«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛІМІЗДІҢ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫ

Күлнәр МӘСІМОВА, Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі. Жыл сайын 30 тамызда біздің мемлекетімізде Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы – Конституция күні аталып өтіледі.   Еліміздің негізгі құқықтық құжаты болып табылатын Конституция – өзін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде жариялаған Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі. Байырғы қазақ жеріне қоныстанған Қазақстан халқы арасындағы сыйластық пен …

ЕЛІМІЗДІҢ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫ Read More »

ӘЛЕМДІК және ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНІҢ алғашқы шақырылымы турасында

Мәдина ӘБІШЕВА, ҚР ДІА Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы. Қазақстанды “өркениеттер торабы” деп бекер атамайды. Біздің еліміз – ислам, христиан және буддизм сынды әлемдік ірі діндердің табиғи тоғысқан мекені. Бұл жерде ғасырлар бойы әртүрлі халықтар мен этностардың өкілдері бейбіт өмір кешіп, еңбек етті. Осылай өзара байып, өркендеуге алып келген бекем мәдени …

ӘЛЕМДІК және ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНІҢ алғашқы шақырылымы турасында Read More »

САН АДАМ ОҒАН РИЗА ШЫН ЖҮРЕКТЕН

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. – Күн бата Явленка аудандық ауруханасынан шақыру түсті. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жүргізушінің кеуде тұсына зақым келген көрінеді. Науқастың өкпесі жарылып кеткен. Соның салдарынан демі тарылып, қан қысымы төмендеуде. Жедел түрде күрделі ота жасау керек болды. 1994 жыл еді. Медицинаның қазіргідей дамымаған тұсы. Аудандық ауруханада ота жасайтын үстел, кәдімгі медициналық құрал-жабдықтар …

САН АДАМ ОҒАН РИЗА ШЫН ЖҮРЕКТЕН Read More »

БЕРЛИНДІ АЛЫСҚАН АРДАГЕР – абзал азамат, ардақты отағасы

Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің “Әскери-әуе күштеріндегі қызметі үшін” медалімен марапатталған қазақстандық майдангердің алғашқысы – Павел Барильченко. Ұлы Отан соғысының және педагогикалық қызметтің ардагері, “Берлинді алғаны үшін” медалінің, “Қызыл Жұлдыз”, 2-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерінің иегері Павел Яковлевичке осынау марапатты Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы елшілігінің бірінші хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген ұшқышы, запастағы генерал-лейтенант Виктор Шуликтің өзі …

БЕРЛИНДІ АЛЫСҚАН АРДАГЕР – абзал азамат, ардақты отағасы Read More »

ЗАҢСЫЗ ҚАРУ-ЖАРАҚ ҚЫРКҮЙЕК БОЙЫ САТЫП АЛЫНАДЫ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2013 жылғы қыркүйектің 1-нен 30-ын қоса алған мерзім аралығында заңсыз сақталып жатқан атыс қаруларын, қару-жарақтарды және жарылғыш заттарды тұрғындардан сатып алу бойынша акция өткізеді.  Акцияның бір ерекшелігі – тұрғындар тіркелмеген атыс қаруларын, қару-жарақтарды және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылудан босатылады. Өткізіліп отырған шараның басты …

ЗАҢСЫЗ ҚАРУ-ЖАРАҚ ҚЫРКҮЙЕК БОЙЫ САТЫП АЛЫНАДЫ Read More »

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН САҚТАМАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысында еңбек заңнамасын сақтамаған мекеме анықталды. Ол Ішкі істер департаменті мен Көші-қон полициясының бірлесе атқарған жұмысының арқасында әшкереленді. Мағжан Жұмабаев ауданындағы ағаш көмірін шығаратын мекемеде еңбек пен көші-қон заңнамасы сақталмай келген.   Жедел іздестіру шарасы барысында М.Жұмабаев ауданындағы Полудино ауылының маңында орналасқан ағаш көмірін жасайтын шағын цех тексерілді. Мекемеде 11 жұмысшы қызмет етіп …

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН САҚТАМАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Read More »

ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ АЛАЯҚТАРҒА ЖЕМ БОЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын алаяқтықтың жаңа түрінің пайда болғаны жайлы хабарландырады. Енді қылмыскерлер өз айлаларын ғаламтор желісі арқылы іске асырып жүр. Петропавл қаласында осындай айланың құрбанына айналған жігіт қылмыскерлермен “Агент” арқылы танысқан екен. Петропавл қаласының тұрғынының телефонмен сөйлесуі оның 140 мың теңге қарыз болуымен аяқталды. Шілде айының соңында ол жігіт Интернет желісі …

ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ АЛАЯҚТАРҒА ЖЕМ БОЛДЫ Read More »

ЖАСЫЛЕЛДІКТЕР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Петропавлда белсенді жастар облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың кубогы үшін шағын футболдан өзара сынға түсті. Сайыс барысында үздік атанбақ ниетпен алаңға “Кекушинкай каратэ”, “Қалалық классикалық гимназия”, “Жас Отан” ЖҚ, “Жасыл ел” және ұйымдастырушылар құрамасы шықты. Бір күнге созылған бәсекелі дода қорытындысы бойынша “Жасыл ел” құрамасының шеберлері қарсыластарынан басым түсіп, облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі …

ЖАСЫЛЕЛДІКТЕР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ Read More »

ШАРШЫ АЛАҢДА – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай облыс орталығындағы “Қарасай” стадионында “Денсаулық күні” спорттық шарасы болып өтті. 29 команда, 260 мемлекеттік қызметші жеңіл атлетикадан жарысқа қатысты.   Сайыс бағдарламасы бойынша қыздар – 60, ал ерлер 100 метрге жүгіру, 4х60 метр эстафета және қыздар – 800, ал ерлер 1500 метрге жаппай жүгіру жарыстарына қатысты. …

ШАРШЫ АЛАҢДА – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР Read More »

7 АЙДА 25 АДАМ жол-көлік оқиғаларында қаза тапты

Облыстық Жол полициясы басқармасында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен үстіміздегі жылдың өткен 7 айының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты болып өтті. Оны басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сайлаубек Мусин жүргізіп, облыс аумағында жол-көлік оқиғаларына қатысты қалыптасқан жағдай жайлы егжей-тегжейлі баяндап берді. Қошан ҚАЛИ, “Солтүстік Қазақстан”. Атап айтқанда, 7 айда 192 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Мұндай жағдайлардың салдары …

7 АЙДА 25 АДАМ жол-көлік оқиғаларында қаза тапты Read More »

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

“Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін баспасөз бетінен орын берудің шарттарын жариялайды БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫ ҮШІН ОРЫН БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ Редакцияның баспа материалдарына орын белгілеу “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын …

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Read More »

Хабарландыру

2013 жылдың 26 тамыз күні сағат 16. 00-де көші-қон заңнамасына қатысты мәселелер бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті көші-қон басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Е.М. Тұтқышевтың қатысуымен интернет-конференция өткізіледі. Интернет-конференция Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің веб-сайтында онлайн жүйесінде өткізіледі. Сіз өзіңізді қызықтырған сұрақтарға жауап алу үшін www.police.sko.kz сайтындағы кері байланыс бөліміне кіріп, көрсетілген үлгіні …

Хабарландыру Read More »

“2011-2015 жылдарға арналған “Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы” мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарын бекіту туралы” облыс әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №379 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Петропавл қаласы 2013 жылғы 20 тамыз №379К “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 7-тармағы 4) тармақшасына, “Нормативтік-құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. “2011-2015 жылдарға арналған …

“2011-2015 жылдарға арналған “Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы” мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарын бекіту туралы” облыс әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №379 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Read More »

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Петропавл қаласы 2013 жылғы 20 тамыз №281 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, “Нормативтік-құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын: “Солтүстік Қазақстан …

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Read More »

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Бесінші шақырылымдағы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы 2013 жылғы 29 тамызда сағат 10.00-де облыстық мәслихаттың үлкен залында өтеді. Мекенжайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38.Депутаттар жиналысының қарауына мына мәселе ұсынылады:“2013-2015 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №10/1 шешіміне өзгерістер мен …

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Read More »

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР: РЕЙТИНГ (2012 жылдың қорытындысы бойынша)

2012 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген мониторинг нәтижесі бойынша әлеуметтік-экономикалық даму серпіні мен деңгейіне қарай аудандар мен облыстық маңызы бар қаланың рейтингі айқындалды. Ішкі өңірлік талдауға және аудандар мен қалалардың рейтингін айқындауға арналған көрсеткіштер мониторингі Мемлекет басшысының 2010 жылғы 12 наурыздағы облыстардың және Астана мен Алматы қалалары әкімдерімен өткізілген кеңесте берген тапсырмасына сәйкес жүргізіледі. Мониторингке әлеуметтік-экономикалық …

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР: РЕЙТИНГ (2012 жылдың қорытындысы бойынша) Read More »

ӨСІРІЛГЕН ӨНІМДІ ЫСЫРАПСЫЗ ЖИНАУ – бүгінгі таңдағы басты міндет

Кеше Қызылжар ауданындағы “Зенченко және К” коммандиттік серіктестігінде өңір басшысы Самат Ескендіровтің төрағалығымен 2013 жылғы орақ науқанына әзірлік және оны тиімді өткізу жөнінде облыстық семинар-кеңес болып өтті.  Нұрсайын ШӘРІП,  “Солтүстік Қазақстан”. Семинар-кеңеске қатысушылар алдымен Новоникольское ауылына кіреберісте тікұшақ алаңында орналасқан “Зенченко және К” КС-нің егін және картоп жинайтын, топырақ өңдейтін, жемазық, шөп дайындайтын заманауи техникаларының …

ӨСІРІЛГЕН ӨНІМДІ ЫСЫРАПСЫЗ ЖИНАУ – бүгінгі таңдағы басты міндет Read More »

ОҚИҒА ОРНЫНДА ТҰТҚЫНДАЛДЫ

Түнгі 2-лер шамасында қырағылық танытқан Петропавл қаласының тұрғыны ауладағы көлігінің жанында белгісіз ер жігіттің жүргенін байқаған. Машинаның артқы терезесін сындырып, ішіндегісін ұрламақ болған ұрыны көлік иесі өзі тұтқындап алған. Кейін оқиға орнына тәртіп сақшыларын шақырған. Шақыртуға келген полиция қызметкерлері ауладағы тағы бір әйнегі сынған көлікті тауып, оны да осы қаскөйдің ішінен өзіне құнды зат алып …

ОҚИҒА ОРНЫНДА ТҰТҚЫНДАЛДЫ Read More »

КҮЙЕУІН ӨЛТІРГЕНІН МОЙЫНДАДЫ

Петропавл қаласының тұрғыны өзінің жұбайын өлтірді деген күдікпен вокзал маңында тұтқындалды. Күдікті әйелдің тәртіп сақшыларына берген жауабы бойынша адам өлтіргеннен кейін ол киім-кешектерін жинап, қаладан кетуге бел байлаған көрінеді. 60 жастағы азаматтың мүрдесін ұлы тауып алған. Ол ата-аналарының тәулік бойы байланысқа неге шықпай жатқандығын білмек болып, мазаланып келген екен. Анықталғандай, оның мазалануы бекер болмай шықты. …

КҮЙЕУІН ӨЛТІРГЕНІН МОЙЫНДАДЫ Read More »

ҮЙДЕН ЛАШЫҚ АРТЫҚ КӨРІНІП…

Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары үш тәулік із-түзсіз жоғалып кеткен кәмелетке толмаған екі баланы тапты. 14 пен 9 жастағы балалар үш күннен астам уақыт бойы ата-аналарынан жасырынып жүрген. Ал ата-аналары балаларының жоғалып кеткендіктерін тек үш күн өткеннен кейін ғана барып білген. Кейін Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасына келіп, ұлдары мен қыздарының ізім-қайым жоқ болып кеткендерін …

ҮЙДЕН ЛАШЫҚ АРТЫҚ КӨРІНІП… Read More »