«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢ ҮНЕМШІЛ ТҰРҒЫН ҮЙ жылуға 1 шаршы метр үшін 28 теңге 29 тиын төледі

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,“Солтүстік Қазақстан”. Табиғи ресурстарды үнемдеудің, сондай-ақ монополиялық субъектілердің көрсететін қызметтеріне төлемді азайтудың бір жолы – коммуналдық тұтыну қызметтеріне есептегіш құралдар орнату. Бүгінде Петропавл қаласындағы көпқабатты 1004 тұрғын үйдің 170-і ғана жылу энергиясына ортақ есептегіш құралдар орнатқан. Осы мәселе төңірегінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті БАҚ қызметкерлерімен бірге тур ұйымдастырып, Петропавл қаласының …

ЕҢ ҮНЕМШІЛ ТҰРҒЫН ҮЙ жылуға 1 шаршы метр үшін 28 теңге 29 тиын төледі Read More »

БІЗДІҢ ТҰРҒЫН ҮЙ

2013 жылдың басында зерттелген 660 үй шаруашылықтарының 60,3%-ында 3 және одан да көп бөлмелі, 29,9 – 2 бөлмелі және 9,8%-ында 1 бөлмелі үйлері бар. 2013 жылдың басында тұрғын үй қоры бар 660 үй шаруашылығын зерттеу нәтижесі тұрғын үйдің басым бөлігі 96,8%-ы жекеменшік үй екенін, 3,0 – жалданған үй екенін, 0,2 – әкімдік меншігі екенін көрсетті. …

БІЗДІҢ ТҰРҒЫН ҮЙ Read More »

“ЖИҺАД” ҰҒЫМЫ “қасиетті соғысты” емес, “өз надандығыңмен күрес” дегенді білдіреді

Қайрат Лама ШАРИФ, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы. Ұлт көшбасшысы – Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Тарих толқынында” атты кітабында “Тарих бәрін сыйға тарта алады, бірақ ішкі еркіндіктің формасы ретіндегі тәуелсіздікті сыйға алуға болмайды. Тәуелсіздік – бұл тарих толқынында субъект болу құқығын түсінетін және осы үшін жауап беретін халық болмысының бірден-бір формасы” деген болатын.   Тәуелсіздікті …

“ЖИҺАД” ҰҒЫМЫ “қасиетті соғысты” емес, “өз надандығыңмен күрес” дегенді білдіреді Read More »

ҰСАҚ АҚШАДАН БЕЗІНУГЕ БОЛМАЙДЫ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Қазір көрші Ресейде, Еуропа валюта аймағында және тағы басқаларда, соның ішінде, әрине, біздің елде де ең ұсақ монеталарды айналымға шығарудан бас тарту әңгімесі шығуда. Бұл бекер де емес. Айталық, еуроаймағы елдері 1 және 2 еуроцент номиналындағы монеталардан бас тартуды ойланып отыр. Осы мәселе төңірегіндегі ресми пікірталас Брюсельде 14 мамырда басталды. Оған …

ҰСАҚ АҚШАДАН БЕЗІНУГЕ БОЛМАЙДЫ Read More »

АҚТАЛҒАН СЕНІМ және АЙБЫНДЫ МІНДЕТ

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Елбасымыз былтырғы Тәуелсіздік күнінің қарсаңында жариялаған Жолдауында: “Ел 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды”, – деп түйіндеді.   Мемлекетті дамытудың бұл бағдарламасының “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” …

АҚТАЛҒАН СЕНІМ және АЙБЫНДЫ МІНДЕТ Read More »

“СУРЕТШІ ӨЗ ТУҒАН ЖЕРІНДЕ ҒАНА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСА АЛАДЫ”

Қанафия ТЕЛЖАНОВ: Сурет өнері – ғажайып бір әлем. Табиғатты сұлу етіп жаратқан Алланың сырлы құпиясын айнымастай кенеп бетіне дөп басып суреттеу – қаламы ұшқыр, қиялы жүйрік суретшілерге ғана берілетін қасиет. Сондай суретшінің бірегейі – Қанафия Телжанов. Оның қылқаламынан шыққан суреттер қазақ ұлттық көркемсурет өнерінің алтын қорына енген. Оның ел өнерінің дамуына сіңірген еңбегін тізіп шығу …

