«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕКСЕРІС НӘТИЖЕСІ КӨҢІЛ КӨНШІТПЕЙДІ

Облыс бойынша тексеру комиссиясы 2012 жылға арналған бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес облыстың жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын 107 объектіде бақылау жүргізді. Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларының сақталуына облыстың үш ауданында кешенді бақылаулар жүргізілді: Тимирязев, Айыртау және Шал ақын аудандарында. Айқындалған заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 12 824,6 млн. теңгені құрады, соның ішінде бюджетке түсімдер бойынша – …

ТЕКСЕРІС НӘТИЖЕСІ КӨҢІЛ КӨНШІТПЕЙДІ Read More »

ЭНЕРГИЯ ЫСЫРАБЫ ЫҚТИЯТСЫЗДЫҚТЫ БІЛДІРЕДІ

Қуат үнемдеу соңғы ширек ғасырдың ішінде әлемнің барлық елдері үшін ең өзекті мәселенің біріне айналды. Экономиканың өсімі, тұрғын үй құрылысы қосымша қуат ресурстарын талап етеді. Солай бола тұра адамның іс-әрекеті қоршаған ортаны бұзуда, ауа райын өзгертеді және табиғи қуат ресурстарының азаюына әкеліп соқтырады. Сергей ХУДЯКОВ, Петропавл қаласының ПИК қауымдастығының төрағасы. Кез келген саладағы қуат үнемдеу …

ЭНЕРГИЯ ЫСЫРАБЫ ЫҚТИЯТСЫЗДЫҚТЫ БІЛДІРЕДІ Read More »

БЮДЖЕТТІҢ МӨЛДІРЛІГІ ЖҰРТШЫЛЫҚ СЕНІМІН АРТТЫРАДЫ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың баспасөз орталығында өңірлік қаржы басқармасы және Солтүстік Қазақстан облысының Қоғамдық бақылау коалициясы бірлесіп дайындаған 2012 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп жобасы бойынша жария тыңдау өтті. Осындай маңызды құжат бірінші рет баяндаманы бекіту түрінде емес, “Азаматтық бюджет” түрінде талқыланып отыр. Құжатты талқылаудың мұндай түрі тұрғындарды бюджет …

БЮДЖЕТТІҢ МӨЛДІРЛІГІ ЖҰРТШЫЛЫҚ СЕНІМІН АРТТЫРАДЫ Read More »

ҚАН ҚЫСЫМЫҢЫЗ КӨТЕРІЛМЕСІН ДЕСЕҢІЗ, саламатты өмір салтын ұстаныңыз

Дүниежүзілік денсаулық күні биылғы жылы қан қысымы дертінің алдын алуға арналды. Соған орай облыс орталығында қан қысымы дертіне арналған онкүндік ұйымдастырылды. Оның қорытынды бөлігі облыстық кардиологиялық орталықта өтті.   Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Баспасөз мәслихатының облыстық кардиологиялық орталықта өткізілуінің өз себебі бар. Жүрек-қан тамырлары ауруларына жататын инсульт, инфаркт, жүректің ишемиялық аурулары дәл осы қан …

ҚАН ҚЫСЫМЫҢЫЗ КӨТЕРІЛМЕСІН ДЕСЕҢІЗ, саламатты өмір салтын ұстаныңыз Read More »

“ҰЛЫ ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ” қозғалысының облыстық филиалы құрылды

Өткен жұма күні облыс орталығындағы экономикалық-техникалық білім беру кешенінің ғимаратында “Ұлы Дала қырандары” қоғамдық қозғалысы” республикалық қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалын құруға арналған құрылтай конференциясы болып өтті. Жиынды ашқан аталмыш қоғамдық қозғалыстың Жоғары кеңесінің мүшесі, әйгілі тарихшы ғалым Виктор Зайберт “Бірлігі мықты ел озады” деген нақыл бұл бірлестіктің басты ұраны болып саналатынын, ұйым “ұлы …

“ҰЛЫ ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ” қозғалысының облыстық филиалы құрылды Read More »

“ЕСІЛ СУ” ЕСЕП БЕРДІ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. “Қазсушар” ШЖҚ РММ-нің “Есіл су” филиалы қоғамдық тыңдау өткізіп, тораптық су құбырлары бойынша су беру жөніндегі реттелетін қызмет көрсету жұмыстарының 2012 жылғы қорытынды есебін берді. Аудан әкімдіктерінің өкілдері, аудандық ТКШ кәсіпорындары басшылары, су тұтынушылары және “Есіл су” филиалының бөлім жетекшілері қатысқан жиынды кәсіпорын директорының міндетін атқарушы Мұрат Жантілеуов қысқа кіріспе сөзбен …

“ЕСІЛ СУ” ЕСЕП БЕРДІ Read More »

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Сенбі күні Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев пен Талғат Ерғалиев М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де болып, жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты.   Алдымен құрметті қонақтар СҚМУ-дің әскери кафедрасында болды. Бұл жерде генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев оқу аудиторияларын аралап, әскери техника мен қару-жарақтардың сапасын көрді. Осы орайда көзі шалған олқылықтарға байланысты сынын да айтты. …

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ Read More »

АЙДАНА АҚШ-та ОҚИТЫН БОЛАДЫ

Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының 10 “ә” сынып оқушысы Айдана Қажыбаева FLEX халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша АҚШ-та бір жыл тегін оқу жолдамасын жеңіп алды. Ағылшын тілін еркін меңгерген жерлесіміз қазақстандық 1250 мектеп оқушысының ішінен топ жарып, білімділігімен көзге түсті.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Айдананың өзінің айтуынша, ол бұл сайыста жеңіске жетемін деп …

АЙДАНА АҚШ-та ОҚИТЫН БОЛАДЫ Read More »

СЕРХАН БАТАЙ – ел ұстаздары байқауының жүлдегері

Петропавл қаласындағы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің мұғалімі Серхан Батай Шымкент қаласында өткен “Ең үздік шығармашыл мұғалім” республикалық ұлттық қолданбалы қолөнер байқауында ІІІ орынды жеңіп алды.   Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Республикалық сайысқа еліміз бойынша 15 үміткер технолог ұстаз қатысқан. Тек мұғалімдер арасында өткен сайысқа Серхан Батай өз қолынан жасаған бұйымдарын апарған. Байқауға қатысушылар …

СЕРХАН БАТАЙ – ел ұстаздары байқауының жүлдегері Read More »

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚЫТАЙҒА САПАРЫ

Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың “China Daily” атты қоғамдық-саяси газетіне сұхбат берді.   Сұхбатта Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын, соның ішінде сауда-экономикалық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың келешегіне қатысты кең ауқымды мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Қытай жаңа басшылығы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуды …

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚЫТАЙҒА САПАРЫ Read More »

ҚОРАҒА ТҮСКЕН ҰРЫ ҰСТАЛДЫ

Облыста тағы бір мал ұрлығы тіркелді. Мағжан Жұмабаев ауданының тәртіп сақшылары сиырды қолды етіп, етін облыс орталығында сатқан ұрылардың бірін ұстады.     Ерлан МАХМЕТОВ, СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі. Ұрлық түнгі сағат үш шамасында Булаево қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан Таманское ауылында орын алған. Арызданушының айтуы бойынша, қылмыскерлер алдын ала дайындалып келген екен. Тәртіп сақшыларының …

ҚОРАҒА ТҮСКЕН ҰРЫ ҰСТАЛДЫ Read More »

“МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦИЯМ” КОНКУРСЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗДАР

СҚО Ішкі істер департаменті мектеп оқушылары арасында “Менің қазақстан-дық полициям” тақырыбында облыстық шығармалар конкурсын өткізеді. Сайысқа облыс орта мектептерінің 5-11-сынып оқушылары қатыса алады. Шығарма көлемі бір беттен аспауы тиіс, жанрды (мазмұндама, шығарма, өлең) автордың өзі таңдайды. Материалға қоса автордың фотосуреті, қысқаша өмірбаяны туралы мәліметтер, сонымен қатар ата-анасының мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, мекенжайы, …

“МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦИЯМ” КОНКУРСЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗДАР Read More »

“САБАҚТАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТИІМДІЛІГІ” тақырыбындағы семинар

Майра ЖҮСІПОВА, тәрбие және дамыту мәселелері жөніндегі базалық №23 орта мектептің эксперименттік алаңының бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек жолын жаңа ғана бастаған жас мамандар әдістемелік көмекке мұқтаж. Теория мен тәжірибені байланыстыра білу – жас ұстазға ауырлау келеді. Сондықтан облыстық білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының мамандары әр ауданнан жиналған жас мамандарға семинар өткізіп, бағыт-бағдар …

“САБАҚТАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТИІМДІЛІГІ” тақырыбындағы семинар Read More »

АЛИМЕНТ ТӨЛЕУ – АР-ҰЯТҚА СЫН

    2013 жылдың басынан облыстық Сот актілерін орындау департаментінің алимент төлемдерін өндіріп алу жөніндегі бөлімінің орындауында Петропавл қаласы бойынша 3 мыңнан астам атқарушылық іс жүргізу болды. Алименттер бойынша жалпы берешектер 72 миллион теңгені құрады, қазіргі уақытта олардың 4 миллион теңгеден астамы өтелді.   “Алимент – бұл сенің балаңның болашағы!” атты акция аяқталды. Акция барысында …

АЛИМЕНТ ТӨЛЕУ – АР-ҰЯТҚА СЫН Read More »

ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ

Жер пайдалану құқығы меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) жер пайдалану құқығын табыстау, беру және ауыстыру жолымен және жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиіс. Жер пайдалану құқығы мемлекеттiк органдар актiлерiнiң; азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде; Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды. Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер …

ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ Read More »

БІРЫҢҒАЙ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫН ҚҰРУ – тиімділік пен сенімділік кепілі

Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының (МЗТО) облыстық филиалында “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті. Оған “ҚР Ұлттық банкі” ММ ОФ директоры Жомарт Қажырақымов, Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Жанахмет Тасшығұлов, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Асқар Сақыпкереев, мәслихат депутаттары, іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері, кәсіподақ комитеттерінің …

БІРЫҢҒАЙ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫН ҚҰРУ – тиімділік пен сенімділік кепілі Read More »

Ескерту

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Ауа температурасының көтерілуіне байланысты соңғы кездері қар жылдам ери бастады, соның нәтижесінде Петропавл қаласы аумағының ойпаң жерлеріне орналасқан тұрғын үйлер мен олардың аулалары ағын сулардан зардап шеге бастағаны байқалады. Су тасқынының алдын алу мақсатында өз аулаларыңыз бен оған жапсарлас аумақтарды қардан шұғыл тазартуды, бірінші кезекте еріген судың қалыпты ағуын қамтамасыз ету үшін суағарлар …

Ескерту Read More »

ЖАҢА ӨКІЛ ИМАМ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Амандық ЖАНТЕМІРОВ, ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілдігінің баспасөз хатшысы. Мұсылман қауымы үшін қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының наиб мүфтиі Серікбай Ораз Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіровтің қабылдауында болып, ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажұлының бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имам және “Қызылжар” орталық мешітіне бас имам болып тағайындалған Кенжетай Дүйсенбайды таныстырды. …

ЖАҢА ӨКІЛ ИМАМ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ Read More »

ЖАҢА ЖАНАР- ЖАҒАРМАЙ СТАНСАСЫ АШЫЛДЫ

Ләззат САЛЫҚОВА, журналист. “ҚазМұнайГаз өнімдері” АҚ еліміз бойынша жанар-жағармай құю стансаларының желісін кеңейтуде. Кеше облыс орталығында алғашқы “ҚазМұнайГаз” жаңа жанар-жағармай құю стансасы ашылды. Қазіргі таңда өңіріміз бойынша осындай 11 жанар-жағармай құю стансасы бар. Аталмыш ұлттық компанияның облысымыздағы өңірлік менеджері Руслан Кәрімовтің айтуынша, үстіміздегі жылы республика бойынша 140 жанар-жағармай стансасын салу жоспарланған. Бұл орайда Қостанай мен …

ЖАҢА ЖАНАР- ЖАҒАРМАЙ СТАНСАСЫ АШЫЛДЫ Read More »

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ — ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ

Қаламызға іссапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев Петропавлдағы №40 мектеп жанындағы алғашқы әскери дайындық орталығында болды.   Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Кездесу барысында халық қалаулысы орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Аталмыш орталықта өңірдің 35 оқу орнының 10-11-сынып оқушылары оқиды. Тек үстіміздегі оқу жылында оқушылар саны 2010-ға жеткен. Жеткіншектерге алғашқы әскери дайындық бойынша білім …

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ — ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ Read More »