«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өрісі кеңейген “ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ”

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Шаңырақ көтергеніне биыл алты жыл толғалы отырған қазақ мектеп-гимназиясында бүгінгі күні бүкіл өңірімізге өнеге тұтарлық “Өнер орталығы” жұмыс істейді. Оған белгілі әнші, Дәмеш Құрманкина жетекшілік етеді. Ол осы оқу орнына ауысқан соң бір кездескен сәтте: – Жаңа мектепке қызметке кірдім. Көздеп жүрген ой-мүдделерім бар. Ұлттық өнерді өрлететін ертеңгі ұрпақты баулығым келеді. …

Өрісі кеңейген “ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ” Read More »

ҚИЯЛМЕН ҚАНАТТАНҒАН жас суретшілер әлеммен сырласады

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. … Қиял деген құдірет адам ақыл-ойынан да тысқары әлемге қас пен көздің арасында апарып-қайтатын ғаламат күш-қуат екенін кім білмейді? Әсіресе, бала қиялы осындай. Мұны балалар салған суреттерден бәрінен бұрын аңғарасың. Қаладағы көркем- өнер лицейінің қабырғаларына ілінген суреттерге көз сала тұрып, бала қиялына қалайша ілесіп кеткеніңді сезбей де қаласың. Өйткені, балалар салған …

ҚИЯЛМЕН ҚАНАТТАНҒАН жас суретшілер әлеммен сырласады Read More »

КӨРШІ ӨҢІРЛЕР БІЛЕК БІРІКТІРІП, су тасқыны қаупінің алдын алуға дайын

Любовь АНУФРИЕВА, СҚО бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бас маманы. Көктемгі тасқында Есіл өзенінің қатері мол. Ол облыс аумағында оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысына қарай 690 шақырымды бойлап ағады. Ұзындығы 2450 шақырымға тең Есіл 177 мың шаршы шақырымды алатын алқапта су жинайды. Соған қоса оның өн бойында көптеген көлдер, Ақанбұрлық, Иманбұрлық салалары, Шудасай, Бағанаты және басқа да уақытша …

КӨРШІ ӨҢІРЛЕР БІЛЕК БІРІКТІРІП, су тасқыны қаупінің алдын алуға дайын Read More »

БАҚЫЛАУДЫҢ БОСТЫҒЫ БАЙҚАЛАДЫ

Облыс бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес және де заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің негізінде 2012 жылы 250 нысан бақылаумен қамтылып (соның ішінде 219-ы – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатындар), жалпы 17 374,7 млн. теңгенің заң бұзушылықтары анықталды. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда анықталған заң бұзушылықтардың сомасы – 14 631,2 млн. теңге (2011 жылы – 7 …

БАҚЫЛАУДЫҢ БОСТЫҒЫ БАЙҚАЛАДЫ Read More »

ЕЛІМІЗДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМГЕ тәубе демеске болмайды

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Жуырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мақұлданған ел Үкіметі мен Ұлттық банкінің экономикалық саясаттың 2013 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі жарияланды. Онда айтылғанындай, ел Үкіметі мен Ұлттық банкінің 2012 жылы жүргізген экономикалық саясаты әлемдік экономикадағы ахуалдың кері әсеріне қарамастан, елде экономика дамуының оң серпінін қамтамасыз етуге, макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға …

ЕЛІМІЗДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМГЕ тәубе демеске болмайды Read More »

ШӘКІРТІ ӨЗІНЕН ОЗҒАН ҰСТАЗ

Зәуре БЕКТАСОВА, №2 Преснов орта мектебінің директоры. Бауыржан Момышұлы айтқандай: “Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді”. Міне, дәл осылайша ұл-қызға тәрбие беріп жүрген ұстазымыз – №2 Преснов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Айнагүл Әбішева. Ол еңбек …

ШӘКІРТІ ӨЗІНЕН ОЗҒАН ҰСТАЗ Read More »

МАРЖАНМЕН МАҚТАНАМЫЗ

Күлжан ТӨКЕНОВА, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың директоры. Маржан Оспанова – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың химия пәнінің мұғалімі. Ол 1955 жылы Есіл ауданының Жаңалық ауылында туып-өскен. Білімі – жоғары, Петропавл педагогикалық институтын химия және биология мамандығы бойынша тамамдаған. Дарынды балаларға зияткерлік даму талабына сай білім берудегі жетістігі үшін …

МАРЖАНМЕН МАҚТАНАМЫЗ Read More »

Оқу жетістіктеріне әділ баға

Сәуле КЕРЕЕВА, білім сапасын сыртқы бағалау бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері. Оқу жетiстiктерiн сырттай бағалау (ОЖСБ) бiлiм беру ұйымдарына оқыту сапасына тәуелсiз мониторинг жүргізу түрлерiнiң бiрi болып табылады. Оқу жетiстiктерiн сырттай бағалау рәсімі туралы айтсақ, оның әлемдік деңгейде әр мемлекеттің бiлiм беру қызметтерiнiң мақсатымен және қалыптасқан дәстүрімен айқындалатынын атап айтуға …

Оқу жетістіктеріне әділ баға Read More »

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың кейбір шешімдері туралы

(Бесінші шақырылымның XIIІ сессиясы)   Петропавл қ. №13/25 2013 жылғы 19 наурыз «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 4 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ: 1. Осы шешімнің қосымшасында көрсетілген Солтүстік Қазақстан облыстық …

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың кейбір шешімдері туралы Read More »

АСТАНАЛЫҚТАР АЛДЫНА ТҮСІРМЕДІ

Наурыз мерекесінің қарсаңында Петропавлдың “Жастар” стадионында Ұлыстың ұлы күнінің құрметіне футболдан қалааралық үшкүндік “Солтүстік жұлдызы” деп аталған жарыс болып өтті. Александр НОВИЧКОВ, “Футбол” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері. Бас жүлде үшін барлығы сегіз команда таласып, қарлы алаңда 1999 және 2000 жылдары туған жасөспірімдер шеберлік сынасты. Өңірлік дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери даярлық әдістемелік …

АСТАНАЛЫҚТАР АЛДЫНА ТҮСІРМЕДІ Read More »

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР ТАРТЫСЫ

Мереке күндері қалалық шахмат клубында тоғызқұмалақшылар облыс чемпионатында шеберліктерін сарапқа салды. Тайталасқа түскен алты команданың үздігі Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ойыншылары болды. Екінші орынды Петропавлдың балалар үйінің командасы иеленді. Үшінші жүлде облыс орталығындағы №10 мектеп тоғызқұмалақшыларына бұйырды.

ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА – РИЗАБЕК

Азамат ШӘРІПОВ, “Нұр Отан” ХДП аудандық филиалы жанындағы “Жас Отан” ЖҚ атқарушы хатшысы, спорт бойынша бас маман. “Нұр Отан” ХДП қызметіндегі басты бағыттардың бірі – саламатты өмір салтын қалыптастырып, дене шынықтыру мен спортты дамыту. Осы бағыттарды жүзеге асыру мақсатында партия “Қазақстан барысы” республикалық турнирін бірге ұйымдастырушы ретінде қатысты. Наурыз айы бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінде қазақ күресі …

ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА – РИЗАБЕК Read More »

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ ӘЗІРЛЕГЕН мерекелік көріністі асыға күтудеміз

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртістері жыл сайын Наурызды халықтың алдында қарсы алады. Биыл да өнер иелері орталық алаңға шығып, Ұлыстың ұлы күнін сахна төрінде атап өтеді.   Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Театрдың көркемдік жетекшісі Болат Әбдірахмановтың айтуынша, биылғы сахналық көрініс Қызыр атаның батасымен бастау алады. Наурыз мерекесі қазақта осы кейіпкермен астасады. 22 …

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ ӘЗІРЛЕГЕН мерекелік көріністі асыға күтудеміз Read More »

АҚШ-та ДА АТАП ӨТІЛЕДІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білікті де білімді жастардан кадрлар даярлау үшін “Болашақ” халықаралық стипендиясын тағайындағаны мәлім. Содан бергі уақыт ішінде мыңдаған жас өркениетті елдерде білім алып, бүгінде Отанымыздағы іргелі мекемелерде абыройлы қызмет атқарып жүр. Төрткіл дүниенің атақты оқу орындарына жолдама алған қазақстандық жастар соңғы жылдары тек қана білім алып қоймай, …

АҚШ-та ДА АТАП ӨТІЛЕДІ Read More »

АУЫЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АУКЦИОН “Мәмбетов және К” серіктестігінде өтті

