«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КӨРШІЛЕР БАҚЫЛАУЫ” – СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары жастар арасында “Көршілер бақылауы” бағдарламасын насихаттау мақсатында колледждер мен жоғары оқу орындарында жұмыс жүргізуде. Темір жол колледжінің оқушылары осы тақырыпта полиция қызметкерлерінің лекциясын тыңдады. Жыл басынан “Көршілер бақылауының” сенім телефонына 900-ге тарта хабарлама келіп түскен. Соның нәтижесінде 600-ден астам әкімшілік заңбұзушылықтың алды алынып, қылмыстардың ізі суымай ашылған. Полиция қызметкерлері студенттерге “Көршілер бақылауы” …

“КӨРШІЛЕР БАҚЫЛАУЫ” – СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА Read More »

БЕС ЖАСАР ҚЫЗ балконнан құлады

11 қыркүйек күні Петропавл қаласының Хименко көшесіндегі 3 үйде қайғылы оқиға орын алды. Ата-ана қарауынсыз қалған, 2008 жылы туған қыз бала бес қабатты үйдің ең жоғары қабатындағы балконнан құлап, алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Төтенше оқиға орнында Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасының жедел тобы, “Жедел жәрдем” бригадасы жұмыс істеді. Баланың мүрдесі сот-медициналық сараптамаға …

БЕС ЖАСАР ҚЫЗ балконнан құлады Read More »

ҚАЛАДАҒЫ ЖОЛ АПАТЫНДА екі адам қаза тапты

Облыс орталығындағы Мир-Интернационал көшелерінің қиылысында түнгі сағат 2 шамасында қайғылы жол оқиғасы орын алды. Көлік қақтығысы куәгерлерінің сөзіне қарағанда, “КІА” маркалы көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, “АУДИ” автокөлігімен соқтығысып қалған. “АУДИ”-дің иесі оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты. Тағы бір адам – осы апаттан зардап шеккен 18 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны жол жиегінен …

ҚАЛАДАҒЫ ЖОЛ АПАТЫНДА екі адам қаза тапты Read More »

ТАЙЫНШАДАҒЫ “ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ”

Тайынша қаласында өткізілген “Денсаулық фестиваліне” қала тұрғындары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен білім беру мекемелерінің оқушылары белсенділікпен қатысты. Гүл НҰРАЛИНА,   журналист. Аудандық метеостанция ғимаратынан бастау алған бұқаралық жүгіруге аудан әкімі Серік Салтықов, аудан әкімінің орынбасарлары және ведомство басшылары қатысып, спортсүйер қауым орталық “Достық” алаңына дейін жарыса жүгіріп келді. Фестиваль аясында түрлі эстафеталар, марафондар, командалық …

ТАЙЫНШАДАҒЫ “ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ” Read More »

“ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ” ІРІ ЖЕҢІСІ

Футболдан ел чемпионатының бірінші тобында ойнайтын командалар 11 қыркүйекте жиырма сегізінші турдың кездесулерін өткізді. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Бұл турда біздің “Қызылжар” клубының ойыншылары Алматы облысындағы Қаскелең қаласының “Сұңқар” командасын қабылдаған еді. Қарсыластар турнир кестесінің алтыншы және тоғызыншы орындарын иеленген. Біздің жігіттер алтыншы орыннан жоғарылай түсуі үшін жеңуі және де ірі есеппен ұтуы керек еді. …

“ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ” ІРІ ЖЕҢІСІ Read More »

ЖАС ГИМНАСТШЫЛАР ЖЕТІСТІКТЕРІ

2-7 қыркүйек аралығында Алматы қаласы спорттық гимнастикадан ел чемпионатына қатысушыларға төр беріп, жарысқа біздің жерлестеріміз де қатысты.  Жарыс бағдарламасына гимнастикалық көпсайыс пен жекелеген түрлер енгізілді. Көпсайыс еркін жаттығулар, секіру, бөренеде және жетекшелерде жарысу бойынша өтті. Жүлделер жеке көрсеткіштер бойынша берілді. Командалық көрсеткіштер есепке алынбады. Осы түрлер бойынша еліміздің сегіз қаласынан үміткерлер сынға түсіп, жүлделердің көбі …

ЖАС ГИМНАСТШЫЛАР ЖЕТІСТІКТЕРІ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ОТЫРАР ҚАЗЫНАСЫН ТАМАШАЛАУДА

Облыстық тарихи-өлкетану маражайында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының “Фараб – Отырар өркениеті” атты көрмесі ашылды.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Оған Отырар қазба жұмыстарынан табылған жәдігерлер, соның ішінде балшықтан жасалған үй керек-жарақтары, қапталған кірпіштер, зергерлік бұйымдар, күміс, шыны және мыс ыдыстар, қару-жарақтар, алтын және күміс тиындар, ұстаның, зергердің құралдары, ежелгі кітаптар қойылған. 100-ден астам экспонаттан тұратын …

