«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МИКРОКРЕДИТТІК ҚЫЗМЕТ

2013 жылғы 2 тоқсанда кредиттік ұйымдар 2 258,5 млн. теңге сомасына 577 кредит берген. 2013 жылғы 2 тоқсанда 56 кредиттік ұйым микрокредитік қызметпен айналысты, оның ішінен 43 (76,8%) – микрокредиттік ұйымдар. 2013 жылғы 2 тоқсанда кредиттік ұйымдар 2 258,5 млн. теңге сомасына 577 кредит берген, оның ішінде 430,6 млн. теңге сомасына 379-ын микрокредиттік ұйымдар берді. …

МИКРОКРЕДИТТІК ҚЫЗМЕТ Read More »

ӨНЕРКӘСІПТЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

2013 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіпке 6414,8 млн. теңге инвестиция салынған, ол облыс бойынша инвестициялардың жалпы көлемінің 15,6%-ын құрады.Өткен жылғы сәйкес кезеңге өнеркәсіптегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 73,3%-ды құрады. Саланың негізгі капиталына салынған инвестицияларды қаржыландыру көздерінің арасында инвесторлардың меншікті қаражаты басым болды (өнеркәсіпке салынған инвестициялардың жалпы көлемінен 62,9%), қарыз және шетел қаражаты үлесі сәйкесінше 2,7% және …

ӨНЕРКӘСІПТЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ Read More »

ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІП ОРЫНДАРЫНЫҢ ӨНДІРІСІ

Жұмыс істейтіндер саны 50 адамнан кем өнеркәсіп кәсіпорындары, негізінен, тамақ өнімдерін өндіруге мамандандырылған. 2012 жылғы қаңтар-маусымда 204 шағын кәсіпорын өнеркәсіп өнімін өндірумен айналысқан. Олар 7,2 млрд. теңгенің өнімін өндірген, ол жалпы өндіріс көлемінің 12,5%-ын құрады. Өңірлік бөліністе қомақты үлесті Петропавл қаласы алады: шағын кәсіпорындар санының 61,3%-ы және өндірілген өнім көлемінің 78,2%-ы. Қалған көлемді аудандардағы шағын …

ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІП ОРЫНДАРЫНЫҢ ӨНДІРІСІ Read More »

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ КӨРСЕТКЕН ҚЫЗМЕТТЕР КӨЛЕМІ

Білім беру саласында қызметтердің негізгі көлемін (95,3%-ын) мемлекеттік мекемелер көрсетеді. 2013 жылғы екінші тоқсанда білім беру саласындағы қызметтерді 815 ұйым көрсетті. Облыстың білім беру ұйымдарының негізгі қызмет түрі бойынша орындаған қызметтерінің көлемі 12137,9 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда білім беру қызметтерінің көлемі 8,2%-ға азайды. Білім беру саласындағы қызметке ақы төлеудің негізгі көзі …

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ КӨРСЕТКЕН ҚЫЗМЕТТЕР КӨЛЕМІ Read More »

АУДАНДАР БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ

2013 жылғы тамыз айында Солтүстік Қазақстан облысында бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 73059 теңгені құрап, 2012 жылғы тамыз айымен салыстырғанда 2,9%-ға ұлғайды, нақты көріністе 2,5%-ға азайды. Облыс аудандары ішінде барынша жоғары жалақы Ғ.Мүсірепов атындағы (68405 теңге) және Уәлиханов (67595 теңге) аудандарында тіркелген. Қызылжар (66996 теңге) мен М.Жұмабаев (63734 теңге) аудандарында біршама төмен. Облыс аудандары …

АУДАНДАР БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ Read More »

ОБЛЫСТАҒЫ ТАМЫЗ АЙЫНДАҒЫ ЖАЛАҚЫ

2013 жылғы тамыз айында бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 73059 теңгені құрап, 2012 жылғы тамыз айымен салыстырғанда 2,9%-ға өсті, нақты көріністе 2,5%-ға азайды. Жалақының ең үлкен мөлшері қаржы және сақтандыру қызметі кәсіпорындарында (115470 теңге), көлік және қоймалауда (104043 теңге) белгіленіп, орташа облыстық көрсеткіштен 1,6 және 1,4 есе жоғары болды. Ауыл, орман және балық шаруашылығы …

ОБЛЫСТАҒЫ ТАМЫЗ АЙЫНДАҒЫ ЖАЛАҚЫ Read More »

ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕС – мол астық үшін күрес

Сапарғали СҮЛЕЙМЕНОВ, облыстық Өсімдік қорғау жөніндегі инспекцияның бөлім басшысының міндетін атқарушы. Қазақ өсімдік қорғау ғылыми зерттеу институтының деректері бойынша, астықтың зиянкестерден ықтимал шығыны 28-35 пайызға жетеді, сонымен бірге ауыл шаруашылығы өнімдерінің 10-12 пайызын сақтау кезінде жоғалтамыз. Сондықтан республикамызда егістер мен көкөністерді фитосанитарлық сауықтыруға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстанның өсімдік шаруашылығына 50-ге жуық көпулы және 100-ден астам …

ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕС – мол астық үшін күрес Read More »

АРҚАСҮЙЕР АЗАМАТЫ БОЛМАСА…

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Қазір ауылдық аумақтарды дамытуға айрықша назар аударылуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел халқына арнаған Жолдауыларында осы өзекті мәселені оралып өтіп көрген емес. Ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған бірталай мақсатты бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Аталмыш мәселе жуырда Үкімет отырысында да талқыланып, онда ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізудің, кешенді және өңірлік жоспарлар …

АРҚАСҮЙЕР АЗАМАТЫ БОЛМАСА… Read More »

«2013-2015 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Бесінші шақырылымның XX сессиясы)

Петропавл қаласы 2013 жылғы 24 қыркүйек №20/1  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 және 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2012 жылғы …

«2013-2015 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Бесінші шақырылымның XX сессиясы) Read More »

СЕМЕЙДЕГІ ФУТБОЛ МЕРЕКЕСІ тәлім аларлықтай тартымдылығымен есте қалды

Қазақстан футболына – 100 жыл! Айтулы мереке Семей қаласында үш күн бойы есте қалатындай мәнді де сәнді аталып өтті. Мерекелік шараға дипломаттар мен шетелдік делегациялар Мәскеу қаласының “Спартак”, Киев пен Тбилисидің “Динамо”, Қазанның “Рубин”, Бішкектің “Алға”, Алматының “Қайрат”, Өскеменнің “Восток” командаларының ардагерлер топтары келді. Сонау 60-70 жылдары Кеңес Одағы футбол ұжымдары сапында өнер көрсетіп, халықаралық …

СЕМЕЙДЕГІ ФУТБОЛ МЕРЕКЕСІ тәлім аларлықтай тартымдылығымен есте қалды Read More »

“Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық альянс қауымдастығы” ЗТБ облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Жылдың үздік ҮЕҰ” облыстық конкурсын жариялайды

Конкурс туралы ереже Конкурстың негізгі идеясы: өңіріміздегі әлеуметтік және қоғамдық өмірге, тәуелсіздіктің орнығуына және азаматтық қоғамның құрылуына айтарлықтай үлес қосқан облыстық үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) жұмысындағы жетістіктерін қоғам алдында көтермелеу. Қазақстанның өмір сапасы стандарты жоғары серпінді, осызаманғы мемлекет ретінде дамуы орнықты азаматтық қоғамдағы азаматтық белсенділік пен азаматтардың іскерлігіне байланысты. Солтүстік Қазақстан облысында көптеген патриоттық сезімдегі …

“Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық альянс қауымдастығы” ЗТБ облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Жылдың үздік ҮЕҰ” облыстық конкурсын жариялайды Read More »

АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛДЫ

Облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері Қарттар күніне арналған сенбілікке белсене қатысты. 21 қыркүйек күні Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі аумақтық органының басқарма және бөлімдерінің қызметкерлері өз кабинеттері мен ғимарат аумағында тазалық орнатуға білек сыбана кірісті.  Әсия БАТАЛОВА, облыстық ТЖ департаментінің бөлім басшысы. Қызу жұмыс кезінде ТЖ және өнеркәсіптік қауіпсіздікке мемлекеттік бақылау жөніндегі басқарманың қызметкері Павел Белоконь өзінің …

АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛДЫ Read More »

ҚАРТТАР мен МҮГЕДЕКТЕРДІ қолдау сенбілігі ұйымшылдықпен өткізілді

Қыркүйек айының үшінші аптасында өткен қайырымдылық сенбілігіне 145 мыңнан астам солтүстікқазақстандық қатысты. Бұл шара өңіріміздегі қарттар мен мүгедек жандарды қолдауға арналды.  Осынау игілікті іске жиналғандардың пейілдерінің ақтығы болса керек, сол күні ауа райы да шайдай ашылып сала берді. Қайырымдылық шарасына жиналғандар саябақтар мен шағын бақтарды түскен жапырақтар мен қураған шөптерден, шашылған қоқыс қалдықтарынан тазартты.   …

