«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҮШ ТЕ БОЛСА – КҮШ”…

Солтүстікқазақстандық жас велошабандоздар Астана қаласында Кеңес Одағының спорт шебері Михаил Ильяновты еске алуға арналған республикалық көпкүндік жарыста үздік үштіктен көрінді. 5 күнге созылған додаға еліміздің барлық өңірлерінен 14 құрама, 100-ге жуық спортшы қатысты.  Дәстүрлі түрде бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келетін аталмыш додада біздің өңірден қатысқан 12-14 жас аралығындағы 8 велошабандоздың 6-уы командалық, ал қалған 2-еуі …

“ҮШ ТЕ БОЛСА – КҮШ”… Read More »

АЙЫРТАУЛЫҚТАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

Петропавлда оқушылар арасында велоспортан облыстық спартакиада өз мәресіне жетті. 3 күнге созылған додаға Петропавл қаласы және Ақжар, Айыртау, Қызылжар мен Мамлют аудандарынан 40-қа жуық жас спортшы қатысты. Сайыстың бірінші күні жекелей сында 5 және 10 шақырымдық жарыс жолына 13-14 жастағы ұлдар мен қыздар шықты. Сондай-ақ жас велошабандоздар өз күші мен қажыр-қайратын топтық және маунтинбайкта сынады. …

АЙЫРТАУЛЫҚТАРДЫҢ ЖЕҢІСІ Read More »

СЕРГЕЙ ХАРЛАМОВ Ел рекортын жаңартты

  Франция елінде мүгедектер арасында жеңіл атлетикадан өткен Әлем чемпионатында 100 метрді 13, 82 секундта бағындырған солтүстікқазақстандық жеңілатлетші Сергей Харламов қазақстандық рекордты жаңартты.  Қазақстанның намысын қорғаған 8 спортшының арасында болған жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінбесе де, мәре сызығын 11-ші болып кескен желаяқ қазақстандық рекордты жаңартқан. Сондай-ақ ұзындыққа секіруден ақтық сайысқа шықса да, жарыстың алдында алған жарақатына …

СЕРГЕЙ ХАРЛАМОВ Ел рекортын жаңартты Read More »

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕСКІ ӘНДЕР

Жақында Петропавл қалалық Мәдениет және демалыс саябағында “Как молоды мы были…” атты ретро-әндер фестивалі өтті. Іс-шараны ұйымдастырған облыстық Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы сол арқылы алдыңғы толқын ағалардың ұмыт қалған әндерін қазіргі жастардың есіне салып, насихаттауды көздеген. Өткен мыңжылдықтың 80-інші жылдары танымал болған әндер орындалды. Саябақта демалған қала тұрғындары ескі әндерді жергілікті әншілердің орындауында …

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕСКІ ӘНДЕР Read More »

“ТАҒЗЫМ” – ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ, БАБАЛАРҒА ІЗЕТ

Жангелді ТӘЖИН. Жерлесіміз Нұрлан Мұхаметқалиевтің “Тағзым” атты кітабы жарық көрді. Кітапта ХҮІІІ ғасырда жоңғар шапқыншылығына қарсы арын жалау етіп, жанын алау етіп, ата-баба аманаттаған байтақ жерін, ұлан-ғайыр елін, ақ сүт берген анасын, ақ самал ескен даласын, жүзінен нұр төгілген баласын, парасатты данасын жаудан қорғаған теріскейдің 26 батыры жайлы жазылған.  Кітапта батыр Мықтыбай Бегайдарұлының өмірі мен …

“ТАҒЗЫМ” – ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ, БАБАЛАРҒА ІЗЕТ Read More »

“МиЛеди” – ИТ-МЫСЫҚТЫҢ ӘСЕМДІК САЛОНЫ

Петропавл қаласында алғаш рет иттер мен мысықтарға арналған зоосалон ашылды. 3-ші қалалық монша ғимаратында орналасқан “МиЛеди” – үй жануарларына арналған қаламыздағы жалғыз әсемдік салоны. Мұнда оларға қырқу, “шаш” сәндеу, тістері мен құлақтарын тазалау, жуындыру, тырнақтарын алу сияқты қызметтер көрсетіледі. Роза ШӘКЕНОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Мұндай салон ашу грумер Ольга Веркулееваның көптен бергі арманы еді. Бұған дейін …

“МиЛеди” – ИТ-МЫСЫҚТЫҢ ӘСЕМДІК САЛОНЫ Read More »

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ және ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ

Ақайдар ЫСЫМҰЛЫ, журналист-заңгер, Мәдениет қайраткері. (Басы өткен сандарда). Енді Айша апамызға келейік. Шиеліге Бестамға төркіндеп жүрген Айша апамыз кім десек, оның да жауабын “Елім-ай” дастанынан табамыз. Мейман боп келемін деп қуаң Сырға, Қайта алмай қиналдым ғой мен де қырға. Халқымның мүшкіл халін көзбен көріп, Қобыз ап қосып тұрмын мұңды жырға.

“ҚАЛАЙ СЫНАЛСАҚ ТА, ҰЛТТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРУДЕН ТАЙҒАН ЖОҚПЫЗ”

Қажымұрат НӘСИҰЛЫ: Өңірімізге белгілі азамат Қажымұрат Нәсиұлымен 1989 жылдан бері таныспын. Содан бері арамыздағы ағалы-інілідей сыйластық үзілген емес. Сол жылы жазда “Тілдер туралы” заң жобасын талқылау қызу өріс алды. Енді ғана шаңырақ құрған облыстық “Қазақ тілі” қоғамы тіл жанашырларының күш-жігерін бір арнаға тоғыстырып, өз елінде, өз жерінде халі мүшкіл, пұшайман ана тіліміздің босағадан төрге озуына, …

“ҚАЛАЙ СЫНАЛСАҚ ТА, ҰЛТТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРУДЕН ТАЙҒАН ЖОҚПЫЗ” Read More »

ЗАҢСЫЗ АҒАШ КЕСКЕНДЕР жауапқа тартылатын болады

Облыстық ІІД табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Қызылжар ауданындағы Ташкентка ауылының маңында заңсыз ағаш ұрлау фактісін тіркеді. Аталмыш ауылдың екі тұрғыны оқиға орнында ұсталып, олардан заңсыз кесілген 7 текше метр ағаш тәркіленді.  Табиғат қорғау инспекторлары рейд барысында Қызылжар ауданындағы Ташкентка ауылының маңында жаңа кесілген отын тиелген тракторды тоқтатқан. Тексеру барысында қоршаған орта жанашырларының күдігі расталып, 7 …

ЗАҢСЫЗ АҒАШ КЕСКЕНДЕР жауапқа тартылатын болады Read More »

ҚУАНЫШ ЕРЗАТҰЛЫ – ШӘМШІ ӘНДЕРІ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

 31 шілде күні Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Мәдениет үйінде көрнекті композитор, Қазақстанның халық әртісі, заманауи эстраданың негізін қалаушы, қазақ әні мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан Алаштың аяулы азаматы Шәмші Қалдаяқовқа арналған облыстық “Менің Қазақстаным” ән байқауы өтті. Әзина ТЕМЕШОВА, облыстық Халық шығармашылығы және мәдени-демалыс орталығының қазақ шығармашылығын дамыту бөлімінің әдіскері. Аудандық Мәдениет үйлері мен клуб …

ҚУАНЫШ ЕРЗАТҰЛЫ – ШӘМШІ ӘНДЕРІ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ Read More »

МҰХТАР ӘБІЛӘЗОВТІҢ ҰСТАЛҒАНДЫҒЫ РАСТАЛДЫ

ҚР Бас прокуратурасы Мұхтар Әбіләзовтің ұсталғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлады ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары “БТА Банк” АҚ-ның 5 млрд. доллардан астам қаражатын ұрлаған және қылмыстық жолмен табылған табыстарды жылыстатқан ұйымдасқан қылмыстық топты құру мен оған басшылық жасау фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда. Аталған қылмыстық істер бойынша 2009 жылғы 6 наурызда М.Әбіләзовке …

МҰХТАР ӘБІЛӘЗОВТІҢ ҰСТАЛҒАНДЫҒЫ РАСТАЛДЫ Read More »

ЕРЛІК ЖАСАҒАН ҚҰТҚАРУШЫЛАР

Облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің мамандары Василий Ленков пен Жақсылық Сағитов Петропавл қаласының маңындағы Пестрое көлінде кезекшілікте болған. Құтқарушылар көлге жақын орналасқан Мичурино кентінде көк түтін шыққанын байқап, оқиға орнына жеткенше 112 нөміріне орын алған өрт туралы хабарлап үлгерген. Екі құтқарушы үй ауласында сарайдың отқа оранғанын байқап, ауладағы келіншек пен кішкентай балаларды қауіпсіз жерге жеткізді. …

ЕРЛІК ЖАСАҒАН ҚҰТҚАРУШЫЛАР Read More »

УАҚЫТ ТАЛАБЫНАН ТУЫНДАҒАН ШЕШІМ

Арман БЕРДАҒҰЛОВ, “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында: “Азаматтардың жергілікті жердегі өзекті мәселелерді шешуге, жергілікті билік органдарының жұмысын бақылауға белсене араласатын уақыты туды”, – деп атап айтқан болатын.  Ауылдық округ әкімдерінің сайлауына аз уақыт қалды. Әкімдерді мәслихат депутаттары 4 жылға …

УАҚЫТ ТАЛАБЫНАН ТУЫНДАҒАН ШЕШІМ Read More »

ЕСІЛДІКТЕР ЕГІН ЖИНАУҒА ДАЙЫН

Облыс әкімі Самат Ескендіров жұмыс сапарымен Есіл ауданында болып, бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының танаптары басында болды. Соңғы түскен жауын-шашын астықтың бітік шығуына ықпал еткен. Диқандар енді ауа райы қолбайлау болмаса, тамыз айының ортасында орақ науқанына кірісуді жоспарлап отыр.  Самат ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ,  журналист. Есіл ауданындағы “Атамекен-Агро-Есіл” ЖШС биыл 20 мыңнан астам гектар алқапқа дәнді дақылдар еккен. Уақтылы …

ЕСІЛДІКТЕР ЕГІН ЖИНАУҒА ДАЙЫН Read More »

ЖОЛАУШЫЛАР ТІЛІН ТАПҚАН ЖҮРГІЗУШІ жеке кәсібін дөңгелету үстінде

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Шалақындық Александр Савченкомен тілдескеннен кейін мен “Адам өз кәсібін сүйіп еңбек етсе, оның жұмысынан мін табу оңай емес екен”, – деген тұжырымға келдім.  Александр Юрьевич жолаушылар тасымалы кәсіпкерлігін 2004 жылы қолға алған. Жүргізушілік еңбек өтілі 15 жылдан асқан жігіт өзінің табыс көзі осы салада екендігін білгендіктен, біреудің жолаушылар тасымалына арналған ескі …

ЖОЛАУШЫЛАР ТІЛІН ТАПҚАН ЖҮРГІЗУШІ жеке кәсібін дөңгелету үстінде Read More »

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! 2013 жылғы тамыздың 7-сі мен 9-ы аралығында Қазақстан Республикасының “Электрондық үкімет” порталында облыс әкімі Самат Ескендіровтің қатысуымен “Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және оны жүзеге асыру барысы” тақырыбына арналған Интернет-конференция өтеді. Интернет …

ХАБАРЛАНДЫРУ Read More »

ТАЙЛЫҚТАР ҚАЗАҚСТАНМЕН ТАНЫСУДЫ ҚЫЗЫЛЖАРДАН БАСТАДЫ

Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тартуға, транзиттік көліктік логистикалық орталық құру үшін еліміздің географиялық жағдайының артықшылығын пайдалана отырып экспорттық қуатын арттыруға, “жасыл экономиканы” дамытуға және “ЕХРО – 2017” көрмесіне әзірлік жасауға айрықша көңіл бөлгені белгілі. Осы ойды ілгері өрбіту мен Қазақстанды ашық және инвестиция үшін неғұрлым тартымды ел ретінде көрсету …

ТАЙЛЫҚТАР ҚАЗАҚСТАНМЕН ТАНЫСУДЫ ҚЫЗЫЛЖАРДАН БАСТАДЫ Read More »

Толеранттылық идеяларына, қазақстандық отансүйгіштікті нығайтуға арналған “Қазақстан – достық бесігі” атты фотоконкурсты өткізу Қағидасы

Іс-шара атауы: Толеранттылық идеяларына, қазақстандық отансүйгіштікті нығайтуға арналған “Қазақстан – достық бесігі” атты фотоконкурс (бұдан әрі – іс-шара). Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті. Өткізу уақыты: 2013 жылғы 28 тамыз – 8 қыркүйек аралығы. Өткізу орны: Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы. Іс-шараның мақсаттары: – этникаарлық және конфессияаралық келісімді дамыту және …

Толеранттылық идеяларына, қазақстандық отансүйгіштікті нығайтуға арналған “Қазақстан – достық бесігі” атты фотоконкурсты өткізу Қағидасы Read More »

Этножурналистика саласындағы “Шаңырақ” республикалық шығармашылық конкурсы туралы Ереже

1. Жалпы ережелер 1. Этножурналистика саласындағы “Шаңырақ” шығармашылық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) республика деңгейінде өткізіледі. 2. Конкурстың үйлестірушісі және ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі. 3. Конкурс Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтеді. 2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері Конкурстың мақсаты этносаралық салада қызмет ететін журналистерді ынталандыру арқылы қоғамдағы этносаралық татулық пен келісімді нығайту болып …

Этножурналистика саласындағы “Шаңырақ” республикалық шығармашылық конкурсы туралы Ереже Read More »

КІСІ ӨЛТІРУ – ЕҢ АУЫР КҮНӘ

Аян АЛЫПҚАШЕВ, “Қызылжар” мешітінің наиб имамы. Ешбір жанның Алла тағаланың тыйым салған іс-әрекетіне рұқсат етуіне немесе керісінше, орындауға рұқсат еткен іс-әрекеттеріне тыйым салуға ешқандай қақысы жоқ. Дегенмен, кейде пендешілікке салынып, Алла тағаланың әміріне көнбей, шектен шығып жатамыз. Бұл, әрине, ағаттық. Бірақ көп жағдайда бұл білместіктен, нәпсіге ерушіліктен, имамдар мен молдалардың уағыздарына құлақ аспаушылықтан, ең бастысы …

КІСІ ӨЛТІРУ – ЕҢ АУЫР КҮНӘ Read More »