ШЕРЛІ ЖЫЛДАР ШЕЖІРЕСІ
Өткен ғасырдың басындағы “кіші қазан” саясаты, күштеп ұжымдастыру, асырасілтеушілік, әсіреқызыл науқаншылдық қазақты қынадай қырып, зардабы зор ашаршылыққа алып келді. Ашаршылық жылдары талай қазақ үйін тастап, иен далаға босып кетті. Байтал түгіл бас қайғы болып, өлім құшты. Мұның бәрі қалам ұстаған қауымды ойландырмай қоймады. Аталған тақырыпқа алғаш қалам тартқан қайсар қаламгерлердің бірі – қызылжарлық Жақан Сыздықов еді. …