«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨЛЕГЕН ЗАКАРИЯНОВ – Петропавл қаласының әкімі

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Кеше облыс әкімі Самат Ескендіровтің қатысуымен бесінші шақырылымдағы Петропавл қалалық мәслихаттың кезектен тыс он төртінші сессиясы өтті. Болат Жұмабековтің отставкаға кетуіне байланысты депутаттар жиналысының күн тәртібіне Петропавл қаласының жаңа әкімін тағайындау мәселесі қойылды. Өңір басшысы Самат Ескендіров қалалық мәслихат депутаттарының қарауына бұл қызметке Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі болып істеген …

ТӨЛЕГЕН ЗАКАРИЯНОВ – Петропавл қаласының әкімі Read More »

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТІЛДІ

Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін бірқатар әскери қызметшіге мемлекеттік наградаларды табыс етті.   Атап айтқанда, ІІ дәрежелі “Даңқ” орденімен ҚР Қарулы Күштері “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Т.Қойбақов, Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы А.Рыспаев марапатталды. ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен …

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТІЛДІ Read More »

ЕЛІМІЗДЕГІ АЛҒАШҚЫ ГЕНЕРАЛ ӘЙЕЛ

Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаеваға генералдық погондар тапсырды. Айта кетейік, Қазақстанда алғаш рет әйел азаматшаға генералдық атақ беріліп отыр.Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева 1960 жылдың 22 мамырында Торғай облысы Жақсы кентінде дүниеге келген. Мемлекет басшысының 2012 жылдың сәуіріндегі Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының …

ЕЛІМІЗДЕГІ АЛҒАШҚЫ ГЕНЕРАЛ ӘЙЕЛ Read More »

Профессор Сара Алпысбаева: “БЖЗҚ ҚҰРУ – ДҰРЫС ҚАДАМ”

Сабина СЕКСЕМБАЕВА. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру Қазақстан азаматтарының жинақтарын қорғап, салынған қаржының табысты болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институты Макроэкономикалық және қолданбалы экономикалық-математикалық зерттеулер орталығының басшысы Сара Алпысбаева BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.   Макроэкономист ретінде С.Алпысбаева жинақтаушы зейнетақы жүйесін құрудың өзі әлемде болып жатқан өзгерістерді ескере отырып жасалған дұрыс қадам …

Профессор Сара Алпысбаева: “БЖЗҚ ҚҰРУ – ДҰРЫС ҚАДАМ” Read More »

АУЫЛ ТІРЕГІ – ФЕРМЕРДІҢ АЙТАРЫ БАР…

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Өткен сенбі күні облыстық Статистика департаментінің мәжіліс залында өңір фермерлерінің жиналысы өтті. Оны Фермерлер одағы облыстық филиалының төрағасы Нияз Ыбыраев ашты. Ел экономикасында айтарлықтай үлесі бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өздерінің осы алқалы жиынында өткен жылдың атқарылған жұмыстарына қорытынды жасады және алға қойған мақсаттары мен міндеттерін сөз етті. Өңірлік жиынға қатысқан …

АУЫЛ ТІРЕГІ – ФЕРМЕРДІҢ АЙТАРЫ БАР… Read More »

ҚАЙСАР МАЛҒАЖДАРОВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Облыстық Кедендік бақылау департаментінде биылғы жылдың қаңтарында Алматы қаласының түбінде ұшақ апатында қазаға ұшыраған жерлесіміз, кеден қызметінің полковнигі Қайсар Малғаждаровты еске алу митингісі өтті. Департамент мұражайында марқұмның құрметіне орай экспозиция ашылып, шараға оның әріптестері мен отбасы мүшелері жиналды. Бұл шара Қайсар Малғаждарұлының дүниеге келген күніне орай ұйымдастырылды.  Экспозицияның ашылу салтанатында облыстық Кедендік бақылау департаментінің басшысы …

ҚАЙСАР МАЛҒАЖДАРОВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ Read More »

ҮЙІ ӨРТЕНГЕН ОТБАСЫ “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша баспаналы болды

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Тайынша ауданының орталығында “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлер жыл санап көбеюде. Аудандағы болашағы жоқ Мирное, Голубое, Кеңес, Көзашар, Бірлік, Талдыкөл, Трудовое, Теңіз, Жарқайың сияқты елді мекендердегі 26 отбасы Тайынша қаласында жаңадан салынған тұрғын үйлерге қоныс аударды. Әлі де пәтердің кезегін күтіп отырған 38 отбасы бар, оларға да …

