«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІСКЕР ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ акциясы өтті

Жақында “Даму” қоры жанындағы кәсіпкерлікті қолдау орталығы “Нұр Отан” ХДП-ның “Жас Отан” жастар қанатымен бірлесе отырып, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау құралдары туралы ақпараттық акция өткізді. Оған нұротандықтар 14-29 аралығындағы жастарды шақырып, оларды толғандырған мәселелер бойынша толыққанды жауап беруге маман-кеңесшілерді тартты. Осы шара барысында петропавлдық жас тұрғындар әлеуметтік мәселелер төңірегінде ғана емес, сондай-ақ қолжетімді тұрғын үй немесе …

ІСКЕР ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ акциясы өтті Read More »

ЕЛДЕГІ ЕҢ ЕРЕСЕК ЖҮГІРУШІ жайлы туынды жарық көрді

“Северный Казахстан” баспасы “Атақты жерлестеріміз” сериясымен “Өзге өмірге жүгіріп енген” деп аталатын алғашқы кітапты жарыққа шығарды.Бұл кітапта зейнеткер, бала күнінен мүгедек, 67 жасынан бастап марафон жарысымен шұғылданған Софья Сұлтанованың қилы тағдыры жайында баяндалады. 78 жастағы С.Сұлтанованың марафон жарысына ден қойғанына он жылдан асты. Осы уақыттың ішінде ол 2 аса шалғай марафонға, 30 ұзақ қашықтықтардағы жарыстарға, …

ЕЛДЕГІ ЕҢ ЕРЕСЕК ЖҮГІРУШІ жайлы туынды жарық көрді Read More »

МЕМЛЕКЕТ ШАРУАЛАРҒА ҚАЖЕТ ТЕХНИКАНЫ АРЗАНДАТАДЫ

Болатбек МҰҚАШЕВ, “Қазагромаркетинг” АҚ филиалының директоры. Елімізде 2013 жылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ауыл шаруашылығы техникасының кредиттік (лизингтік) міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату бағдарламасы іске асырыла бастады.   Ауыл шаруашылығы саласын дамыту Үкімет жүргізіп отырған жұмыстардың басымды бағыттарының бірі екені белгілі. Аталған салаға мемлекеттік субсидиялардың ауқымды көлемі бөлініп, арнайы бағдарламалар әзірленуде. Ел өмірінде елеулі орын алатын …

МЕМЛЕКЕТ ШАРУАЛАРҒА ҚАЖЕТ ТЕХНИКАНЫ АРЗАНДАТАДЫ Read More »

АҚМОЛА ӨҢІРІНДЕ БАСТАЛЫП, Алматыда аяқталады

Облыс құрамасы Ақмола облысының Щучье қаласында жазғы биатлон жарысында жақсы нәтижеге қол жеткізіп қайтты. Жарыстың алғашқы кезеңі 28-31 тамыз аралығында өтсе, екіншісі 22-26 қыркүйекте Алматыда жалғасады. Щучьеге Алматыдан, Қарағандыдан, Павлодардан, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарынан биатлоншылар жиналды. Олардың арасында жерлестеріміз де өнер көрсетті. Биатлоншылар спринт пен жеке жарыста шеберлік салыстырды. Жеке жарыста жоғары спорт шеберлігі …

АҚМОЛА ӨҢІРІНДЕ БАСТАЛЫП, Алматыда аяқталады Read More »

ОН АЛТЫ КОМАНДАНЫҢ ОЗЫҒЫ – облыстық прокуратура құрамасы

Жақында “Жастар” стадионында шағын футболдан мемлекеттік қызметшілер арасында облыстың дәстүрлі жарысы өтіп, алаңда он алты команда шеберліктерін айғақтады. Бас жүлде облыстық прокуратура құрамасына бұйырды. Екінші орынға Экология департаменті ие болса, қала әкімі аппаратының құрамасы үшінші жүлдені місе тұтты.   СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.    

“ҮМІТТІКТЕР” – ЖАРЫС ҮЗДІГІ

Қырғызстанда, Ыстықкөл жағасындағы Бостери кентінің маңында есту қабілеті нашар футболшылардың арасында өткен жағажай футболынан халықаралық жарысқа петропавлдық ойыншылар да қатысып қайтты. Алқаларды алты команда сарапқа салды. Олардың екеуі Бішкектен болса, қалғандары Астана, Алматы, Қарағанды және Петропавл қалаларынан. Жерлес футболшыларымыз Астана командасын 3:0, Бішкектің жастар құрамасын 4:1, Қырғызстан астанасының ересек ойыншыларын 1:0 есептерімен ұтып, қарағандылықтармен 2:2 …

“ҮМІТТІКТЕР” – ЖАРЫС ҮЗДІГІ Read More »

АҚАН БАЙМАҒАМБЕТОВ ҚОЛА АЛҚАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Петропавлдағы “Жеңіс” спорт мектебінде жаттығатын грек-рим күресі бойынша белгілі жас балуан Ақан Баймағамбетов Болгариядағы әлем чемпионатынан олжалы оралды. Республикамызға танылған бапкер Қонысбек Түкеновтің шәкірті Болгарияның астанасы София қаласында өткен 1993-1995 жылдары туған жастардың әлем чемпионатында Қазақстан Республикасының намысын қорғады. Ол 55 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола алқаға қол жеткізді. Осы жетістігімен жерлесіміз Халықаралық дәрежедегі …

АҚАН БАЙМАҒАМБЕТОВ ҚОЛА АЛҚАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ Read More »

“МАҒЖАН” ЖУРНАЛЫ ҚАЙТАДАН ЖАРЫҚ КӨРДІ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Кеше С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Мағжан” әдеби-көркем қоғамдық-саяси журналының тұсаукесері болды. Жиынды жүргізген облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Салауат Мұқсимов биыл облысымызда әйгілі жерлесіміз Мағжан Жұмабевтың 120 жылдығын атап өтуге байланысты ұйымдастырылған шараларға тоқтала келіп: “Бүгін тағы бір елеулі дүниенің тұсауы кесілмек. Біздің оқырмандар “Мағжан” атты журналмен қайта қауышып …

“МАҒЖАН” ЖУРНАЛЫ ҚАЙТАДАН ЖАРЫҚ КӨРДІ Read More »

“НҰР ОТАНҒА” – НҰРЛЫ ҮМІТПЕН Облыстық филиал төрағасының қабылдауында 12 азамат болды

Сейсенбі күні “Нұр Отан” ХДП ОФ төрағасы, облыс әкімі Самат Ескендіров жетекші партиядан қолдау іздеп келген азаматтардың бір тобын қабылдады.  Нұрсайын ШӘРІП,   “Солтүстік Қазақстан”. М.Жұмабаев ауданындағы Бастомар ауылының тұрғыны Мұрат Сәдуов қосалқы шаруашылығында ірі қара, жылқы, қой өсірумен айналысады. Соған орай “Жанат” шаруа қожалығын құрған. Биыл “Сыбаға” бағдарламасы бойынша “Кәсіпкерлікті қолдау қоры” арқылы бөлінген …

“НҰР ОТАНҒА” – НҰРЛЫ ҮМІТПЕН Облыстық филиал төрағасының қабылдауында 12 азамат болды Read More »

Жаңа сессияның алдына жаңа міндеттер қойылды

2 қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында бесінші шақырылған Парламенттің 3-сессиясын ашып, депутаттық корпустың алдағы қызметінің негізгі бағыттарын айқындап берді. Палаталардың бірлескен отырысын Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ашты. Ол алдымен бірлескен отырыстың күн тәртібін жария етті. Онда бірінші мәселе ретінде бесінші шақырылған Парламенттің 3-сессиясының ашылуы және екінші болып жаңадан тағайындалған Сенат депутаттарының ант …

Жаңа сессияның алдына жаңа міндеттер қойылды Read More »

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – АТА ЗАҢ

С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының “Қоғамдық сұхбат” баспасөз орталығында Конституция “дөңгелек үстел” өтті. Оған М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің педагогтері, облыстық соттың судьялары, ардагерлер, әскер қатарындағы сарбаздар, жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. “Дөңгелек үстелге” жиналғандар мемлекеттің негізгі заңы – Конституцияның тармақтарын талқылаудан бастады. “Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және …

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – АТА ЗАҢ Read More »

ЕГІН ЖИНАУ ҚЫЗА БАСТАДЫ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жедел деректері бойынша өңір диқандары 2 қыркүйекке дейін 3573,5 мың гектар дәнді дақылдар егістігінің 602,1 мың гектарын немесе 16,9 пайызын дестеге түсірді. Бүгінде егін ору жұмыстарымен барлығы 1127 техника айналысуда, оның 634-і комбайндар және 493-і – тіркемелі жаткалар. Бұл жұмыста Қызылжар, Мамлют, М.Жұмабаев, Айыртау, Есіл аудандары біршама …

ЕГІН ЖИНАУ ҚЫЗА БАСТАДЫ Read More »

ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарының сайлауы жөніндегІ №18 округтік сайлау комиссиясының мүшелігінен шығып қалған Әмірханов Сағдат Қарапұлының орнына Ахметова Бағдагүл Рамазанқызын тағайындау туралы қаулы қабылдады. Облыстық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 29 тамыздағы №41/01 шешімі

БІРЛІКТІ ТУ ЕТКЕН “Бірлік-Единство” серіктестігінің ісі өрге басып тұр

Бұл кәсіпорын осыдан 25 жыл бұрын банкротқа ұшырап, өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Ол қаланың солтүстік ауданында орналасқан темір-бетон зауыты еді. Міне, осы зауытта Марат Мергенов бірнеше жыл қатарынан бас энергетик болып қызмет еткен. Аталған кәсіпорынға іргелес үй құрылысы комбинаты жұмыс істеп келсе, оның өнімі де кезінде жан-жаққа толассыз шығарылып жататын. Қошан ҚАЛИ, “Солтүстік Қазақстан”. …

БІРЛІКТІ ТУ ЕТКЕН “Бірлік-Единство” серіктестігінің ісі өрге басып тұр Read More »

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СЫҢҒЫРЫ білім әлеміне шақырады

Дәстүрлі Білім күнінің таңы биыл да шырайлы шуағымен атты. Еліміздің әрбір мектебінде жаңа оқу жылының басталғандығын қоңыраулардың сыңғырлаған үні жеткізді. Өңір басшысы Самат Ескендіров бұл күні облыс орталығындағы екі білім беру ошағына арнайы барып, жас жеткіншектер мен қадірлі ұстаздарды айтулы мерекелерімен құттықтап, игі тілек білдірді. Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға …

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СЫҢҒЫРЫ білім әлеміне шақырады Read More »

АТА ЗАҢДЫ АРДАҚТАДЫҚ АЙРЫҚША

Болат ҚОЖАХМЕТОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Таң атса, күн бататын мынадай қарбалас заманда осыдан он сегіз жыл бұрынғы оңайлықпен ойыңа оралмайды екен: жаңа Конституция туралы референдумның айы-күні есте жоқ, оның есесіне қалың елдің “Жоқ” деп емес, “Иә” деп дауыс бергенін білеміз. Үйіміз де, күйіміз де келеңсіздеу еді: жарыққа да, жылуға да жарымадық, газ да аз болды, ең …

АТА ЗАҢДЫ АРДАҚТАДЫҚ АЙРЫҚША Read More »

ОЛ ӨЗ КЕЙІПКЕРЛЕРІНДЕЙ ӨМІР СҮРГІСІ КЕЛЕДІ

Маргарита Солнцева барлық суретшілер сияқты кенеп бетіне майлы бояумен сурет салуды армандады. Әсіресе, Леонардо да Винчи мен Василий Верещагинді, Моне мен Ван Гогты ұнатты. Өмірлік арманының орындалуы үшін барлық амалды жасайтындығына сенімді еді. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Әлемнің өнер тарихында ізін қалдырған, көптеген өнер майталмандары тәлім алған Мәскеудегі Н.Крупская атындағы халық шығармашылығы студиясына оқуға …

ОЛ ӨЗ КЕЙІПКЕРЛЕРІНДЕЙ ӨМІР СҮРГІСІ КЕЛЕДІ Read More »

ТЕНОРЛАР, ӘЛБЕТТЕ, ТЕҢДЕССІЗ ӘНШІЛЕР

Өнерсүйер қауым әрбір операның сәні тенор дауысты әнші екендігін жақсы біледі. Жуырда облыс орталығының тұрғындары мен қала қонақтары 5 бірдей тенордың концерттік бағдарламасын тамашалау мүмкіндігіне ие болған еді. Спорт және Қала күніне орай шақырылған Ресейдің “ХХІ ғасыр тенорлары” арт-жобасының өнерпаздары құйқылжыта ән салып, қызылжарлықтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Аталмыш концертті тамашалағаннан кейін өнер иелерімен жолығудың …

ТЕНОРЛАР, ӘЛБЕТТЕ, ТЕҢДЕССІЗ ӘНШІЛЕР Read More »

ӨРТСӨНДІРУШІЛЕР САЙЫСЫ

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент үстіміздегі жылдың 27 тамыз күні Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы “Парасат” мектеп-лицейінің стадионында шаруашылық жүргізу субъектілерінің негізінде жасақталған ерікті өрт сөндіру құралымдарының сайысын ұйымдастырды.   Сайысқа Прибрежный, Қызылжар, Бескөл, Архангелка, Соколов және Рощинск ауылдық округтерінен 6 команда қатысты. Әр команда 4 адамнан құралды, оның біреуі – өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі, ал үшеуі …

ӨРТСӨНДІРУШІЛЕР САЙЫСЫ Read More »

КӘСІПКЕРДІҢ КӨМЕГІ

Кәсіпкер Екпін Әбиевтің көмегінің арқасында Жамбыл ауданының мемлекеттік мұрағаты 57 шаршы метрге кеңейеді. Қазіргі аудандық мұрағат орналасқан ғимараттың бір бөлігінде бұрын дәріхана болған. Оны кезінде сатып алған Екпін Әбиев мұрағаттың тарлығын ескеріп, өзіне тиесілі бөлікті коммуналдық меншікке беруге шешім қабылдады. Жергілікті кәсіпкердің игі ісі мұрағат қоймаларының көлемін үлкейтуге, мұрағатшылардың жұмыс жағдайын жақсартуға, ал түптеп келгенде, …

КӘСІПКЕРДІҢ КӨМЕГІ Read More »