«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Президенттік олимпиада басталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде Президенттік олимпиада басталды. Биыл 17-ші рет ұйымдастыры­лып жатқан олимпиадада 11-сынып оқушылары жаратылыстану-математи­ка бағытындағы білімдерін сынға салуда. Өңірлік кезеңге 166 оқушы қатысып жатыр.

Тестілеу пәндері арасында ма­тематика, физика, химия жә­не биология бар. Тайынша ау­да­нынан келген Альбина Бай­ғаж­қызы бұл сынақтан сүрінбей өтетініне сенімді.

– Мен болашақта физика жә­не математика пәндерінің мұға­лімі болғым келеді. Қазір 11-сы­ныпта оқып жүргендіктен атал­ған пәндер бойынша білімімді тереңдетудемін. Сондық­тан олимпиадаға қатысып, өзім­ді сынап көрмекпін, – дейді №5 орта мектеп оқушысы Альбина Байғажқызы.

“Қызылжар дарыны” да­рын­ды балалар мен жастарды анық­тау және қолдау орталы­ғы­ның директоры Бақыт Ғаб­дул­ли­наның айтуынша, атал­ған олим­пиадада үздік нәтиже көр­сет­кен 20 бала 17 қазанда екінші іріктеу кезеңіне қатыса­ды. Оқу­шы­лар тес­тілеуден өт­кен­нен ке­йін жоға­ры нәтиже көр­сетсе, он­да облы­сы­мыздың на­мысын рес­публи­ка­­лық кезеңде қорғайтын болады.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp