«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮРКІСТАННАН ТҮЛЕП ҰШҚАН ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ҚЫРАНЫ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Қазақ елінің рухани кіндігіне баланатын қасиетті Түркістан топырағында туып, бүгінде елге сыйлы азамат атанып отырған Ермекбай Айдарбековтың біздің аққайыңды солтүстік өңірге бауыр басып, бел баласындай өмір сүріп жатқанына да қырық жылға жақындап қалды. Бірге жүрген жақын жора-жолдастары болмаса, былайғы жұрт оның оңтүстік өңірдің тумасы екенін біле де бермейді. Оны шойыннан құйылғандай …

ТҮРКІСТАННАН ТҮЛЕП ҰШҚАН ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ҚЫРАНЫ Read More »

АСТАНА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛЫ ДӘУІРІ және СТРАТЕГИЯЛЫҚ ВЕКТОРЫ

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті Осыдан 15 жыл бұрын Қазақстан Республикасының жаңа елордасы Астана бүкіл әлемге салтанатты түрде таныстырылған болатын. Сол уақытқа дейін елорданы ауыстыру туралы идея тұжырымдамалық тұрғыдан ой елегінен өткізіліп, мәселе шешілген, орталық мемлекеттік органдарды қабылдап, орналастыру бойынша қажетті дайындық жұмыстары жүргізілген және оларды Алматыдан ұйымдасқан түрде көшіру жүзеге асырылған күрделі де драмаға …

АСТАНА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛЫ ДӘУІРІ және СТРАТЕГИЯЛЫҚ ВЕКТОРЫ Read More »

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ АРҚАУЫ – ЕЛОРДА Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөз сөйледі

Осы күндері барша Қазақ елі елорданың 15 жылдық мерейтойын атап өтуде.5 шілдеде осынау ойын-тойдың, қызық-думанның ең басты шарасы “Астана Опера” мемлекеттік опера және балет театрында шымылдығын түрді. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтар мен астаналықтарды және Астананың мәртебелі меймандарын бас қаланың 15 жылдық мерейтойымен құттықтады. Жақсыбай САМРАТ,“Егемен Қазақстан”. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзін: “Қымбатты отандастар! …

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ АРҚАУЫ – ЕЛОРДА Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөз сөйледі Read More »

ҚОЖАБЕРГЕН БАБА РУХЫНА

Темірғали КӨПБАЕВ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты.   “Қожаберген ғаділ ер,Қадірін білген қалың ел.Бөгенбайдай батырға,Билігін берген ардагер.Қожа-екеме Бөгенбай,Шәкірт болған жан еді.Сайлатқан оны ұстазым,Қарадан шыққан хан еді”.

БАС САРДАР

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ. Батыр десем, жауға түскен салмағы,Түмен-түмен қол төңкерген арланы.Ширек ғасыр Жоңғарменен соғыстаҚол бастаған қазақтың бас сардары! Жырау десем, биік қойған мұратын,Таңдайынан дауылды сөз туатын.Отты жырын тыңдағанда сарбаздар,Жалау тіктеп, “жау қайдалап” шығатын.

ҰЛЫ ЖЫР

Ырысбек ДӘБЕЙ. Жазира жапан түз жамылған кежім – жыр,Тарихым қашалған тастарға көгілдір.Күн түбін жаңғыртқан тұлпардың тұяғы,Жұп-жұмыр әлемді айбатым кезіп жүр. Тамырым тараған көк мәрмәр тастардан,Бұтағым бұлдырап көрінер аспаннан.Қаны мен жасына қауырсын суарып,Еһ, есіл бабам-ай!Хұсни хат жазған.

“ЕЛІМ-АЙ!”

Әділғазы ҚАЙЫРБЕКОВ. Ай аунап, жүйрік жылдар оза берген,Ғасырлар көш-керуен соза берген…“Елім-ай!” болып жұртқа сәлем айтқан,Есіл ер, ерен жырау Қожаберген. “Елім-ай!” – өлең шығар, дастан шығар,Дастанға сыймай тасып, асқан шығар.“Қарындастан айрылған…” деген кезде,Қазір де қара көзден жас тамшылар.

ЖЕТКІНШЕКТЕР

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Балалар ойын қуып желпінеді,Есіңе өткен күнді келтіреді.Күні ертең жетілетін жеткіншектерБолмай ма ер-азамат — ел түлегі?! Талғат ТӘНІБАЕВТЫҢ фотоэтюді.  

ӨЛКЕТАНУШЫМЕН КЕЗДЕСУ

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының залында белгілі өлкетанушы Михаил Морозовпен кездесу өтті. Ескі шаһар туралы бірнеше кітаптың авторы жиналғандармен сыр-сұхбат құрды. Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Түмен облысында туған, бірақ бала кезінде ата-анасымен бірге Петропавлға көшіп келген Михаил Андреевичтің өлкетанушылық ісі осы жерде басталған. 1964 жылы арман қуып, бұрынғы Целиноград медицина институтына оқуға түседі. Алты жылдан кейін …

ӨЛКЕТАНУШЫМЕН КЕЗДЕСУ Read More »

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІ АЛДАП ЖҮРГЕН екі алаяқ әйелге іздеу жарияланды

Петропавл қаласының Заречный ықшамауданында тұратын 68 жастағы зейнеткердің үйіне бөтен екі әйел келіп, жалға берілетін бөлме жайында сұрастырған. Кейін алаяқтар денсаулық жайында әңгіме қозғаған. Қарияға аяғының ауыратынын айтып, ыңғайлы сәтті жіберіп алмауға тырысады. Сырқатқа көмектеспек болып, дұға оқу мақсатында үй иесінен алғашында жұмыртқа, бір стақан су мен орамал алып шығуын сұрайды. Кейін пәленің барлығы ақшадан …

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІ АЛДАП ЖҮРГЕН екі алаяқ әйелге іздеу жарияланды Read More »

ҚОС БАЛУАНЫМЫЗҒА “ҚОЛА” БҰЙЫРДЫ

Жерлестеріміз Аманғали Бекболатов пен Данияр Есләмбеков Шымкент қаласында грек-рим күресінен өткен ел біріншілігінен қола жүлдемен оралды. Балуандардың байрақты бәсекесінде Қазақстанның барлық облыстарынан 150-ге тарта спортшы күш сынасты.   50 және 55 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен петропавлдық балуандар Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері. Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.

ЖЕЛАЯҚТАРЫМЫЗ ТОП ЖАРДЫ

Астана күніне орай Петропавл әуежайы тас жолында қалалық жартылай марафон өтті. Оған қатысқан жергілікті және Ақмола облысының, Астана қаласының 35 желаяғы 5, 10 және 21 шақырымды бағындырды.   Бәсекелі дода қорытындысы бойынша 21 шақырымда Әскер Қожанов (Жамбыл ауданы) топ жарды. 10 шақырымда көкшелік Балғабай Күлпейісов үздік атанды. Жерлес желаяқтар Ринат Каримов ерлер арасында, ал Флюра …

ЖЕЛАЯҚТАРЫМЫЗ ТОП ЖАРДЫ Read More »

АЙДАРДЫҢ “АЛТЫНЫ”

Бішкек қаласында жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан өткен Азия біріншілігінен жерлес зілтемірші Айдар Қазов бір алтын, екі қола медаль еншілеп оралды.   Жарыс барысында 77 кило салмақ санатында еліміздің намысын қорғаған қызылжарлық спорт шебері Айдар Қазов серпе көтеру жарысында 179 килоны бағындырып, үздік атанды. Жұлқа көтеру сайысында 135 килолық зілтемірді бағындырып үшінші орынға тұрақтады. Қоссайыс қорытындысын …

АЙДАРДЫҢ “АЛТЫНЫ” Read More »

ВОЛЕЙБОЛШЫ ҚЫЗДАРЫМЫЗ МЫҚТЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Теміртауда қыздар арасында волейболдан ел кубогы өтті. Оған қатысқан 19 өңірдің волейболшы қыздары үш жас деңгейі бойынша өнер көрсетіп, сайыстың бас жүлдесі үшін апта бойы сынға түсті. Бұл жарыста 12-13 жасар қыздар арасында солтүстікқазақстандық волейболшылар үздік атанса, қарағандылықтар 14-15 жас аралағында топ жарды. Ал 16-17 жастағылар арасында астаналық “Оқушылар сарайының” тәрбиеленушілері жеңіске жетті. Облыстық Туризм, …

ВОЛЕЙБОЛШЫ ҚЫЗДАРЫМЫЗ МЫҚТЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ Read More »

“ЖЕҢІСТІҢ” ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ ЖЕРГЕ ҚАРАТҚАН ЖОҚ

Қызылжарлық спортшылар Ресейдің Новосибирск қаласында өткен “Спорт – Искусство – Интеллект” атты Халықаралық балалар ойынынан оралды. “Жеңіс” спорт мектебінің тәрбиеленушілері семсерлесу және баскетбол ойыны бойынша өнерлерін паш етті.   Жарыс қорытындысына келсек, облыстық ерлер құрамасының мүшесі Денис Анацко жекелей сында үшінші орын, алса, командалық сайыста шеберлігімен алдына жан салмады. Қыздарымыз да жақсы нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық …

“ЖЕҢІСТІҢ” ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ ЖЕРГЕ ҚАРАТҚАН ЖОҚ Read More »

ТІЛСІЗ ЖАУ 175 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ЗИЯН ШЕКТІРДІ

Жыл басынан бері облыста 380 өрт болып, одан 175 миллион теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 30 адам, соның ішінде 5 бала қаза тапты. 22 адам түрлі дәрежеде күйікке шалынды. Шілденің алғашқы аптасында облыс көлемінде 20-ға жуық өрт оқиғасы тіркелді. Атап айтар болсақ, Мамлютка қаласының Энергетиктер көшесінде орналасқан екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Электр …

ТІЛСІЗ ЖАУ 175 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ЗИЯН ШЕКТІРДІ Read More »

СУ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ САНЫ 21-ге ЖЕТТІ

Үстіміздегі жылы суға түсу маусымы басталғалы судың құрбаны болғандардың қатары күн санап өсуде. Жыл басынан бері 21 облыс тұрғыны суға кетсе, оның 3-еуі – бала.   Соңғы қайғылы жағдай Айыртау ауданының Шалқар көлінің оңтүстік-шығыс жағалауында орын алды. Белгілі болғанындай, шілденің 7-сі күні Ақмола облысынан келген отбасы көлде суға түсіп, демалған. Кешкілік аяқастынан көтерілген жел суға …

СУ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ САНЫ 21-ге ЖЕТТІ Read More »

МАРГАРИТА МҰҚАШЕВА – УНИВЕРСИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ

Биылғы жылғы әлемдік үлкен спорт оқиғасы – Қазан қаласында өтіп жатқан ХХVІІ Бүкілдүниежүзілік универсиада. Студенттердің осынау спорт сайысына Қазақстан Республикасының жоғары оқу орыдарында білім алып жүрген спортшылар да қатысуда. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Бүгінгі таңға дейін біздің спортшылар ел құрамасының қоржынына екі алтын алқа салды. Алғашқы алтынға ауыр атлетші Фархад Харки қол жеткізсе, тоғызыншы шілде …

МАРГАРИТА МҰҚАШЕВА – УНИВЕРСИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ Read More »

ЕЛОРДА ТОЙЫ – ЕЛДІҢ ТОЙЫ

Сенбі күні еліміз Астана күнін атап өтті. 15 жылдық мерейтойын тойлаған елордаға солтүстікқазақстандықтар да өз құрметін көрсетті. Облыс орталығының негізгі көшелерінде, қоғамдық демалыс орындарында мерекелік концерттер, түрлі көрмелер мен байқаулар, спорт жарыстары ұйымдастырылды. Тоқтар ЗІКІРИН, Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Мерекелік көңіл күйге бөленген қала тұрғындары мен қонақтары орталық алаңға жиналды. Қазақстан Конституциясы көшесі бойында елорданың …

ЕЛОРДА ТОЙЫ – ЕЛДІҢ ТОЙЫ Read More »

Қ ҚАЙЫҢДЫ ОРМАННЫҢ САЯСЫНДА

Жылдың он екі айының тоғызын мектепте өткізетін балғындар үш ай демалысты асыға күтеді. Жаздың жайма-шуақ күндерінде балалар ұйқыларын қандырып, суға шомылып, жидек пен саңырауқұлақ теріп рахатқа бөленеді. Осындай демалыс сыйлайтын орынның бірі – Мағжан Жұмабаев ауданындағы “Березка” лагері көп жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Медет БЕКІШЕВ,   қоғамдық тілші. Лагерь директоры Салтанат Мәдиеваның айтуына қарағанда, …

Қ ҚАЙЫҢДЫ ОРМАННЫҢ САЯСЫНДА Read More »