«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҢДАУЫМ – ҚАЗАҚСТАН

Менің туған жерім – Әзірбайжан. Алтын бесік ауылым Таулы Қарабақтың қақтығыс алаңында орналасқандықтан, балалық, бозбала шағымның алаңдаушылықпен өткенін жасыра алмаймын. Қазір онда ата-анам, бауырларым тұрады. Ал менің Қазақстанды мекен етіп жатқаныма отыз жылдан асып барады. Тағдырымның ділі де, діні де бір, тілі ұқсас, жаны жайсаң қазақ ағайындармен тоғысқанына еш өкінбеймін. Өзім де, отбасым да Қазақстанның …

ТАҢДАУЫМ – ҚАЗАҚСТАН Read More »

ЕЛІМІЗДІҢ ГҮЛДЕНУІ, ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІ – ынтымағымыз бен ырысымыз

Рухани байлық, парасаттылық қай уақытта да материалдық игіліктерден жоғары бағаланып, құндылығымыз болып саналған. Дін – әрбір халықтың өзіндік қайталанбас тарихы, мәдениеті аталған құндылықтарымыздың алтын құндағы болып табылады. Сондықтан да еліміздің қазіргі дамуында, бүкіл әлемдегі сияқты, дін ерекше орын алып отыр. Мұратбек ЗЕЙНУЛЛИН, облыстық Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы. Егемендіктің алғашқы жылдарындағы аса күрделі кезеңдерде, еліміздің …

ЕЛІМІЗДІҢ ГҮЛДЕНУІ, ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІ – ынтымағымыз бен ырысымыз Read More »

БІЗ ҮЛГІ ТҰТАТЫН ТҰЛҒА

Қазақстан халқы Елбасыны белді саясаткер ғана емес, шығармашылық тұлға ретінде де таниды. Президенттің қазақтың қара домбырасымен де, жай да ән шырқағанын тыңдап, түрлі спорт түрлерімен шұғылданғанын көріп, талай ғылыми еңбектерін оқыды. Сол себепті де еліне жақын Елбасының жан-жақты азамат екенін мойындайды. Досан БАЙДИЛДИН, №2 Благовещенка орта мектебінің 10-сынып оқушысы. Елбасының бос уақыты мүлдем жоқ екенін …

БІЗ ҮЛГІ ТҰТАТЫН ТҰЛҒА Read More »

ДӘУЛЕТ – БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ

Облыстық Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында Тұңғыш Президент күніне орай “Елбасы – мақтанышым” атты облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті. “Өз туындыларын орындау” аталымы бойынша Айыртау ауданындағы Дәуқара орта мектебінің 7-сынып оқушысы Дәулет Құрмаш жеңімпаз атанды. Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Байқаудың облыстық кезеңіне өңіріміздің мектептерінен іріктелген 45 оқушы қатысты. Облыстық байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңінде …

ДӘУЛЕТ – БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ Read More »

ПАРАСАТТЫ ЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ ТІРЕГІ

Егемен елдің топырағында туған өрендер бұл күндері ержетіп, еңбекке белсене араласуда. Саналы ұрпақ қазіргі таңда “Тәуелсіз жұртыма менің тигізер пайдам қандай?” деген сауалды өздеріне жиі қояды. Олардың мақсаттары да биік. Бірі еліміздің өнерін өркендетіп жүрсе, енді бірі спортта оза шауып, бас бәйгені қолдан бермеуге барын салуда. Тағы біреулері білім көкжиегінде самғап ұшып, ғылымға көңіл бөлуде. …

ПАРАСАТТЫ ЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ ТІРЕГІ Read More »

ХАЛЫҚ ИГІЛІГІН ОЙЛАҒАН РЕФОРМАТОР

Павел ФИЛИППОВ, облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы. Реформатор сөзінің жалпықоғамдық мәні тұрғысынан алсақ бұл жауапкершілігі жоғары жұмыс. Реформалардың қиыншылықсыз және өмір деңгейінің уақытша төмендеуінсіз өтпейтінін көптеген әлем елдерінің тарихи тәжірибесі көрсетіп отыр.   90-шы жылдарды еске алсақ, қазақстандық экономиканы реформалау қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуі, жұмыс істеп тұрған өндірістік құрылымдардың құлауы, экономикалық реформа жүргізу тәжірибесінің …

ХАЛЫҚ ИГІЛІГІН ОЙЛАҒАН РЕФОРМАТОР Read More »

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ДАМУЫМЫЗДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШІ

Жұлдыз ОСПАНОВА, Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі. Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға – Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет бүкілхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін қалаушы – Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл күн еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігіне …

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ДАМУЫМЫЗДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШІ Read More »

ЕЛ – ЕРІМЕН, ЕР ЕЛІМЕН МАҚТАНАДЫ

Елімізде екінші рет аталып өткелі отырған Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасының өмірі мен қызметі жайлы сыр шертетін суреттер мен құжаттарды тамашалап, тәуелсіз еліміздің қалыптасу кезеңдерін бір сәтке көз алдымыздан өткізбек үшін облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған залға бас сұққан болатынбыз. Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, “Солтүстік Қазақстан”. Өткеннің елесі мен бүгінгінің тынысын біріктіруді мақсат тұтқан …

ЕЛ – ЕРІМЕН, ЕР ЕЛІМЕН МАҚТАНАДЫ Read More »

Еркебұлан МӘМБЕТОВ: “МАЛ шаруашылығын дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз”

Мамлют ауданындағы “Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігі – өңірімізде егіншілікте озық технологияларды пайдалана отырып, мол астыққа қол жеткізіп жүрген ірі агроқұрылымдардың бірі. Алдыңғы жылы 17 мың гектар егістік алқаптың 14 мыңына жоғары өнімді “Астана”, “Омбы-35”, “Омбы-36” сұрыптарын егіп, әр гектардан орташа есеппен 33 центнерден өнім алса, былтырғы қуаңшылықтың өзінде гектар берекелілігін 20,4 центнерге жеткізіп, облыс …

Еркебұлан МӘМБЕТОВ: “МАЛ шаруашылығын дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз” Read More »

КӘКІМБЕК САЛЫҚОВТЫҢ ҚАЙТЫС БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті ақын Кәкімбек Салықовтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасысы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы жеделхатта Кәкімбек Салықовтың бүкіл білімі мен тәжірибесін, қажыр-қайратын туған елі мен халқының игілігіне арнап, жемісті еңбек еткен белгілі тұлға екенін атап өткен.

ӨЗ СЫЙЛЫҚТАРЫН БАЛАЛАРҒА ҰСЫНУ – қаржыгерлердің қашанғы дәстүрі

Өңіріміздің қаржыгерлері Тұңғыш Президент күніне орай волейболдан жарыс ұйымдастырды. Санат МАСКЕНОВ, “АТФ банктің” бас маманы. Биылғы доданы “АТФ банк” өткізді. Үш жүзден аса қызметкер шеберлік салыстырған жарыс Ұлттық валюта – теңгеміздің 20 жылдығының құрметіне де арналды. Барлығы отыз екі команда сынға түсті. Әйелдердің он алты командасының ішінен “БТА” және “АТФ” командалары басымдық танытты. Ақыр-соңында осыларға …

ӨЗ СЫЙЛЫҚТАРЫН БАЛАЛАРҒА ҰСЫНУ – қаржыгерлердің қашанғы дәстүрі Read More »

ҚҰНЫ ҚОЙДАН ҚЫМБАТ жоғалған күшік иесіне қайтарылды

Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (МКҚБ) полицейлері овчарка күшікті ұрлаған ер адамды ұстады. МКҚБ-нің кезекші жедел тобы облыс орталығының қоғамдық тәртібін бақылап жүрген. Оларды Солнечный кентінің тұрғыны тоқтатып, бірер минут бұрын аулада жүрген итінің жоғалғанын айтқан. 45 жастағы ер адам шығыс-еуропа тұқымды күшікті 90 мың теңгеге сатып алған. Үй маңында құрылыс жүріп жатқандықтан, оны материалдарды күзеттіру …

ҚҰНЫ ҚОЙДАН ҚЫМБАТ жоғалған күшік иесіне қайтарылды Read More »

АСТЫРТЫН КАЗИНО ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ 240 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылатын болды

Облыста астыртын казинодан тәркіленген бес мыңнан астам контрафактілік дискі мен заттай айғақтар жойылды. Петропавл қаласының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында бес мыңнан астам контрафактілік дискі, рулеткасы бар үстел, покер үстелдері, ойын карталары, алкоголь өнімдері тапталды. Бұрын аталмыш контрафактілік дискілер астыртын цехты ұйымдастырушы Я. есімді азаматтан тәркіленген болатын.

