«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫРНАЙ САЗЫ ӘЛІ ДЕ СҮЙІКТІ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Балалар мен жасөспірімдердің музыкалық шығармашылығын шыңдауға арналған “Әуендет, менің сырнайым!” атты фестиваль облыс орталығындағы Достық үйіне жиналған қауымның көңілін бір сергітіп тастады. Өңірімізде алғаш рет өткізіліп отырған бұл шараны Петропавлдағы өнер колледжінің дарынды балаларға арналған мектебі ұйымдастырды. Халықтық өнер туындылары мен ұлттық аспаптарды насихаттауды көздеген аталмыш фестивальға қатысушылар қатары қалың болды. …

СЫРНАЙ САЗЫ ӘЛІ ДЕ СҮЙІКТІ Read More »

МАЙРА ЖӘКІМСАЛОВА – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ

Мемлекеттік мекемелерде қазақ тілі пәнінен сабақ беретін мұғалімдер ара-сында “Қазақ тілінің үздік оқытушысы” облыстық байқауы өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш байқауға қатысушыларға қойылатын талап жыл сайын жоғарылауда. Осы орайда байқауға өзіне нық сенімділер ғана қатысуға тілек білдірген. Аталмыш байқауға 13 мұғалім қатысып, олар 2 кезеңде өз бақтарын сынады. Іріктеуден өткен 6 ұстаз қазылар алқасының алдында әртүрлі …

МАЙРА ЖӘКІМСАЛОВА – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ Read More »

СӘУІРДІҢ СОҢЫНДАҒЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

Өткен жұма күні Петропавл қалалық классикалық гимназияның ұжымы және ата-аналар Наурыз мейрамын тойлады.  Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Гимназияның спорт алаңына жартылай киіз үй пішінінде сахна құрылып, оқушылар жиналғандарға концерт берді. Сахнаның оң қанатында балалар алтыбақан тепті. Сыныптар арасында әртүрлі сайыстар ұйымдастырылды. Солардың бірі – ең дәмді әрі тартымды дастарқан байқауы. Қазанда бауырсақ пісіріліп, самаурындар қойылды. …

СӘУІРДІҢ СОҢЫНДАҒЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ Read More »

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН КЕЛЛЕРОВКА

Ементай АМАНЖОЛОВ, Келлеровка орта мектебінің мұғалімі. Келлеровка – ынтымағы жарасқан көпэтносты ауыл. Мұнда жергілікті ұлтпен қатар поляк, орыс, украин, белорус, шешен, ингуш, армян және тағы басқа этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.   Ауылымыз 1905 жылдары Поволжье, Украинаның Одесса облысынан қоныс аударған немістердің арқасында құрылған. Сол себепті де ауылдың атауы ауқатты неміс көпесі Келлердің есімімен аталады. …

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН КЕЛЛЕРОВКА Read More »

ҚАЗАҚСТАН – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ

Қазақ жерінде ғасырлар бойы сан түрлі дінді ұстанған әр алуан халықтар өзара келісім мен татулықта өмір сүріп келеді. Сондықтан да қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлем үшін дінаралық және ұлтаралық келісім салтанат құрған тату елдің жарқын үлгісіне айналып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауында: …

ҚАЗАҚСТАН – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ Read More »

АССАМБЛЕЯ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНА ТҮСПЕКШІ

Жуырда Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өткізілді. Осы алқалы жиыннан алған әсерін білмек болып Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Елена Мезевамен кездескен едік.   – Елена Николаевна, мерейтойлық сессияға қатысып қайттыңыздар. Алған әсеріңізбен бөліссеңіз… – Ассамблеяның мерейтойлық сессиясына республикамыздың барлық өңірінен қатысқан 1300-ге жуық адамның барлығы шабыттанып шыққаны анық. Сессия барысында болған атмосфераны сөзбен жеткізу …

АССАМБЛЕЯ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНА ТҮСПЕКШІ Read More »

ӨЗГЕЛЕРГЕ ӨНЕГЕ КӨРСЕТУ — ҰЛТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ

Кәрібай МҰСЫРМАН, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы облыстық филиалының төрағасы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясында сөйлеген сөзінде: “Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Ал ұлтаралық татулық мәселесі – Ассамблеяның сан қырлы қызметінің бір парасы ғана. Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте …

ӨЗГЕЛЕРГЕ ӨНЕГЕ КӨРСЕТУ — ҰЛТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ Read More »

ТҮМЕНДІК КӘСІПКЕРЛЕР қызылжарлық әріптестерімен қауышты

 Кеше С.Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапхананың баспасөз орталығында байланыс биржасы аясында Ресейдің көрші Түмен облысынан келген іскерлік делегациясымен әріптестік кездесу өтті. Оған Қызылжар өңірінің бірқатар кәсіпкерлері қатысып, бірлесе жұмыс істеуге келісім жасады. Нұрсайын ШӘРІП,   “Солтүстік Қазақстан”. Кездесуді ашқан Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының басшысы Тотыкамал Құлжанова екі өңір арасындағы әріптестік қатынас тұрақты да орнықты сипатқа ие …

ТҮМЕНДІК КӘСІПКЕРЛЕР қызылжарлық әріптестерімен қауышты Read More »

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Стамбул процесіне қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлері конференциясының ашылуына қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде бүгінгі кездесуде Ауғанстанның одан арғы дамуына байланысты мәселелердің талқылауға шығарылғанын атап өтті. – Ел аумағының көп бөлігі қазір Ауғанстан Үкіметінің жауапкершілігінде. Біз бұл үрдісті нығайта түсу жөніндегі ел басшылығы мен халықаралық қоғамдастықтың күш салуына қолдау білдіреміз. Алайда, …

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ Read More »

ЕСІЛДІКТЕР ЕГІСКЕ САҚАДАЙ САЙ

Облыс әкімі Самат Ескендіров жұмыс барысымен Есіл ауданында болып, ауыл-аймақтың тыныс-тіршілігімен танысты.  Назерке ТҰРСЫНОВА, журналист. Өңір басшысы ат басын тіреген “Азия – Тораңғұл” ЖШС-де 800 бас ірі қара бар, былтыр шаруашылыққа ангус пен герефорд тұқымды ірі қара әкелінген. Петр Гольцер биыл мал басын әлі де ұлғайтпақ. Облыс әкімі жайылымдарды аралап, “Атамекен Агро Корнеевка” ЖШС-ге де …

ЕСІЛДІКТЕР ЕГІСКЕ САҚАДАЙ САЙ Read More »

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын! Достық, татулық және келісім – еліміздің ең зор дәулеті, бұл біздің бүкіл жетістіктеріміз бен өзгерістеріміздің негізі. Қазақстандықтар бірліктің, сенімнің және төзімділіктің нәтижесінде тәуелсіз мемлекет орнатты, серпінді дамыған тиімді экономикасы бар және келер ұрпаққа лайықты келешекті қамтамасыз етті. Ұлтаралық бірлік пен төзімділіктің қазақстандық тәжірибесі әлемде көптеген елдер үшін …

Мерекелік құттықтау Read More »

УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР БОЛУ ОҢАЙ ЕМЕС

Сенбі күні облыстық Ішкі істер департаменті әкімшілік полиция қызметкерлерінің семинар-кеңесін өткізді. Бұл жиын учаскелік инспекторлардың жұмыс сапасын арттыру және кәмелеттік жасқа толмағандар қылмысының алдын алу тақырыптарына арналды. Жиынға облыс әкімі Самат Ескендіров қатысты. Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Аталмыш органның атқарған жұмыстары жайлы хабарлама жасаған департамент басшысының орынбасары Серік Идирисов атап көрсеткендей, соңғы жылдары учаскелік инспекторлардың …

УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР БОЛУ ОҢАЙ ЕМЕС Read More »

ТАЛШЫҚТЫҢ ЮЛИЯСЫ талайдың таңдайын қақтырып жүр

Юлия Матвеева – облыс орталығындағы Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 2-курс оқушысы. Әкесі – татар, анасы – орыс. Қазақша майын тамызып сөйлейтін ол – қазір өзі қатарлы жастарға үлгі болып жүрген ару. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Юлия – өзі оқитын колледждің мақтанышы. Ол соңғы рет облыстық Абай оқуы байқауында бірінші орынды жеңіп алды. Қазақ тілінде мүдірмей …

ТАЛШЫҚТЫҢ ЮЛИЯСЫ талайдың таңдайын қақтырып жүр Read More »

РОМАННЫҢ ТАҢДАУЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІ

Роман Жолудев Петропавлдағы №20 орта мектептің бірінші сыныбында оқиды. Ол осы мектепті өзінің қалауы бойынша таңдаған. Қазақ мектебіне бір ауыз сөз білмей келген Роман бүгінде өзінің сыныптастарынан еш кем емес.  Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Баласының болашағын ойлаған әр ата-ананың алдында оны қай мектепте оқыту туралы мәселе тұрады. Ата-ананың көпшілігі мектепті таңдаған уақытта бірінші кезекте білім …

РОМАННЫҢ ТАҢДАУЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІ Read More »

