«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛИМЕНТ БОЙЫНША БОРЫШ КӨЛЕМІ ӘРТҮРЛІ

Қоғамдағы бүгінгі күнгі өткір мәселелердің бірі – алимент төлемдерін төлету. Ер мен әйелдің арасындағы қатынасты бұзу оңай болғанымен, балаларының алдындағы міндетті ешкім жоққа шығармайды. Сондықтан да бала тәрбиелеп отырған ата-ананың бірі алименттерін өндіріп алу үшін сотқа жүгінуге құқылы. Борышкер жұмысқа орналаспаған жағдайда, 2012 жылдың 17 қаңтарына дейін алимент облыстағы орташа айлық еңбекақы төлемінен өндіріп алынды. …

АЛИМЕНТ БОЙЫНША БОРЫШ КӨЛЕМІ ӘРТҮРЛІ Read More »

ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ӘРЕКЕТІ ТЕКСЕРІЛУДЕ

Алмагүл БАЙГҮЛБАЕВА, облыстық Монополияға қарсы инспекцияның тергеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция Петропавл қаласы әкімдігінің “Бәсекелестік туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағын бұзуына байланысты тергеу бастады. Атап айтқанда, мемлекеттiк органдардың бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiкке …

ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ӘРЕКЕТІ ТЕКСЕРІЛУДЕ Read More »

2013 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕ АЙЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ және ИНФЛЯЦИЯ ТУРАЛЫ

1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және халықаралық қорлар. Үстіміздегі жылдың шілдесінде өңірдің банк секторы барлық бағыттары бойынша тұрақты қызметін сақтап қалды. Банк секторының дамуына әсер ететін республиканың макроэкономикалық көрсеткіштері: Ұлттық банктің деректері бойынша 2013 жылғы шілдеде Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 64,3 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, тұтастай елдің халықаралық резервтері …

2013 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕ АЙЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ және ИНФЛЯЦИЯ ТУРАЛЫ Read More »

АБОНЕНТТЕР САНЫ – 8,8 млн. АДАМ

Beeline Қазақстан компаниясының абоненттерінің саны 8,8 млн. дейін өсті, клиенттердің көбірек сөйлесуі және Интернетті пайдалануы жоғарылады, компания қызметтері бағасының орташа деңгейі төмендеді.   2013 жылы 2 тоқсанда оператор белсенді абоненттер санын өткен жылғы баламалы кезеңмен салыстырғанда 3,5%-ға арттырды. Бір клиенттің бір айда сөйлескен минуттарының орташа көлемі (MOU) 42% жоғарылап, 2012 жылғы 2 тоқсандағы 211 минутпен …

АБОНЕНТТЕР САНЫ – 8,8 млн. АДАМ Read More »

ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУГЕ АРНАЛҒАН Қоғамдық кеңес құрылды

Нұрсайын ШӘРІП,“Солтүстік Қазақстан”. Кеше өңір басшысы Самат Ескендіровтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанынан құрылған Ұлттық тарихты зерделеу мәселелерін үйлестіру жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы болып өтті. Онда Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары, ұлттық тарихты жаңаша оқып-үйрену, тарихи-өлкетану қызметі мәселелерін үйлестіруге арналған жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Оған мемлекеттік ведомстволардың, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының, қоғамдық ұйымдардың басшылары, …

ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУГЕ АРНАЛҒАН Қоғамдық кеңес құрылды Read More »

ЕГІН ЖИНАУ ЕКПІНДЕЙ ТҮСТІ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының жедел деректері бойынша, кешегі күнге дейін облыс диқандары 1471,9 мың гектар алқаптың астығын дестеге жығып, 968,5 мың гектардың егінін бастырды. Бұл көрсеткіштер сәйкес түрде 41,2 және 27,1 пайызды құрайды. Орақ жұмыстарында дәнді дақылдардың жартысынан астамын шауып, үштен бірін жинап алған Есіл, М.Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют және Тимирязев аудандары …

ЕГІН ЖИНАУ ЕКПІНДЕЙ ТҮСТІ Read More »

ҚАРТАЙҒАНДАР мен МҮГЕДЕКТЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ – мемлекеттік маңызды іс

Жанахмет ТАСШЫҒҰЛОВ, Солтүстік Қазақстан облыстық Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы. Мен басшылық ететін департаменттің қызметі зейнетақымен қамтамасыз ету және медициналық-әлеуметтік сараптама сияқты негізгі екі бағытты қамтиды. Атап айтқанда, азаматтардың қартайған шағында зейнетақымен қамтамасыз етілуінің конституциялық құқықтарының жүзеге асырылуын, асыраушысыз қалған және еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайларда олардың әлеуметтік қорғалуын бақылау департаменттің басты мақсаты болып …

ҚАРТАЙҒАНДАР мен МҮГЕДЕКТЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ – мемлекеттік маңызды іс Read More »

ҚАМҚОРЛЫҚПЕН ҚАМТЫЛҒАН ЖАНДАР қанаттанып қалады

Облыста Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығымен сегіз медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді. Оның құрамына қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі екі интернат-үй, тірек-қимыл мүшелері зақымданған балаларды оңалту мекемесі, Бескөл ауылындағы мүгедектерді сауықтыру орталығы, психоневрологиялық ауруларға шалдыққан балаларға арналған бір мекеме, ересектерге арналған үш интернат-үй кіреді. Бұл медициналық-әлеуметтік мекемелердің негізгі міндеттері: қамқорындағы адамдарға қолайлы …

ҚАМҚОРЛЫҚПЕН ҚАМТЫЛҒАН ЖАНДАР қанаттанып қалады Read More »

“ӘКЕ КӨРІП, ОҚ ЖОНҒАН” деген сөз Юрий Шольға арналып айтылғандай!

Өндірістің жоғары өнімділігінің арқасында серіктестік өз жұмысшыларын лайықты еңбекақымен қамтамасыз етіп отыр. Өткен жылы орташа айлық еңбекақы көлемі 79 мың теңгені құраған. Бұл қуатты өндірістік кәсіпорындары бар Петропавл қаласы бойынша көрсеткіштен де жоғары. Ал ауыл шаруашылығы кәсіпорындары арасында оның алдына түсері жоқ деуге болады. Жұмысшылардың күрделі буындағы жекелеген санаттарына 125 мың теңгеге дейін еңбекақы төленеді. …

“ӘКЕ КӨРІП, ОҚ ЖОНҒАН” деген сөз Юрий Шольға арналып айтылғандай! Read More »

“МЕН ЕҢБЕКТЕН ҚОЛ ҮЗУДЕН ҚОРҚАМЫН”

“Қазгидромет” РМК-нің солтүстікқазақстандық филиалында ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан мамандардың бірі – Надежда Анисимова. Ол осыдан екі жыл бұрын зейнеткерлік демалысқа шықса да, кәсіпорын әкімшілігі білікті кадрмен қоштасуға асығар емес. Күш-жігері нық Надежда Павловнаны кәсібилігі мен адамдық қасиеттері ерекшелеп тұрады. Надежда Анисимова – 1976 жылы Петропавл педагогика институтының химия-биология факультетін тамамдаған соң мамандығын мектептегі …

“МЕН ЕҢБЕКТЕН ҚОЛ ҮЗУДЕН ҚОРҚАМЫН” Read More »

ӨЛІМДІ ЖЕҢГЕН ӨМІР

Көршім Нұрлан Қабдолхалықов жұбайы Еркежан (шын аты Бибігүл, жақындары оны еркелетіп осылай деп атап кеткен) екеуі екі баласымен және Нұрланның анасымен тату-тәтті өмір сүріп жатқан бақытты шаңырақ еді. Келіні мен енесінің сыйластығына біз қызыға қараушы едік.  Бүлдіршін сәбилер әкесі мен шешесіне, әжесіне өздерінің балалық тәтті қылықтарымен үнемі қуаныш-шаттық сыйлайтын. Кіп-кішкене Жанбота 3 жасынан “Қара жорға” …

ӨЛІМДІ ЖЕҢГЕН ӨМІР Read More »

“ОТБАСЫ – ӨМІР САБАҚТАСТЫҒЫ”

Бұрнағы күні Мағжан Жұмабаев ауданының Мәдениет үйінде аудан әкімі Қайрат Пішенбаевтың қатысуымен Отбасы күні салтанатты түрде атап өтілді. “Отбасы – өмір сабақтастығы” атты ток-шоу форматында ұйымдастырылған бұл шараға ауданымыздың кеше ғана шаңырақ көтерген жас отау иелерінен бастап, өмірдің ащы-тұщысын алпыс жыл бойы бір шаңырақ астында бірге бөлісіп келе жатқан үлгілі де өнегелі отбасылар шақырылып, бай …

“ОТБАСЫ – ӨМІР САБАҚТАСТЫҒЫ” Read More »

ШАҢЫРАҚ ШАЙҚАЛМАУЫ ҮШІН ерлі-зайыптылар өз міндеттерін білуге тиіс

“Үйлену оңай, үй болу қиын” деген атам қазақ отбасы құру салтына үлкен мән берген. Бас қосқан екі жасқа ауыл ақсақалдары шаңырақтарының шайқалмауын тілеп, ақ баталарын жаудырған. Өкінішке қарай, қазіргі таңда неке қиып, отау құрғандарға қарағанда ажырасқандар қатары көбейіп тұр. Отбасындағы бірлік пен берекені сақтау екі жақтың да міндеті екендігін естен шығармауымыз керек. Ислам дінінде әйел …

ШАҢЫРАҚ ШАЙҚАЛМАУЫ ҮШІН ерлі-зайыптылар өз міндеттерін білуге тиіс Read More »