ҮЙІ ӨРТЕНГЕН ОТБАСЫ “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша баспаналы болды Read More »

ҰЛЫ ТҰЛҒА ХАҚЫНДА ұлағатты әңгіме өрбіді

Өмірі мен қызметі Қазақ хандығының ең қиын кезеңіне тап келген Абылай – ел тарихындағы айрықша тұлға. Соңғы жылдары ханның туған және қайтыс болған жылдарына байланысты айтылып, жазылып жүрген кейбір деректерге орай тарихшылар мен зерттеушілер бір пікірге тоқтамай жүр. Тың мәліметтер бойынша оның туғанын 1711 жыл емес, бұдан екі жыл кейін, ал қайтыс болғанын 1781 жылдан …

ҰЛЫ ТҰЛҒА ХАҚЫНДА ұлағатты әңгіме өрбіді Read More »

ҚАЛАМЫЗ ТАЗАРА ТҮСТІ

  Қошан ҚАЛИ,“Солтүстік Қазақстан”. Облыс орталығында санитарлық тазалық және абаттандыруға байланысты сенбілік жалғасын тапты. Оған қоса дәл осы күні “Таза Жеңіс” жастар акциясы өткізілді. Оның мақсаты – қаламыздағы ескерткіштердің, саябақтардың, шағын бақтардың аумақтарын тазартып, тәртіпке келтіру.Петропавл қаласындағы колледждердің 200-ден аса студенті сенбілік күні Жеңіс саябағында және эвакуациялық госпитальда қаза болғандарға қойылған ескерткіштердің аумақтарында 500 түп …

ҚАЛАМЫЗ ТАЗАРА ТҮСТІ Read More »

ЖАҢА НЫСАНДАР ЖАЛЫНҒА ОРАНБАСЫН десеңіз, өрт қауіпсіздігіне жете мән берген жөн

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Нұрлан Атығаевтың төрағалығымен “дөңгелек үстел” өтті. Жиынға жоспарлау ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Онда құрылыс нысандарын жоспарлау кезеңінде, құрылыс жүргізу барысында өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселесі қаралды. Жиынға қатысушылар алдында сөз алған өртке қарсы қызметінің бас маманы, подполковник Аман Байтоқов өрт …

ЖАҢА НЫСАНДАР ЖАЛЫНҒА ОРАНБАСЫН десеңіз, өрт қауіпсіздігіне жете мән берген жөн Read More »

ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Есіл аудандық ішкі істер бөліміне аудан орталығы – Явленка ауылының тұрғыны хабарласып, өзінің отбасын өрттен аман алып қалған тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді.  Аудандағы отбасылардың бірі тілсіз жаудың құрбаны бола жаздап, қырағы тәртіп сақшыларының арқасында аман қалған. Оқиға сәуірдің 22-нен 23-іне қараған түні орын алған. Алғыс иесі Ирина Кулакованың айтуынша, апат түнде болған, осы кезде өзі, …

ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ Read More »

ЕЖЕЛГІ ӘСКЕРИ ӘНДЕР бүгінгі ұрпақты да баурап тұр

Жеңіс күніне орай облыстық Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығында сахналандырылған әскери әндердің облыстық байқауы өтті. Оған орта білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Балалар соғыс әндерін шырқады. “Әскери жол” атты бөлімінде жаяу әскер, артиллерия, әуе күштері және басқа әскерлер жайында өнер көрсетті. Баршамызға танымал “Аист на крыше”, …

ЕЖЕЛГІ ӘСКЕРИ ӘНДЕР бүгінгі ұрпақты да баурап тұр Read More »

ОТАНШЫЛДЫҚ СЕЗІМІМІЗ АСҚАҚТАЙТЫН КҮН

Данияр ӘБУТӘЛІП, “Нұр Отан” ХДП “Болашақ” филиалы төрағасының бірінші орынбасары. Отан қорғаушы күні – ел азаматтарының отаншылдық сезімін асқақтататын айрықша мәнге ие күн. Өйткені, отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып табылған. Қазіргі кезде әскердегі бозбалалардың бойындағы патриоттық сезімдерін нығайтып, өсер ұрпақ ғибрат аларлықтай, үлгі тұтарлықтай, ержүрек, намысшыл, адал, қайсар мінезді …

ОТАНШЫЛДЫҚ СЕЗІМІМІЗ АСҚАҚТАЙТЫН КҮН Read More »

ІШКІ ӘСКЕР – ТЫНЫШТЫҚ САҚШЫЛАРЫ

Андрей ҚАСКЕЛЕНОВ, №6637 әскери бөлімнің командирі. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуында Ішкі әскер лайықты орын алады және елдегі әлеуметтік-саяси тұрақтылық факторларының бірі болып табылады. Себебі, Ішкі әскер жиырма жылдан астам уақыт бойы елімізде ішкі құқық тәртібін сақтауда. Бүгінде бөлімнің көптеген әскери қызметшілері әскердің қалыптасуы мен дамуына, жауынгерлік қызмет сапасын арттыруға, заңдылық пен құқықтық …

ІШКІ ӘСКЕР – ТЫНЫШТЫҚ САҚШЫЛАРЫ Read More »

ЕРБОЛ СЫНДЫ ЕР ЖІГІТ ТЕР – ӘСКЕРИ ИНСТИТУТ МАҚТАНЫШЫ

Жұмабек АХМЕТОВ, ҚР ІІМ Ішкі әскер Әскери институтының бастығы. Ата-бабаларымыз аманат еткен қазақ елі жыл өткен сайын көркейіп, әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайтып, халықаралық кеңістікте өз беделін арттырып келеді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев мұндай жетістіктерге жетудің басты кепілі Қазақстанда ұлт пен ұлыстар, конфессиялар арасындағы татулық пен бірліктің сақталуында екендігін үнемі айтып отырады. Бұл жайында Елбасы жуырда өткен Қазақстан …

ЕРБОЛ СЫНДЫ ЕР ЖІГІТ ТЕР – ӘСКЕРИ ИНСТИТУТ МАҚТАНЫШЫ Read More »

СҰРАҚ – ЖАУАП

– Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдар бүгінгі таңда қандай жәрдемақылар алады? – Қазақстанда қолданылатын еңбек жағдайлары ерекше жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі мыналарды қамтиды: 1) зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 9 АЕК ( №1 Тізім үшін) және 8 АЕК (№2 Тізім үшін) мөлшерінде төленетін мемлекеттік арнаулы әлеуметтік жәрдемақы; 2) жалпыға ортақ белгіленген зейнеткерлік жасқа …

СҰРАҚ – ЖАУАП Read More »

ПОШТА ҚЫЗМЕТІ ҚАЙТСЕ ЖАҚСАРАДЫ?

Осы тақырып аясында өткен пікіралысу барысында сала қызметін алға жылжытудың, ақпараттық жүйені жаңғыртудың қанатқақты жобалары сөз болды. “Қазпочта” АҚ халықты пошта қызметтерінің толық спектрімен қамтамасыз ететін еліміздегі ең ірі коммуникациялық мекеме болып табылады. Кең тармақталған желілері бар және қызмет көрсетуде тәжірибесі мол АҚ кешенді түрде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерге …

ПОШТА ҚЫЗМЕТІ ҚАЙТСЕ ЖАҚСАРАДЫ? Read More »

2013 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыш пен гербицид түрлерiн және өндiрушiлер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына), тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тонн

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы №221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Белгіленсін:1-қосымшаға сәйкес 2013 …

2013 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыш пен гербицид түрлерiн және өндiрушiлер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына), тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тонн Read More »

Көмусіз қалған боздақтар жаны жай тапсын деп…

Александр АЗЕГОВ, “Саланг” әскери-патриоттық клубының төрағасы. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан бері 68 жыл өткенімен, соғыс жаңғырығы әлі де жүрегімізді жаралауда. Егер мұрағат ақпарына сүйенсек, Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Одағы 27 миллион азаматынан айрылса, оның 4 миллионнан астамы қазақстандықтар болған. Бұған ұрыс кезінде із-түзсіз жоғалған 2 миллион 500 мың сарбазды қосыңыз. Сарбаздардың басым бөлігі 1941-1945 …

Көмусіз қалған боздақтар жаны жай тапсын деп… Read More »

САХНАДА – САҚШЫЛАР

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. СҚО ІІД-нің ақпараттық-сараптамалық орталығының басшысы, полиция подполковнигі Игорь Соболевскийдің жұмыс күні әдеттегідей таңертең басталып, күн бата аяқталады. Қарамағында 30-ға жуық маман қызмет ететін орталықты ішкі істердің өзегі деп айтуға болады. Себебі, қандай да бір қылмыстың бетін ашу үшін тергеуші осы орталыққа хабарласып, қылмыскер жайында толық ақпарат ала алады. Әрі бұл орталықта …

САХНАДА – САҚШЫЛАР Read More »