«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жеке тұрғын үй өртенді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдың шеткері ау­дан­да­рының бірі – Жұмысшы кен­тінің Матвеев көшесіндегі же­ке тұрғын үйден өрт шықты. Оқыс оқиға туралы хабарлама “101” жедел нөміріне сағат 05:52-де түскен.

Облыстық төтенше жағ­дай­­лар департаменті баспа­сөз қыз­метінің мәліметінше, өрт­ті сөн­діруге жеке құрамнан 16 адам және 4 арнайы техни­ка жұмыл­дырылды. Өртсөн­діру­шілер кел­­генде үйдің кіре­беріс бөл­ме­сі отқа оранып үл­герген екен. Таңғы сағат 7.00-ге жа­қын өрт толығымен сөн­дірілді.

Жалын 30 шаршы метрді шар­пыған. Баспананың кіре­берісі, үйдің төбесі мен ша­тыры зақымдан­ды. Оқиға орнында бол­ған 45 жастағы әйел мен 40 жас­тағы ер адам­ды күйік шалды. Дә­рігерлердің айтуынша, олар­дың өмірле­рі­не төнер қауіп жоқ. Оларға тиісті медици­на­лық көмек көр­сетілді. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp