«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОРЫШКЕРЛЕРДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ БҰЗЫЛДЫ

Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының тәртіп сақшылары әкімшілік айыппұлды өндіріп алу мақсатында борышкерлердің мекенжайларын аралады. Шара барысында екі мыңнан астам ескертпе таратылды. Әкімшілік заң бұзған азаматтарға қарыздарын уақтылы төлеу керектігі ескертілді. Айыппұл негізінен қоғамдық орындарда мас күйде жүрген, ұсақ бұзақылық, көші-қон заңнамасы мен жолда жүру ережелерін сақтамағандарға салынған. Рейдке тәртіп сақшыларымен бірге студенттер мен полицияның …

БОРЫШКЕРЛЕРДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ БҰЗЫЛДЫ Read More »

АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУ шаралары күшейтілді

Облыс аумағында жыл басынан бері балалардың қатысуымен 7 жол-көлік апаты тіркелген, солардың 5-еуі Петропавл қаласында орын алған. Мамырдың 28-і күні Кошуков көшесімен жүріп келе жатқан “Хеньшань” автобусының 33 жастағы жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтпекші болған 9 жастағы баланы қағып кетті. Көліктің алдынан шыға келген 2-сынып оқушысы дене жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.   

КӨКТЕМНІҢ СОҢЫНДА – 15 ӨРТ

Жыл басынан бері облыста 303 өрт болып, одан 124 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 30 адам қайғылы қазаға ұшыраса, оның бесеуі – бала. Жиырма адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды. Көктемнің соңғы аптасында облыс көлемінде 15 өрт оқиғасы тіркелді. Атап айтар болсақ, жыл басынан бері Жамбыл, Тайынша және М.Жұмабаев аудандары тұрғындарының 27 “темір …

КӨКТЕМНІҢ СОҢЫНДА – 15 ӨРТ Read More »

ТАБЫСТЫ 19 ЖЫЛ

Қазақстан – құқықтық мемле­кет қалыптастыруды мақсат еткен ел. Бұл үдеріс ойдағыдай жүзеге асырылуда. Мемлекеттік басқару тиімділігін арттырумен қатар, жалпы елдің құқық қорғау жүйесін нығайту жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Бұған “Құқық қорғау қызметі туралы” Заң, күш құрылымдарында өткізілген кезектен тыс аттестаттау дәлел.  Нұрлан ШАБДАР, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің …

ТАБЫСТЫ 19 ЖЫЛ Read More »

ТАНЫСЫҢЫЗДАР: “FreeBoySKz” тобы

“FreeBoySKz” тобының өнер жолына бет бұрғанына көп болған жоқ. Үстіміздегі жылдың наурызында құрылған топтың құрамында Саян Ғабдрашитов пен Нұрлан Тоғаев эстрадалық әндер айтады.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Бір қызығы, екеуінің де таңдаған мамандықтары өнерден бөлек, дәлірек айт­қан­да, Нұрлан – жеке фирмада, ал Саян халықаралық компанияда қызмет етеді. Алайда, екеуі де саз әлемінен алыстағысы кел­мейді. Сол …

ТАНЫСЫҢЫЗДАР: “FreeBoySKz” тобы Read More »

“ЕЛІМІЗДІҢ РУХАНИ АСТАНАСЫ – ТҮРКІСТАН”

Қызылжардағы “Абылай хан” резиденциясында Түркістан қаласындағы “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының бастамасымен “Түркістан жауһарлары” деп аталған көрме ашылып, ол бір ай бойы – 16 маусымға дейін жұмыс істейтіні туралы мақала жарияланған еді. Осы салтанатты оқиға үстінде газет тілшісі қорық-мұражайдың директоры Мәулен Садықбекті әңгімеге тартып, еліміздің мәдени-рухани өмірінде көне Яссының – бүгінгі Түркістанның алып отырған орны, …

“ЕЛІМІЗДІҢ РУХАНИ АСТАНАСЫ – ТҮРКІСТАН” Read More »

АҢҚАУ АРЫСТАН

“Бұлақ” кеңшары жаңа құрылған кезде біраз жігіттер жүргізуші болып жұмысқа орналасады. Солардың ішінде жүргізушілік курсты енді ғана бітірген Арыстан Сүлейменов те бар еді. Жұмысқа елгезек болғанымен, аңқылдаған ақ көңіліне сай аңқаулығы да мол болатын. Бірде Арыстан ауыл сыртындағы жанармай стансасынан машинасына бензин құйып алып, мал фермасына бет алады. Машиналарына бензин құйған екі-үш жігіт те іле …

АҢҚАУ АРЫСТАН Read More »

ҚАЛҒАН- ҚҰТҚАН ДА АС БОЛАДЫ

Владимир Дремасов қызметі өсіп, Жамбыл аудандық атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалады. Оның қазақша сөйлегенде ана-мына қазаққа дес бермейтінін, тіпті, қазақша әзіл қағытып, жұртты бір күлдіріп алатын әдеті барын жаңа қызметке барған жердің тұрғындары біле қоймаса керек. Әлмисақтан келе жатқан әдет қой, Дремасов та жаңа қызметін аудандағы ауылдардың жағдайымен танысудан бастайды. Жүрген жерінде жиынды орыс тілінде …

ҚАЛҒАН- ҚҰТҚАН ДА АС БОЛАДЫ Read More »

“ЕТ КОМБИНАТЫНА ТАПСЫРҒАН ЖОҚПЫЗ”

Соғыстан мүгедек болып оралған Шәмшит Қабдунасов зейнеткерлікке шыққанша Ленин аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарыпты. Ақиқатын айтып, адал сөйлейтін, уәделі сөзін екі етпейтін, мінезі турашыл адам болса керек. Осы қасиетін сыйлаған тұрғындар бұйымтайы болса бірінші хатшысына кірмей, сол кісіге келіп айтатын көрінеді.Бірде соғыста бір аяғынан айрылған мүгедек ардагер Шәмшит Қабдунасовқа келіп:– Аудан орталығында тұрамын. Күнкөріске …

“ЕТ КОМБИНАТЫНА ТАПСЫРҒАН ЖОҚПЫЗ” Read More »

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАН

Жоламан ШАХАНОВ. Жаңажол ауылында Әубәкір деген атамыздың мінезі қожанасырлау, оның үстіне құлағының мүкісі бар еді. Үлкенді-кішіге қайырымдылығы мол болатын.Бірде жаңа шошала тоқимын деп тоғайдан тал әкеліп, есік алдына түсіреді де, үйге шай ішуге кіреді. Қою шайды ішіп, буыны босап кеткен атамыз бірер сағат мызғып алады. Ол кезде ауыл балалары тал шыбықты ат қылып мініп ойнайтын. …

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАН Read More »

ӨМІР, ШІРКІН, ТӘТТІ ҒОЙ!

Жаңажол ауылының ең қарт тұрғыны Шекен Тайқашқаров әкеммен түйдей құрдас еді. “Соғыста мені бір ажалдан құтқарып қалған” деп әкемді туған бауырындай жақсы көретін. Әкем тоқсанның бесеуіне келіп қайтыс болғанда жаназасын өзі шығарып, қырық күн зират басына барып дұғасын оқып отырды. Бірде ауылға әдейі барып, әкемнің басына дұға оқытуға әлгі кісіні үйінен алып шықтым. Ауылдың үлкен …

ӨМІР, ШІРКІН, ТӘТТІ ҒОЙ! Read More »

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫ

Кеше, еліміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. ҰБТ-ның алғашқы күні М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 488 оқушы білімдерін сарапқа салды. Бұл түлектердің 13-і – “Алтын белгіге” үміткер.  Ләйла ЖАНЫСОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстанның мек-теп түлектері үшін сынақтың бұл түрі енгізілгеніне – 10 жыл. Үстіміздегі жылы Қазақстан бойынша 100 мыңға тарта түлек ҰБТ …

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫ Read More »

ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК РЕЙТИНГІНДЕ ҚАЗАҚСТАН 34-ОРЫНДА

Қазақстан Швейцарияның халықаралық менеджмент институты мамандары (Institute of Mana-gement Development (IMD) жасаған бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде 34-орын алды.Tһe World Competiveness Scoreboard-2013 рейтингіне 60 ел қатысады. Онда бірінші орында АҚШ тұр (2012 жылы екінші), екінші позицияға Швейцария (2012 жылы үшінші) орналасқан. Өткен жылғы рейтингтің көшбасшысы Гонконг биыл үшінші орынға түсіп қалды. Төртінші орында – Швеция (2012 …

ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК РЕЙТИНГІНДЕ ҚАЗАҚСТАН 34-ОРЫНДА Read More »

