«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.07.2024

ТАУАҒАШТЫҢ ТҰҒЫРЛЫ ТУМАСЫ

Биыл жерлесіміз, саналы ғұмырын заң саласына арнаған адвокат, бұрынғы КСРО Жазушылар одағының мүшесі Мөртай Қосшығұловтың туғанына 100 жыл толды. 1924 жылы Есіл ауданы, Та­уағаш ауылында дүние есігін ашқан Мөртай Қосшығұлов 1941 жылы орта мектепті біті­рісімен кеңшарға есепші болып жұмысқа орналасады. 1942 жылдың күзінде әскер қатарына алынып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Майдан даласынан елге аман-сау оралғаннан …

ТАУАҒАШТЫҢ ТҰҒЫРЛЫ ТУМАСЫ Read More »

ҰРПАҚ АЗСА – ЕЛ ТОЗАДЫ

“Гүл өссе – жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі”, – дейді қазақ. Әйтсе де, уақыт өткен сайын біз­дің кейбір қыз-келіншектеріміз елдің көркінен гөрі, бәз-біреулердің ермек қылар ойыншығы­на айналып бара жатқандай. Бұрын отандық жұлдызда­ры­мыз ашық-шашық киініп, әдеп­тен озса, елдің мазағына қа­латын. Ондайларды халық бо­лып қаралайтын. Ал қазір бұған етіміз әбден үйреніп кетті. Тіпті мән бермейтін …

ҰРПАҚ АЗСА – ЕЛ ТОЗАДЫ Read More »

Кәсіпкерлерге арналған “eGov Business”

Шағын және орта бизнес өкіл­де­рі “eGov Business” мобильді қолдан­басының көмегімен мемлекеттік қыз­меттер мен сервистерді пайда­лана алады. Қолданбаны “App Sto­re” және “Play Market” қолданбалар дүкендерінен жүктеп алуға болады және ол “IOS” пен “Android” мобиль­ді құрылғыларында жұмыс істейді. “eGov business” мобильді қол­дан­басы “Электронды үкімет” ақ­па­рат­тық жүйесінің құрамдас бөлікте­рінің бірі болып табылады. Оның көмегі­мен әртүрлі мемлекеттік қыз­меттер заңды …

Кәсіпкерлерге арналған “eGov Business” Read More »

Студенттер — Өзбекстанда

М.Қозыбаев атындағы Сол­түс­тік Қазақстан университеті “География және экология” ка­федрасының студенттері Өз­бекстанның бірнеше қаласын­да болып, жазғы оқу-көшпелі тә­жі­рибеден өтті. Білім алушылар бұл аймақтың табиғи ланд­шафтымен, экономи­ка­сы­мен, мәдени-тарихи мұра­сы­мен танысуға және зерттеу­лер жүргізуге мүмкіндік алды. Тәжірибе барысында бола­шақ экологтар ауа райын ба­қылап, өнеркәсіптік аймақтарда ауадағы оттегі мен зиянды зат­тардың концентрациясын анық­та­ды. Сондай-ақ су қоймаларын­дағы тіршілік нәрінің сапа­сын …

Студенттер — Өзбекстанда Read More »

Тайыншалықтар жеңісі

Астанада 7-8 сынып оқу­шы­лары арасында баскетболдан жарыс өтті. Ұлт­тық мектеп лигасы ая­сын­да өткен додаға өңір коман­дасы да қатысты. Облыс намысын тайыншалық баскетболшылар қорғады. Жер­лестеріміз барлық қарсыластарын шаң қаптырып, алтыннан алқа тағынды. Жақында туған жерге оралған спортшылардың құрметі­не аудандық Мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Жеңім­паздар мен жаттықтырушыларға ақшалай сыйақы табысталды. Жалпы елімізде жыл сайын Оқу-ағарту министрлігінің …

Тайыншалықтар жеңісі Read More »

Көше кезген балалар

Ювеналды полиция қызмет­керлері бұған дейін кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу міндеттерін орында­ма­ғаны үшін әкімшілік жауапкер­шілікке тартылған отбасыларға барып қайтты. Рейдке тәртіп сақшыларымен бірге облыстық мәслихат депутаттары, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл және қалалық білім бөлімінің өкілі қа­тысты. Ведомствоаралық рейд­тік топ Жұмысшы кентіндегі бір­қа­тар мекенжайларды тексерді. Тексерілген жеке үйлердің әр­қайсысында кішкентай балалар­ды тәрбиелеп отырған 40 жас­тан аспаған ата-аналар …

Көше кезген балалар Read More »

ҚЫМБАТ ОТА ТЕГІН ЖАСАЛДЫ

Облыстық көпбейінді ауруханада жоғары қан қысымы бар сырқат­тар­­ға заманауи ота жа­салды. Астана қаласының жоға­ры санат­ты дәрігері, эндовас­ку­ляр­лық хирург Евгений Мун арнайы ке­ліп, ауруха­наның басшы­лығы және хирургия бө­лімшесі ма­мандарының қолдауымен көкбауыр артериясын эн­доваску­лярлық, ішінара эмболи­зациялау бойынша шеберлік сағатын өткізді. Көкбауыр артериялық қан ағымын төмендету – көкбауыр артериясының ішінара эмболи­зациясынан тұратын порталдық гипертензияны түзету әдісі. Көкбауыр артериялық …

ҚЫМБАТ ОТА ТЕГІН ЖАСАЛДЫ Read More »

ЖЕТІМ ШАЛ

Тағатсыздана тосқан аптаның соңы да келіп жетті-ау. Жұмыс күндері өзімді қоярға жер таппаймын. Дел-сал күй дегбірімді қашырып, әбден титықтатты. Осындайда мұңыңды мұңдап, жоғыңды жоқтайтын, қуанғанда қасыңнан табылатын апа-сіңлі, тым болмаса жақын досым болғанда ғой деп армандаймын. Шүкір аға-інілерім бар. Бірақ менің шыбын жанымды жегідей жеген бұл емес… “Бақытты өмір болмайды, бақытты сәттер болады” деген сөздің …

ЖЕТІМ ШАЛ Read More »

ПЕДАГОГ ӨЗ МӘРТЕБЕСІНЕ САЙ МА?

