«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІЛДІКТЕРДІҢ ЖАҢА ЕМХАНАСЫ ендігі жылы тапсырылады

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Есіл ауданының орталығы – Явленка ауылында құрылысы жүргізіліп жатқан болашақ емхананың екіқабатты ғимараты алыстан көз тартады. Оның 250 орындық жаңа емхана екендігінен құлағдар аудан тұрғындары құрылыстың аяқталар күнін тосып жүр. Жаңа емхананың құрылысына республикалық бюджеттен 987 миллион теңге бөлінген. Халық игілігі үшін салынып жатқан медициналық орталықтың іргетасы былтыр қаланып, биыл жаз …

ЕСІЛДІКТЕРДІҢ ЖАҢА ЕМХАНАСЫ ендігі жылы тапсырылады Read More »

АУЫЗСУ мен ЖОЛ “ЖЫРЫ” ҚАШАН БІТПЕК? Есіл ауданының әкіміне қойылған сауал осындай

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,“Солтүстік Қазақстан”.  “Қазақстан” республикалық телерадиокорпорациясы” АҚ облыстық филиалында аудан басшыларымен апта сайын өткізілетін тікелей эфирдегі брифингтің бұл жолғы қонағы Есіл ауданының әкімі Мұратбек Әбішев болды. Шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстар жайы айтылып, журналистерді толғандырған сұрақтарға жауап берілді. 26 мыңнан астам тұрғыны бар ауданда 16 ауылдық округ және 58 елді мекен бар. …

АУЫЗСУ мен ЖОЛ “ЖЫРЫ” ҚАШАН БІТПЕК? Есіл ауданының әкіміне қойылған сауал осындай Read More »

ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ – АЛДА

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. “ЗИКСТО” АҚ-ның жас маманы Рустам Сыздықов бір көргеннен көкірегі ояу, көңілі сергек жігіттің болмысын танытады. Жастық жалыны лапылдаған жігіттің іскерлік қасиеттерін зауыт әкімшілігі де бірден байқапты. Бүгінде кәсіпорынның вагон құрастыру цехын басқарып жүрген Рустам Көшербайұлы туралы:

КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановқа Қазанда болған әуе апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырау салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды қайғыра қабылдағанын атап өткен.

СУДЬЯЛАР СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСТЫ

Қазақстанның сот жүйесі дамыған 30 елдің сот жүйесінің қатарынан көрінуі шарт. Астанада өткен Қазақстан судьяларының VI съезі барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлім етті. Бұл ретте Мемлекет басшысы 4 жыл бұрын өткен судьялардың бесінші съезінен бері қазақстандық сот жүйесі өзінің көрсеткіштерін 23 позицияға жақсартқанын атап өтті. “Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде көрсетілгеніндей, …

СУДЬЯЛАР СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСТЫ Read More »

ТҮНГІ ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ДҮРЛІКТІРГЕН 28 жастағы қыз алты жылға сотталуы мүмкін

Жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат таратқан тұлғалардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны кейбір жандарға ой салмайтын сыңайлы. Осы жолы облыс орталығындағы темір жол вокзалына “мина қойған” 28 жастағы қыз қолға түсті.“Бомба қойылды” деген белгісіз әйелдің ақпаратынан соң түнгі сағат бір шамасында 250-ге тарта адам темір жол вокзалынан сыртқа шығарылған. Алайда, жедел әрекет ету қызметтері ешбір бомбаны …

ТҮНГІ ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ДҮРЛІКТІРГЕН 28 жастағы қыз алты жылға сотталуы мүмкін Read More »

ЕКІ ОҚУШЫНЫҢ ЕРЛІГІ

Облыстық Ішкі істер департаментінде қылмыскерді ұстауға көмектескен оқушылар марапатталды. Тәртіп сақшыларының батыл көмекшілері ІІД бастығы Ақан Қажкеновтен алғыс алып, жаңа планшеттерге ие болды. Петропавл базарларының бірінде сауда нүктесінен ноутбук ұрлаған қаскөйдің соңына түскен мектеп оқушылары қылмыстың тез арада ашылуына жәрдемдескен болатын. Оқиға былай болған:

ҚАЛТА ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҚАЖЕТ

Қалалық Ішкі істер басқармасында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өткізді. Тәртіп сақшылары мен кәсіпкерлер талқылаған басты мәселе – қоғамдық көліктегі қалта ұрлығының алдын алу. Қалалық автобустардағы қалта ұрлығының басым бөлігі жолаушылар көп болған жағдайда орын алады. Қазіргі уақытта Петропавлдың қоғамдық көліктерінде жасалған 117 ұрлық тіркелді. Қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтамаған, …

ҚАЛТА ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҚАЖЕТ Read More »

БОСТАНДЫҚТЫҢ ҚАДІРІН БІЛМЕЙ…

Ақмарал ОРАЗАЙҚЫЗЫ, аумақтық Қылмыстық-атқару инспекциясы бастығының орынбасары, әділет майоры. 2013 жылдың қараша айының 11-і мен 17-сі аралығында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аумақтық Қылмыстық-атқару инспекциясы мен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полициясы бірлесе отырып, “Отсрочник” республикалық жедел іс-шарасын өткізді.

КЕДЕРГІСІЗ ҚОЛ ҚОЯМЫН ДЕП… ҚОЛҒА ТҮСТІ

Үстіміздегі жылғы 13 қарашада жедел-алдын алу шарасы кезінде жеке кәсіпкерден 21 мың теңге пара алды деген күдікпен Шал ақын ауданы бойынша Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Сайлау Ғабдуллин тұтқындалды. Подполковник жеке кәсіпкердің дүкені мен дәмханасында өртке қарсы дабыл жүйесін пайдалануға беру актісіне кедергісіз қол қою үшін өзінің жұмыс орнында ақша алған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық …

КЕДЕРГІСІЗ ҚОЛ ҚОЯМЫН ДЕП… ҚОЛҒА ТҮСТІ Read More »

Құлақтандыру

Құрметті Петропавл қаласының тұрғындары!Бейсенбі, 2013 жылғы 21 қарашада, жергілікті уақыт бойынша 10 сағ. 00 мин. бастап 11 сағ. 00 мин. дейін электр дабылдары қосылып, құлақтандыру жүйесі тексеріледі.Дабылдың дыбысын естігенде тыныштық сақтап, күнделікті шаруаларыңызбен айналыса беріңіздер.СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

ҮЗДІК ОФИЦЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚР ІІМ ІӘ Әскери институты жазғы оқыту кезеңіндегі сынақтан сүрінбей өтіп, жақсы көрсеткіштерімен көзге түскен офицерлерін марапаттады. Салтанатты кешке Ішкі әскер бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сәтов қатысты.  Гүлбике КУБЕНОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Қорытынды тексерістен өту кезінде барлық негізгі пәндер бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген институттың төрт офицерінің қызметі мінсіз. Әрқайсысының еңбек жолындағы жетістіктері кеңінен сөз етілді …

ҮЗДІК ОФИЦЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ Read More »

ҰШҚЫННАН ЖАЛЫН ЛАУЛАДЫ…

Жыл басынан бері облыста 599 өрт болып, одан 308 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 46 адам қаза тапты, оның 8-і – бала. 47 адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды. Өткен аптада жиырма шақты өрт оқиғасы тіркелді, одан зардап шеккен адамдар да бар. Уәлиханов ауданындағы Ақтүйесай ауылында күндіз жеке тұрғын үйде шыққан өртте 81 …

ҰШҚЫННАН ЖАЛЫН ЛАУЛАДЫ… Read More »

14 568,7 млн. ТЕҢГЕНІҢ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҒЫ АНЫҚТАЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы 2013 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес үстіміздегі жылдың шілдесі мен қыркүйегі аралығында республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетімен Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасына жергілікті бюджет қаражатын, соның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді пайдаланудың тиімділігіне, сондай-ақ 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың іске асырылуын бағалауға бақылау …

14 568,7 млн. ТЕҢГЕНІҢ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҒЫ АНЫҚТАЛДЫ Read More »

БЮДЖЕТ САЯСАТЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР – ӨМІР ТАЛАБЫ

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономикалық жағдаяттың нашарлау жағдайында мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен орындау сапасын арттыру жолымен саясатқа түзету енгізу қажеттігін атап айтты. Бұл бағыттағы жұмыс еліміздің өңірлерінде де жүргізілуге тиіс. Мемлекет басшысының осы орайдағы тапсырмасы қалай орындалып жатыр? Айгүл ӨТЕУЛЕНОВА, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы. Жаңа экономикалық …

БЮДЖЕТ САЯСАТЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР – ӨМІР ТАЛАБЫ Read More »

АТАҚТЫ БАПКЕРГЕ АРНАЛДЫ

Осыдан қырық екі жыл бұрын есімі облысымызға да, республикамызға да қанық жаттықтырушы Виктор Виктің бастамасымен грек-рим күресі бойынша балалар мен жасөспірімдердің облыстық спорт мектебі шаңырақ көтерген еді. Биылғы 17 қарашада облыс орталығындағы “Күрес” мектебінде осы мерейлі күнге арналған белдесулер өтіп, Есіл, Мамлют, Қызылжар аудандарының, “Күрес” және “Жеңіс” спорт мектептерінің жас балуандары боз кілемге шықты.

ЖЕР-ЖАҺАННЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ “Астана” клубын таңдады

Кәсіпқой бокста әлемнің сегіз дүркін чемпионы атағын иеленген отандасымыз Геннадий Головкиннің 11 қарашада Астанаға келгенін хабарлаған едік. Ол бұл сапарында қандай мақсат көздегенін тарқатып айтайық. 2013 жылдың басында елордамызда “Астана” Президенттік кәсіби спорт клубы құрылғанды. Аталған клуб “Астана” велоспорт ұйымын, “Барыс” хоккей командасын, ТМД елдерінің чемпионатына қатысатын елордалық баскетбол клубын және кәсіпқой боксшыларды қаржыландыру мақсатын …

ЖЕР-ЖАҺАННЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ “Астана” клубын таңдады Read More »

ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҢ БЕТ-БЕЙНЕСІ болып отырған қазақ күресі әлемге әйгілі

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Жуырда Астанада Қазақ күресі республикалық федерациясы конференция өткізді. Оның жұмысына қатысу үшін біздің облыстан өңірлік күрес федерациясының президенті Бауыржан Құлжанов, “Күрес” және ұлттық спорт мектептерінің директорлары Ғалым Өркешов пен Руслан Арықов сапарға шыққанды. Мен Ғ. Өркешовпен хабарласып, конференцияның жұмысы, онда талқыланған мәселелер жайында білген едім.

ЖАРЫСҚАН САЙЫН ШЫҢДАЛУ шәкіртке де, ұстазға да пайдалы

Салтанат МҰҚАНОВ, шахматтан спорт шебері, жаттықтырушы. дамның ой-өрісін кеңейтетін, логикалық пайымдау кеңістігіне бойлататын шахмат өнерінің құдіретін айтып жату артық. Алайда, адамның жады, есте сақтау қабілеті осы өнерді бойға дарытқан сайын жетіліп, ерекше ойлау жүйесін қалыптастыратынына ұзақ жылдар бойы онымен шұғылданғандықтан, көзім жетті. Менің мамандығым осы шахмат ойынымен тығыз байланысты. Сол себепті қырық жылдан аса уақыт …

ЖАРЫСҚАН САЙЫН ШЫҢДАЛУ шәкіртке де, ұстазға да пайдалы Read More »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ АРА ТҮСТІ

19 қарашада Мұрат Қадырбектің төрағалығымен облыстық Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы болды. Бұл жолғы жиында бір-ақ тәртіптік іс қаралды. Бірақ оны талқылау ұзаққа созылды. Ақыры Тәртіптік кеңес мүшелерінің көпшілігі Мамлют аудандық прокуратурасының аталмыш ауданның Жер қатынастары бөлімінің басшысы Жамбыл Дусеновке сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұрмалауға жол берді деп таққан кінәсіне заңдық негіз жеткіліксіз деп санап, оның …

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ АРА ТҮСТІ Read More »