ЕГІНШІЛІКТЕ ДЕ, МАЛ ӨСІРУДЕ ДЕ ЕЛДІҢ АЛДЫНДА БОЛУҒА ТИІСПІЗ

Облыс әкімі Самат Ескендіров жұмыс сапарымен Айыртау және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда болды. Өңір басшысы мұнда көктемгі егіс науқанының барысымен танысып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.  Самат ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ, журналист. Данаш ХАМЗИНА, журналист. Самат Ескендіров Айыртау ауданындағы “Ратмир” ЖШС-нің танап басында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Диқандар жанар-жағармай, тұқыммен толықтай қамтамасыз етіліпті. Лизинг арқылы арнайы техника да …

ЕГІНШІЛІКТЕ ДЕ, МАЛ ӨСІРУДЕ ДЕ ЕЛДІҢ АЛДЫНДА БОЛУҒА ТИІСПІЗ Read More »

БҮЛДІРШІНДЕР БАҚЫТҚА БӨЛЕНГЕН КҮН

Халықаралық балаларды қорғау күні өңір басшысы Самат Ескендіров облыс орталығындағы балалар мекемелерін аралап, олардың тәрбиеленушілерін мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.  Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Бұл күні облыс әкімі Петропавл қаласындағы “Сәби үйі” мемлекеттік мекемесінде болып, ондағы тәрбиеленіп жатқан бөбектерді төл мерекелерімен құттықтады.

ТҰМАРДАЙ ҚАСИЕТ ТҰТУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Фарида ТҰЯҚОВА, облыстық Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – баршамыздың міндетіміз. “Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Гимнін тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы”, – деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік рәміздердің өміріміздегі мән-мағынасын, маңызын ашып …

ТҰМАРДАЙ ҚАСИЕТ ТҰТУЫМЫЗ ҚАЖЕТ Read More »

АШЫҚТЫҚ, ТАТУЛЫҚ және КЕЛІСІМ БЕЛГІЛЕРІ

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің бет-бейнесі, өткені, бүгіні және болашағы. Ту, Елтаңба және Гимн – жас мемлекеттің егемендігінің көзге оттай басылар сенімді дәлелі.    Виктория ХОВАНСКАЯ, С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың библиографы. Үстіміздегі жылы 4 маусымда дәстүрлі түрде Мемлекеттік рәміздер күнін тойлайтын боламыз. Облысымыздың кітапханалары аталмыш күнге арнап дәстүр мен жаңашылдықты ескере отыра, түрлі үлгідегі шараларды …

АШЫҚТЫҚ, ТАТУЛЫҚ және КЕЛІСІМ БЕЛГІЛЕРІ Read More »

МЕМЛЕКЕТТІҢ МЫЗҒЫМАС НЕГІЗІ

Ирина САҚТАНОВА, облыстық Әділет департаментінің бөлім басшысы.   Елімізде жыл сайын 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтіледі. Бұл күн 1992 жылы “Мемлекеттік Елтаңба туралы”, “Мемлекеттік Ту туралы” және “Мемлекеттік Әнұран” туралы заңдарға қол қойылған күнге орайластырылған.

Облыстағы туристік қызмет

Біздің отандастарымыз алыс шетелдерден Түркияға (49,6%), Тайландқа (10,6), Египетке (8,2) және Біріккен Араб Әмірліктеріне (7,3%) баруды ұнатады.2012 жылы біздің облыста турды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер ұсынатын 20 туристік фирма мен 48 субъект 76,6 мың адамға қызмет көрсетті. Олардан айтарлықтай үлесті ішкі бағыттағы туристер алады (87,5%, немесе 67 мың адам). Қазақстан Республикасынан тыс елдерге 5555 адам шықты, …

Облыстағы туристік қызмет Read More »

Облыс тұрғындарының балғын бөлігі

Көптен күткен жаз Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен басталады. 2012 жылы облыста 8,7 мың сәбидің өмірге келуі тіркелген, немесе тұрғындардың 1000 адамына шаққанда 14,98 (2011 жылы – 14,76) жаңа туылған. 2012 жылғы халықтың табиғи өсімі тұрғындардың 1000 адамына шаққанда 1,41 (0,87) құрады. 2012 жылы туылғандардың жалпы санынан ер балалар қыздардан 48,8% (48,1) көбірек 51,2% (51,8).