«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖИНАҚ ЖҮЙЕСІНЕ – 10 ЖЫЛ

Гүл БАЯНДИНА, “Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі” АҚ баспасөз хатшысы. Қазақстанда 2003 жылдың 10 шілдесінде тұрғын-үй құрылыс жинақ жүйесінің алғашқы банкі тіркелді. “Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі” АҚ (ҚТҚЖБ) 10 жылдың ішінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді, мыңдаған отбасылары тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы өздерінің баспана жағдайларын жақсартты. Банкте 2013 жылдың 1 шілдедегі көрсеткіштерге сәйкес …

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖИНАҚ ЖҮЙЕСІНЕ – 10 ЖЫЛ Read More »

БЕКЕТТІҢ ЖЫЛЫЖАЙЫНДА бәрі де жайқалып тұр

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Қиырдағы Кішкенекөл ауылында тұратын Бекет Баймұхамбетов – сауда-саттық саласына ден қойған кәсіпкер. Бірнеше сауда орталығын ашып, отбасылық кәсіп етіп жүрген ол биыл еңбектің жаңа жолына бетбұрыс жасаған. Өзінің еңбеккерлігін басқа бағытта да оп-оңай дәлелдей білген адамды отбасы ғана емес, ортасы да құрмет тұтары сөзсіз. Ол өткен жылы “Жұмыспен қамту – 2020” …

БЕКЕТТІҢ ЖЫЛЫЖАЙЫНДА бәрі де жайқалып тұр Read More »

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСТАРЫ

Облыстық мәслихаттың депутаттары бірнеше жылдан бері тұрақты комиссиялардың көшпелі отырыстарын өткізуді дәстүрге айналдырған. Депутаттық өкілеттіктер, азаматтар құқығы және заңдылықтарын, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері және халықтың денсаулығын сақтау және оны әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың мүшелері Шал ақын және Жамбыл аудандарында болып, көкейкесті мәселелерді қарады. К.Мұсырман …

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСТАРЫ Read More »

ДЕПУТАТТАРДЫҢ ДЕМЕУІ МОЛ

Облыстық мәслихаттың депутаттық корпусы Қазақстан Республикасының Президенті қойған идеялар мен стратегиялық міндеттерді іске асыруға белсене қатысуда, өздерінің сайлау округтерінде күнделікті мәселелерді шешу және тұрғындарды әлеуметтік қолдау бойынша жұмыс жүргізеді. Осы мақсатта халық қалаулылары үлкен меценаттық қызмет атқарады, аз қамтылған отбасыларға материалдық қолдау көрсетеді, әртүрлі іс-шараларды өткізу кезінде демеушілік жасайды, балабақшалар мен мектептерге компьютерлер мен ұйымдастыру …

ДЕПУТАТТАРДЫҢ ДЕМЕУІ МОЛ Read More »

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ ИГІ ІСТЕРІ

Галина ЯСЕНОВСКАЯ, Шал ақын аудандық мәслихат құрылымдық бөлімшесінің басшысы. Өскелең ұрпаққа саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудандық мәслихат депутаттары барынша белсенділік танытуда. Үстіміздегі жылғы ақпан айында Шал ақын аудандық мәслихаттың хатшысы Николай Дятлов депутаттарға, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне және аудандағы кәсіпкерлік құрылымдарға аудан мектептерінің спорттық нысандарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға қатысу, балалардың денсаулығын нығайтуға қажетті жағдай …

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ ИГІ ІСТЕРІ Read More »

ТҰРҒЫНДАР ДӘН РИЗА

Балкүміс ЫСҚАҚОВА, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының хатшысы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы Жарлығымен бекітілген Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасында “Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалау және дамыту төменгі деңгейден басталады – ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді. Біз ауылдық әкімдіктерге қосымша өкілеттіктер береміз …

ТҰРҒЫНДАР ДӘН РИЗА Read More »

ЖАРҚЫН ҮЛГІГЕ АЙНАЛҒАН АЗАМАТ

“Ауылды көркейту – Отанымызды көркейту” деп санайды “Тайынша-Астық” ЖШС-нің директоры Анатолий Рафальский. Анатолий Брониславович – тек ауданда, облыста ғана емес, республикамыздан тыс жерлерде де белгілі адам. Көптеген жылдар бойы Тайынша ауданының ең ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының бірі, аудандағы аграрлық сектордың флагманы болып отырған “Тайынша-Астық” ЖШС-ін басқарып келеді. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша тамамдағаннан …

ЖАРҚЫН ҮЛГІГЕ АЙНАЛҒАН АЗАМАТ Read More »

ТҮН ОРТАСЫНДА ЛИФТ ОТҚА ОРАНДЫ

Аян ҚҰСАЙЫНОВ, СҚО ТЖД-нің инженері, өртке қарсы қызмет аға лейтенанты. 14 тамызда түнгі сағат он екіде орталық өрт байланыс пультіне облыс орталығының Кошуков көшесіндегі 9 қабатты тұрғын үйдің лифті шахтасынан түтін иісі шығып жатқандығы туралы қоңырау түсті.   Оқиға орнына жедел жеткен өртсөндірушілер өрт лифтінің ішінен шыққандығын анықтады. Жалын лифт кабинасын жарамсыз етіп, 1-ден 6 …

ТҮН ОРТАСЫНДА ЛИФТ ОТҚА ОРАНДЫ Read More »

МҮЛІК ТОНАУҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері төрт мыңнан астам қылмыс жасалған. Оның бес мыңы – мүліктік қылмыс. Осыған орай өңірлік тәртіп сақшылары арнайы жиын өткізіп, қылмыстық әрекеттерді тежеудің және алдын алу мәселесімен айналысатын жекеменшік күзет құрылымдарының басшыларымен кездесті. Өз баяндамасында облыс орталығында соңғы уақыттары мүліктік қылмыстардың белең алғандығын айтқан облыстық ІІД бастығының міндетін уақытша атқарушы, …

МҮЛІК ТОНАУҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ Read More »

АУЛАЛЫҚ КЛУБТАР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА

Облыс орталығындағы №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешені жанындағы спорт алаңында балалар мен жасөспірімдер арасында Петропавл қаласы күніне арналған спартакиада өтті. Онда 11 командадан жасақталған 200-ге жуық жеткіншек сынға түсті.  Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Екі күндік бәсекеде жеткіншектер шағын футбол алаңында жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Құрамалардың ішінде ең мықтысы құрамында әуесқой ойыншылардан басқа, спорт мектептерінде тыңғылықты …

АУЛАЛЫҚ КЛУБТАР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА Read More »

ЖАЗҒЫ ШАҢҒЫМЕН ЖОСЫЛТЫП…

Борки кентінде 1996 жылдары туған өңірлік Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің (БЖСМ) тәрбиеленушілері арасында жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша облыс біріншілігі өтті. Үш жас тобында өткен біріншілікте Петропавл қаласының және 5 ауданнан жиналған алпысқа жақын спортшы шаңғыроллермен жарысты. Біріншілік қорытындысы бойынша жекелей сында Иван Заячников пен Алтын Ағатаева (үлкен топ), Виктор Эйхвальд пен Яна Крейдун …

ЖАЗҒЫ ШАҢҒЫМЕН ЖОСЫЛТЫП… Read More »

ҚАМЫН ОЙЛАП ҚАРТТАРДЫҢ…

“Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы” қоғамдық бірлестігі төралқасының мүшесі Қайрат Қанафин жұмыс бабымен облыстық ТЖД-нің құтқарушыларымен кездесті. Қайрат Сейітұлы ең алдымен облыстық ТЖД-нің “Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының атқарған жұмысымен және ардагерлердің әлеуметтік жағдайымен танысты. Содан соң қалалық №3 арнайы өрт бөлімінде болған мейман облыстық ТЖД-нің ардагерлері ұйымының түйткілді …

ҚАМЫН ОЙЛАП ҚАРТТАРДЫҢ… Read More »

ЕҢБЕК АУЫЛЫН “БАЙ ЕҢБЕК” АТАНДЫРҒАН Колхоз төрағасы – Естай ақын жайлы анам айтқан әңгіме

Қайыржан ЖАРАСБАЕВ, Архангелка орта мектебі қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Қарттар күнінен кейін, қазан айында анам Күлзәбира (суретте) қатты ауырып, науқастанып, төсек тартып қалған еді. Түн ұйқысынан айрылып, бүкіл денесінің сай-сүйегі, буындары сырқырап, жанына қатты батты. “Менің де өмірдегі дәм-тұзым бітуге жақындап қалған шығар…” – деп, сексен екіге келген қарт анам ауыр күрсінді. Жетімдіктің қасіретін көп …

ЕҢБЕК АУЫЛЫН “БАЙ ЕҢБЕК” АТАНДЫРҒАН Колхоз төрағасы – Естай ақын жайлы анам айтқан әңгіме Read More »

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН БҮКПЕСІЗ ӘҢГІМЕ

Бейсенбі күні “Абакшино” демалыс базасында үш күн қатарынан “Жастар – Отанға! атты жазғы саяси жастар лагері жұмыс істеген болатын. Оған 50-ге жуық белсенді жас қатысты. Лагерьдің жабылу салтанатына облыс әкімі Самат Ескендіров және Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков қатысты. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Бұл басқосудың мақсаты – билік пен белсенді жастар арасында тығыз байланыс орната …

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН БҮКПЕСІЗ ӘҢГІМЕ Read More »

АСТЫҚТЫ НАРЫҚҚА ШЫҒАРУДА теміржолшылар жәрдемге келуге тиіс

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Бейсенбі күні облыс әкімі Самат Ескендіров темір жол компанияларының басшылары мен ауыл шаруашылығы секторындағы кәсіпкерлердің басын қосып, кеңес өткізді. Ондағы мақсат – биылғы өңір алқаптарынан жиналатын астықты уақтылы экспорттау және ел ішінде сатуды жүзеге асыру үшін темір жол қатынастарын пайдалану, сондай-ақ бұл шараға кедергі тудыратын кейбір мәселелердің шешімін табу. “Қазақстан темір …

АСТЫҚТЫ НАРЫҚҚА ШЫҒАРУДА теміржолшылар жәрдемге келуге тиіс Read More »

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНІП ОРАЛДЫ

Қостанай облысының Қарабалық және Таранов аудандарында орын алған су тасқынының алдын алуда әріптестері мен төтенше жағдайға тап болған тұрғындарға жәрдемдесу мақсатында барған СҚО ТЖД-нің 32 сүңгуірші-құтқарушысы мен өртсөндірушісі әл-қадерлерінше көмек көрсетіп, үш күн өткен соң елге оралды. Мұрат ҚАНҒУЖИНОВ, СҚО ТЖД бөлімінің аға маманы. Солтүстікқазақстандық құтқарушылар Қостанай облысының су астында қалған Таранов пен Қарабалық аудандарының …

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНІП ОРАЛДЫ Read More »

НЕМІС ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІ тәжірибе алмасты

15-16 тамызда Петропавлдағы Достық үйінде “Видергебурт” неміс мәдени орталығының ұйымдастыруымен “Неміс тілі этникалық сәйкестендіру факторы ретінде” тақырыбындағы семинар өткізілді. Оған орталықтың тілдік жобасы бойынша жұмыс істейтін Петропавл қаласының және Тайынша, Есіл, Мағжан Жұмабаев аудандарының неміс тілі мұғалімдері қатысты.    Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Видергебурт” неміс мәдени орталығы “Ана тілін (неміс тілі) үйрену арқылы сәйкестікті жете …

НЕМІС ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІ тәжірибе алмасты Read More »

А.ДАНИЛИНА ITF СЕРИЯСЫНДАҒЫ ТУРНИРДІҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Қазақстандық теннисші А.Данилина Қазан қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 50 мың долларды құрайтын ITF сериясындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды. Бұл жайында sports.kz сайты Халықаралық теннис қауымдастығының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады. Турнирдің екінші айналымында ресейлік М. Сироткинаға қарсы ойнаған жерлесіміз 1:6, 7:5, 7:5 есебімен басым түсті. Ал ширек финалда А. Данилина украиндық спортшы В. …

А.ДАНИЛИНА ITF СЕРИЯСЫНДАҒЫ ТУРНИРДІҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ Read More »

4,5 МИЛЛИОН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ Спорт күнін мерекелеуге қатысады

Тамыз айының үшінші жексенбісі – Спорт күні “Саламатты ұлт – саламатты ұрпақ” акциясына 4,5 миллионнан астам адам қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Тастанбек Есентаев мәлім етті. “ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ұйымдастыруымен, Астана қаласы әкімдігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің …

4,5 МИЛЛИОН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ Спорт күнін мерекелеуге қатысады Read More »

“МАҚСАТЫМ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУЫН ЖЕЛБІРЕТІП, ГИМНІН ШЫРҚАТУ”

Қазан қаласында өткен Бүкіләлемдік XXVII жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының сапындағы 15 жеңілатлетшінің үшеуі алтын медальмен оралған еді. Солардың бірі – жерлесіміз Маргарита Мұқашева. Осы орайда Қызылжардың желаяғымен сұхбаттасып, газет оқырмандарына Маргаританы жақынырақ таныстыруды жөн санадық.  – Маргарита, Универсиадада жеңіп алған алтын медаліңізбен құттықтаймыз! Аталмыш байрақты бәсекеге дайындық кезінде қандай қиындықтарға кезіктіңіз? – Рақмет! …

“МАҚСАТЫМ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУЫН ЖЕЛБІРЕТІП, ГИМНІН ШЫРҚАТУ” Read More »