«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРЗАН ЖАНАРМАЙ ӘПЕРЕМІН ДЕП, жұртты алдаған алаяқ ұсталды

Петропавл қаласы аумағында алаяқтықпен айналысқан Ақмола облысының тұрғыны ұсталды. Ол бензин талондарын арзан бағаға сатамын деп, ақша алысымен ізін жасырып отырған.  Алаяқтың құрбандарынан тәртіп сақшыларына маусым айының соңында бірнеше арыз түсе бастаған. Жәбірленушілердің айтуынша, жас жігіт оларға “АИ-92” маркалы жанармайдың талондарын төмен бағамен танысынан алып бере алатынын айтып, өтеуіне пайыздық үстемеақы сұраған. Алайда, күдіктінің қолына …

АРЗАН ЖАНАРМАЙ ӘПЕРЕМІН ДЕП, жұртты алдаған алаяқ ұсталды Read More »

ТӨЛЕНБЕГЕН АЛИМЕНТ КӨЛЕМІ – 100 миллион теңгеден астам

Облыстық Сот актілерін орындау департаментінің алимент төлемдерін өндіріп алу жөніндегі бөлімі филиалының сот орындаушылары, алименттер өндіріп алу жөніндегі атқарушылық құжаттарды орындау бойынша азаматтарға кеңес берді, алимент төлемегені үшін жауапкершілік туралы ақпараты бар парақшалар таратты, БАҚ қызметшілерінің қатысуымен азаматтар арасында сауалнама жүргізді. “Ашық шекара” акциясы аясында сот орындаушылар борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде 2 материал мен …

ТӨЛЕНБЕГЕН АЛИМЕНТ КӨЛЕМІ – 100 миллион теңгеден астам Read More »

АЙЫППҰЛ ТӨЛЕМЕЙ ЖҮРГЕН көлік иелері анықталуда

2013 жылдың басынан СҚО Сот актілерін орындау жөніндегі департаменті СҚО ІІД Жол полициясы басқармасы ортақ бұйрықтың негізінде облыс орталығының автокөліктер көптеп шоғырланған аумақтарда рейд жүргізуде. Полицейлер мен сот орындаушыларының назарына “Рахмет”, “Тайга” сауда үйлері, базар маңы, сондай-ақ қаланың кіреберісіндегі Бескөл ауылы мен Мамлютка қаласы жағынан келетін көліктер ілінуде. Жарты жылда барлығы 104 рейд жүргізіліп, 3022 …

АЙЫППҰЛ ТӨЛЕМЕЙ ЖҮРГЕН көлік иелері анықталуда Read More »

БОРЫШЫҢ БОЛСА, ШЕТЕЛГЕ БАРА АЛМАЙСЫҢ

ҚР “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Заңының 33-бабына сәйкес, сот орындаушысы өндіріп алушының өтініші бойынша борышкердің белгіленген мерзімде себепсіз талаптарды орындамаған жағдайында оның Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға міндетті. 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында СҚО Сот актілерін орындау жөніндегі департаментінде ел аумағынан шығармау жөнінен 1688 құжат әзірленді, бұл өткен …

БОРЫШЫҢ БОЛСА, ШЕТЕЛГЕ БАРА АЛМАЙСЫҢ Read More »

АВТОМОБИЛЬ – ОЙЫНШЫҚ ЕМЕС…

“Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінде Петропавл қаласы бөлімшелерінің өрт сөндіру машиналарының жүргізушілері қатысқан “Жол қозғалысының қауіпсіздігі” тақырыбына семинар ұйымдастырылды. Қасен ҚҰСЫЛБАЕВ, өрт сөндіру техникасы және күрделі құрылыс бөлімінің бастығы. Семинарға облыстық Ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасының Әкімшілік тәжірибе бөлімінің аға инженері Алтынбек Тыштыбаев қатысты. Алтынбек Шайзаратұлы басты мақсат жол-көлік жарақаты мәселесіне …

АВТОМОБИЛЬ – ОЙЫНШЫҚ ЕМЕС… Read More »

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әлеуметтiк маңызы бар қатынастар тiзбесін анықтау туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 12/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы (Бесінші шақырылымның XVІ сессиясы)

Петропавл қаласы 2013 жылғы 2 шілде №16/14   «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес қолжетімді тарифтер деңгейін және Солтүстік Қазақстан облысы аумағы бойынша халықтың еркін қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әлеуметтiк маңызы …

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әлеуметтiк маңызы бар қатынастар тiзбесін анықтау туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 12/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы (Бесінші шақырылымның XVІ сессиясы) Read More »

ӘКІМШІЛІК ТҰТҚЫНДАУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫНЫ ОРЫНДАУДА заң бұзушылыққа жол берген

Есіл аудандық прокуратурасы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі талаптарын сақтамау фактілерін анықтады. Есіл аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері әкімшілік тұтқындау туралы қаулыны орындауда заң бұзушылыққа жол бергені үшін жауапқа тартылды. Ішкі істер органдарының арнайы қабылдағыштарының қызметін ұйымдастыру ережесінің 13-бабының 8-тармақшасына сәйкес ішкі тәртіпке сай кезекші ұсталған азаматтарды қатаң бақылауға міндетті. Істі болған тұлғалардың денсаулығы нашарлаған …

ӘКІМШІЛІК ТҰТҚЫНДАУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫНЫ ОРЫНДАУДА заң бұзушылыққа жол берген Read More »

БЮДЖЕТКЕ ТҮСПЕГЕН қаржы жартылай қайтарылды

Салық және экологиялық заңдылық талаптарын сақтауға орай Жамбыл орталық аудандық ауруханасында тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде экологиялық заң бұзушылық, қоршаған ортаны ластау фактілері мен бюджетке эмиссия түріндегі қаражаттың түспегендігі анықталды. Аудандық аурухананың 2010 жылдан 2012 жылға дейінгі мерзімге күл және күл тәріздес қоқыстарды пайдалану және өндіріс қоқыстарын сақтауға рұқсаты жоқтығы белгілі болды. Салық кодексінің 495-бабының 10-тармағына сәйкес …

БЮДЖЕТКЕ ТҮСПЕГЕН қаржы жартылай қайтарылды Read More »

ПАНДУС ДЕГЕН АТЫ ҒАНА…

“Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы мен “Жас Отан” жастар қанатының өкілдері Петропавл қаласының әлеуметтік қызмет көрсету нысандарында мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың мүгедек қоларбасымен кіріп-шығуына арналған баспалдақтар мен пандустардың бар-жоғын анықтау мақсатында рейд жүргізді.  Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Шара барысында облыс орталығындағы әлеуметтік қызмет көрсету нысандарының басым бөлігінде мүгедек қоларбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандустардың мүлдем …

ПАНДУС ДЕГЕН АТЫ ҒАНА… Read More »

ЕСЕПТЕГІШІ БАРДЫҢ ЕСЕБІ ТҮГЕЛ

Бұрнағы күні Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың мәжіліс залында мемлекеттік органдардың, “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-і және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен жылу қуатын есептеу құралдарын орнату мәселесіне арналған брифинг өтті. Қуат үнемі жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бір тармағын әңгіме арқауына айналдырған бұл жиынды қала әкімінің кеңесшісі Анатолий Мишин ашып, осы бағыттағы нақтылы іс-шаралардың жай-жапсарымен таныстырды. Тоқтар ЗІКІРИН, …

ЕСЕПТЕГІШІ БАРДЫҢ ЕСЕБІ ТҮГЕЛ Read More »

БАЛ ҚЫМЫЗДЫҢ ҚАДІРІН БІЛІП, кәсіп қылған отбасы

Айыртау ауданының Әлжан ауылында тұратын Әлібек пен Баршагүл Жұмабаевтар 2011 жылы “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша несие алып, өз кәсібін ашқан еді.  Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Жұмабаевтар отбасы әу бастан бие сауып, оның қымызын табыс көзі еткен. Қолдарындағы бір биенің сүтін жаратып жүрген Баршагүл Мұратқызы БАҚ-тан “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша аз пайызбен …

БАЛ ҚЫМЫЗДЫҢ ҚАДІРІН БІЛІП, кәсіп қылған отбасы Read More »

ҚАМҚОРЛЫҚҚА БӨЛЕНГЕН АНСАМБЛЬ халықаралық конкурсқа аттанады

Кеше облыс әкімі Самат Ескендіров есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернатында болып, ондағы “Sensetive” бал биі ансамблінің өнерін тамашалады. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Жуырда аталмыш ансамбльдің жетекшісі Ольга Ростовщикова “Нұр Отан” ХДП облыс тық филиалының төрағасы Самат Ескендіровтің қоғамдық қабылдауында болып, тәрбиеленушілерін Болгарияның Несебр қаласында халықаралық “Славянский путь” ұлттық мәдениет, өнер және …

ҚАМҚОРЛЫҚҚА БӨЛЕНГЕН АНСАМБЛЬ халықаралық конкурсқа аттанады Read More »

КЕЙІНГІЛЕР АРАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ӨРШІП ТҰР

Әлемдік экономикалық дағдарыстың екінші толқынының қаупі әлі де сейілер емес. Оның бір нышаны бүгінде жастар арасында өсе түскен жұмыссыздықтан аңғарылады. Бұл туралы Берлинде өткен еңбек нарығындағы проблемаларға арналған конференцияның қорытындысы бойынша сөйлеген сөзінде Германия канцлері Ангела Меркель осы өзекті мәселені шешу Еуроодақ үшін басты мақсаттың бірі болып табылатынын айтып, оған еуропалық мемлекеттердің 8 млрд. еуро …

КЕЙІНГІЛЕР АРАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ӨРШІП ТҰР Read More »