АЛИМЕНТ және АЙЫППҰЛ ТӨЛЕУДЕН ҚАШҚАН азаматтар іздестірілуде

Солтүстікқазақстандық көші-қон полицейлері алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді іздестіруде. Тәртіп сақшылары жыл басынан бері мұндай шараны төртінші мәрте өткізуде. Көші-қон полициясы бөлімінің бастығы Медет Сағдидің айтуынша, алимент төлемегендерге қатысты 1300-ден астам сот анықтамасы түскен. Тек Петропавл қаласы ІІБ Көші-қон полициясы бөлімінің өзінде 954 борышкер есепте тұр. Солардың арасында әкімшілік айыппұл төлемеген азаматтар да бар. 41 …

АЛИМЕНТ және АЙЫППҰЛ ТӨЛЕУДЕН ҚАШҚАН азаматтар іздестірілуде Read More »

ЖАРЫС ЖОЛЫНДА – ПОЛИЦЕЙЛЕР ОТБАСЫЛАРЫ

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Бескөл ауылының “Болашақ” дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде полицейлер отбасылары арасында жарыс болып өтті. Сайыста СҚО ІІД және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің СҚО бойынша департаменті, қалалық Ішкі істер және Мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының бес командасы сынға түсті. Кімнің командасы ең жылдам, мықты және ұйымшыл екендігін анықтау үшін офицерлерге және олардың жақындарына он кезеңнен …

ЖАРЫС ЖОЛЫНДА – ПОЛИЦЕЙЛЕР ОТБАСЫЛАРЫ Read More »

“ТЕҢГЕГЕ – 20 ЖЫЛ” МЕДАЛІ Ұлттық валютаға еңбек сіңіргендерге тапсырылды

“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі” ММ облыстық филиалында теңгенің 20 жылдығына орайластырылған тағы бір салтанатты жиын өтті. Онда филиал директоры Жомарт Қажырахымов бір топ әріптесіне “Теңгеге – 20 жыл” медалін табыс етті. Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Осыдан 20 жыл бұрын еліміздің егемендігінің бір белгісі ретіндегі Ұлттық валюта – теңгенің қолданысқа енгізілу үдерісіне өзіндік үлес қосқан талай …

“ТЕҢГЕГЕ – 20 ЖЫЛ” МЕДАЛІ Ұлттық валютаға еңбек сіңіргендерге тапсырылды Read More »

“ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ”

Петропавлдағы Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатта 10-сыныптар оқушылары арасында өткен “Елі сүйген, елін сүйген Елбасы” тақырыбындағы сынып сағаты Тұңғыш Президентке арналды. Гүлзат ТЕМІРБЕКОВА, Әбу Досмұхамбетов атындағы гимназия-интернат тәрбиешісі. Сынып сағатында Елбасының өмір жолы, ерекше қасиеттері, ерен еңбегі туралы терең де мағыналы мәліметтер айтылды. Оқушылар мұны қызыға тыңдап қана қоймай, сабаққа өздері де …

“ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ” Read More »

ОБЛЫСТЫҢ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРІ өз мүмкіншіліктерін саралады

Кеше Петропавл қалалық Мәдениет үйінде облыстың іскер әйелдерінің басын қосқан форум өтті. Тұңғыш Президент күні қарсаңында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов және республикалық “Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы” қолғамдық бірлестігінің президенті Раушан Сәрсембаева қатысты. Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Форум басталмас бұрын құрметті қонақтар Мәдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылған “Әйелдердің жаңа экономикаға қосқан үлесі” көрмесі мен …

ОБЛЫСТЫҢ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРІ өз мүмкіншіліктерін саралады Read More »

ТАЛАНТТАРДЫ ТАНЫТҚАН БАЙҚАУ жерлестерімізге де олжалы болды

“АРТ Фестиваль – Роза ветров” қоры (Мәскеу қаласы) өткізген талантты балалар арасындағы өнер додасы өз мәресіне жетті. “Қазақстандағы жел бағыты” III халықаралық балалар мен жасөспірімдер және “Балалар балалар үшін ойнайды” халықаралық театр байқаулары нәтижесінде облысымыздың өнер саласы жаңа есімдермен толықты.  Гүлбике КУБЕНОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Ресейдің Челябі, Омбы, Түмен, Қорған, Свердлов облыстары, Башқұртстан, Саха (Якутия) және …

ТАЛАНТТАРДЫ ТАНЫТҚАН БАЙҚАУ жерлестерімізге де олжалы болды Read More »

ЕЛ БАСТАҒАН ЕР

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, “Солтүстік Қазақстан”. Елбасымен бірге өткерген тәуелсіздік тарихындағы маңызды қадамдар облыстық “Нұр Отан” партиясында өткен диалог алаңының тақырыбына айналды.   Майшамның жарығымен жұмыс істеген жылдардың қиындығын еске алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов Елбасымен бірге елдің кезең-кезеңмен еңсерген белестеріне тоқталып өтті.