“СУРЕТШІ ӨЗ ТУҒАН ЖЕРІНДЕ ҒАНА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСА АЛАДЫ” Read More »

ЖАС ТІЛЕК

Жастар съезінің тілегі орындалды: өмір тәжірибесінің, білім аздығының кемдігіне қарамай, төрт түлігі сайланбай, “Жас азамат” тәуекел кемесіне мініп, тұрмыстың таласатын, күресетін майданына шықты. Келешектің қараңғылығы, саяси ауаның күн сайын құбылуы, қалың өрттей, кеселді дерттей апаты күшті күндердің тууы, ұлттың өмірлік құқықтары аяқ астына тапталып, зорлықтың үкім сүруі, “Жас азаматтың” үстіне ауыр жүк салып отыр, қоғамдасып-қолтықтасып …

ЖАС ТІЛЕК Read More »

“ӘСКЕР ӨМІРГЕ КӨЗІМДІ АШТЫ”

Еліміздің әрбір ер жігітін нағыз азамат, тегеурінді тұлға ретінде тәрбиелейтін әскери құрылымдардың бірі – Республикалық ұлан. Оған тек таңдаулылар ғана алынады. Сайдың тасындай сайыпқырандарымыз әскери өнерде өзгелерден оқ бойы озық келеді. Салтанатты жиындарда сап түзейтін сарбаздардың мүсіні мінсіз, қызметі қалтқысыз. Мемлекеттік деңгейдегі түрлі рәсімдік шараларды атқаратындар да дәл осы – Республикалық ұланның сарбаздары. Республикалық ұланда …

“ӘСКЕР ӨМІРГЕ КӨЗІМДІ АШТЫ” Read More »

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР қаза тапқан әріптестерін еске алды

Қазақстан полициясы күні қарсаңында облыстық Ішкі істер департаментінің ұжымы қызметтік міндетін орындауда қаза тапқан қызметкерлерін еске алды. Аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары Владимир Балахонцев, ІІД-нің басшылығы, ардагерлер, солтүстікқазақстандық полицейлердің жеке құрамы қатысты. Қызметтік міндетін орындауда қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, автоматтан үш мәрте оқ атылып, бір минут үнсіздік жарияланды. 2009 жылы ашылған …

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР қаза тапқан әріптестерін еске алды Read More »

21 КӨЛІК пен 34 СКУТЕР – жергілікті полицейлерге сый

Қазақстан полициясы күні облыс әкімі Самат Ескендіров солтүстікқазақстандық тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, су жаңа 21 қызметтік автокөлік пен 34 скутердің кілттерін табыс етті.  Назерке ТҰРСЫНОВА, журналист. Облыс орталығындағы “Динамо” стадионына тәртіп сақшылары бұл күні тыныштықты қамтамасыз ету үшін емес, полицейлердің төл мейрамын атап өтуге жиылыпты. Жиынды ашқан облыс әкімі қиын да қажырлы қызметті таңдаған …

21 КӨЛІК пен 34 СКУТЕР – жергілікті полицейлерге сый Read More »

БІЗДІҢ ӨҢІР АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ ӨЗГЕШЕ

Кеше облыстық ардагерлер кеңесінің ІІІ пленумы болып өтті. Оған республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев, облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов қатысты. Пленумда кеңес төрағасы Ескендір Елеусізов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясында белгіленген мемлекеттің жаңа саяси бағытын жүзеге асыруға арналған облыс ардагерлері ұйымдарының міндеттері туралы баяндады. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Ескендір Есмақұлы өз …

БІЗДІҢ ӨҢІР АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ ӨЗГЕШЕ Read More »

“САҚАЛДЫ ҚҰРЫЛЫСТАР”

“Құрылыс саласындағы өзекті мәселелер” тақырыбында өткен баспасөз мәслихатына Құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ратмир Усманов, Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Валерий Затай, Жер қатынастары басқармасының басшысы Есенгелді Кәрібаев, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Аталмыш шарада БАҚ өкілдері тарапынан М.Жұмабаев, К.Сүтішев көшелеріндегі “сақалды” құрылыстар, Юбилейная көшесі, 9“б”, “в” үйлерінің апатты …

“САҚАЛДЫ ҚҰРЫЛЫСТАР” Read More »