ҚАРТТАР мен МҮГЕДЕКТЕРДІ қолдау сенбілігі ұйымшылдықпен өткізілді Read More »

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ – АЛАҢДАТАДЫ

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалығымен өткен кеңес өңіріміздегі азық-түлік қауіпсіздігі, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерінің сатылу көрсеткішін жоғарылату шараларына арналды. Жиынға жергілікті азық-түлік тауарларын өндірушілер және облыс орталығындағы ірі сауда орындарының өкілдері қатысты. Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Нарыққа шығарылатын азық-түлік бәсекеге қабілетті болуымен қатар, тұтынушыларға қауіпсіз болуы шарт. Сондықтан өнім өндірушілер де, оны өткізуші …

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ – АЛАҢДАТАДЫ Read More »

БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛІП, ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАҢА МҮШЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

24 қыркүйекте бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХ сессиясы болды. Депутаттар үстіміздегі жылға арналған облыстық бюджетті нақтылап, ел Үкіметінің тиісті қаулысына сәйкес Петропавл қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінген 900 миллион теңгенің мақсаттық трансфертінің кемітілуімен келісті. Бұл соманы келесі жылға арналған республикалық бюджетте қарастыру ұйғарылған. Сессияда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып Ләззат …

БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛІП, ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАҢА МҮШЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Read More »

АТЖАРЫСҚА ШАҚЫРАМЫЗ

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!28 қыркүйек күні Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы “Құлагер” ипподромында Абылай ханның 300 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар өтеді. Мерекелік бағдарлама шеңберінде театрландырылған көрініс, құнан бәйге, жорға жарыс, желісті жылқылар шабысы және аламан бәйге болады.Спорттық мереке сағат 11-де басталады. Баршаңызды шақырамыз. Ресми ақпарат.

ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮШ ҚОЛДАНҒАН үш оқушыға қатысты үкім шығарылды

Солтүстік Қазақстан облыстық кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта полицейлерге қарсы күш қолданғаны үшін аграрлық-техникалық колледждің үш оқушысының үстінен қозғалған іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлады “ҚазАқпарат”. Биыл сәуір айында жатақхананы кешкі тексеру кезінде колледждің екі оқушысы ішімдікке және есірткіге, тағы бір шәкірт ішімдікке мас болғаны анықталды. Олар жатақхана бойынша кезекшінің бөлмесіне бара жатқанда …

ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮШ ҚОЛДАНҒАН үш оқушыға қатысты үкім шығарылды Read More »

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ БАСШЫСЫ 8 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Талғат Ақылбеков Леонид Агутин мен Анжелика Варумның концертіне тегін билет талап еткені үшін бар мүлкінің тәркіленуімен 8 жылға сотталды. Мұндай үкімді Петропавл қалалық соты шығарды, деп хабарлады “ҚазАқпарат”. Бұған дейін хабарланғандай, Т.Ақылбеков биылғы жылдың 19 ақпанында концерт ұйымдастырушысынан 416 мың теңгеге саятын 26 билет түріндегі пара алғаны үшін …

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ БАСШЫСЫ 8 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ Read More »

2 АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

21 қыркүйекте бесін уақытында “Жезқазған-Петропавл” автожолында Есіл ауданының Амангелді ауылының бұрылысының маңында жол апаты болды.  Юрий КЛЫКОВ, СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің инспекторы. Басып озу кезінде “Лада-21900-115-41” автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, тіркемесі бар “КамАЗ” автокөлігімен соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Лада” автокөлігінің 60 жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Автокөліктің 32 жастағы жүргізушісі және …

2 АДАМ МЕРТ БОЛДЫ Read More »

ОТПЕН ОЙНАМА, КҮЙЕРСІҢ

Жыл басынан бері облыста 478 өрт оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 257 млн. теңгеден астам шығын келтірілді. Тілсіз жау 35 адамның өмірін жалмады, олардың 5-і – бала. Сонымен қатар от құрсауында қалған 33 адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алды. Петропавл қаласының 24 жасар тұрғыны 1 және 2 дәрежелі күйікпен ауруханаға түсті. Жас жігіт газ плитада тамақ әзірлеп …

ОТПЕН ОЙНАМА, КҮЙЕРСІҢ Read More »