«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Алматыны” қапы қалдырды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шайбалы хоккейден жоғары лига коман­да­лары арасындағы ел бі­ріншілігі жалғасуда. Ке­зекті ойынды жергілік­ті “Құлагер” өз мұз ай­дынында “Алматы” клу­бына қарсы өткізді.

“Құлагер” мен “Алматы” ко­мандалары арасындағы ойын жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Ойын басталысымен жергілікті хоккейшілер ша­буыл­да­рын қарсылас қақпасы­на жаудыртты. Көп ұзамай сол­түстікқазақстандықтар алма­ты­лықтар қақпасына алғашқы шайбаны салды. Кейін де құла­герліктер қарқындарынан тай­мады. Нә­ти­жесінде 5:0 есебі­мен жеңіс қызылжар­лықтарға бұйырды. Клуб сапындағы Евгений Лызин, Алексей За­карлюкин, Никита Потапов көз­ге түсіп, Александр Своеволин дубль авторы атан­ды.

Осы ойыннан кейін жерлес­теріміз турнир кестесінде 9-шы орынға жайғасса, алматылық “Алматы” командасы 10-шы са­тыға тұрақтады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp