«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙТІН ӨЗГЕ ҰЛТ АРУЛАРЫ САЙЫСТЫ

Қамар ЕСҚҰЛОВА, Айнұр КЕНЖЕБОЛАТОВА, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері. Өзге ұлт өкілдерінің тілдік қорын байыту, тілге деген қызығушылығын арттыру, қазақша ойлау деңгейін жоғарылату мақсатында мектебімізде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Айымгүл Айсақова мен Айнұр Кенжеболатова “БЭСТ” гимназиясы арулары” атты сайыс өткізді.

Өмір-дерек

Нұргүл Оқашева – 1990 жылдың 3 желтоқсанында Қызылорда облысының Арал ауданына қарасты Мергенсай ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. “Жүрегім жырдан ғана жаратылған” атты тұңғыш жыр жинағының авторы. Бірнеше республикалық мүшәйралардың жүлдегері, Фариза Оңғарсынова атындағы “Өлең, мен сені аялап өтем!” атты ақын қыздар мүшәйрасының жеңімпазы. Өлеңдері “Көкшетау жас …

Өмір-дерек Read More »

ДЕНЕ БІТІМІҢ СЫМБАТТЫ БОЛСЫН ДЕСЕҢ, аэробикамен айналыс

Әлемде сұлу көрінгісі келмейтін адам жоқ шығар, сірә. Әсіресе, нәзік жанды әйелдер қауымы қай жаста болса да, келбетті көрініп, сымбатты мүсіннің иесі болғысы келеді-ақ. Ол үшін нәзік жандылар ашығу арқылы артық салмақтан арылуға да дайын. Бірақ артық салмақтан құтылудың тағы бір мүмкіндігі бар. Ол – фитнес. Фитнес-клубтарды қазіргі таңда қаланың әр бұрышынан кездестіруге болады. Солардың …

ДЕНЕ БІТІМІҢ СЫМБАТТЫ БОЛСЫН ДЕСЕҢ, аэробикамен айналыс Read More »

ОЛЕСЯ ГОНТАРЬДЫҢ – “ГАРМОНИЯСЫ” жан мен тәннің үйлесіміне үндейді

Олеся Гонтарьдың “Гармония” интерьер студиясын ашқанына бір жылдан сәл ғана асқан. Осы шамалы уақыт ішінде оның атқарған шаруасы аз емес. Олеся Викторовна өз ісін дөңгелетіп отырғанымен қатар, денсаулығында кінәрат бар Карина деген бүлдіршінге ота жасатуға қаражат жинауға көмек қолын созып жүр.   Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”.   “Гармония” интерьер студиясының атауы айтып тұрғандай, бұл жобада …

ОЛЕСЯ ГОНТАРЬДЫҢ – “ГАРМОНИЯСЫ” жан мен тәннің үйлесіміне үндейді Read More »

АЙШАТТЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ

Өмір ШАЛАБАЙҰЛЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Отбасылық үлгідегі Балалар ауылында тәрбиеші-ана қызметін атқаратын Айшат Жүнісовамен сұхбаттасуымызға мекеме директоры Арыстан Әкімжановтың сөзі себеп болды. Елбасының “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” атты мақаласындағы “Тек еңбек қана барлық қазақстандықтардың әл-ауқатқа және жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады” деген қағидалы сөздерін өмірлік мақсатқа айналдырып, …

АЙШАТТЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ Read More »

ЖҰБАЙЛАРЫНАН ЖӘБІР КӨРГЕН ҚЫЗ КЕЛІНШЕКТЕР демеу табатын орталық

Табиғатынан гүлдей әдемі, нәзік келетін әйелдер физикалық әрі психикалық жағынан ерлерге қарағанда әлсіз. Бұл – заңды да. Сондықтан да олар ерлерді қорған санайды. Десе де, қорған болуға тиіс күйеулерінің қолынан зорлық-зомбылық көріп жүрген нәзік жандар жоқ емес, бар. Өткен жылы облысымызда тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген 46 әйелдің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл – тіркелгені ғана. …

ЖҰБАЙЛАРЫНАН ЖӘБІР КӨРГЕН ҚЫЗ КЕЛІНШЕКТЕР демеу табатын орталық Read More »

ӘКЕ ЖОЛЫН ҚУҒАН ҚЫЗ аға тергеуші Гүлнәр Нұрбаева жайында

Гүлнәр Нұрбаева – Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының 1-ші полиция бөлімінің аға тергеушісі. Қарақшылық шабуыл, тонау, алаяқтық сияқты ауыр қылмыстарды ашу бойынша жұмыс жүргізеді. Аса қырағылық пен білімділікті, төзімділік пен жан-жақтылықты талап ететін мамандықты игеріп жүргеніне биыл жетінші жыл.   Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Полиция капитаны Гүлнәрдің тергеуші мамандығын таңдауына әкесінің қазасы себеп болған. Есіл …

ӘКЕ ЖОЛЫН ҚУҒАН ҚЫЗ аға тергеуші Гүлнәр Нұрбаева жайында Read More »

Мерекелік құттықтау

Аяулы арулар! Көктемгі тамаша мереке – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Баршамыз үшін бұл мереке – табиғаттың оянуының, шаттықтың және үміттің белгісі. Қымбатты әйелдер, Сіздер көктемгі күннің алғашқы шуағы сияқты айналаның бәрін нұрға бөлеп, жылу шашып жүресіздер. Сіздердің бүкіл армандарыңыз жүзеге асып, көңілдеріңізден көктем кетпесін! Біздің ізгі ниетіміз отбасыларымыздың, аналарымыздың, қарындастарымыздың, жұбайларымыздың амандығы мен қамын …

Мерекелік құттықтау Read More »

ОБЪЕКТИВТЕ – билік тізгінін ұстаған қыз-келіншектер

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында “Арманмен қанаттанған” тақырыбында фотокөрме ашылды. “СҚО іскер әйелдер қауымдастығы” ҚБ бұл шараны өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген әйелдерді ұлықтау мақсатында ұйымдастырды. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Көрмеде қызметтері әртүрлі әйелдердің 50-ге жуық суреті қойылды. Оларға қарап, облысымызда отбасылық өмірімен бірге қызметті тең ұстап келе жатқан нәзік жандардың қатарының көптігіне қуанасың. …

ОБЪЕКТИВТЕ – билік тізгінін ұстаған қыз-келіншектер Read More »

ПРЕЗИДЕНТ НҰРЛАН АЛДАБЕРГЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі Нұрлан Алдабергеновті қабылдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Елбасы қазіргі уақытта Бірыңғай экономикалық кеңістіктің тиімді жұмыс жасауына байланысты бірқатар мәселелерді шешу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев тауар өндіру, тарату және біркелкі жағдай мен тең бәсекелестік ортада қызмет көрсетуге байланысты Кеден одағының …

ПРЕЗИДЕНТ НҰРЛАН АЛДАБЕРГЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Read More »

ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Республикалық Ұланның қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Президенттің Күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды; Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Президенттің Күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды; Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев Республикалық Ұланның қолбасшысы қызметінен босатылды және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына байланысты әскери қызметтен шығарылды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

ТАЙ БОКСЫНДА ДА ТЕГЕУРІНДІМІЗ

Жуырда Алматы қаласында жастар және жасөспірімдер арасында муай-тай бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Оған қатысқан өңірлік спортшылар 2 алтын, 1 күміс пен 1 қола олжалады. Бәсекелі сайыста өз салмақ дәрежелерінде қарсыластарынан басым түскен жерлестеріміз Евгений Огородник (71 кг.) мен Нұржамал Каменова (51 кг.) – І орын, Алена Кузнецова (57 кг.) – ІІ, ал Салтанат …

ТАЙ БОКСЫНДА ДА ТЕГЕУРІНДІМІЗ Read More »

ҚОС ЖҮЛДЕМІЗ БАР

Қостанай қаласында жасөспірімдер арасында кикбокстан ел біріншілігі өтті. Шаршы алаңда бақ пен бабын сынаған жерлес спортшылар Қаби Темірлан 67 кг. салмақ дәрежесінде 2-орынға тұрақтаса, Марат Смайылов 57 кг. салмақта 3-орынды иеленді.

ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ ЖЕҢІС

Жезқазғанда грек-рим мен еркін күрестен жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының аясында грек-рим күресінен белдесулер аяқталды. Оған еліміздің барлық аймағынан 14 пен 16 жас аралығындағы 500-ге жуық спортшы қатысып, 10 салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Аталмыш сайыста облыс атынан боз кілемде өнер көрсеткен грек-рим палуандары Зелимхан Усманов (42 кг.), Азамат Бисенғалиев (46 кг.), Айдос Сұлтанғали …

ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ ЖЕҢІС Read More »

ҚОНАҒЫМЫЗ – БЕЙЖІҢ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Таэквондодан Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Чилманов облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатта оқушылармен кездесті. Атырау қаласында АӘД және дене шынықтыру мен спорт аймақтық орталығы бастығының орынбасары қызметін атқаратын Арман Чилманов кездесуге қатысқан балаларға 13 жыл бойы таэквондомен айналысып келгенін әңгімеледі. Петропавлға жұмыс бабымен келіп, оқушылармен кездесуге уақытын бөлген Арман Чилманов өңірімізде спорттың дамуына жоғары …

ҚОНАҒЫМЫЗ – БЕЙЖІҢ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ Read More »

“ЕСІЛ” ЕСЕСІН ҚАЙТАРУҒА ТЫРЫСТЫ

Қызылжарда волейболдан жоғары лиганың А тобында 3-тур ойындары өтті. 8 команданың арасында өткен тартысқа толы кездесулерде шымкенттіктер топ жарды.   Өз алаңында сәттірек өнер көрсеткен “Есіл-Виктория” өз көрсеткішін айтарлықтай жақсартты. Олар бұл сайыста тек Шымкенттің “ОҚМУ-Қазығұрт” командасының (3:1) ғана осал тұсын таба алмады. Ал Оралдың “Жайық-Конденсаты”, Теміртаудың “Арселор-Миттал” командасы мен “ВК Семей” 14 ұпаймен көш …

“ЕСІЛ” ЕСЕСІН ҚАЙТАРУҒА ТЫРЫСТЫ Read More »

ОМБЫЛЫҚТАР ОЗДЫ

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Қызылжар ауданындағы “Құлагер” ипподромында тректік ипподромдық жарыс бойынша Қазақстан біріншілігінің үшінші кезеңі өтті. Жарысқа Омбы, Көкшетау, Астана және Петропавл қалаларынан 13 спортшы қатысты. Додада тәжірибелі спортшылармен қатар жас өрендер де бақ сынады. Автокөлік жүргізушілері шұғыл бұрылыстардан қиналмай өтіп, ипподромның айнадай жалтыраған жолдарында өнер көрсетті. Бұл күні 14 рет жарыс жолына шыққан …

ОМБЫЛЫҚТАР ОЗДЫ Read More »

ДОПТЫ ХОККЕЙДЕН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Мектеп және колледж оқушыларының VI республикалық қысқы спартакиадасы аясында допты хоккейден ақтық ойындар аяқталды.Тартысты өткен доданың қорытындысы бойынша Ақтөбе облы-сының құрамасы І орын, жерлес спортшылар екінші орыннан көрін-се, ал шығысқазақстандықтар үшінші орынды иеленді.Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

МАУСЫМ БАСТАЛДЫ

Қызылжар. Көктем. Қазақша КВН. Жаңа маусым басталды. Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Екі күн қатарынан облыстық балалар шығармашылық орталығының сахнасында күлкі мейрамы тойланды. Бірінші күн маусымашар болды. Облыстық лигада ойнайтын командалар баптарын байқатты. Бұған дейін бірде-бір құрамасы болмаған М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ден үш бірдей команда келген екен. Алайда, ол командалардың ойыны университеттегі факультетаралық КВН ойындарының деңгейінде жүргендігі …

МАУСЫМ БАСТАЛДЫ Read More »

АЛҒЫСҚА БӨЛЕНГЕН БАС МЕДБИКЕ

Суреттегі сол жақта тұрған ақ халатты абзал жанның есімі – Галина Қоқышева. Ол қазіргі таңда №3 қалалық аурухананың бас медбикесі болып қызмет етуде. Галина Өміржанқызын ауруханаға жұмыс бабымен барған сайын жиі көреміз. Кімді болсын ақ көңілмен қарсы алатын аурухананың бас медбикесі бірнеше бөлімдері мен зертханалары бар аурухананы бес саусағындай жатқа білетіндігі, бізді бір емес бірнеше …

АЛҒЫСҚА БӨЛЕНГЕН БАС МЕДБИКЕ Read More »