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНГЕНДЕР Оның өрісін кеңейтуге үлес қосып келеді

Бүгінгі таңда өзге этнос өкілдерінің қазақ тілінде сөйлейтіндігіне таңданбайтын болдық. Бірі – тілші, екіншісі – спортшы, үшіншісі – мұғалім, әйтеуір, түрлі салада еңбектеніп жүрген олар қазақ тілін меңгергендіктен, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге зор үлестерін қосып жүр. Осы орайда облыстық Тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту және жұмысты үйлестіру бөлімінің басшысы Әсем Сүлейменовамен кездескен едік.   …

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНГЕНДЕР Оның өрісін кеңейтуге үлес қосып келеді Read More »

ӨНЕРІН ҰРПАҒЫНА ӨНЕГЕ ЕТКЕН әулетке қарап, қызыққандайсың…

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. – Үш құрсақ көтердім. Тұңғышымызды кішкентай кезінде ата-әжесі бауырына салған, біз оған аға-жеңгедейміз. Моңғолиядан ата-жұртқа көшіп келген соң, ұлды болдым. Тарихи Отанға қоныс аударарда біраз қиындықтар көрсек те, бүгінде бұл шешіміміздің дұрыс болғанына күмәніміз жоқ. Біз Моңғол мемлекетінің заңына бағындық, халқымен сыйласып өмір сүрдік. Олар да бізді ешқашан шеттеткен емес. Қазақстанға …

ӨНЕРІН ҰРПАҒЫНА ӨНЕГЕ ЕТКЕН әулетке қарап, қызыққандайсың… Read More »

АРЗАННАН БАСТАП, ҚЫМБАТҚА КӨШКЕН кәсіпкер іс өрісін кеңейте түсті

Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Бір кездері Ақжар ауданындағы мектептердің бірінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған Сергей Байдала – қазір тасы өрге домалаған кәсіпкерлердің бірі.   Ата-анасы 1960 жылы Қазақстанға Украинадан көшіп келгенде Сергей Байдала небәрі 4 жаста болған. Сол себепті де Қазақстанды өзінің Отаны санайтын ол өсіп-өнген елінен кеткісі жоқ. Кәсібін ашты, еңбегінің …

АРЗАННАН БАСТАП, ҚЫМБАТҚА КӨШКЕН кәсіпкер іс өрісін кеңейте түсті Read More »

ҚАҢҒЫБАСТАР ТІРКЕУГЕ АЛЫНДЫ

Облыста “Қаңғыбас” жедел-алдын алу шарасы өтті. Тәртіп сақшылары тұрғылықты мекенжайы жоқ, іздеуде жүрген қылмыскерлер мен із-түзсіз жоғалғандарды анықтап, тұтқындады. Кезбе адамдар жиналатын орындарға: жылу құбырлары, бос қалған ғимараттар мен жертөлелерге рейд жүргізілді. Құжаты жоқ тұлғалар қалалық ішкі істер басқармасының қаңғыбастарды қабылдау-бөлу бөліміне жеткізілді. Бұл жерде олар барлық базалар арқылы тексеріліп, фото және бейне тіркеуге қойылды. …

ҚАҢҒЫБАСТАР ТІРКЕУГЕ АЛЫНДЫ Read More »

“ЖЕТКІНШЕК” ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ

  Республикалық “Жеткіншек” жедел-алдын алу шарасы аясында жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстың алдын алу бойынша рейдтер жүргізілді. Тайынша ауданының Чкалов ауылында жасөспірімдер қылмысының алдын алу тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Тайынша АІІБ бастығы Абай Тастеміров әкімшілік полиция бөлімінің жыл басынан атқарған жұмысына тоқталып, проблемаларды ортаға салып, талқылады. Мәселен, ауданда қоғамдық орындарда мас күйде жүрген – 37, қоғамдық тәртіпті …

“ЖЕТКІНШЕК” ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ Read More »

ӨНДІРІСТЕГІ ӨЛІМ-ЖІТІМ 5 жылдан бері кемімей тұр

Әлем бойынша жыл сайын өндірісте 2 млн.-нан астам адам қаза табады екен. Бұл – Халықаралық еңбек ұйымының келтірген мәліметі. Жылдан-жылға бұл жағдай белең алып барды. Бүкілдүниежүзілік еңбекті қорғау күні бұл мәселе баса айтылады.   Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. СҚО бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті осыған орай семинар-кеңес өткізді. Облыстық қуыршақ театрының залында өткен іс-шараға …

ӨНДІРІСТЕГІ ӨЛІМ-ЖІТІМ 5 жылдан бері кемімей тұр Read More »