Теңдік Сәрсекеева – “ҚАЗАҚСТАН ДАҢҚЫ” ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

Қарауында балалары бар мүгедек әйелдердің облыстық “Асыл ана” қоғамдық бірлестігінде бүгінгі күні – зор қуанышты оқиға. Конституция күні қарсаңында қоғамдық бірлестіктің тө райымы Теңдік Сәрсекеева Ұлттық бизнес-рейтингінің ұйымдастыру комитетінің шешімімен “Қазақстан даңқы” ордені және “Қазақстан көшбасшысы 2013” медалімен марапатталды. Құрылғанына 16 жыл толған қоғамдық бірлестіктің атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Өз басынан өткен қиындыққа мойымай, керісінше, болаттай …

Теңдік Сәрсекеева – “ҚАЗАҚСТАН ДАҢҚЫ” ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ Read More »

“ӘКЕМ, ШЕШЕМ, МЕН-дағы – СПОРТШЫЛАР ШАҢЫРАҒЫ!”

Қыркүйек айының басындағы жұма, сенбі және жексенбі күндері спортты сүйетін отбасылар бір жасап қалды. Отбасы күніне орай жарыстар өткізіліп, спортсүйерлер шеберлік салыстырды.  “Әкем, шешем, мендағы – спортшылар шаңырағы!” деп аталатын осындай шеберлік сынағына жұма күні олимпиадалық резервтің “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде сегіз отбасы шықты. Оны өңірлік Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық …

“ӘКЕМ, ШЕШЕМ, МЕН-дағы – СПОРТШЫЛАР ШАҢЫРАҒЫ!” Read More »

Қазақ тілін конституциялық мәртебесіне жеткізу – азаматтық парызымыз

Кемел ОСПАНОВ, облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы. Адамзат тарихының ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей, қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс тіл мәселесі болып табылады. Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақта-луында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді. “Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры …

Қазақ тілін конституциялық мәртебесіне жеткізу – азаматтық парызымыз Read More »

ҮШ ТІЛДІ ИГЕРУ – ӨРКЕНДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ

Айбала МӘЖЕНОВА, зейнеткер, тіл жанашыры. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев “Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады” деген болатын. Елбасының даналық сөзінде үлкен мағына жатыр.   Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болғаннан кейін еліміздің әрбір облысында Мемлекеттік тілді оқыту орталықтары ашылды. Біздің облысымызда осындай орталық 1999 жылы өз жұмысын бастады. Әрине, алғашқы жылдары қиыншылықтардың болғаны рас. “Көш жүре түзеледі” …

ҮШ ТІЛДІ ИГЕРУ – ӨРКЕНДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ Read More »

ТІЛГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРНЫМДЫ ТАБУҒА КӨМЕКТЕСТІ

Екатерина СМИРНОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің Тіл және әдебиет институтының 3-курс студенті. Қазақстан халқының өз болашағына деген сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. Ел тәуелсіздігі мен бірлігінің негізгі кілті болып табылатын мемлекеттік тілімізді дамыту, қолданылу аясын кеңейту – бүгінгі күннің талабы.   Негiзгi міндет бізге жүктелген, өйткенi Қазақстанның болашағы …

ТІЛГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРНЫМДЫ ТАБУҒА КӨМЕКТЕСТІ Read More »

ҒҰЛАМАЛАРДЫҢ ҒИБРАТТЫ СӨЗДЕРІН САНАМЫЗҒА СІҢІРЕЙІК

Наталья ПЕТРОВА, Новоишим №1 орта мектебінің 11-сынып оқушысы. Қазақстанның нағыз патриоты болу үшін, ең алдымен, қазақтың сырлы сазымен, бар бояуымен осы күнге жеткен қасиетті тілін құрметтеу қажет. Өйткені, Президентіміз “Бізді біріктіретін – мемлекеттік тіл” деп бекерге айтқан жоқ.   Мен үшін қазақ тілі екінші ана тіліме айналды. Есесіне жақсы нәтижелерге қол жеткіздім. Жыл сайынғы олимпиадаларда …

ҒҰЛАМАЛАРДЫҢ ҒИБРАТТЫ СӨЗДЕРІН САНАМЫЗҒА СІҢІРЕЙІК Read More »

АҚ ҚОЛЫМЕН БАУЫРЫНА ЖАТЫР ТАРТЫП…

Кәрібай МҰСЫРМАН, Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы облыстық филиалының төрағасы. Елімізде 15 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі тілдер фестивалі біздің Қызылжар өңірінде өткен заманда ұлтсыздандыру саясатының құрбанына айнала жаздаған қайран тіліміздің қайтадан қанатын жайып, мемлекеттік тіл мәртебесімен барша жұртты баурап, бауырына тарта түскендігін тағы бір мәрте паш еткелі отыр. Бұл – атақты Олжас ақынның сөзімен …

АҚ ҚОЛЫМЕН БАУЫРЫНА ЖАТЫР ТАРТЫП… Read More »