«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ДАМУ ҮСТІНДЕ

Елбасы “Нұр Отан” партиясының XV съезінде сөйлеген сөзінде біздің мемлекет әлемдегі ең дамыған 30 елдің бірі болуға тиіс екендігін тілге тиек ете отыра, осы мақсатқа жеткізетін бағыт-бағдарды айқындап берді. Маңызды идеялар арқасында алыс болашаққа көз тігіп, алдымызға биік межелер белгіледі. Ендігі кезекте партия съезінде қабылданған Саяси доктринаға сүйене отыра, алға қойған жоспарлы жұмыстарға құлшына кірісіп, …

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ДАМУ ҮСТІНДЕ Read More »

Нұрлан ЕРІМБЕТОВ: “Президент бастаған әңгімені Үкімет жалғастырып әкетпеді”

Астанадағы брифингте “Қазақстанның Азаматтық Альянсы” (ҚАА) Заңды тұлғалар бірлес-тігінің президенті Нұрлан Ерімбетов алда болатын Азаматтық Форумға дайындық ту-ралы, Үкімет пен өңірлер әкімдерімен өзара әрекеттестік туралы, ҚАА-ның Президенттің осы жылғы 11 қазанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сындары мен берген тапсырмаларын жүзеге асыруға қалай атсалысып жүргені туралы баяндады. “Бұл мені азамат ретінде, адам ретінде таңғалдырған оқиға болды. …

Нұрлан ЕРІМБЕТОВ: “Президент бастаған әңгімені Үкімет жалғастырып әкетпеді” Read More »

ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ЖАУАПТЫ ШЕНЕУНІКТЕР ЖАЗАЛАНАТЫН БОЛАДЫ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сын-ескертпелері бойынша кезекті кеңес өткізді. Кеңесте сонымен қатар Индустрияландыру картасының проблемалық жобалары талқыланды. Өткен жылы мұндай жобалар 35-ті құраған болатын, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін олардың қатары 13-ке дейін қысқарды. Жеткіліксіз жұмыстары үшін 19 адам жазаға тартылды, …

ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ЖАУАПТЫ ШЕНЕУНІКТЕР ЖАЗАЛАНАТЫН БОЛАДЫ Read More »

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ “Агробизнес – 2020” бағдарламасы аясында шешілмекші

Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өмірияев еліміздің өңдеуші саласындағы мемлекеттік қолдау мәселелерімен таныстырып өтті. “Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын қолдау және өндірістік қуаттылықтың жүктелуін арттыру үшін “Агробизнес – 2020” бағдарламасы аясында саланы техникалық және технологиялық жарақтандыру, қаржылық ресурстардың қолжетімділігін арттыру, аграрлық бизнесті жүргізуге жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені көзделген. Қолданыстағы …

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ “Агробизнес – 2020” бағдарламасы аясында шешілмекші Read More »

Сықақтар

Әскер НҰРМҰҚАНОВ,зейнеткер. Айтамын, ағайын…Тойға не құдалыққа бара алмасаң,Қара тізімге іліктім дей бер, ағайын!Сондықтан несие ал миллионер боп,Бір тойда екі жылқы жей бер, ағайын!Уақыт ағайын-туыспен санаспайды,Ағайын-туысың уақытпен санасса,Ешқашанда, өмір бойы адаспайды!Атсаң да, шапсаң да айтам, ағайын,Заман талабына қайшы ісің жараспайды!

АЙТУАР МЕКТЕБІ АШЫЛҒАНДА

Мәкен ҚАЛИҰЛЫ,зейнеткер. Мен-дағы өткенімін бүгінгі елдің,Бір мектеп салу үшін жүгіргенімін,Аяулы ауылымда алшаң басып,Ұядай мектебінде білім бердім.

АУЫЛДА ТҰРАТЫН АҚЫН АПА

Жолдың қашықтығына қарамастан, қиян шеттегі ауылға тез-ақ жеттік. Кейуанаға көптен бері жолығуды ниет етсек те, сәті түспей жүрген. Бұл жолғы сапарымызды жақсы ырымға баладық. “Іздегенге – сұраған”. Алыс жолдан оралған беті екен. Тіпті бел жазып та үлгермеген. Іссапар алдында апайдың үлкен ұлы Дауылбаймен хабарласқанымызда: “Анамыз 10 құрсақ көтерген. Олардан 7-еуі аман. Ініміз Бүркіт екі мүшелінде …

АУЫЛДА ТҰРАТЫН АҚЫН АПА Read More »

САЛИДАТ ҚАЙЫРБЕКОВАНЫ және…

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованы қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев ана мен бала өлімін азайту, сондай-ақ халықтың денсаулық деңгейін арттыру мен қазақстандықтардың өмір жасын ұзарту жөнінде жүйелі шаралар қабылдау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Министр Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтижелері туралы әңгімеледі.

… АСҚАР ЖҰМАҒАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады. Кездесу барысында министр Мемлекет басшысына Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды іске асыру барысы, сондай-ақ көлік инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның әзірленуі туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамуы мен азаматтарымыз үшін қажетті барлық көлік инфрақұрылымдарын жетілдіру мақсатында бағдарламаны әзірлеу кезінде кешенді көзқарастардың қажеттігіне назар аударды.

КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Қызылжар өңірінде болды

Қазан айының соңғы күндері ҚР Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов жұмыс сапарымен Қызылжар өңірінде болып, облыс әкімі Самат Ескендіровпен, “Киров атындағы зауыт” АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесті, облыстың кәсіподақтары активімен жиналыс өткізді. Өңір басшысының қабылдауы кезінде Самат Ескендіров пен Әбілғазы Құсайынов әлеуметтік диалог пен серіктестікті нығайту мәселелерін талқылады. Әбілғазы Қалиакпарұлы “Киров атындағы зауыт” АҚ-ның еңбек ұжымымен …

КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Қызылжар өңірінде болды Read More »

ЖАТ АҒЫМДАРДЫҢ АҢДЫҒАНЫ – ЖАСТАР

Облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғановтың төрағалығымен облыстық әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Онда өңірдегі діни ахуал және діни ұйымдар мен миссионерлердің жұмысы сөз болды.  Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, “Солтүстік Қазақстан”. Облысымызда түрлі конфессия өкілдеріне бейбіт өмір сүруге және қарым-қатынас жасауға қолайлы жағдай жасалған. Бүгінде облыс бойынша 7 діни нысан салынуда. Олардың 3-еуі – …

ЖАТ АҒЫМДАРДЫҢ АҢДЫҒАНЫ – ЖАСТАР Read More »

ЖҰМЫРТҚА БАҒАСЫ ЖҰРТТЫ ДҮРЛІКТІРДІ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Азық-түлікке аздап баға қосылғанның өзінде оған жақтырмай қарайтын тұтынушыларды осы аптада тауық жұмыртқасы бағасының шарықтап шыға келгені, тіпті, шошындырып тастағаны анық. Бір-екі күннің ішінде оның ондығының бағасы 200 теңгенің үстіне шықты. Сондықтан өңірімізді тауық жұмыртқасы өнімімен қамтамасыз етіп жүрген іргелі компаниялардың бірі – “Алекри” ЖШС-нің басшысы Александр Прядькоға телефон арқылы хабарласып, …

ЖҰМЫРТҚА БАҒАСЫ ЖҰРТТЫ ДҮРЛІКТІРДІ Read More »

ЕҢБЕК МАУСЫМЫ МӘРЕГЕ ЖЕТІП, үздіктер марапатталды

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Жасыл ел” және студенттік құрылыс жасақтарының еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті. Жиынға еңбек қозғалысының ардагерлері, “Жасыл ел” студенттік құрылыс жасақтары штабының жетекшілері қатысты. Қанат АТАМАНОВ, Солтүстік Қазақстан. Шара басында Петропавл қаласы колледждерінің бірінші курс оқушыларының қатысуымен шеру өтті. Облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов өңір басшысы Самат Ескендіровтің құттықтауын жеткізді.

