«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТБАСЫ КҮНІ тұңғыш рет тойланды

Ләйла ЖАНЫСОВА Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Отбасы күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған өңіріміздегі көп бала тәрбиелеп өсірген, “Күміс алқа” және “Алтын алқа” иегерлері мен кәсіби әулеттер, балалары Қазақстанның атын әлемге әйгілеп жүрген және ширек ғасыр бірге отасып, “Алтын тойларын” атап өткен өнегелі отбасылар шақырылды. Жиналған қауымды облыс …

ОТБАСЫ КҮНІ тұңғыш рет тойланды Read More »

ЕСЕП 1:0

Қарасай стадионында кезекті футбол ойыны өтті. Бұл жолы жергілікті аяқдоп шеберлері өз алаңында Талғар қаласының “Ақ бұлақ” құрамасын қабылдады. 1:0 есебімен жеңіске жеткен жергілікті команда турнир кестесінің 6-шы сатысына жайғасты. Тартысты өткен ойынды облыс әкімі Самат Ескендіров те тамашалады. Назерке ТҰРСЫНОВА, журналист. Ойын алғашқы минуттардан-ақ тартысты басталды. Қонақтар бірден қарымта шабуылға көшіп, ұрымтал сәтті пайдаланып …

ЕСЕП 1:0 Read More »

СИ ЦЗИНЬПИННІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА САПАРЫ

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.   Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин Астанада “Сулы-желекті бульварды” аралап көрді. Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин “Назарбаев Университетінде” болды. Мемлекеттер басшылары университеттің қызметімен танысып, студенттермен кездесті. Си Цзиньпин олардың алдында Қытайдың Орталық Азиядағы сыртқы саяси басымдықтары және Қазақстанмен арадағы екіжақты …

СИ ЦЗИНЬПИННІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА САПАРЫ Read More »

181 КУРСАНТ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан.” Әскери институттың биылғы жылы қабылданған курсанттары ант қабылдады. Салтанатты рәсімде 181 жас жауынгер өзіне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындауға, елі мен жеріне аянбай қызмет етуге серт берді. Кешке облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров қатысты.   Аталмыш білім ордасына алғашында 700-ге тарта өтініш түскен. Мұның өзі жастардың әскери салаға деген қызығушылығының жылдан-жылға …

181 КУРСАНТ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ Read More »

ШАРУАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУ

Үстіміздегі жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық секторды қаржылық сауықтыру процедураларын бастағаны туралы мәлімдеді.   Болатбек МҰҚАШЕВ, “Қазагромаркетинг” АҚ филиалының директоры. Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арзан несиелер беру, субсидиялар бөлу, арнайы бағдарламалар жасау арқылы ауқымды қаражат бөлініп жатқаны белгілі. Бүгінгі күні шаруалар алған займдарды арзандатуға баса назар аударылуда. Атап айтар болсақ, …

ШАРУАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУ Read More »

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы

Петропавл қаласы 2013 жылғы 5 қыркүйек №385 “2011-2015 жылдарға арналған  “Солтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы” мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарын бекіту туралы” Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №385 қаулысына өзгеріс енгізу туралы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы …

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы Read More »

ПСИХОЛОГТІҢ КЕҢЕСІ КҮШ БЕРГЕНДЕЙ…

“Даму” қорының солтүстікқазақстандық филиалының ұйымдастыруымен Петропавл қалалық зағиптар қоғамында “Іскерлікке шек жоқ” атты тренинг өтті. Қалада бірінші рет өткізіліп отырған бұл шараға іскерлігін жаңадан қолға алған мүгедек-кәсіпкерлер шақырылды. Олардың бірқатары – “Даму-көмек” бағдарламасының “Жұлдыздарға қара” қайырымдылық жобасына қатысқандар. Тренингті жүргізген психолог Дмитрий Агапов мүгедек-кәсіпкердің өзін бүгінгі қоғамда қалай ұстау керектігі, психологиялық кедергілерді қалай жеңуге болатыны, …

ПСИХОЛОГТІҢ КЕҢЕСІ КҮШ БЕРГЕНДЕЙ… Read More »

ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНЕ жас та, кәрі де – бәрі де қатысты

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Облыс тұрғындары жыл сайынғы республикалық “Денсаулық” фестиваліне куә болды. Оны облыстық Денсаулық сақтау басқармасы саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының қолдауымен өткізді. 300-дей адам қатысады деп жоспарланған аталмыш фестиваль 400-ден астам тұрғынды тоғыстырды. Сенбілік демалысты дене шынықтыру жаттығуларынан бастаймын деген олар қаланың орталық алаңына жиналды. “Нептун” фитнес-клубынан келген жаттықтырушылар қалалықтарға әртүрлі …

ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНЕ жас та, кәрі де – бәрі де қатысты Read More »

ТАРИХИ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ МҰРАҒАТЫ жобасы жүзеге асырыла бастады

Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Облыстық мұрағаттың оқу залында тарихи құжаттардың электронды мұрағаты жобасын жүзеге асыруға арналған таныстырылым болып өтті.   Облыстық мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының басшысы Рүстем Бикенев өңірдің мұрағат саласын ақпараттандыру үшін жергілікті бюджеттен 14 млн. теңге қаржы бөлініп, оған тарихи құжаттардың электронды мұрағаты (ТҚЭМ) жобасы әзірленіп, жүзеге асырыла бастағанын атап айтты. Аталмыш жобаның …

ТАРИХИ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ МҰРАҒАТЫ жобасы жүзеге асырыла бастады Read More »

АЗАМАТ пен РАУАН әлем чемпионатына жолдама алды

Кикбокстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Смағұловтың мұрындық болуымен Семейде ел кубогы сарапқа салынды. Бұл жарысқа спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері ғана қатыстырылды. Біздің облыстан алты спортшы өз үміттерін сынға салды. Командалық есепте жерлес спортшылар алдарына семейліктер мен павлодарлықтарды ғана түсіріп, қола жүлдеге қол жеткізді. Азамат Нұрпейісов, Рауан Смағұлов алтыннан алқа тақса, Айбек …

АЗАМАТ пен РАУАН әлем чемпионатына жолдама алды Read More »

КЕДЕНДІК ӘКІМШІЛІК ЖҮРГІЗУДІ ЖЕТІЛДІРУ – сыртқы экономикалық қызметті жеңілдетеді

Облыстық Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және брокерлік компаниялардың өкілдерімен кедендік әкімшілік жүргізуді жетілдіру мәселесін талқылауға арналған “дөңгелек үстел” өткізді.  ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов 2013 жылы 21 ақпанда өткізген кеңесте кедендік әкімшілдік жүргізуді жетілдіру, соның ішінде сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушылар арасында “Автомобиль көлігімен Кеден одағы аумағына әкелінетін тауарларға арналған міндетті алдын …

КЕДЕНДІК ӘКІМШІЛІК ЖҮРГІЗУДІ ЖЕТІЛДІРУ – сыртқы экономикалық қызметті жеңілдетеді Read More »

ПАРА АЛДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ҰСТАЛДЫ

Үстіміздегі жылғы 5 қыркүйекте облыстық Қаржы полициясының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде ЖК мен ЖШС арасында жасалған келісім бойынша жобалық-экологиялық құжаттама жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыға бөгетсіз қол қою үшін жеке кәсіпкерден 85000 теңге пара алды деген күдікпен Тайынша аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығын ұстады. Аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 311-бабының 2-бөлімі бойынша (пара алу) қылмыстық …

ПАРА АЛДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ҰСТАЛДЫ Read More »

АЛТАЙДАН ОРАЛДЫҚ

Анна ГВОЗДЕВА, М.Ломоносов атындағы ММУ-дің Қазақстандағы филиалының студенті. Жуырда біз, М.Ломоносов атындағы ММУ-дің Қазақстандағы филиалының студенттері Астана мен Өскемен қалаларының арасындағы мың шақырымды жиырма төрт сағатта артқа тастап, Зырян ауданындағы Тұрғысын ауылына табан тіредік. Көздеген мақсатымыз – Тұрғысын ауылында фольклорлық тәжірибеміздің он екі күні барысында жергілікті христиан дінінің көне ғұрыптарын сақтаушы адамдар туралы ақпарат жинап, …

АЛТАЙДАН ОРАЛДЫҚ Read More »

СӘБИЛІ БОЛҒАН АНАЛАРҒА ҚОШЕМЕТ

Облыстық перинаталдық орталықта қыркүйектің жетісінен сегізіне қараған түнде, нақтылап айтсақ, түнгі сағат 24.00-ден таңғы 8.00-ге дейін сегіз бала дүние есігін ашты. Оның екеуі – ұл, қалғаны – қыз балалар. Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Отбасы күні облыс көлемінде түрлі мерекелік шаралар өткізілді. Солардың ішінде Петропавлдағы перинаталдық орталықта дүние есігін ашқан сәбилерді құттықтау да бар.   Перинаталдық …

СӘБИЛІ БОЛҒАН АНАЛАРҒА ҚОШЕМЕТ Read More »

