«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Облыс тұрғындарының балғын бөлігі

Көптен күткен жаз Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен басталады. 2012 жылы облыста 8,7 мың сәбидің өмірге келуі тіркелген, немесе тұрғындардың 1000 адамына шаққанда 14,98 (2011 жылы – 14,76) жаңа туылған. 2012 жылғы халықтың табиғи өсімі тұрғындардың 1000 адамына шаққанда 1,41 (0,87) құрады. 2012 жылы туылғандардың жалпы санынан ер балалар қыздардан 48,8% (48,1) көбірек 51,2% (51,8).

2013 жылғы сәуірдегі жалақы

2013 жылғы сәуір айында бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 70101 теңгені құрап, 2012 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 8,5%-ға өсті, нақты көріністе 2,0%-ға өсті.Орташа облыстық көрсеткіштен әрқайсысында 1,6 және 1,5 есе асып түскен, қаржылық және сақтандыру қызметінде (113512 теңге), көлік және қоймалау (105734 теңге) жалақының ең жоғары мөлшері атап өтілді. Білім (59542 теңге) және өнер, …

2013 жылғы сәуірдегі жалақы Read More »

Жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

2013 жылғы 1 сәуірдегі алдын ала деректер бойынша облыс нарығында белсенді жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны облыста – 24 042. Соның ішінде 78,8% – жеке кәсіпкерлер, 11,9% – шаруа қожалықтары, 9,3% – заңды тұлғалар. Өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 16,9%-ға артты.2013 жылғы 1 сәуірдегі …

Жұмыспен қамтылғандардың саны артуда Read More »

2013 жылғы қаңтар-сәуірдегі облыстың экономикалық және…

2013 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,2%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,1%-ға, бөлшек сауда 24,7%-ға өсті. 2013 жылғы қаңтар-сәуірде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында (шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығын қоса есептегенде) қолданыстағы бағамен 44,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

АЛАҢДА – АУЫЛ ФУТБОЛШЫЛАРЫ

“Ақ бидай” жазғы ауыл спорт мерекесі аясында Ғабит Мүсірепов атындағы Уәлиханов және Шал ақын аудандарында футболдан аймақтық сайыс өтті.Сайыстың қорытындысы бойынша әр аймақта топ жарған Ғабит Мүсірепов атындағы, Аққайың және Шал ақын аудандарының құрамалары “Ақ бидайдың” ақтық кезеңі өтетін Тимирязев ауданында алаң иелерімен кездесетін болады. Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

ИРИНАНЫҢ 5 МЕДАЛІ

Тараз қаласында ҚР ІІІ Жастар ойындары аясында жүзуден сайыс өтті. Аталмыш додада өңір намысын абыроймен қорғаған Ирина Сорокина 4 алтын мен 1 күміс медальді қанжығасына байлап қайтты. Тарқатып айтатын болсақ, 200, 400 метрге кешенді жүзуде және 100 метрге брас әдісімен жүзуде топ жарса, 50 метрге кешенді жүзуде үшінші болды. Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының …

ИРИНАНЫҢ 5 МЕДАЛІ Read More »

ҚОС АЛТЫН – ҚОЛДА…

Германияның Дормаген қаласында аяқталған әйелдер арасындағы халықаралық сайыстан солтүстікқазақстандық балуан қыздар жүлдемен оралды. Өткен жылы күрестен Азия жеңімпазы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері Марина Зуева (46 кг.) мен Кристина Яловенко (51 кг.) сайыстың ақтық сынында алаң иелерінің жауырынын жер иіскетіп, елге алтын жүлдемен оралды.  Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.  

ТІЛСІЗ ЖАУ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтау мәселесі бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Онда Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Нұрлан Атығаев өңірімізде орын алған апаттық оқиғалар мен фактілерді тілге тиек етті. ТЖД бөлімшесі бастығының айтуына қарағанда, өткен жылмен салыстырғанда өрт саны 28 пайызға азайып, одан келген адам шығыны – 11, …

ТІЛСІЗ ЖАУ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС Read More »

АЙЛЫҚ БАСТАЛДЫ

Мамырдың 27-сі мен маусымның 21-і күндері аралығында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуде. Жұлдыз ЕСЕНҒАЗИН,Есіл аудандық ТЖ бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі. Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізудегі басты мақсат – тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, мекеме, кәсіпорындарда, еңбек ұжымдарында өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау, газ, …

АЙЛЫҚ БАСТАЛДЫ Read More »

ПЕДАГОГТЕРДІҢ І ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫ

“Рух” психология және тұлғаны дамыту орталығының ұйымдастыруымен ұстаздар арасында “Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің үздік тәрбиешісі – 2013”, “Бастауыш сыныптардың үздік педагогі – 2013”, “Өзін-өзі тану пәнінің үздік мұғалімі – 2013”, “Үздік әлеуметтік педагог – 2013” І облыстық конкурсы өтті. Оған 64 мұғалім қатысты. Раушан ҚАЗБЕКОВА, “Рух” психология және тұлғаны дамыту орталығы” ЖШС директорының орынбасары, …

ПЕДАГОГТЕРДІҢ І ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫ Read More »

АЛИМЕНТІҢДІ ТӨЛЕМЕСЕҢ, АЛЫСҚА БАРА АЛМАЙСЫҢ Облыста “Ашық шекара” акциясы басталды