ЖАСТАРДЫ ТОЛҒАНДЫРАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғановтың төрағалығымен мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі облыстық кеңестің отырысы өтіп, онда жастарды саяси өмірге тарту, олардың шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау мәселелері қаралды.  Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, “Солтүстік Қазақстан”. – Елбасы “Нұр Отан” партиясының таяуда өткен XV съезінде жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және жастарды еліміздің қоғамдық-саяси өміріне …

ЖАСТАРДЫ ТОЛҒАНДЫРАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ Read More »

ЖОЛҒА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ МОЛ, жөндеу жаңа технология бойынша жүргізіледі

Облыста автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстары саласында жаңа инновациялық технологиялар енгізу “Қазақстан жолдары ғылыми-зерттеу институтының” әзірлемесімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі атап өткеніндей, аталмыш бағытта эксперименттік жұмыс жүргізілуде. Жаңа жол-құрылыс материалдары сынақтарын тестілеудің, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде аталмыш материалдарды қолдана отырып жасалған құрылыс және жөндеу жобаларын қараудың және келісудің оң …

ЖОЛҒА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ МОЛ, жөндеу жаңа технология бойынша жүргізіледі Read More »

ЖОЛДАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жолдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында қабылданып жатқан шаралармен таныстырды. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жол қауіпсіздігі мен Қазақстанның автокөлік жолдарының сапасын қатаң сынға алғаны белгілі. Соған орай Мереке Пішембаев: “Ең алдымен, біз қозғалысы қарқынды автожол учаскелерін жолақтар сызылған және жол шеттеріне қоршаулар …

ЖОЛДАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ Read More »

ҚЫЗДЫ ЗОРЛАП, ҚАМАУДА ҰСТАҒАН қылмыскерлер қолға түсті

Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасы мен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 19 жастағы бойжеткенді зорлады деген күдікпен екі азаматты қолға түсірді.  Қала маңындағы ауылдардың бірінде тұратын әйел 19 жастағы қызының жоғалғандығы жөнінде полиция бөлімшесіне арызданған. Оның айтуынша, бойжеткеннің Петропавлда жүріп, хабарсыз кеткеніне бір апта уақыт өткен. Полиция қызметкерлері ұйымдастырған жедел іздестіру шараларының нәтижесінде құрсаудағы …

ҚЫЗДЫ ЗОРЛАП, ҚАМАУДА ҰСТАҒАН қылмыскерлер қолға түсті Read More »

КИКБОКСШЫЛАР КУБОКТЫ САРАПҚА САЛУДА

Қазан айының соңғы жұлдызында Петропавлдағы “Бокс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің залында кикбокстан Қазақстан Республикасының кубогы сарапқа салынатын жарыс жалауын көтерді.  Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Есіл өңіріне тоғысқан спортшыларға ашылу салтанаты үстінде облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыстық бокс және кикбокс федерациясының президенті Айдарбек Сапаров құттықтау лебізін арнап, жарысты ашық деп жариялады. Кикбокстан Қазақстан Республикасының бас …

КИКБОКСШЫЛАР КУБОКТЫ САРАПҚА САЛУДА Read More »

СТАТИСТИКА, ШЫНЫНДА ДА, БӘРІН БІЛЕДІ

Облыстық Статистика департаменті “Ашық есік күнін” өткізді. Сондай-ақ статистикалық баспа жарияланымдарының көрмесі ұйымдастырылып, келушілер Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі мен облыстық Статистика департаментінің шығарған сан алуан деректер жинақтарымен және сараптамалық талдау бюллетеньдерімен танысты. Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. “Дөңгелек үстел” басында департамент басшысының орынбасары Жанар Қызбикенова мемлекеттік статистика қызметінің міндеттері мен жұмыс жоспарлары туралы айтып берді. Онда ол …

СТАТИСТИКА, ШЫНЫНДА ДА, БӘРІН БІЛЕДІ Read More »

ЖОЛДАН ТАЙҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ЖӘРДЕМДЕСУ – ювенальды әділеттің мақсаты осы

Облыстық Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрғасы Бақыт Қасейінов 9 айдың қорытындысы бойынша және судьялардың VI съезіне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, “Солтүстік Қазақстан”. Есепті кезеңде мамандандырылған ауданаралық сотта қаралған 78 қылмыстық істің 35-і кәмелетке толмағандарға қатысты болып отыр. Оның 29-ына қатысты сот үкімі шығарылған. Ал 3 жеткіншек бас бостандығынан …

ЖОЛДАН ТАЙҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ЖӘРДЕМДЕСУ – ювенальды әділеттің мақсаты осы Read More »