ҚОҚАН-ЛОҚЫ КӨРСЕТУМЕН келген олжа орға жықты
Облыс орталығының полицейлері 18 жастағы қыздың алтын бұйымдары мен ақшасын ұрлаған қарақшыларды бір тәулік ішінде қолға түсірді. Түнгі клубтардың бірінде киімжайшы болып қызмет ететін бойжеткен жұмысынан соң үйіне қарай Уәлиханов көшесі бойымен келе жатқан. Осы сәтте ол ізіне түскен екі бейтаныс жігітті байқаған. Ер адамдар жаяу жүргіншіні қуып жетіп, аяғынан шалып құлатып, соққыға жыққан. Қарақшылардың …