Сейсенбі күні облыстық “Ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту” бағдарламасы аясында жұмыс істеп жатқан Мамлют ауданындағы “Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігі былтыр туған “Абердин-Ангус” асылтұқымды бұқаларын сату бойынша Қызылжар өңірінде алғашқы аукцион өткізді. Бәсеке саудасына 30 бас ірі қара шығарылды. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”.   Озат серіктестік репродуктор- шаруашылыққа айналды “Мәмбетов және К” КС осыдан …

АУЫЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АУКЦИОН “Мәмбетов және К” серіктестігінде өтті Read More »

“ҚАЗАГРОДА” ҚАРЖЫ МОЛ, тек оған қол жеткізу жолдарын білу керек

Облыс әкімдігінің үлкен залында “ҚазАгро” Ұлттық басқарушы холдингі” АҚ-ы арқылы агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті.   Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Кеңесті ашқан облыс әкімі Самат Ескендіров “ҚазАгро” акционерлік қоғамының агроөнеркәсіп кешенінің (АӨК) басым бағыттары – астық сатып алу, мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаны жүзеге асыру, холдингтің ағымдық бағдарламалары аясында, …

“ҚАЗАГРОДА” ҚАРЖЫ МОЛ, тек оған қол жеткізу жолдарын білу керек Read More »

Жергілікті жолдарды жөндеуге – 5 МИЛЛИАРД 95 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ Бұл бұрын-соңды бөлінбеген қомақты қаржы

Бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың XIII сессиясы өтіп, онда 2013-2015 жылдарға арналған облыс бюджеті талқыланды. Бұдан басқа жиырма мәселе қаралды. Оған өңір басшысы Самат Ескендіров, Петропавл қаласының және аудандардың әкімдері, барлық деңгейдегі мәслихаттардың хатшылары, ведомстволардың басшылары қатысты. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Кәсіптік білім мен кадрларды кәсіптік даярлау жағдайы туралы облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов баяндама жасады. …

Жергілікті жолдарды жөндеуге – 5 МИЛЛИАРД 95 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ Бұл бұрын-соңды бөлінбеген қомақты қаржы Read More »

Қымбатты солтүстікқазақстандықтар!

Ұлы мереке – Наурыз мейрамы құтты болсын!   Сан ғасырлардан бері заманалар мен ұрпақтардың үзілмес жалғастығын сіңірген ежелгі мереке бұл. Шығыста ол көктемгі күн мен түннің теңелуінің, жаңарудың және тіршілік атаулының оянуының белгісі болып саналады. Наурыз мейрамы Тәуелсіздік жылдарында ұлттық ерекшеліктеріне және діни нанымдарына қарамастан, бүкіл қазақстандықтарға бірдей қымбат шынайы жалпыхалықтық мерекеге айналды. Бұл – …

Қымбатты солтүстікқазақстандықтар! Read More »

Бұл мейрамның қалай тойланғанын қалайсыз?

Күн мен түн теңелетін, табиғат ана тамылжып, қыс бойы қар құрсауында болған тіршілік оянатын, жер мен көк жаңаратын мезгіл – әз-Наурызға да келіп жеттік. Дегенмен, осы бір қадірі мен қасиеті мол ұлттық мейрамымызды өз деңгейінде атап өтіп жүрміз бе? Осыған орай облыс жастары арасында “Наурыз мерекесі қалай тойланғанын қалайсыздар?” деген сауалнама жүргізуді ұйғардық.   Назым …

Бұл мейрамның қалай тойланғанын қалайсыз? Read More »

ЖYЗДЕРI – БОЛЕК , ЖYРЕКТЕРI – БIР

Халқымыздың 43 пайызы ауыл тұрғындары болса, олардың елдігімізге қосып отырған үлесінің қомақты екендігі сөзсіз. Сондықтан іргесі сөгілмей отырған ауыл-аймақтарды көргенде көңілің өсіп сала беретіні бар. Осындай елді мекеннің қатарына Аққайың ауданындағы Полтавка ауылын жатқызуымызға болады.   Бұл елді мекеннің іргетасы сонау ХІХ ғасырдың соңында қаланған. Осы жерге бұдан 120 жыл бұрын Украинадан бірнеше отбасы келіп …

ЖYЗДЕРI – БОЛЕК , ЖYРЕКТЕРI – БIР Read More »