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ОТЫРАР ҚАЗЫНАСЫН ТАМАШАЛАУДА Read More »

БІР ҒАСЫРДЫҢ БЕЛЕСТЕРІ – айтарлықтай оқиғалардың арқауы

Биыл Қазақстанда футбол ойынының ту көтергеніне – бір ғасыр. “Миллиондардың ойыны” аталған бұл спорттың алдына түсетін еш сайыс жоқтығына футболдың дүниежүзінің бес құрлығына бірдей тарауы дәлел. Оның отаны ағылшын елі саналғанымен, кейін Оңтүстік Америка, соның ішінде Бразилия мен Аргентина көш басынан орын тепсе, “Кәрі құрлықта” Германия мен Италия топ жарды. Зейноллла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Біздің …

БІР ҒАСЫРДЫҢ БЕЛЕСТЕРІ – айтарлықтай оқиғалардың арқауы Read More »

МАМЛЮТТІК МАЙТАЛМАН ДИҚАНДАР орақ науқанында көш бастауда

Облыс әкімі Самат Ескендіров жұмыс сапарымен Мамлют ауданында болды. Өңір басшысы мұнда күзгі орақ науқаны барысымен танысып, егін, жол жөндеу жұмыстарына назар аударды. Самат ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ, журналист. “Родина” шаруа қожалығы биыл бір жарым мың гектар алқапқа дән сепкен. Күзгі орақ науқанына тамыздың 26-сында кіріскен диқандар бүгінгі күні астықтың жартысынан астамын жинап үлгеріпті.   “Барлық көктемгі жұмыстар …

МАМЛЮТТІК МАЙТАЛМАН ДИҚАНДАР орақ науқанында көш бастауда Read More »

ПРОКУРОРДЫҢ ПІКІРІМЕН КЕЛІСПЕДІ…

12 қыркүйекте Мұрат Қадырбектің төрағалығымен облыстық Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы болып, онда алдымен Петропавл қаласы прокуратурасының ұсынымы бойынша облыс орталығы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының мүшелері болып табылатын 5 мемлекеттік қызметшінің үстерінен қозғалған тәртіптік істер қаралды.   Қала прокуроры Қонысбек Ыбыраевтың баяндауынша, прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде қала әкімінің орынбасары әрі қалалық тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары …

ПРОКУРОРДЫҢ ПІКІРІМЕН КЕЛІСПЕДІ… Read More »

Қызылжар КІРПІШІ өңір басшысының қолдауымен қайтадан өндірілмекші

“Алаугаз СК” жауапкершілігі шектеулі серіктестігін кәсіпорынның атауына қарап кімнің болса да оны бірден газ тасымалымен және өткізумен байланыстырары анық, ал шындығында ол газбен жабдықтау желісінің құрылысымен айналысатын таза құрылыс компаниясы болып табылады. 2002 жылы құрылған бұл кәсіпорын Солтүстік Қазақстан және көршілес Ақмола облыстарында газбен жабдықтау желілерінің техникалық металл құрылымдық құрылыс жұмыстарын жүргізеді. Аталмыш кәсіпорынға көңіл …

Қызылжар КІРПІШІ өңір басшысының қолдауымен қайтадан өндірілмекші Read More »

ЖАСТАР ЕМХАНАЛАРДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ЗЕРТТЕДІ

“СҚО белсенді жастары” қоғамдық бірлестігі Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен “Петропавл қаласындағы амбулаторлық-емханалық көмек түрлерін көрсететін ұйымдар жұмысына баға беру” тақырыбында “дөңгелек үстел” өткізді.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. “Жастардың күшімен мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру” жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсаты бастапқы медициналық көмек түрлерін көрсететін емханалардың жұмысына баға беру болып табылады. Аталмыш іс-шара барысында қалалық 4 …

ЖАСТАР ЕМХАНАЛАРДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ЗЕРТТЕДІ Read More »

ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ баршамыз білуге тиістіміз

Туберкулез – өкпені және басқа ағзаларды (сүйек, бүйрек, лимфа түйіндері) зақымдайтын жұқпалы әрі созылмалы дерт. Ғалия ЖАМАНКИНА, №2 қалалық емхананың учаскелік терапевт дәрігері. Нағима ХАСЕНОВА, учаскелік терапевт дәрігер. Аталмыш ауру қоздырғышын 1882 жылы белгілі неміс ғалымы Роберт Кох ашқан. Содан бері арада қанша уақыт өтсе де, әлеуметтік сипат алған туберкулез ауруымен күрес жүргізу дүниежүзі бойынша …

ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ баршамыз білуге тиістіміз Read More »

ТЕРІНІҢ ІРІҢДІ АУРУЛАРЫ

Терінің іріңді аурулары (фолликулит, шиқан, сыздауық, шелдің қабынуы, күбірткі және т.б.) тұрмыста да, өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшыларында да жиі кездеседі. Ол табиғатта (ауада, суда және жерде) кең тараған іріңдеткіш ауруларды қоздыратын бактериялар арқылы пайда болады. Сау адамның терісінде орасан зор көлемде микроорганизмдер, оның ішінде іріңдеткіш микробтар да кездеседі. Соңғылары қолайлы жағдай туған кезде жылдам көбейіп, іріңді …

ТЕРІНІҢ ІРІҢДІ АУРУЛАРЫ Read More »

ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Хайырбек ҚОЖАХМЕТОВ, дәрігер-терапевт. Бұрындары қан қысымының көтерілуі көбінесе жасы үлкен адамдарда кездесетін. Осынау аурудың соңғы кездері “жасарып” бара жатқанынын көріп, алаңдамасқа амалың жоқ. Ол жаңа басталып келе жатқан кезде дәрі-дәрмекке жүгінбей-ақ алдын алуға болатынын екінің бірі біле бермейді. Ол үшін мынадай сегіз шартты мықтап ұстансаңыз болғаны: 1. 3-4 кг. артық салмақтан арылмасаңыз, ол тек сымбатыңызға …

ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ Read More »

ПАЦИЕНТКЕ ҚАЖЕТІ – САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

Пациенттерді реформаның жүргізілуі қызықтырмайды, оларға сапалы медициналық көмек қажет. Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы – нақ осы мәселелер әр денсаулық сақтау жүйесінің жағдайын сипаттайды. 2010 жылы Елбасының Жарлығымен “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Ол 2005-2010 жылдары жүзеге асырылған, бұдан бұрынғы бағдарламалардың жалғасы болып табылады.  Жеңіс ӘБІЛЕВ,   “2-ші қалалық емхана” ШЖҚ КМК бас дәрігері, Дәмелі …

ПАЦИЕНТКЕ ҚАЖЕТІ – САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК Read More »

2013 ЖЫЛҒЫ ТАМЫЗДАҒЫ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ

Тамызда біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа бір адамға шаққанда 18095 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 10857 теңге болса, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 7238 теңге болды. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар үшін – 15830 теңге, жасөспірімдер үшін – …

2013 ЖЫЛҒЫ ТАМЫЗДАҒЫ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ Read More »

ЗАҢНАМАДАҒЫ ТОЛЫҚТЫРУЛАР мен ӨЗГЕРТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Кеше Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының акт залында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктерді шектеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларының ережелерін түсіндіруге арналған өңірлік кеңес өтті. Оған Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы Жеңіс Қасымбек, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік басқару …

ЗАҢНАМАДАҒЫ ТОЛЫҚТЫРУЛАР мен ӨЗГЕРТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ Read More »

ТАҒЫ 2 АДАМ МЕРТ БОЛДЫ, қасақана от қою да тыйылмай тұр

Жыл басынан бері облыста 463 өрт болып, одан 250 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 34 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның 5-еуі бала. 29 азамат әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды. Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Буденное ауылында түн ортасында екі пәтерлі тұрғын үйдің біреуі отқа оранды. Оған жедел жеткен өрт сөндірушілер от ошағын таң ата ғана …

ТАҒЫ 2 АДАМ МЕРТ БОЛДЫ, қасақана от қою да тыйылмай тұр Read More »

БАЛЫҚ АУЛАЙ БАРСАҢЫЗ…

Бос уақыттарын су айдынында балық немесе аң аулап өзкізетін балықшылар мен аңшылардың кезі келді. Су айдынына шығарда, өз қауіпсіздігіңіз туралы ұмытпаған жөн. Себебі осы кезең өте қауіпті. Міндетті түрде жүзу құралдары техникалық жағынан дұрыс болуы, сондай-ақ жеке құтқару құралдарымен жабдықталуы тиіс, бұлар – құтқару жилеті, суға батырмайтын дөңгелек. Және де міндетті түрде қайық үстіндегі тәртіп …

БАЛЫҚ АУЛАЙ БАРСАҢЫЗ… Read More »