің туыстары Зейнол­ла Олжабайұлы, Мұрат Нұры­шев ақынның ағайын арасын­дағы ор­нын айтса, М. Қозыбаев атында­ғы Солтүстік Қазақстан универ­си­тетінің профессоры, фи­­лоло­гия ғылымдарының кан­дидаты Жанбай Қадыров “Ерік Ас­қаров шығармашылығының әдебиет тарихындағы орны” та­қы­рыбын­да баяндама жасап, ақын мұра­сының өшпейтінін жет­кізді. Ақан сері атындағы об­лыс­тық филар­монияның әншісі, Мә­дениет са­ласының үздігі Біржан Есжан ақынның сөзіне жазылған “Соң­ғы сөз”, “Келте­сор­да, ауыл­да…” ән­дерін орын­дады. Саф­уан Шәй­мерденов атындағы класси­калық гимна­зия оқушы­ларының ақынға ар­наған өлеңдері кештің шырайын кіргі­зе түсті.

– Елдің Ерігіне айналған ақын бала кезінде ұқыпты, ал­ғыр, шешен әрі тентектеу бол­ған-ды. Шалқар шабыт иесі аз ғұмырында артына  мол мұра қал­дырып үлгерді. Туған жер та­қырыбын өндірте жырлады, – де­ді Е.Асқаровтың әпкесі Алма Мұ­хаммед-Хафизқызы.

Игілікті іс-шара Қожаберген жы­рау атындағы №6 орта мек­теп­те облыстық тарихи-өлке­тану музейі ұйымдастырған “Елік – ғұмыр” еске алу кешімен жал­ғасты. Кеш барысында М. Қозы­баев атындағы Солтүстік Қазақ­стан университетінің студент­те­рі Динара Әбжалова “Ақтаңгер ай­тыскер Ерік Асқаров”, Аяжан Жа­йымбаева “Толқыннан тол­қын туар”, Қожаберген жырау атын­дағы №6 орта мектептің 10-сынып оқушысы Нұрай Өзте­мірова “Ерік Асқаровтың өлең­деріндегі тіл шеберлігі” атты ғы­лы­ми зерт­теу жұмыстарын оқып берді.

Университет студенті Алуа Кеңесбай мен мектеп оқушыла­ры ақынның өлеңдерін нақышы­на келтіре оқыса, көзін көрген Арыстан Әкімжанов естеліктері­мен бөлісті. “Асыл мұ­ра” орта­лы­ғының қызметкері Дәс­тен Бай­мұқанов музей қо­рын­да сақ­таулы тұрған ақын­ның ғұмырда­риясына қатысты жә­дігерлер­мен таныстырды. Бұл кешке ақын­­ның ұлы Бекзат Ас­қаров­тың Астанадан арнайы келгенін айта кеткен жөн. Ол әке­ге деген сағынышын өлең жолдары ар­қылы жет­кізді.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

 “Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp