«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛА КӨРКІ облыс орталығы мәртебесіне сай болуға тиісті

Кеше облыс әкімі Самат Ескендіровтің төрағалығымен Петропавл қаласын абаттандыру жұмысына қатысты кеңес өтті. Онда облыс орталығында тазалықты сақтап, оның ажарын ашар жұмысты атқарудағы олқы тұстар талқыланды.   Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Облыс орталығында 10 сәуірден 10 шілдеге дейін үшайлық өткізу жоспарланып, соның аясында екі сенбілік ұйымдастырылған. Алда тағы екі сенбілік өтпек. Сондай-ақ “Тазалық” акциясы ұйымдастырылып, …

ҚАЛА КӨРКІ облыс орталығы мәртебесіне сай болуға тиісті Read More »

40 ТҮП ШЫРША ОТЫРҒЫЗЫЛҒАН Мағжан ескерткішінің маңы шырайлана түспек

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Қала аумағын санитарлық тазалау және көркейту үш айлығы аясында 20 сәуірде облыс орталығында кезекті сенбілік өтті. Бұл сенбілік барысында облыстық, аумақтық органдар, кәсіпорындар, мекемелер өкілдері мен қала тұрғындарының қатысуымен көшелер, аулалар тазартылды, ағаштардың түптері, жол жиектері әктелді, күл-қоқыс сыртқа шығарылды, қоршаулар, металл құрылғылар боялды. Сенбілік күні облыс орталығында көгалдандыру жұмысы жалғасын …

40 ТҮП ШЫРША ОТЫРҒЫЗЫЛҒАН Мағжан ескерткішінің маңы шырайлана түспек Read More »

БІРЛЕСІП АРАҚ ІШУ біреуінің өлімімен аяқталды

Петропавлда өз әкесін ұрып өлтірген 27 жастағы ер адам ұсталды. 17 сәуір күні түнгі сағат үште СҚО ІІД-нің Жедел басқару орталығына Жұмысшы кентінің Мопровская көшесі бойында орналасқан бір үйде 51 жастағы ер-азаматтың мезгілсіз қайтыс болғандығы туралы ақпарат келіп түскен. Қалалық ІІБ-нің тергеу-жедел тобы аталмыш мекенжай бойынша келіп, марқұмның жақын арада зайыбымен және 27 жастағы баласымен …

БІРЛЕСІП АРАҚ ІШУ біреуінің өлімімен аяқталды Read More »

КӘСІПКЕРДІҢ ОТБАСЫНА ШАБУЫЛ ЖАСАҒАН топ құрықталды

Ақжар ауданының Ақжарқын ауылында тұратын жеке кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалды. Түрін жасырған қылмыскерлер үйге терезе арқылы енген. Ауыл дүкенінің қожайындарын ұйқыларынан оятып, олардан ақша мен әшекейлерді талап еткен. Бұған қоса, қаскөйлер үй иесін соққыға жығып, оны скотчпен байлап тастаған. Жұбайының өмірін сақтап қалғысы келген әйелі қарақшыларға сейфтің кілтін берген. Нәтижесінде ұрылар 2 миллион теңгеден …

КӘСІПКЕРДІҢ ОТБАСЫНА ШАБУЫЛ ЖАСАҒАН топ құрықталды Read More »

ХҚКО АРҚЫЛЫ ТАҒЫ 35 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша “Халыққа қызмет көрсету орталығы” РМК филиалы “қанатқақты” режімде ХҚКО арқылы жаңа 35 қызмет көрсетіле бастағанын хабарлайды. Олар: Білім және ғылым министрлігі (қызметтер: ҚР Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясын алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау; білім беру туралы құжаттарын таныту және нострификация рәсімінен өткізу), Көлік және коммуникация министрлігі (халықаралық және республикалық маңызы бар …

ХҚКО АРҚЫЛЫ ТАҒЫ 35 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ Read More »

Әскери жұмылдыру резервін дайындау – уақыт талабы

Амангелді ДҮЙСЕКИН, облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары. Сарбаздар мен командалық буынға мамандар әзірлеумен қатар, еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтудегі басты міндеттердің бірі – әскери өмірді көрген резервті дайындау және жинақтау. Мұны жұмылдыру резерві деп атайды. Бұл – кез келген уақытта Отанымызды қорғау үшін сапқа тұрар үлкен күш. Қорғаныс басқармалары мен аймақтық бөлімдері былтырғы жылы …

Әскери жұмылдыру резервін дайындау – уақыт талабы Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРДА ӨНДІРІЛЕТІН ҚҰС ЕТІ әлемдік бәсекеге төтеп бере алады

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Құс шаруашылығы – ел экономикасын өркендетуге, соның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып отырған сала. Бұл агроқұрылымның өнімдеріне деген сұраныс жылдан-жылға арта түсуде. Егер медициналық сараптамаларға жүгінсек, адам ағзасы жылына 72 кило етті қажет етеді екен, оның 14 килосы – құс еті. Ендеше республикамыздың 17 миллионға жуық халқына жыл …

ҚЫЗЫЛЖАРДА ӨНДІРІЛЕТІН ҚҰС ЕТІ әлемдік бәсекеге төтеп бере алады Read More »

Әйгілі әнші әжелер

Жаңа жауған ұлпа қардай ақ жаулық салып, қамзолдарын киіп, сахнада қаз-қатар тізілген “Балқадиша” вокалды-фольклорлық ансамблі әжелерінің салған әндері әрқайсымыздың жүрегімізді тебірентіп, құлақ құрышымызды қандырады. Бүгінде “Балқадишадағы” ақ жаулықтылар туған мәдениетіміз бен дәстүрімізді жаңғыртып, сахнада өнер көрсетуде кейінгі ұрпақтан қалыспай келе жатқан өнерпаздарға айналды. Аталмыш ансамбльдің жетекшісі Мәшуда Ыбыраева өнер ұжымы жайында әңгіме өрбітті.   “Балқадиша” …

Әйгілі әнші әжелер Read More »

“ҚЫЗЫЛ АЙ ҚОҒАМЫНЫҢ” КӨМЕГІ

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Облыс орталығныдағыДостық үйінде “В семье не без таланта” атты қайырымдылық марафон өткізілді. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шараны “Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы” қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы өткізді. – 2 сәуірден бастап KyzylAi.kz республикалық жобасы өз жұмысын бастаған болатын. Бұл жоба көктемгі су тасқынынан зардап …

“ҚЫЗЫЛ АЙ ҚОҒАМЫНЫҢ” КӨМЕГІ Read More »

ЖАЛҒАСҚАН “ЖОМАРТ КӨКТЕМ”

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында қайырымдылық концерт өтті.   “Улыбка” балалар қайырымдылық қорының бастамасымен наурыздың 22-сінде басталған “Жомарт көктем” жобасы аясында “Түрлі түсті өмір” атты балалар суретінің байқауы жарияланған болатын. Байқау балалар шығармашылығын дамыту әрі қоғамды балалар мәселелеріне көңіл аударту мақсатында ұйымдастырылды. Сайыстың қорытындысы бойынша бір емес, бірнеше жеңімпаз марапатталды. Аталымдар бойынша 1-ші, 2-ші, …

ЖАЛҒАСҚАН “ЖОМАРТ КӨКТЕМ” Read More »

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР Есіл аңғарын бақылауда

Жұлдыз ЕСЕНҒАЗИН,Есіл ауданының ТЖ бөлімінің бастығы, өрт қызметінің подполковнигі. Өңірімізге Ақтөбе, Қарағанды облыстарынан және Астана қаласынан келген құрамында 187 адам, 27 бірлік техникасы бар құтқарушылар су тасқынынан қорғауды қамтамасыз ету жолында кешенді шаралар жүргізуде.Аталмыш құрылымдар Ғабит Мүсірепов атындағы, Шал ақын, Есіл, Уәлиханов аудандарында және Петропавл қаласындағы қауіпті учаскелерді қадағалауда. Есіл ауданының бес ауылын жеке бақылауына …

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР Есіл аңғарын бақылауда Read More »

“БІЗДІҢ ТАЛАНТТАР”

Жуырда Петропавл қаласындағы “Нұр бөбек” бөбекжай-бақшасында “Біздің таланттар” атты театрландырылған қойылым көрсетілді. Театрландырылған қойылымға балабақшаның №3 қазақ тобының және дайындық тобының балалары мен тәрбиешілері қатысты. Айгүл АЙТЫМОВА, Әлия ШӘРІПОВА,3-топтың ата-аналары. Қойылым аса шеберлікпен, жоғары деңгейде қойылды. Балалар өз кейіпкерлерінің бейнесіне кіріп, сахнада өздерін еркін ұстады. Балалардың киімдері мен гримдері нағыз театр әртістерінікінен кем түспеді. Қойылымға …

“БІЗДІҢ ТАЛАНТТАР” Read More »

“САЛАНГ” ІЗДЕУШІЛЕРІ НОВГОРОДҚА АТТАНДЫ

“Саланг” әскери-патриоттық клубының мүшелері кезекті халықаралық “Еске алу вахтасына” аттанды. Солтүстікқазақстандық “Поиск” тобы Ресейдің Новгород облысында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің сүйектерін тауып, қайта жерлемек.   Қанат АТАМАНОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Биылғы жылғы экспедицияға осымен 21-ші рет аттанып отырған әскери-патриоттық клубтың 10 мүшесі Новгород облысының Росино ауылының жанындағы орманда соғыс жылдарында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің сүйектерін …

“САЛАНГ” ІЗДЕУШІЛЕРІ НОВГОРОДҚА АТТАНДЫ Read More »

ҚҰЖАТТАР КӨРМЕСІ аңызға айналған тарихи тұлға хақында сыр шертеді

Жуырда облыстық мұрағаттың оқу залында ұлы бабамыз, қазақ хандығын биікке көтерген Абылайдың 300 жасқа толуына арналған “Тәуелсіздік туын көтер-ген Абылай хан” құжаттар көрмесінің тұсаукесері өтті. Сәуле МӘЛІКОВА,   облыстық мұрағаттың директоры, тарих ғылымының кандидаты. Көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат – Абылай ханның өнегесінде тәуелсіз Қазақ елінің келешек ұрпағын ойландырарлық тәжірибе мол екенін жеткізіп, сан ғасыр армандаған …

ҚҰЖАТТАР КӨРМЕСІ аңызға айналған тарихи тұлға хақында сыр шертеді Read More »

ДОМБЫРАНЫ КӨШЕДЕ КҮМБІРЛЕТТІК…

Өткен жексенбіде Петропавлда “Домбыра Party” өтті. Домбыраның қоңыр үнін сағынып, қазақ әндеріне шөлдегендер С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың алдындағы саябақта түскі төрт кезінде жиналды.  Фархат ТАСТАМБЕКОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Шартты түрде “Домбыра Party” деп аталатын қозғалыс былтыр Астана қаласында басталған болатын. Кейін ол Интернет арқылы танымалдылыққа ие болып, басқа қалалар да өткізе бастады. Тіпті, Facebook.com әлеуметтік желісінде …

ДОМБЫРАНЫ КӨШЕДЕ КҮМБІРЛЕТТІК… Read More »

ЖЕҢІП ТҰРЫП, ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

Қазақстанның бірінші лигасының 4-туры өтті. “Қызыл-Жар СҚ” командасы өз алаңында Ақтау қаласының “Каспий” клубын қабылдады. Турнир кестесінде қызылжарлық құрама 2-ші орынға жайғасты. Ал ақтаулық команда әзірге 13-ші орында. Тартысты өткен ойынды облыс әкімі Самат Ескендіров жанкүйерлермен бірге тамашалады.  Аманжол НҰРТАЗИН,журналист. Ойын басталысымен қызылжарлықтар ақтаулық команданың қақпасына доп соғуға әрекеттенді. Алайда, барлық қауіпті шабуылдар сәтсіз болды. …

ЖЕҢІП ТҰРЫП, ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ Read More »

ЖҮРЕКТЕРІ “ЕЛІМ” ДЕП СОҚҚАН абзал азаматтар марапатталды

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Елімнің тағдыры – менің тағдырым!” өңірлік форумы болып өтті. Аталмыш форум “Назарбаев орталығы” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен барлық өңірлерде өткізіліп отыр. Патриоттар жиынына облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов, мемлекеттік органдар мен саяси партиялардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, ардагерлер мен жастар қатысты. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”.  Бұл форум отаншыл азаматтардың …

ЖҮРЕКТЕРІ “ЕЛІМ” ДЕП СОҚҚАН абзал азаматтар марапатталды Read More »

ЖОҒАРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Назарбаев Университеті”, “Назарбаев Зияткерлік мектептері” және “Назарбаев қоры” Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырысты ашқан Мемлекет басшысы “Назарбаев Университеті” мен “Назарбаев Зияткерлік мектебі” жобалары бойынша көп жұмыс жүргізілгенін атап өтті. – Біз келешекте әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін алға қойдық. Сондай-ақ, біз …

ЖОҒАРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ Read More »

ИНТЕРНЕТ- ОЛИМПИАДАЛАР АРҚЫЛЫ шығармашылық мүмкіндік жүзеге асырылады

Гүлмира БЕЙСЕНОВА, СҚУ колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.   Бүгінгі күні бүкіләлемдік Интернет компьютер желісі ең ірі әрі қолжетімді деректер қорына және оқыту құралына айналып отыр. Интернет жариялылық пен қарым-қатынас құралы, мол мультимедиа мұрағаты, жаһандық ойын алаңы болып табылады. Меніңше, Интернеттің жағымсыз әрекеттеріне жол бермейтін және оның игіліктерін тиімді пайдаланып, қауіпті тұстарына қарсы тұра …

ИНТЕРНЕТ- ОЛИМПИАДАЛАР АРҚЫЛЫ шығармашылық мүмкіндік жүзеге асырылады Read More »

ОРЫСТІЛДІ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ қазақ тілінен жүлде олжалап жүр

Күлжан ШОПАНАЕВА, бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістеме бірлестігінің жетекшісі. Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістеме бірлестігі үшін былтырғы және биылғы оқу жылдарының жақсы жаңалықтары, жетістіктері мол болып отыр. Қол жеткен жетістіктеріміздің арқауы лицей педагогтерінің ақпараттық, әдіснамалық және коммуникативтік құзыреттілігінің жоғары деңгейі, сондай-ақ …

ОРЫСТІЛДІ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ қазақ тілінен жүлде олжалап жүр Read More »