Шайбалы хоккейден жоғары лига командалары арасындағы ел біріншілігі жалғасуда. Кезекті ойынды жергілікті “Құлагер” өз мұз айдынында “Алматы” клубына қарсы өткізді.
“Құлагер” мен “Алматы” командалары арасындағы ойын жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Ойын басталысымен жергілікті хоккейшілер шабуылдарын қарсылас қақпасына жаудыртты. Көп ұзамай солтүстікқазақстандықтар алматылықтар қақпасына алғашқы шайбаны салды. Кейін де құлагерліктер қарқындарынан таймады. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіс қызылжарлықтарға бұйырды. Клуб сапындағы Евгений Лызин, Алексей Закарлюкин, Никита Потапов көзге түсіп, Александр Своеволин дубль авторы атанды.
Осы ойыннан кейін жерлестеріміз турнир кестесінде 9-шы орынға жайғасса, алматылық “Алматы” командасы 10-шы сатыға тұрақтады.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.