«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСПАСӨЗ ТУРЫ НЕНІ БАЙҚАТТЫ?

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. “Солтүстік Қазақстан Таратушы электр желісі компаниясы” АҚ (бұдан әрі “СҚО ТЭК” АҚ) жергілікті басқарушы органдар, жұртшылық және БАҚ өкілдері үшін кәсіпорын нысандары бойынша баспасөз турын өткізді. Одан бұрын кәсіпорын басшылығы аталмыш шараға қатысушыларға “дөңгелек үстел” басында қуат беруші ұйымның 2013 жылғы жоспарын ортаға салды. Онда “СҚО ТЭК” АҚ-ның директоры Вячеслав Утябаев …

БАСПАСӨЗ ТУРЫ НЕНІ БАЙҚАТТЫ? Read More »

БҮЛДІРШІНДЕР МЕЙРАМЫ ойдағыдай өткізілетін болады

Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Облыстық Балалар құқығын қорғау жөніндегі департаменттің қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Онда мамырдың 1-інен бастау алған “Қазақстан, біз сенің балаларыңбыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!” жалпықазақстандық акция аясында өткізілетін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыс бойынша жоспарланып отырған шаралар таныстырылды. Акция 10 маусымға дейін жалғасады. Аталмыш шара …

БҮЛДІРШІНДЕР МЕЙРАМЫ ойдағыдай өткізілетін болады Read More »

САЙЛАУАЛДЫ ТҰҒЫРНАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ барысы талқыланды

“Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы саяси кеңесі бюросы мен аталмыш партия фракциясының бірлескен отырысы болып өтті. Облыс әкімі, “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының төрағасы Самат Ескендіровтің төрағалық етуімен өткен жиынға бюро мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, партияның аумақтық филиалдарының төрағалары мен олардың бірінші орынбасарлары, облыстық атқарушы органдардың басшылары қатысты.    Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Нұр Отан” …

САЙЛАУАЛДЫ ТҰҒЫРНАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ барысы талқыланды Read More »

ӨҢІР АУМАҚТАРЫН ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ былтыр баяу жүзеге асырылуда

Өңіріміздің аумағын дамыту бағдарламасы бойынша өткен жылғы көрсеткіші 2011 жылмен салыстырғанда 12 балға төмендеген. Бұл бұрнағы күні өңір басшысы Самат Ескендіровтің төрағалығымен өткен әкімдіктің отырысында белгілі болды.  Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Отырыс барысында үш мәселе қаралса, алғашқысы – өңіріміздің аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырудағы 2012 жылғы көрсеткіштерді қорытындылауға қатысты болды. Бұл жайында …

ӨҢІР АУМАҚТАРЫН ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ былтыр баяу жүзеге асырылуда Read More »

ҰЛЫ АҚЫН МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2013 жыл-дың 28 мамырынан Мағжан Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған құны 50 теңгелік естелік тиынды айналымға енгізгенін хабарлады. Ол нейзильбер қорытпасынан құйылған. Естелік тиынның беткі жағында “М.Жұмабаевқа – 120 жыл” деп жазылған, жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінің оң жағында “ҚҰБ” аббревиатурасы орналастырылған. Астыңғы бөлігінде теңгенің құнын көрсететін …

ҰЛЫ АҚЫН МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛДЫ Read More »

“А” корпусына үміткерлер әңгімелесудің қорытынды кезеңіне қатысты

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы №524 Жарлығын орындау үшін облыс әкімі С. Ескендіровтің төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік кадр комиссиясы жұмыс істеді. Комиссияның құрамында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, өңірлік кадрлық комиссия төрағасының орынбасары Т.Қаскин, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Едіресов, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы …

“А” корпусына үміткерлер әңгімелесудің қорытынды кезеңіне қатысты Read More »

ӘДЕПТІЛІК — ӘДЕМІЛІК

Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫ. Ешқашан өтірік айтпа, сәбилерді алдама, қорқытпа. Оларды жаман әдетке үйретпе.Дініңе сеніммен, құрметпен қара.Халқыңның тарихын, дәстүрін, салтын, әдет-ғұрпын жадыңа тоқы және оны кейінгілерге үйрет.Біліміңді көпке, пайдалы жерге жұмса.Жаман дағдыдан аулақ бол.

МЫСЫҚ ТҰҚЫМДАСТАР

Балалар, кәдімгі үй мысығының бірнеше түрі барын білесіңдер ме? Мысықтар үлкен және кішкентай болып бөлінеді. Үлкен мысықтар ырылдайды, бірақ пырылдамайды. Кішкентай мысықтар пырылдайды, бірақ ырылдай алмайды. Арыстан, жолбарыс, сілеусін, қабылан, теңбілше, құм мысығы – бұлардың барлығы мысықтар тұқымдасына жатады. Олар әдетте аңға шығады және жемтігінің орнын анықтау үшін есту және көру қабілетіне сүйенеді. Мысық адам …

МЫСЫҚ ТҰҚЫМДАСТАР Read More »

КЕТТI – КЕТТI

Ойын ойнаудың бірнеше түрлері бар. “Аударыспақ”, “Орамал”, “Сақина салу”, “Жаяу тартыс” және тағы басқалар. Бірақ бүгін сіздерді, балалар, “Кетті- кетті” деген ойынның түрімен таныстырғым келеді. Ойынға қатысушылар санына шек қойылмайды. Ойын қыста – үйде, жазда таза ауада ойналады. Ойынға орамал, қолғап, басқа да ұсақ бұйымдар жарай береді. Ойыншылар тізесін көтеріп, бір-біріне жақын айнала отырады. Бастаушының белгісі …

КЕТТI – КЕТТI Read More »

ҚҰМЫРСҚАНЫҢ ҚАНАҒАТЫ

Ертеде бір данышпан кісі болыпты. Ол кісі жан-жануар, құрт-құмырсқаның тілін біледі екен. Бір күні әлгі данышпан жолаушылап келе жатады. Жарты жолға келгенде ат шалдырып, демалып отырса, кішкентай құмырсқаның дән тасып жүргенін көреді. Оны жерден көтеріп алады. Алақанына салып тұрып: – Қане, құмырсқа, айтшы, дәнді қайда алып барасың? – деп сұрайды. – Илеуіме апарамын, – дейді …

ҚҰМЫРСҚАНЫҢ ҚАНАҒАТЫ Read More »

БҮЛДІРШІНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

2011 жылдың 25 маусымынан бастап газетіміздің “Балалар әлемі” қосымшасында жүргізіле бастаған “Фотобайқау” сайысы, міне, өз мәресіне жетті. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Солтүстік Қазақстан” газеті редакциясы байқауға қатысушыларға сыйлықтар табыстап, мерекемен құттықтады. 

АЛДА АЛМАТЫ КҮТІП ТҰР

Петропавлда кикбоксингтен облыс біріншілігі өтті. Оған: Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Ғабит Мүсірепов атындағы, Жамбыл және Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласы спорт мектептерінен 110 спортшы қатысты.Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша 1996 жылы туғандар арасында Нұрлан Дәуітов (51 кг.), Данияр Қажымұратов (54 кг.), Нұрахмет Дәрібаев (57 кг.), Рауан Қоразбай (60 кг.), Шыңғыс Бейсен (63,5 кг.), Темірлан …

АЛДА АЛМАТЫ КҮТІП ТҰР Read More »

БҰЙЫРҒАНЫ – БІР ЖҮЛДЕ

Павлодарда ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рафаэль Вахитовтың жүлдесі үшін бокстан V халықаралық турнир өтті.“Баянтау” спорт сарайының рингінде Қазақстан, Әзірбайжан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және Украинаның мықты деген 167 боксшысы жұдырықтасты. Турнир спортшылар арасында AIBA-ның ережелері бойынша 10 салмақ дәрежесінде өтті.Аталмыш сайыста жерлес былғары қолғап шебері Игорь Шанин 91 кг. салмақ дәрежесінде қолғап түйістіріп, 3-орынды …

БҰЙЫРҒАНЫ – БІР ЖҮЛДЕ Read More »

ЖАҢА ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫ

“Beeline Қазақстан” 250 теңгеден үш номиналды жаңа төлем картасын шығарды. Төлем картасының жаңа номиналы “Beeline” абоненттеріне ыңғайлы болуы үшін, сондай-ақ абоненттерге өз шотының теңгерімін толтыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында жасалған. “Біздің карталарымыз жаңа, ыңғайлы үш пинді форматта – бір картада номиналы 250 теңгеден үш пин орналастырылып жасалған. Клиент өз қалауы бойынша теңгерімін, сәйкесінше 250, 500 немесе …

ЖАҢА ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫ Read More »

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ӨРЕНДЕР

Ресей Федерациясының Түмен қаласында Қоршаған ортаны қорғау жылына арналған “Пою мое Отечество…” студент жастардың шығармашылық фестивалі болып өтті. Жанна БЕРЕЖНАЯ, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Ол дарынды жастардың назарын тарихқа, өнерге, елдің табиғи байлығына аударуға, оларға ұқыпты қарауға арналған. Бұл шараның ұйымдастырушысы – Түмен қаласындағы Батыс-Сібір мемлекеттік колледжі. Фестивальға Поволжье, Орал, …

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ӨРЕНДЕР Read More »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҒҰМЫР ЖАСЫ ҰЗАРУДА

Зарина КӘРІМОВА.   2012 жылы ел тұрғындарының ғұмыр жасының ұзақтығы 69, 57 жасқа жетіп, 2008 жылғы 67, 11 жастан асып түсті.Бұған елімізде тұрғындарды сауықтыруға арналған түрлі бағдарламалардың арқасында қол жеткізілді. Атап айтқанда, елімізде үш жылдан бері ауру түрлерін ерте бастан анықтауға және өзгелерден көбірек кездесетін сырқаттардың алдын алуға бағытталған скрининг бағдарламасы енгізілген. ОБЫРДАН ШЕТІНЕУ АЗАЙДЫӨткен …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҒҰМЫР ЖАСЫ ҰЗАРУДА Read More »

МАҚСАТ – ЖОҒАРЫ САПАЛЫ және ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Еліміздің денсаулық сақтау саласы даму үстінде. Оны жаңғырту үшін жаңалық атаулы назарға алынып, түрлі бағдарламалар жасалып, бірқатар реформалар жүргізілді. Бұл өңіріміздегі денсаулық сақтау саласына қалай әсер етті деген сауалмен Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті облыстық департаментінің басшысы Дәуренбек Бейсембаевпен кездескен едік.   – Дәуренбек Жұмағұлұлы, 2010 жылдан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау …

МАҚСАТ – ЖОҒАРЫ САПАЛЫ және ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ Read More »

ТҰҚЫМ СЕБУ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

Осы аптада орныққан ауа райын барынша ұтымды пайдаланған облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары барлық дәнді дақылдар егістігі алқабының 84,6 пайызына ырыс дәнін сіңіріп үлгерді. Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының кешегі күнге дейінгі жедел деректері бойынша, бұл жұмыста егістік танаптарының 90 пайыздан астамына тұқым сеуіп, оны осы аптадан қалдырмай аяқтауды көздеп отырған Уәлиханов, Айыртау, Мамлют, …

ТҰҚЫМ СЕБУ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ Read More »

ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҰМЫТЫЛМАС ҚАСІРЕТІ

Кеше облыс орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Аза күні облыс әкімі Самат Ескендіров бастаған өңір зиялылары, ардагерлер мен жастар, қалың жұртшылық жазықсыз жапа шеккендерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Жақынынан айрылған жандардың қабырғасы қайысатын, барша қазақтың аза тұтатын күні алаңға жиналғандар бір сәт саяси қуғын-сүргін …

ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҰМЫТЫЛМАС ҚАСІРЕТІ Read More »

“МАҒЖАН КӨКТЕМІ” жаңа өнер жұлдыздарын жарқыратты

Осыдан екі жыл бұрын басталған игі шара биыл жалғасын тапты. Бұрнағы күні өңірімізде “Мағжан көктемі” ІІ республикалық өнер фестивалі өтті. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет туғызған, сөзге жан бітірген Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына орайластырылып өткізілген “Мағжан көктемі” ІІ республикалық өнер фестивалі еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған дарындылардың басын қосты. Аталмыш өнер фестивалінің Мағжанға …

“МАҒЖАН КӨКТЕМІ” жаңа өнер жұлдыздарын жарқыратты Read More »