«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҒЖАН РӨЛІН СОМДАҒАН Шахрух Хамутов топ жарды

Әскери институтта өзге ұлт өкілдері арасында “Мемлекеттік тіл – менің тілім” атты байқау өткізілді. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған тіл додасында алты әскери қызметші бақ таластырып, қазақ тілін қаншалықты деңгейде меңгергендіктерін байқатты.  Руслан ЖАНГУЛИН, Әскери институттың баспасөз хатшысы. Сахна шымылдығын қазақ халқының хандары, батырлары, ақын-жазушылары мен ұлт көсемдерінің рөлдерін сомдаған курсанттар ашты. Әрбіреуі …

МАҒЖАН РӨЛІН СОМДАҒАН Шахрух Хамутов топ жарды Read More »

МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ маңызды мәселе болып табылады

Нұрлан САРМАНОВ, Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бас маманы. Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің құрылымдық бөлімшесінің бірі болғандықтан, “Мемлекеттік мүлік туралы” 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығына немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің жедел басқаруына бекітілген республикалық мемлекеттік меншіктің …

МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ маңызды мәселе болып табылады Read More »

ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Биыл облыс басшысы Самат Ескендіровтің бастамасымен әбден тозығы жеткен өңірішілік жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады. Солардың бірі – Лавровка-Келлеровка-Тайынша-Чкалово бағытындағы жолдар.  Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Ондағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге тендерді “Көкшетау жолдары” мердігерлік компаниясы ұтып алған болатын. Жол жөндеу жұмыстарына компания жұмысшыларымен бірге Тайынша ауданынан да адамдар тартылған. Барлығы 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылып отыр. …

ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ Read More »

КЕШЕ – ЖҰМЫССЫЗ, БҮГІН – КӘСІПКЕР

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Құрылыс материалдары қашанда сұранысқа ие. Сондықтан ақжарлық Нұрлыбек Смайылов өзінің қолынан келетін кәсіпті нәсіп етіп, биыл күл аралас құмнан жасалатын кірпіш өндіру ісін қолға алып отыр. Үй ауласындағы кең жерді өндіріс алаңы етіп, бүгінгі таңда онда қарқынды жұмыс жүргізуде. Осыдан бір жыл бұрын жұмыссыздар қатарында болған Нұрлыбек былтыр ғана құрған жеке …

КЕШЕ – ЖҰМЫССЫЗ, БҮГІН – КӘСІПКЕР Read More »

ЖЕҢІМПАЗ ЖЕЛАЯҚТЫ жұртшылық өкілдері қуана қарсы алды

Кеше қызылжарлық жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері Қазан қаласында өткен XVII универсиада жеңімпазы Маргарита Мұқашеваны салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетті.  Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Бұл күні темір жол вокзалына жиналған жұртшылық универсиада жеңімпазының келуін тағатсыздана күтті. Қолдарына мерекедегідей безендірілген шарлар мен жалаушалар ұстаған балалар: “Маргарита – чемпион!” – деп ара-тұра айғайлап қояды. Бір кезде Қазақ …

ЖЕҢІМПАЗ ЖЕЛАЯҚТЫ жұртшылық өкілдері қуана қарсы алды Read More »

ЕЛБАСЫ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛҒАН “ЕГІН” диірмен-макарон кешенінде 140-тан астам жаңа жұмыс орны ашылды

Есіл ауданының Явленка ауылындағы “Егін” ЖШС-і – Қызылжар өңірінде астық өсірумен, оны толық ұқсатумен және өткізумен айналысатын бірегей ірі агроқұрылым. Оның өнімдері облысымыз бен республикамыздан тысқары Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ауғанстан елдеріне де шығарылады.  Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. “Егін” ЖШС-нің бас директоры Владимир Чубыкиннің айтуына қарағанда, агро-құрылымның тарихы 2000 жылдан басталады. Сол жылы Владимир …

ЕЛБАСЫ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛҒАН “ЕГІН” диірмен-макарон кешенінде 140-тан астам жаңа жұмыс орны ашылды Read More »

ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ – спартакиада жеңімпаздары

Шілденің 18 –19-ы аралығында облыс орталығында солтүстік өңірдің Балалар үйлері тәрбиеленушілері арасында өңіраралық спартакиада өтті. Оған Астана, Петропавл қалаларынан және Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарынан 100-ден астам жас спортшы қатысты. Бәсекелі дода шағын футбол, баскетбол, үстел теннисі, дойбы және жүзу сияқты спорттың 5 түрін қамтыды. Спартакиадада қарсыластарын шаң қаптырып, жүзден – жүйрік, мыңнан тұлпар атануға барын …

ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ – спартакиада жеңімпаздары Read More »

АУДАН ӘКІМІНІҢ БҰРЫНҒЫ ОРЫНБАСАРЫ үш жылға сотталды

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Шал ақын ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Марат Мұсариановқа қатысты сот үкімі шықты. Бұрынғы шенеунік аудандық соттың 2005 жылғы 4 шілдедегі шешімімен коммуналдық меншікке өткен Ступинка ауылындағы Мәдениет үйінің ғимаратын жеке тұлғаларға сатып жібергені үшін айыпталған болатын. Осындай жемқорлық әрекеті үшін облыстық сот Марат Мұсариановты үш жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды.Қылмыскердің …

АУДАН ӘКІМІНІҢ БҰРЫНҒЫ ОРЫНБАСАРЫ үш жылға сотталды Read More »

ЖӨНДЕУДІҢ ОРНЫНА “ЖЕЛПІНБЕК” БОЛҒАН…

Петропавлда “Мazda” автокөлігі тұрғын үйге соғылды. Жүргізуші рульге мас күйде отырған. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Жол полицейлері таңғы сағат 4 шамасында Өзен порты жақтан жүйткіп келе жатқан жеңіл көлікті байқаған. Жүргізуші жол сақшыларының көлікті тоқтату туралы бұйрығына мән бермеген. Қайта жылдамдықты асырып, қала ішінде жасырынбақ болыпты. Соның салдарынан Совет көшесі бойында орналасқан тұрғын үйге …

ЖӨНДЕУДІҢ ОРНЫНА “ЖЕЛПІНБЕК” БОЛҒАН… Read More »

“ТЕРЕҢ БАТЫРАДЫ” ДЕГЕН БАР

Соңғы уақытта облысымыздың су айдындарында көз жұмғандардың саны артуда. Суға шомылу маусымы басталғалы 24 адам су түбіне кетсе, оның төртеуі – балалар.  Орын алған қайғылы жағдайға көбінесе демалушылардың мас күйде суға шомылып, балық аулау және суда жүзу кезінде сақтық ережелерін сақтамаулары себеп болуда.Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандары солтүстікқазақстандықтарды суда сақтық ережелерін қатаң ұстану қажеттігін …

“ТЕРЕҢ БАТЫРАДЫ” ДЕГЕН БАР Read More »

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН

Қарлығаш БАЙҒОЖА, облыстық ТЖД “ӨСж/еАҚЖҚ” ММ бас маман-психологі. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлері – балалар лагерьлерінің жиі қонақтары. Жуырда “Золотая осень” лагерінде “Қауіпсіз жазғы демалыс” атты тақырыптық күн өткізілді. Бұл шара барысында балаларға қауіпсіздік туралы кеңестер беріліп, конкурстар мен жарыстар ұйымдастырылды.

БАС ЭКОЛОГ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Облыстық Экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев жуырда “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.  Қоғамдық қабылдауға техникалық қызмет көрсету стансасында (ТҚКС) автокөліктерді жөндеумен айналысатын жеке кәсіпкер А.Кондрахин деген азамат келді. Оны “ТҚКС-та жинақталатын сылау топырақтары, ескі майлар сияқты қалдықтармен жұмыс істеу барысында қандай экологиялық талаптарды орындау керек?” деген сұрақ толғандырып жүр …

БАС ЭКОЛОГ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Read More »

ШЕКАРА АСАМ ДЕСЕҢІЗ…

Жазғы демалыс мезгілі басталысымен, біздің көптеген отандастарымыз шекарадан тыс жерлерге сапар шегуде. Кедендік шекараны өту кезінде қиындықтарға тап болмау үшін кеден қызметінің сарапшылары өткізу нормасына, яғни белгіленген ережені бұзбай нені және қанша көлемде шекара арқылы өткізуге болатыны туралы түсінік береді. Кеден одағының аумағында кедендік шекара арқылы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларын өткізуінің бірыңғай тәртібі …

ШЕКАРА АСАМ ДЕСЕҢІЗ… Read More »

ЗЕКЕТ ТӨЛЕУ – ПАРЫЗ

Нұрлан ЖҰМАБАЕВ, ҚМДБ “Зекет” қорының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі. Жылдан-жылға халқымыздың арасында, әсіресе, жастар ішінде ата дініне бет түзеп, намазын оқып, оразасын ұстап, қажылыққа да барушылардың саны артуда. Алла разылығы үшін адал мал-мүлкінен, табысынан жырып беріп, талай жанның батасын алып жүрген азаматтарымыз да аз емес.   Исламның парыздарының бірі – зекет. Зекет беру, намаздан …

ЗЕКЕТ ТӨЛЕУ – ПАРЫЗ Read More »

2013 ЖЫЛҒЫ МАУСЫМДАҒЫ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ

Маусымда біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа бір адамға шаққанда 16606 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 9963 теңге болса, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 6643 теңге болды. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы тұрғындардың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар үшін – 12986 теңге, жасөспірімдер үшін – …

2013 ЖЫЛҒЫ МАУСЫМДАҒЫ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ Read More »

ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2013 жылғы 1 маусымға облыс тұрғындарының саны 578,4 мың адамды құрады, соның ішінде 240,3 мың адам (41,5%) – қалалық, 338,1 мың адам (58,5%) – ауылдық тұрғындар. Облыс аумағында Қазақстан Республикасы тұрғындарының 3,4%-ы тұрады. 2013 жылғы қаңтар-мамырда жаңа туған 3397 сәби тіркеліп, өткен жылғы сәйкес кезеңнен 3,9%-ға кем болды, 3311 шетінеу (2,9%-ға кем), 1375 некелесу, 788 …

ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ Read More »

Көршілес облыстар мен ресейлік ұландар да “АЮТАСТЫ” ТАҢДАДЫ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Міне, Шал ақын ауданындағы “Аютас” балаларды сауықтыру демалыс лагеріне келіп те қалдық. Үлкен алаңның әр жерінде томпаңдап жүрген балалардың іштері пысар емес. Лагерьдің үшінші ауысымы басталғаны кеше ғана болса да, бір-бірін танып қалған балалар оңай тіл табысып, топтала қалыпты. Кешеден бері аспан түнеріп, әлсін-әлсін жауын себелеп тұрса да, ойын-құмар балалар өздеріне …

Көршілес облыстар мен ресейлік ұландар да “АЮТАСТЫ” ТАҢДАДЫ Read More »

ЖАЗА БАСҚАН ЖАСӨСПІРІМ түзу жолға түссін деп…

Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына қандай тәрбие сіңіретінімізге тікелей байланысты. Біздің топырағымызда туған кез келген сәбиді – қазақстандық және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс.  Жұлдыз ОСПАНОВА,   Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі. Қазақстан Конституциясының 27-бабына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады. …

ЖАЗА БАСҚАН ЖАСӨСПІРІМ түзу жолға түссін деп… Read More »

ҮШЕУІНІҢ БІРЕУІНЕ БҰЙЫРҒАНЫ – КҮМІС

Олимпиадалық резервтегі “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балуандары Ресейдің Новосібір қаласында өткен “Спорт – Искусство – Интеллект” атты халықаралық балалар ойынына қатысты. Турнирде Ресей, Қырғызстан, Украина және Қазақстан сияқты елдердің 100-ден астам балуандары бәсекелесті. Аталмыш сайыста ел намысын қорғаған солтүстікқазақстандықтардың ішінде Исмаил Исмаилов жақсы нәтиже көрсетті. 53 кило салмақ дәрежесінде белдескен спортшы күміс медальға …

ҮШЕУІНІҢ БІРЕУІНЕ БҰЙЫРҒАНЫ – КҮМІС Read More »

78 ЖАСЫНДА 21 ШАҚЫРЫМДЫ АРТТА ҚАЛДЫРДЫ

Ресейдегі Свердлов облысында “Конжак” халықаралық тау марафоны өтіп, оған қатысқан жерлесіміз Софья Султанова таулы-тасты жерде 21 шақырымды бағындырды. 18-ші рет өткізілген дәстүрлі марафон қауіп-қатерге толы болғанымен, қатысушылардың қарасы қалың болған. Марафонда Швеция, Украина, Франция, Беларусь сияқты елдерден келген 2 мыңға жуық спортшы үздік атануға тырысқан. Жарыс талабын орындау жерлесімізге оңай болған жоқ. Ең алдымен 17 …

78 ЖАСЫНДА 21 ШАҚЫРЫМДЫ АРТТА ҚАЛДЫРДЫ Read More »