«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қосымша күш тартылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Премьер-Министр Олжас Бектенов өңірімізге жұмыс сапарымен келіп,  Есіл өзені арнасынан асып кеткен жағдайда қаланы және жақын маңдағы елді мекендерді су тасқынынан қорғауға арналған бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді.

Үкімет басшысы Қызылжар ауданындағы Тепличное елді мекенінде, облыс орталығындағы  Былғары зауыты кентінде қорғаныс бөгеттерінің жағдайымен танысып, 2017 жылғы су тасқынынан кейін жүргізілген жұмыстардың есебін тыңдады.

Қазіргі уақытта Сергеев су қоймасындағы су деңгейінің жоғарылауын ескере отырып, қолданыстағы бөгеттерді нығайту және олардың ұзындығы мен биіктігін арттыру бойынша кешенді шаралар атқарылуда. Автожолдарды аршу жұмыстары 6 рет жүргізілді. Баламалы бағыттар қарастырылып, белгілер қойылды. Су тасқыны кезеңі басталғалы елді мекендердің көшелері мен аула аумақтарынан 440 мың текше метр су сорылды. 165 шақырымнан астам арық тазартылып, 2,7 шақырым канал кеңейтіліп, тереңдетілді.

Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау шаралар жөнінде  жан-жақты түсінік беріп, қолдаулары үшін еріктілер мен сарапшыларға алғысын білдірді.

Үкімет басшысы қосымша күштер мен техника санын көбейту, бөгеттерді нығайту қарқынын жеделдету, оның ішінде биіктігін арттыру қажеттігін атап өтті.

«Жұмысқа жеке құрамдармен қатар Қорғаныс министрілігі, Ұлттық ұлан жұмылдырылып отыр. Негізгі күштерді  қарғын суды еңсеруге біріктіре отырып, ауыр зардаптардың алдын алудың барлық мүмкіндіктерін қарастыруға тиіспіз. Адамдардың амандығы маңызды», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бүгінде өңір бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға әкімдіктің, полиция департаментінің, Ұлттық ұлан бөлімшесінің және жеке ұйымдардың 1432 қызметкері, сондай-ақ 1200 ерікті қатысуда.

Премьер-Министрдің тапсырмасымен  Қорғаныс министрлігінің 300 әскери қызметшісі келді. Осылайша барлығы 3000-ға жуық адам тартылған.

«Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда. Жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істейді», –деді Премьер-Министр.

                           Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp