ҚАР ЖАУЫП ТҰР
Қар жауып тұр, үлпектеп қар жауып тұр,Аппақ мына әлемге сән беріп бір.Алабұртқан көңілдің шабыт күйіКеңістікте ақ қарға айналып тұр. Төңіректі түп-түгел мамық басқан,Ең даланың көрпесін қымтап жатқан,Табиғаттың хас шебер алақаныШыршаға да ақ түбіт шәлі жапқан. Қар жаудырды, қызық-ау ала бұлт бұл,Жыр боп өзі жүрекке оралып тұр.Пәк сезім аясында барлық әлемКөңілімдей менің де ағарып тұр.