Облыстық Сот актілерін орындау департаментінің алимент төлемдерін өндіріп алу жөніндегі бөлімі филиалының сот орындаушылары маусым-ның 1-і мен 30-ы аралығында алименттер өндіріп алу бойынша “Ашық шекара” атты акция жариялайды. Акцияның мақсаты алименттер төлемі бойынша қалыптасқан жағдайға әсерін тигізу. Акция барысында борышы барларға шетелге шығуға болмайды. Петропавл қаласы бойынша ата-аналардың алимент төлемі бойынша борышы аз емес, жалпы …

АЛИМЕНТІҢДІ ТӨЛЕМЕСЕҢ, АЛЫСҚА БАРА АЛМАЙСЫҢ Облыста “Ашық шекара” акциясы басталды Read More »

АЙҒАНЫМ мен АЙНҰРДЫҢ ЖЕКЕ КОНЦЕРТІ

Облыс орталығындағы Достық үйінде өнер колледжінің биылғы жылғы түлектері Айғаным Махамбетова мен Айнұр Астанаеваның жеке концерті болып өтті. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Биыл дарынды қыздар Алматыдағы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияға оқуға түспекші. Олар өнер колледжінде алған білімдерін жиналған жұртшылыққа паш етіп, қошеметке бөленді. Айнұр Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінде скрипкада ойнайды. Айғаным да осы …

АЙҒАНЫМ мен АЙНҰРДЫҢ ЖЕКЕ КОНЦЕРТІ Read More »

ВИРУСТЫ ГЕПАТИТ

Гүлнәр ӘБДІРАХМАНОВА, №1 қалалық емхананың учаскелік медбикесі. Вирусты гепатит – қауіпті жұқпалы аурулар тобы. Халықаралық жіктеу бойынша оны 2 топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – ішек жұқпасы. Оған “А” және “Е” вирусты гепатиті жатады. Екіншісі – ас қорыту жолынан тыс тобы, яғни инфекция қан және ағзаның сұйық ортасы (сілекей, емшек сүті) арқылы жұғады. Бұл топқа …

ВИРУСТЫ ГЕПАТИТ Read More »

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ КӨПШІЛІГІ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРМЕКШІ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Облыс әкімдігі жанындағы өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып, онда “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша мемлекеттің көмегін сұраған бірнеше кәсіпкердің өтініштері қаралды. Отырысқа облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов төрағалық етті.  

110 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАТЫСУДА

“Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы басталғаннан бері 95,7 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына оқытылды, олардың 58,7 мыңы еңбекке орналастырылды. 31 мың адам “Жастар тәжірибесінен” өтті. Өткен жылы мемлекетіміз бұл бағдарламаға 71 миллиард теңге бөліп, тұрғындарды жұмыспен қамту жөніндегі жұмысты күшейте түсті.

ҚАЗАҚСТАН – БИЗНЕСКЕ ҚОЛАЙЛЫ 50 ЕЛДІҢ БІРІ

Шетелдік инвестиция Қазақстан үшін үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қаржылай қамтамасыз етуде де, техникалық жаңғыртуда да маңызды қайнар көз болып табылады. Еліміз инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде шаралар қолдана білді: 20 басым инвестор ел, 136 басым технологиялық көшбасшы, Clobal – 2000 тізіміндегі шетелдік инвесторлар айқындалды. Мұның үстіне Сыртқы істер министрлігі барлық 20 елдің дипломатиялық өкілдіктерімен инвестиция тартуға …

ҚАЗАҚСТАН – БИЗНЕСКЕ ҚОЛАЙЛЫ 50 ЕЛДІҢ БІРІ Read More »

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ТІЗГІНДЕЙТІН БАҒДАРЛАМА

Тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру елдегі жұмыссыздық деңгейін 6 пайыздан асырмауға мүмкіндік беріп отыр. Көрегендіктен жасалған бұл бағдарлама он мыңдаған адамдарды еңбекке орналастыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал жасап, екі жыл бойы өзінің тиімділігін дәлелдеді.

МЕМЛЕКЕТ МҮГЕДЕКТЕРГЕ МҮМКІНДІК ТУҒЫЗЫП ОТЫР

“Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы мүгедектердің лайықты адам ретінде сезінуіне мүмкіндік туғызып отыр, деп есептейді “Шырақ” мүгедек әйелдер қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләззат Қалтаева. Ел мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері бірінші рет қатысқан Үкімет мәжілісінде сөз сөйлеген ол бағдарламаны қызу қолдады.

АУЫЛДАҒЫЛАР ДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Жұмыспен қамту бағдарламасының жаңа бағыты – “Ауылдық елді мекендерді дамыту” былтырдан бері тәп-тәуір тындырылуда. Қазірдің өзінде осы бағыт шеңберінде 365 жоба, соның ішінде мектептерді, ауруханаларды, балабақшалар мен Мәдениет үйлерін жөндеу жөнінде – 310, инженерлік-көлік инфрақұрылымдары мен жолдардың – 138, коммуналдық сала нысандарының – 42, сондай-ақ ауылдарды көркейту жөнінде 75 жоба жүзеге асырылды. Аталмыш жобаларды жүзеге …

АУЫЛДАҒЫЛАР ДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ Read More »

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Петропавл қаласы. 2013 жылғы 27 мамыр №168     “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, “Нормативтік-құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: