«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТІРЕГІ – ТӨЛ ТЕҢГЕМІЗГЕ – 20 ЖЫЛ

Мемлекеттіліктің басты нышандарының бірі саналатын ұлттық валютамыз – теңгенің егемен елдің сенімді ақша-кредиттік саясатын жүзгізуші құралына айналып, қаржы айналымына енгеніне биыл 20 жыл толып отыр. Елбасының Жарлығы бойынша 1993 жылдың 15 қарашасында сағат 08.00-де ел аумағында енгізілген теңге тәуелсіз еліміздің тірегіндей болып, сын сәттерден сүрінбей өтіп, өзінің өміршеңдігін танытып келеді.  Жомарт ҚАЖЫРАҚЫМОВ,   Ұлттық банк …

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТІРЕГІ – ТӨЛ ТЕҢГЕМІЗГЕ – 20 ЖЫЛ Read More »

ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ шығармашылық ізденіс жоқ

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Дүйсенбі күні облыс орталығындағы қалалық Мәдениет үйі кезекті маусымын ашты. Петропавлдың мәдени өмірінің орталығы болуы тиіс шаңырақтың бұл маусымашар концерті көңілден шықпады. Алдымен “Театр киімілгіштен басталады” деген қанатты сөзді еріксіз ауызға аламыз. Себебі, Мәдениет үйінің акт залының алдында билет тексеріп тұрғандардың жүріс-тұрыстары өнердің қадірін төмендеткендей. Бұлай дейтінім, біріншіден, концерт басталса да, кешігіп …

ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ шығармашылық ізденіс жоқ Read More »

КИНОДАН КӨРГЕНДЕРІН ІСТЕП, киім ұрлаған жеткіншектер құрықталды

Петропавлда 16 жастағы бозбала жоспарлап келген бірқатар қылмыстың беті ашылды. “Спорт мастер” дүкенінің қауіпсіздік қызметінің директоры дүкен ішін аралап жүріп, қыруар тауардың жетіспейтінін байқаған. Нәтижесінде бейнекамералар арқылы киім ұрлаған Петропавл қаласының үш тұрғыны анықталды. Олардың екеуі кәмелеттік жасқа толмаған. Қыркүйек айында 16 жастағы ер бала осы дүкенде спорт киімін ұрлап бара жатқан жерінен ұсталған болатын. …

КИНОДАН КӨРГЕНДЕРІН ІСТЕП, киім ұрлаған жеткіншектер құрықталды Read More »

АУЗЫ КҮЙСЕ ДЕ, АЙЫЛЫН ЖИМАПТЫ

Кешкі сағат 8-дер шамасында 26 жасар қылмыскер қаладағы “Айсберг” сауда үйінің жанына келіп, сол жерге қойылған жеңіл автокөліктің есігін қайшының көмегімен ашқан. Дүкенге кеткен көлік иесі қайтып оралғанда оның ішінде бөгде адамның отырғанын аңғарады. Анау болса, бұлай боларын күтпесе керек, олжа етпек болған бейнетіркегішті лақтыра салып, қаша жөнеледі. Бірақ алысқа ұзамайды. Көліктің иесі ұрыны өзі …

АУЗЫ КҮЙСЕ ДЕ, АЙЫЛЫН ЖИМАПТЫ Read More »

ҰРЫНЫ ИТ ҰСТАП БЕРДІ

Айыртау ауданының полицейлері “Терем” деген иттің көмегімен пәтер ұрлығының ізін суытпай ашты.  Новоукраинка ауылының тұрғыны полицияға келіп, үйінен белгісіз біреудің аса қымбат DVD плеерді қолды еткенін хабарлаған. Тергеу-жедел тобы үй қожайының кіреберіс есігінің құлпы сынып қалғанын анықтайды. Арызданушының айтуынша, ұрлық күндізгі сағат екі шамасында үйде ешкім болмаған сәтте орын алған.   АІІБ инспектор-кинологы Марат Ахметов …

ҰРЫНЫ ИТ ҰСТАП БЕРДІ Read More »

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫ АЗАЙМАЙ ТҰР

Ерлан МАХМЕТОВ, СҚО ІІД баспасөз қызметінің қызметкері. Бүгінгі күні қылмыстың 70 пайызын пәтер тонау құрайды. Олай болса, мұны алаңдатарлық жағдай деп түсінген жөн. Жуырда Мемлекеттік күзет қызметі бөлімі қызметкерлерінің Петропавл қаласындағы жекеменшік күзет агенттіктері жетекшілерімен болған кездесуде осы мәселе әңгіме өзегіне айналды. Басқосуға төрағалық еткен облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Серік Ыдырысов пәтерлерде орын …

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫ АЗАЙМАЙ ТҰР Read More »

МАҒЖАН АТЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДЕ қолмергендер көп екен

“Сұңқар” спартакиадасының бір сайысы – дартстан өткен жарысқа қатысқандар Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде тоғысты. Бірінші жүлдені жарыс иелері өздерінде қалдырды. Жәлел Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылығы колледжінің командасы жарыс тұғырының екінші сатысына көтерілсе, үшінші орынды Петропавл темір жол көлігі колледжінің құрамасы місе тұтты.

ҚАЗБЕК ӘБДІҒАПАРОВТЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТІ

Өткен сенбі және жексенбі күндері Есіл ауданындағы Петровка ауылында техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының тәрбиеленушілері “Жас сұңқар” спартакиадасының бағдарламасы бойынша үстел теннисінен, шахматтан және тоғызқұмалақтан өткен жарыстарға қатысты. Үстел теннисі бойынша жігіттер жарысында Тайыншадағы агробизнес колледжінің командасы жеңіске жетті. Екінші жүлдені Новоишимка агротехника колледжі иеленді. Жүлделі үштікке Қызылжар агротехника колледжінің командасы кірді. Қыздар …

ҚАЗБЕК ӘБДІҒАПАРОВТЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТІ Read More »

БІР КОЛЛЕДЖДІҢ ҚОС ҚҰРАМАСЫ екі бірдей жеңісті тойлады

Жақында Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде орта арнаулы оқу орындарының студенттері шахматтан және тоғызқұмалақтан облыстық “Сұңқар” спартакиадасының бағдарламасының аясында шеберліктерін сынға салды. Тоғызқұмалақта сынаққа қатысқан командалардың топжарғаны – Петропавл құрылыс-экономика колледжінің студенттері. Екінші және үшінші орындар үшін жүлделерді гуманитарлық-техникалық колледж бен жұмабаевтықтар бөлісті. Жекелей есепте қыздар арасында Алтынгүл Темірболатова (ПҚЭК) алдына жан салмады. Қалған екі …

БІР КОЛЛЕДЖДІҢ ҚОС ҚҰРАМАСЫ екі бірдей жеңісті тойлады Read More »

КӨЗБЕН КӨРІП, ҚУАНЫП ҚАЙТҚАНДАР көңілге түйгендерін де ортаға салды

Бокстан өткен әлем чемпионаты 14-26 қазан күндері Алматы қаласына жер-жаһанның назарын аудартты. Чемпионатқа дүниежүзінің 120 елінен 500-ден аса былғары қолғап шеберлері жиналды. Осы әлемдік додаға өз қаражатымен барып, жекпе-жектерге тікелей куә болған бокстан КСРО спорт шебері, Тимирязев ауданының ардагерлер кеңесіне басшылық ететін Ғазез Шаяхметовті әңгімеге тартқан едік. – Негізгі жекпе-жектерді бастан-аяқ тамашаладыңыз. Жеңімпаздарымыз және жүлдегерлеріміз …

КӨЗБЕН КӨРІП, ҚУАНЫП ҚАЙТҚАНДАР көңілге түйгендерін де ортаға салды Read More »

ТАЛАЙ ӘЙЕЛ ІШІМДІККЕ ТӘУЕЛДІ, бірақ одан құтылудың жолы бар

Әйелдердің маскүнемдігі жайында көпшілік айтарлықтай біле бермейді. Мәселен, ащы сумен дос болған әйелдердің саны ерлерге қарағанда әлдеқайда аз дейді. Бірақ бұл – қате.  Татьяна ЕВТУШЕНКО, дәрігер-нарколог. Шындығында, ерлердің ішімдікке салынуы бірден көзге түсіп қалады. Ал әйелдер болса мұндай жаман әдеттен ұялады, көп ретте ондай қылықтарын жасырып жүреді. Әсіресе, ет жақындарына білдірмеуге тырысады. Әйелдердің араққа салынуы …

ТАЛАЙ ӘЙЕЛ ІШІМДІККЕ ТӘУЕЛДІ, бірақ одан құтылудың жолы бар Read More »

БАҚЫТ КІЛТІ – ЕҢБЕКТЕ

Әйел – отбасының қазығы. Ол ұрпақ сабақтастығын жалғайды. Соншама нәзік болғанымен, қыз-келіншектер табиғатынан қайратты, жігерлі. Қазір өз жұмысын дөңгелетіп, отбасыға кіріс келтіріп отырған аналар саны қаншама?!  Бақытжан СӘМИЕВА, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы. Отбасыға ғана емес, қоғамға да көмегін тигізіп отырған қыз-келіншектер бүгінде мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек алып, қолдау табуда.   Облыстық іскер әйелдер …

БАҚЫТ КІЛТІ – ЕҢБЕКТЕ Read More »

“ҚАЙТСЕМ ӘДЕМІ КӨРІНЕМ?” Қыз-келіншектердің көкейлеріндегі сауал осы …

Әдемі көріну әркімге ұнайды. Тіпті, бұл барлық қыз-келіншектердің арманы десек, артық айтқандық болмас. Дегенмен де, табиғи ажарына көңілі толмайтын кейбір бойжеткендер жасандылыққа тым үйір боп кеткен сияқты.  Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Қазір жасанды сұлулық таңсық емес. Қалтаңда ақшаң болса, айналдырған екі-үш сағаттың ішінде кірпікті ұзартып, қасты жаңартып, тіпті, ерінді де өзгертіп алуға болады. Міне, осындай …

“ҚАЙТСЕМ ӘДЕМІ КӨРІНЕМ?” Қыз-келіншектердің көкейлеріндегі сауал осы … Read More »

Бұлттан шыққан күндей болып …

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Облыс орталығындағы ЕС 164/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан нәзік жандардың саны – 260. Бұл – қаншама қыз-келіншек заңды белден басып, сол үшін тар қапастың арғы жағына тоғытылған деген сөз. Олардың барлығы да біреудің анасы, біреудің бауыры. Туған-туыстарынан қол үзіп, уақытша болса да, колония қабырғасында жазасын өтеп жатқандардың бірі – Диана Нұрпейісова. …

Бұлттан шыққан күндей болып … Read More »

КЕШЕГІ ҰСТАЗ – БҮГІНГІ КӘСІПКЕР

“Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер” дегендей, заман талабына сай ерінбей еңбек етіп жүрген асыл жандардың бірі – Ләззат Көпебаева. Шеберлігі арқасында алдына қойған мақсатына қол жеткізіп, өзіне, отбасына ғана емес, қоғамға да пайда келтіріп отырған жеке кәсіпкерді мақтан тұтуға әбден болады. Бүгінгі таңда ол облыс орталығындағы қазақ мектеп-гимназиясында өз асханасын ашып, жемісті еңбек етуде.  …

КЕШЕГІ ҰСТАЗ – БҮГІНГІ КӘСІПКЕР Read More »

ЖЕТІ АУЫЛДЫҢ ҚАМЫН ЖЕГЕН Бибігүл жұрт сенімін ақтап жүр

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Мемлекет басшысының тапсырмасымен үстіміздегі жылдың тамыз айында еліміздің түкпір-түкпірінде ауыл округтері әкімдерінің сайлауы ұйымдастырылып, халық қалаулыларының сеніміне ие болғандарына елді мекендерді басқару тізгіні ұстатылды. Біздің облыста аудандық маңызы бар 4 қала мен 194 ауылдық округте әкімдер сайланды. Солардың көшіне қосылғандардың бірі – Мамлют ауданындағы Белое ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған Бибігүл …

ЖЕТІ АУЫЛДЫҢ ҚАМЫН ЖЕГЕН Бибігүл жұрт сенімін ақтап жүр Read More »

ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ МҰРАЖАЙДАН БАСТАЛАДЫ

Мамлют ауданының Дубровное ауылындағы Кеңес Одағының Батыры Сергей Гуденко атындағы орта мектептің бір мақтанышы – осындағы тарихи-өлкетану мұражайы. Ол мектептің бірінші қабатында орналасқан. Оған осы мұражайдың қалыптасуына өзінің оқушы кезінен бастап атсалысқан география пәнінің мұғалімі Татьяна Безгина жетекшілік етеді. Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. Мұражай жалғыз мектеп жәдігерлерінен ғана тұрмайды, бүкіл ауыл тарихынан сыр шертеді. Ол Ресейдің …

ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ МҰРАЖАЙДАН БАСТАЛАДЫ Read More »

ЕКЕУІНЕ ӨМІР ДЕ, ӨНЕР ДЕ ОРТАҚ

Мамлют ауданындағы Белое ауылының тұрғындары Елена Петухова мен Зоя Павловаға жолыққандағы мақсатымыз қос әжейдің қолөнерін тамашалау болатын. Сондай-ақ бізді жарты ғасыр бойы құдайы көрші болған құрбылардың бір-біріне деген сыйластығы тамсандырды. Елена Ивановна Свердлов облысынан аталмыш елді мекенге 1962 жылы көшіп келіпті. Араға жыл салып сол жақтан Зоя Петухова да қоныс аударып, жерлесіне көрші болып орналасады. …

ЕКЕУІНЕ ӨМІР ДЕ, ӨНЕР ДЕ ОРТАҚ Read More »

“ОТАУ ТВ”-ны КӨРІП, қазақша үйреніп жүргендер аз емес

2011 жылдың 18 қаңтарында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елімізде “OTAU TV” Ұлттық жерсеріктік сандық телерадиохабар тарату желісі іске қосылған болатын. Қазақстанның шалғай орналасқан елді мекендерінің тұрғындарына 38 отандық және 50-ден астам шетелдік телерадиоарнаны көріп, тыңдауға мүмкіндік туды. Бүгінгі күні аталмыш желі үлкен сұранысқа ие.  Гүлбике КУБЕНОВА, “Солтүстік Қазақстан”. www.otautv.kz. сайтындағы мәліметке сәйкес, бұл жоба …

“ОТАУ ТВ”-ны КӨРІП, қазақша үйреніп жүргендер аз емес Read More »

МОБИЛЬДІ ТЕРМИНАЛДАР

BeeIine Business шағын және орта бизнес өкілдеріне “Рау-mе” банктік карталарымен төлеуге арналған мобильді терминалдар – pos-терминалдар сатылу басталғанын хабарлайды. Төлем терминалы смартфонға қосылатын шағын кардридерден тұрады. Аталмыш құрылымды иеленген жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға смартфонға Арр Store немесе GoogIe pIay-ден Рау-Ме тегін мобильді қосымшасын жүктеп алады. Сонан соң www.pay-me.kz сайтына тіркеліп, деректерін енгізеді және оферта-келісімшартшарттарын …

МОБИЛЬДІ ТЕРМИНАЛДАР Read More »