2019 жылы “Педагог мәрте­бесі туралы” заң қабылданып, бұрын сабақты ысырып қойып, көше сыпырып, ағаш әктеп, кон­церттерде зал толтырумен жү­ретін мұғалімдерді енді мұндай жұмыстарға тарту сап тыйыл­ды. Жалақылары да екі есе өсті. Бұл ұстаздар қауымы еш­теңеге алаңдамай басты мін­деттері – бала оқытумен ғана шұ­ғылдану үшін жасалғаны мә­лім. Бірақ заң мұғалімдердің ең­бекақы­ла­рын көтергенімен, қо­ғамдағы мәртебелерін көтере алды …

ПЕДАГОГ ӨЗ МӘРТЕБЕСІНЕ САЙ МА? Read More »

Өндірістік жарақат өмірге қауіпті

Шикізатты өңдейтін кәсіпорындардың қажеттілігі жыл өткен сайын қарқынды өсуде, бұл өз кезегінде жаңа элеваторлар саны артқанының және қолданыстағыларының қуаттары ұлғайғанының анық көрінісі. Барлық астық қабылдау кәсіпорындары өрт және жарылыс қауіптілігі жоғары кәсіпорындар қатарына жатады. Сондықтан өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау нормаларын сақтамау элеватор жабдықтарының бұзылуынан бастап, адамдардың өлімі сынды ауыр жағдайларға әкеледі. Мұндай әсерлердің негізгі …

Өндірістік жарақат өмірге қауіпті Read More »

АҒА БУЫННЫҢ АЙТАРЫ БАР

Облыстық полиция департаментінде тәлімгерлер кеңесінің есептік кездесуі өтті. Алқалы жиынға ведомство басшылығы, ардагерлер және жас қызметкерлер қатысты. Облыстық полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин бос лауазымдарға қызметкерлер алу жөніндегі жұмыс туралы және полиция қатарындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі туралы баяндады. Бұдан кейін тәлімгерлер кеңесінің мүшелері жоспарларымен бөлісті. – Министр 2024 жылды …

АҒА БУЫННЫҢ АЙТАРЫ БАР Read More »

Екпе қойылған малдан қауіп жоқ

Жыл басынан бері облыстың алты ауданындағы 16 елді мекенде бруцеллезбен ауыратын 529 бас ірі қара анықталған. Бұл облыста ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылған іс-шаралар жайы баяндалған брифингте айтылды. Қазіргі таңда өңірімізде бру­целлезбен ауырған ірі қараның үлесі 0,12 пайызды құра­ған. Биыл 716 мыңнан астам зерттеу жүргізіл­ген, оның ішінде 463 мыңнан ас­тамы диагностика­лық, қалғаны аллергиялық зерт­теу. …

Екпе қойылған малдан қауіп жоқ Read More »

Баспаналы болды

Қызылжар ауданында су тасқынынан кейін үйлері апатты деп танылған азаматтарды қолдау шаралары жалғасып жатыр. Тасқын салдарынан баспанасы жарамсыз деп танылғандардың бірі – Жұлдыз Нұрпейісова. Жақында жаңа баспанаға қолы жеткен тұрғын өз қуанышымен бөлісті. Жұлдыз осыған дейін Мичурино ауылында тұрған екен. Алайда 12 сәуір күні топан су келіп, үйінің төбесіне дейін жеткен. Басындағы жалғыз баспанасы үшін …

Баспаналы болды Read More »

ҰРПАҚТЫҢ ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗЫ

2020 жылы 24 қарашада Президент Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мақсатында Мемлекеттік комиссия құрылғаны белгілі. Комиссия тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, яғни қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерді құқықтық және саяси тұрғыдан толық ақтау міндетін орындауға тиіс. Саяси қуғын-сүргін қасіретін зерттеуге нүкте қою мүмкін емес. Себебі 1917 жылдан бастап 1953 жылға дейінгі большевиктер мен кеңестік билік …

ҰРПАҚТЫҢ ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗЫ Read More »

Сақтандыру жарнасы қайда сақталады?

Азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлеген жарналары мен аударымдары қайда сақталатыны және бағытталатыны қазақстандықтарды жиі қызықтырады. Барлық жарналар мен аударымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің арнайы шотына түседі, ал сол жерден халыққа көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу үшін медициналық ұйымдарға жіберіледі. “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы” Заңда (21-бап) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры инвестициялық қызметті қордың активтерін …

Сақтандыру жарнасы қайда сақталады? Read More »

“АУЫЛ БЮДЖЕТІ ӘКІМДІК ҒИМАРАТЫН КҮТІП ҰСТАУДАН АРТЫЛМАЙДЫ”

Әкімдер – биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі. Халық олардың қызметіне қарап бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды. Сондықтан кез келген деңгейдегі әкімдер тиімді мемлекет және әділетті қоғам талаптарына сай болуы тиіс. Осы ұстаным іс жүзінде қаншалықты орындалып жатыр деген оймен Шал ақын ауданындағы ең жас ауылдық округ әкімімен тілдесуді жөн көрдік. Жаңажол ауылдық округінде …

“АУЫЛ БЮДЖЕТІ ӘКІМДІК ҒИМАРАТЫН КҮТІП ҰСТАУДАН АРТЫЛМАЙДЫ” Read More »