«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР САҚАДАЙ САЙ

Облыс әкімі Самат Ескендіров Қызылжар ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар шаруашылықтардың танап басында болып, егіс науқанының барысы мен техника әзірлігін байқады. Самат ЕСМАҒИ,журналист. Қызылжар ауданында өңір басшысының алғаш аялдаған нысаны – “Якорь Агро” серіктестігі. Олар қазір біржылдық шөп егуді қолға алыпты. Шаруашылық меншігіндегі осы жылы игерілетін жер телімі – 3,5 мың гектар. Қазір танап басында …

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР САҚАДАЙ САЙ Read More »

ҚАНАТТЫҢ ЕРЛІГІ

  6 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Қарулы Күштер, құқық қорғау органдары және арнайы қызмет қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырған болатын. Елбасының қолынан Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің Мамлют ауданындағы №15 өрт сөндіру бөлімінің өртсөндірушісі Қанат Майсейітов “Ерлігі үшін” медалін алды.2013 жылғы 10 қаңтарда 15 сағат 20 минутта …

ҚАНАТТЫҢ ЕРЛІГІ Read More »

ҚОРҒАНДЫҚТАРДЫ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ СҮЙСІНДІРДІ

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралас ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Қорған облысының губернаторы Олег Богомолов бастаған делегация жұмыс сапарымен облысымызға келді. Меймандар өңірдегі ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, Петропавл қаласындағы бірқатар кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысты.   Самат ЖАҚЫПОВ, журналист. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Ресейлік қонақтарды шекарада өңір жетекшісі Самат Ескендіров қарсы алды. Меймандардың облысқа сапары Қызылжар ауданына …

ҚОРҒАНДЫҚТАРДЫ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ СҮЙСІНДІРДІ Read More »

“ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ” – “Ғажайыптар” маусымының чемпионы

Петропавлда “Қызылжар жастары” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін қазақша КВН-нен облыстық ашық мектеп лигасының финалы өтті. Айыртаулық “Жарқын болашақ” командасы “Ғажайыптар” маусымының чемпионы атанды. Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Ақтық бәсеке тартысты өтті. Әр команда бұл ойынның жауаптылығын түсініп, жоғары деңгейде дайындалып келгені байқалып тұрды. Бүгінгі өзекті тақырыптарға құрылған әзілдер, командалардың сахнадағы қимылдары, билері мен әндері …

“ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ” – “Ғажайыптар” маусымының чемпионы Read More »

КОНТРАФАКТІЛІК ДІСКІЛЕРДІ ТОПЫРЛАТҚАН астыртын цех жабылды

СҚО бойынша Қаржы полициясы контрафактілік DVD дискілерді өндіретін астыртын цехтың жұмысын тоқтатты. Осыған орай Қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Нұрлан Жахин брифинг өткізді. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Қаржы полицейлері цехты жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында анықтап, одан жүйелік блоктарды, компакт-дискілерді, жылтыр қағаз бен түрлі түсті мұқабаларды тәркіледі. Аталған факті бойынша 8 мамырда екі азаматқа қатысты оңайлатылған …

КОНТРАФАКТІЛІК ДІСКІЛЕРДІ ТОПЫРЛАТҚАН астыртын цех жабылды Read More »

ЕҢ БАСТЫСЫ – ШАҢЫРАҚТЫҢ ШАТТЫҒЫ

Облыстық Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында Дүниежүзілік отбасы күніне арналған “Мөлдір бұлақтан” фестивалі өтті. Оған байқаудың аудандық және қалалық кезеңінде бақтарын сынап, ақтық сынға іріктеліп шыққан 15 отбасы қатысты.  Қанат АТАМАНОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Алдымен әр отбасы мүшелері жасаған қолөнер бұйымдары жұртшылықтың назарына ұсынылды. Көрмеге қуыршақтар, тоқыма және ағаштан жасалған бұйымдар, құрал-сайман, домбыра мен қобыз, ағаштан жонылған …

ЕҢ БАСТЫСЫ – ШАҢЫРАҚТЫҢ ШАТТЫҒЫ Read More »

НОВГОРОДТЫҢ САЗДАУЫТ ЖЕРІНЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРДІҢ СҮЙЕГІ ТАБЫЛДЫ

Қанат АТАМАНОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Шара барысында сөз алған “Саланг” әскери-патриоттық клубының жетекшісі Александр Азегов Ұлы Отан соғысында елі үшін мерт болған жауынгерлердің біразының сүйегі осы күнге дейін жер қойнауына тапсырылмағанын, олардың көбінің есімдері әлі де беймәлім күйінде қалып отырғандығын айтты. – 1993 жылдан бері іздеу шараларына жүйелі түрде қатысып келемін. Үстіміздегі жылы Новгород облысында жауын-шашын мөлшерден …

НОВГОРОДТЫҢ САЗДАУЫТ ЖЕРІНЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРДІҢ СҮЙЕГІ ТАБЫЛДЫ Read More »

БҰРЫНҒЫ ӘЙЕЛІНІҢ ӘЛЕГІ

Облыс орталығының тұрғыны Владимир Юр зайыбының кесірінен өз пәтеріне кіре алмай әлек. Қазір бұл факті бойынша СҚО Сот актілерін орындау жөніндегі департаментте іс қаралуда. Алайда, сот шешімін орындау қиынға соғуда, өйткені ер-азаматтың бұрынғы әйелі ортақ үйді сатып жіберіп, қазір онда басқа адамдар тұрып жатыр. Бұл ерлі-зайыптыға қатысты оқиға 2011 жылы басталған. Сол кезде Петропавл қаласының …

БҰРЫНҒЫ ӘЙЕЛІНІҢ ӘЛЕГІ Read More »

ЖАТ ИДЕЯ ИЕКТЕМЕСІН ДЕСЕК…

Әбубәкір КӘРМЕНОВ, облыстық Дін істері жөніндегі департамент директорының міндетін атқарушы. Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, Қазақстан халқының ұлттық дәстүрлері мен рухани құндылықтарын насихаттау және ұшқары идеялардың қауіптілігін әшкерелеу мақсатында өңірімізде дін мәселелері жөнінде ақпараттық-насихат тобы құрылған. Бұл топ 2011-2013 жылдары құрамында он бес мыңнан астам адам бар нысаналы топты қамтыған 240-қа жуық түрлі шара өткізді.   …

ЖАТ ИДЕЯ ИЕКТЕМЕСІН ДЕСЕК… Read More »

ӘКЕ ЖОЛЫМЕН

Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Гүлмира Жампейісованың мұғалімдікті таңдауына жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Есіл ауданының Тораңғыл ауылына жолдамамен барып, зейнеткерлікке шыққанша сонда химия-биология пәндерінен сабақ берген жоғары санатты, “Оқу ісінің үздігі” төсбелгісінің, облыстық, республикалық деңгейдегі марапаттардың иегері болған әкесі Бақыт Есімсейітұлының ықпалы мол болған.   Әке жолын қуған Гүлмира Жампейісова Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін орыс …

ӘКЕ ЖОЛЫМЕН Read More »

ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАР КӨБЕЙГЕН

Өндірістік қызметпен байланысты тіркелген жарақат саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 2012 жылы 2,9%-ға ұлғайды. 2012 жылы облыста еңбек етуге байланысты жазатайым оқиғалардан 72 адам зардап шеккен. Әйелдердің жарақат үлесі 26,4%-ды құрады.Ажалға апарып соққан жарақат саны 1,7 есе ұлғайды. Өлгендердің ішінде бір әйел бар. Өткен жылы ажалмен аяқталған екі оқиға Петропавл қаласында болды, үшеуі – Аққайың ауданында, …

ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАР КӨБЕЙГЕН Read More »

ОБЛЫСТАҒЫ ДІНИ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ

Діни бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеуді ұйымдастыру және өткізу – Қазақстан Республикасының “Діни қызметтер мен діни бірлестіктер туралы” Заңында белгіленген басты міндеттердің бірі. Облысымыздағы нақты діни жағдай туралы жаңартылған, ашық және дәлме-дәл мәлімет таяуда өткен қайта тіркеудің басты қорытындысы болып табылады.  Әбубәкір КӘРМЕНОВ, облыстық Дін істері жөніндегі департамент директорының міндетін атқарушы. Дін істері жөніндегі департамент …

ОБЛЫСТАҒЫ ДІНИ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ Read More »

ЭЛЕКТРОНДЫ САДАҚА БЕРУ ЖҮЙЕСІ енгізілуі әбден мүмкін

“Қазмедиа орталығы” ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев брифинг өткізді. Қазақстандағы діни ахуалға арналған брифингке ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф қатысты. Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”.Ол Дін істері агенттігі құрылғаннан бергі 2 жыл ішінде атқарған жұмысын баяндады. Өткен жылдың 25 қазанында аяқталған қайта тіркеуден кейін еліміздегі діни бірлестіктердің …

ЭЛЕКТРОНДЫ САДАҚА БЕРУ ЖҮЙЕСІ енгізілуі әбден мүмкін Read More »

БАНКТЕН БЕРЕКЕ КЕТСЕ, БАСҚАЛАРҒА ДА ОҢАЙ ТИМЕЙДІ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Әлемдік дағдарыстың әлі де теріс әсері барын АҚШ экономикасы өсімінің баяулап қалғанынан аңғаруға болады. АҚШ сауда министрлігінің келтірген деректері бойынша биылғы бірінші тоқсанда ел экономикасы жылдық көрсеткіште 2,5 пайызға ғана өсті. Нәтиже 3,2 пайызға балаған болжамнан анағұрлым нашар болып шықты. Солай бола тұра ел экономикасы сұранысының үштен екісін қамтамасыз ететін тұтыну …

БАНКТЕН БЕРЕКЕ КЕТСЕ, БАСҚАЛАРҒА ДА ОҢАЙ ТИМЕЙДІ Read More »

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

Құрметті азаматтар! Сіздерді бос жұмыс орындарының облыстық жәрмеңкесіне шақырамыз. Жәрмеңке 2013 жылғы 22 мамыр күні сағат 11-00-де қалалық Мәдениет үйінің ғимаратында өтеді. Мекенжайы: Петропавл қаласы, Қ.Сәтбаев көшесі, 37-үй.Сіздерге жәрмеңкеде:– жұмысқа орналасу, біліктілік арттыру және қайта оқыту жайлы тегін консультация алуға;– облыстың бос жұмыс орындарының электрондық дерекқорындағы жұмыс туралы ұсынылған ұсыныстармен немесе әңгімелесу барысында жұмыс берушімен …

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ! Read More »

ТАС ЖОЛДА – ЖАСӨСПІРІМДЕР

Облыс орталығында велоспорттан біріншілік өтті. Сайысқа 100-ге жуық жасөспірім қатысты.Жарыстың бірінші кезеңінде спортшылар жекелей сында бақ сынасты. 12 жасқа дейінгі жеткіншектер бөлек топта сынға түсті. Оларға мәре сызығына жету үшін 5 шақырымды бағындыру керек. Бұл жас аралығында белгіленген қашықтықты 10 минут 35 секундта жүріп өткен Никита Фрейберг жарыстың бірінші кезеңінде бірінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ Илья …

ТАС ЖОЛДА – ЖАСӨСПІРІМДЕР Read More »

ТАРАЗДЫҢ ТАТАМИІНДЕ

Тараз қаласында Қазақстан Республикасының 3-ші жастар спорттық ойындары аясында дзюдодан жарыс өтті. Оған еліміздің барлық аймағынан 1993-1994 жылдары туған спортшылар қатысты.Жерлестеріміз Б.Елубаев (55 кило.) – күміс, Қ.Қайырғазиев (66 кило.) қола медальдарды жеңіп алды. Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы. 

БҰЛ ЖОЛЫ БҰЙЫРҒАНЫ – КҮМІС

Қызылорда қаласында Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров жүлдесі үшін грек-рим күресінен республикалық турнир аяқталды. Оған Қырғызстан және еліміздің барлық аймағынан 200-ге жуық жас балуан 8 салмақта өзара жеңімпаз бен жүлдегерлерін анықтады. Аталмыш сайыста облыс атынан боз кілемде өнер көрсеткен жерлесіміз Данияр Қаленов 60 килоға дейінгі финалдық белдесуде екінші орынға тұрақтады. Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы. 

АТЫРАУДА АЛТЫН ДА АЛДЫҚ

Атырау қаласында кадеттер арасында бокстан ел біріншілігі өтті. Оған 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер қатысты.Тартысты өткен сайыста Евгений Павлов (30 кг.) бірінші орынды иеленіп, алтыннан алқа тағынса, Диас Тәуірбеков (56 кг.) пен Александр Сахно (60 кг.) екінші орыннан көрінді. Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы. 

ЕСІЛ БОЙЫНДА ТҰРҒАНДАР ЕРЛЕДІ

Теміртау қаласында суда жүзуден ел біріншілігі аяқталды.Бәсекелі додада өңір намысын қорғаған Ирина Сорокина 200 метрге кешенді жүзуде – бірінші, 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 3-орынды жеңіп алса, Александр Солощенко 400 метрге кешенді жүзу қашықтығында 3-ші болды. Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.