ЕЛ ТІРЕГІНЕ ТЕҢЕП ЖҮРМІЗ, ендеше ертеңімізге бейжай қарамауға тиіс

“Томирис” гендерлік білім орталығы мен қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының ғимаратында жастардың қатысуымен “дөңгелек үстел” болып өтті. Онда Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты, әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік мәселелері қозғалды. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Жиын облыс орталығының әлеуметтік белсенді ұл-қыздарының басын біріктірді. Алдымен олар Елбасының “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан …

ЕЛ ТІРЕГІНЕ ТЕҢЕП ЖҮРМІЗ, ендеше ертеңімізге бейжай қарамауға тиіс Read More »

Өңірімізде төтенше жағдайлар азайды

Қанат БАЯНДИН, СҚО ТЖ департаментінің ақпараттық-анықтамалық жұмыс бөлімінің бастығы. Үстіміздегі жылдың өткен 6 айында өңірімізде 408 (2012 жылы – 606) төтенше жағдай тіркеліп, оның 378 оқиғасы техногендік сипатта болса, 30-ы – табиғи өрт. Аталмыш төтенше жағдайларда 79 адам (2012 жылы – 190) зардап шегіп, оның 58-і (2012 жылы – 66) өмірімен қоштасты. Ал келген материалдық …

Өңірімізде төтенше жағдайлар азайды Read More »

ВИКТОР БОГДАНЕЦКЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ҚОЗҒАЛДЫ

13 шілдеде Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті “Богви” ЖШС директоры Виктор Богданецке қатысты 2012 жылы “Богви” ЖШС-нің астық қабылдау кәсіпорындарында сақтауда жатқан “Казахстанская зерновая компания” ЖШС-не тиесілі жалпы сомасы 710 млн. теңгені құрайтын 18,5 мың тонна мөлшеріндегі бидайды талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.Бұдан басқа, 15 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясы …

ВИКТОР БОГДАНЕЦКЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ҚОЗҒАЛДЫ Read More »

ҚАЗҒАН ОРҒА ҚҰЛАДЫ

Петропавл қаласының орталығында түнгі сағат бір шамасында жолкөлік апаты болды. “Toyota” көлігінің 25 жастағы жүргізушісі Абай көшесімен келе жатып, Жамбыл көшесіне бұрыла бергенде су құбырларын ауыстыру үшін қазылған орға түсіп кеткен. Соның салдарынан көлік аударылып, түгелдей дерлік су астында қалды. Жолаушы мен жүргізуші алдыңғы есіктің терезесін ашып, көліктен өз күштерімен шыққан. Жолаушы жамбасын аздап зақымдап …

ҚАЗҒАН ОРҒА ҚҰЛАДЫ Read More »

МОТОЦИКЛШІЛЕР мен КОРТЕЖДЕР – жол полицейлері назарында

Облыстың жол полицейлері мотоциклшілердің арасында жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау мақсатында рейд жүргізді. Бұған қоса үйлену тойы кортеждерінің жолда жүру тәртібі тексерілді.  Рейдтің бір күні ішінде үш мотоциклші әкімшілік жауапқа тартылды. Солардың бірі облыс орталығының көшелерінде орналасқан бақылау бейнекамераларының назарына түспес үшін көлік нөмірін теріс іліп қойған. Сөйтіп, жол ережелерін бұзғанын жасырмақ болған. Ал жылдам …

МОТОЦИКЛШІЛЕР мен КОРТЕЖДЕР – жол полицейлері назарында Read More »

АЙДЫНДАҒЫ АЖАЛ

Облыста суға шомылу маусымы басталғалы 22 адам су құрбаны болса, оның үшеуі – балалар. Қайғылы жағдайға көбінесе демалушылардың сақтық ережелерін сақтамауы себеп болуда. Тимирязев ауданындағы Комсомольское ауылының маңындағы қазаншұңқырға түсуге барған 41 жастағы солтүстікқазақстандық су құрбаны болды. Марқұмның мәйітін жағаға жергілікті құтқарушылар алып шықты.Сүңгуірші құтқарушылар өткен аптаның өзінде ғана 11 азаматты өлім аузынан арашалап қалған. …

АЙДЫНДАҒЫ АЖАЛ Read More »

ШАРЛЫ НАЙЗАҒАЙ ШЫҒЫН КЕЛТІРДІ

Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында “Фольксваген-Венто” автокөлігінің бензин сорғысын жөндеу кезінде электр сымының тұйықталуынан от тұтанды. Оның салдарынан 48 жастағы машина иесін күйік шалып, аудан орталығындағы ауруханаға жеткізілді. “Темір тұлпар” иесінің үстіндегі синтетикалық материалдан тігілген киімі тұтанып, ер адам екінші дәрежелі күйік алды. Оның беті мен оң қолының саусақтары күйгенімен, автокөлігі зақымданған …

ШАРЛЫ НАЙЗАҒАЙ ШЫҒЫН КЕЛТІРДІ Read More »