ОБЪЕКТИВТЕ – ОҚУШЫЛАР ОТБАСЫЛАРЫ

Қалалық №9 орта мектепте фотобайқау өтті. Көрменің тақырыбы “Менің отбасымның өмірінен бір күн” деп аталды.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Оған мектептің 5,6,7-сынып оқушылары тегіс қатысты. 40-тан астам үміткер қатысқан байқауға әр оқушы өзінің отбасы жайында кеңінен мағлұмат беретін фотосуреттер жиынтығынан коллаж жасауға тырысты. Фотосуреттердің ішінен ең үздігі 7-сыныптың оқушысы Лиана Переплеткинаныкі болды. Ол отбасымен …

ОБЪЕКТИВТЕ – ОҚУШЫЛАР ОТБАСЫЛАРЫ Read More »

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР ЖАҚЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ЕС-164/6 мекемесінде 3 айда бір рет туған-туысқандарын көретін жазасын өтеушілер Отбасы күні мерекесінің арқасында жақындарымен көрісіп, бір жадырап қалды.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Алдымен туған-туысқандарын қарсы алып, көздеріне жас алған әйелдер сахнаға шығып, өз өнерлерін көрсете бастады. Іс-шараға келген қонақтар сотталғандарды бұл мерекемен шын жүректен құттықтап, келесі жылғы Отбасы күнінің мерекесін өз үйлерінде қарсы …

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР ЖАҚЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ Read More »

ЖЕТІМ БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұжымы облыс орталығындағы ЕС-164/3 жалпы режімдегі түзеу мекемесінің жеке құрамымен бірлесіп, Отбасы күні мерекесіне орай облыс орталығындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне материалдық көмек жасады. Осыған орай аталмыш департаментте кездесу болып өтті.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Бұл игі істі департаменттегі әйелдер кеңесі бірден қолдап, қызметкерлерден қаржы жинай …

ЖЕТІМ БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ Read More »

ДІН АЛТЫН ДІҢГЕГІНЕ АЙНАЛСА, шаңырақтар шайқалмауға тиіс

Болат ҚОЖАХМЕТОВ, “Солтүстік Қазақстан”. – Өз отбасысын жердегі жаннатқа айналдыру әркімнің өз қолында. – “Қызылжар” орталық мешітінде “Қоғамдағы отбасы және Ислам” деген тақырыпта өткізілген “дөңгелек үстелде” бірінші болып мінбеге көтерілген мешіт ұстазы Хамзат Әділбеков хабарламасын осылай бастады. Ол жаратылыс тұрғысынан да тең емес әйелдерді еркектермен қатар қоюдың қисынсыздығын былай білдірді: екеуі плюс пен минус зарядтары …

ДІН АЛТЫН ДІҢГЕГІНЕ АЙНАЛСА, шаңырақтар шайқалмауға тиіс Read More »

БЫЛТЫР НЕКЕСІ ҚИЫЛҒАНДАРДЫҢ ЖАРТЫСЫНА ЖУЫҒЫ АЖЫРАСЫП ТЫНДЫ

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Жас Отан” жастар қанатының ұйымдастыруымен “Жас отбасылар проблемалары” пікірталас клубының отырысы болып өтті. Оған студенттер, мемлекеттік мекемелер өкілдері мен “Нұр Ару” гендерлік жастар клубының мүшелері қатысты.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Дөңгелек үстел” басына жиналғандар жас отбасылардың бүгінгі жағдайын, тыныс-тіршілігін талқылады. Мұндай отбасыларда кездесетін проблемалар сан алуан. Мәселен, солардың көбі тәрбие мен отбасылық …

БЫЛТЫР НЕКЕСІ ҚИЫЛҒАНДАРДЫҢ ЖАРТЫСЫНА ЖУЫҒЫ АЖЫРАСЫП ТЫНДЫ Read More »

ДАНАГӨЙ САЯСАТКЕР, ДАРЫНДЫ БАСШЫ Бәйкен Әшімов туралы кітап жарық көрді

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Даңқты жерлесіміз, көрнекті мемлекет қайраткері Бәйкен Әшімов 14 жыл бойы Қазақ КСР Министрлер Кеңесін басқарды, Жоғарғы Кеңес Төралқасының төрағасы болды. Оның өмір жолы баяндалған туындының авторы – Қазақстанның Құрметті журналисі Николай Колинко облысымызға арнайы келіп, Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебеп кітапханада зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жиынға қатысқан облыс әкімі Самат Ескендіров: – Ұлы …

ДАНАГӨЙ САЯСАТКЕР, ДАРЫНДЫ БАСШЫ Бәйкен Әшімов туралы кітап жарық көрді Read More »