МЕКТЕППЕН ҚОШТАСУ КЕШІ

“Сиқырлы қоштасу кеші” акциясы өз мәресіне жетті. Бір ай бұрын басталған аталмыш акцияны ұйымдастырушы – “Улыбка” балалар қайырымдылық қоры. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Акция аз қамтылған көпбалалы отбасылар, мүмкіндіктері шектеулі, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және жетімдіктің тауқыметін тартқан балаларға аз да болса, көмек көрсету мақсатында өткізілді. Қаланың үздік оқушылары Элина Мессерле мен Аблайхан Байдет (суретте) – акцияның …

МЕКТЕППЕН ҚОШТАСУ КЕШІ Read More »

Бірінші байлық – денсаулық

МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗДАР АРҚЫЛЫ 63 МЫҢ АДАМ ТЕКСЕРІЛДІ Зарина КАРИМОВА.   Консультациялық-медициналық пойыздарда 2012 жылы 63 мыңнан астам адам, оның ішінде 24,5 мың бала тексерілді. 234 станцияда диагностикалық қызмет түрі 231 мыңнан астам адамға көрсетілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Бүгіндері республика бойынша үш консультациялық-диагностикалық пойыз бен 49 жылжымалы медициналық кешен жүріп тұр. 2012 жылдан елдің …

Бірінші байлық – денсаулық Read More »

ЖАЙ ТҮСІП, ҚАЗА БОЛДЫ

СҚО-да мектеп стадионында ер адамға жай түсіп, мерт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.23 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысының Көкалажар ауылындағы орта мектептің стадионында футбол ойнау кезінде 21 жастағы жігітке найзағай түсіп, ол оқиға орнында жан тапсырды.

Ескерту

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!Ауа райының ысуына байланысты облыс аумағында суға түсіп, өмірімен қоштасып жатқандар саны көбейіп кетті. Үстіміздегі жылдың мамыр-маусым айларында су айдындарында балық аулау мен шомылудың қарапайым ережелерін сақтамаудың салдарынан 10 адам ажал құшты, оның екеуі – 16 жасқа толмаған жеткіншектер.Сондай-ақ, Петропавл қаласы және Қызылжар мен Жамбыл аудандарында 20 маусым күні ауаның ыстығынан кеуіп тұрған 2,5 …

Ескерту Read More »

ЗЫЛИХАҒА ХАТ

Ерболат БАЯТ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Сарыарқа, саумал жаз, сағынтқан ән қайда?Алаңсыз күндерім, қалдың ба шалғайда?Өмірдің өлшеулі уызын талмаймын,Тағдырдың тәтті уын тамызып таңдайға. Жетер ме Құдайға азабым, бар қайғым,Қойлыбай қобыздай зар илеп сарнаймын.Тар қапас дүние сәулеңе зарықтым,Оқылған дұғамды өзіме арнаймын.

ӨЛЕҢМЕН ОҚЫЛҒАН ДҰҒА

Аманжол ЗАҒЫПАР. Сананы түрмеге түнеткен заманда,Күрсінді Жер Ана азалы Ғаламға Қорқыттай күңіреніп, Асандай аңырап,Боз дала жаншылды ұлыған боранға. Жұлдыздар сіңгендей аспанның бұлтына,Балтаны сілтеді Алаштың рухына.Көкжалдар апанын өшігіп күйретіп,Сыйғызбай жіберді жұмыр жер сыртына.

АЙ БЕТІНЕН ІЗДЕП АҚЫН МОЛАСЫН

Ұларбек ДӘЛЕЙҰЛЫ,ҚР Ұлттық мұрағатының қызметкері,Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері. Ақында адамзаттан дос болмайды,Тек қана сырын сөйлер қаламына.Мағжан. Маңдайына ақыры солай тағдыр жазды Алла,“Мағжан өлді”, – дейді жұрт,Одан ауыр сөз бар ма?Қаймана жұрт қамы еді құрсау салған басына,Сенен қатал, беу, ғұмыр, күткен сыйым осы ма?

БІР ҰЛ

Талап ҚУАНЫШ. Сөйле, дала! Сен тарихсың, парағы жыртылмаған,Күйің тынбай, самалың жыр тыңдаған.Сырласып мен көрейін шындық барда,Сайқал тағдыр бермесе, сыртын маған. Сөйле, дала!Боздақтардың боздаған жүрегісің,Соққан еді далам деп жүрегі шын.Тартып алған тағдыры тарландардың,Ұлылығын, ұлттығын, тіле күшін.