«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНАЛАР-АЙ, АСЫЛДАРЫМ, АРДАҒЫМ!

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Аналар-ай, Мөлдіреген жаны ізгі, Бар әлемнің жарық Күні тәрізді. Тіршілікке өмір берген сендерге, Қалай осы қайтарамыз қарызды?! Аналар-ай,

Жүйкесі мықтының мамандығы

Нәзік жандарды бүгінгі күні әр салада кездестіруге болады. Ердің ісі саналар күзетшіліктен бастап, әскери қызметке дейін. Тіпті, атауының өзі адам жүрегінде үрей тудыратын патологоанатомия саласына саналы өмірінің 44 жылын арнаған әйел де бар екен. Өмірінің тең жартысын мәйіттерді зерттеуге арнаған облысымыздың штаттан тыс бас патологоанатом дәрігердің аты-жөні – Алла Козленко. Ол №3 қалалық аурухананың патологоанатомиялық …

Жүйкесі мықтының мамандығы Read More »

ШӨПШЕК СҮЙГЕН ӘЖЕЙ 113 жасқа келеді

Бикамал Мұржықова әжей осы жылдың 13 наурызында 113 жасқа келгелі отыр. Облыс орталығында тұратын кейуанамен жолығудың сәті түсті.   Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Бір ғасырлық ғұмырды артқа тастаған Бикамал әжей осындай жасына қарамастан, тың. Үйіне келген бізді қазақы салт бойынша жылы қабылдап, әңгімеге қосыла кетті. Әжей 1900 жылы Жамбыл ауданының Суаткөл ауылында дүниеге келген. 1917 …

ШӨПШЕК СҮЙГЕН ӘЖЕЙ 113 жасқа келеді Read More »

СУРЕТШІНІҢ СЕРІГІ ҚЫЛҚАЛАМЫ

Әкем мені ылғи “Көбелек” деп атайтын еді, – деп бастады әңгімесін өңіріміздің тумасы, суретші Алтын Кәрімова. – Бала кезімде мектептен үйге дейінгі жол бойы қарда жатып, қолымды әрі-бері ербеңдетіп, өзімді көк аспанда ұшып жүрген көбелектей елестететінмін. Оны әкем көріп: “Мына жерге аспаннан көбелек түскен бе, ізін қалдырыпты ғой”, – деп үнемі айтатын… Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік …

СУРЕТШІНІҢ СЕРІГІ ҚЫЛҚАЛАМЫ Read More »

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ ДЕН ҚОЙҒАН “ТОМИРИС”

Ортамызда бір емес, бірнеше мамандықтың тізгінін ұстап, қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген қыз-келіншектер жетіп артылады. Солардың бірі – “Томирис” гендерлік білім беру орталығы” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Рахат Әзімбаева. Жүрісі нық, қимылы шапшаң Рахат Омашқызымен кездескен сайын көз алдыма қазақ жазушыларының шығармаларында суреттелген қайсар, өжет қыз-келіншектердің бейнесі оралады. Саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған ол – қазақ …

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ ДЕН ҚОЙҒАН “ТОМИРИС” Read More »

ӘДІЛЕТ МҰСТАФИН – “УНИВЕРСИТЕТ БАРЫСЫ”

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Қазақстан барысының” үшінші маусымының басталуына орай “СҚМУ барысы” жарысы өтті. Оқу ордасының палуандарына өздерін қалалық, облыстық ареналарда бақтарын сынап көру мүмкіндігі алғаш рет туып отырған дода – “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының мұрындық болуымен ұйымдастырылған шараға СҚМУ-дің 5 факультетінен 8 палуан қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша тарих және заң …

ӘДІЛЕТ МҰСТАФИН – “УНИВЕРСИТЕТ БАРЫСЫ” Read More »

ОЛИМПИАДА ЫҚЫЛАСЫМДЫ АРТТЫРА ТҮСТІ

Надежда ЛУКАШЕВИЧ, Зеленый Гай орта мектебінің 5-сынып оқушысы. Біздің мектебімізде қазақ тілінен көптеген сайыстар, олимпиадалар ұдайы өткізіліп тұрады. Мен қазақ тілін жетік меңгеруді мақсат тұтамын. Биыл 5-10-сыныпта оқитын өзге ұлт өкілдерінің арасында “Тіл – тәуелсіздіктің символы” атты VІ республикалық қашықтық олимпиадасына қатыстым. Олимпиаданы “Дарын” республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы өткізді. І турда ғаламтор арқылы 40 сұраққа жауап …

ОЛИМПИАДА ЫҚЫЛАСЫМДЫ АРТТЫРА ТҮСТІ Read More »

ЖАСТАРДЫҢ “БОЛАШАҚҚА ЖОЛЫ” БАР

Жақында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын талқылауға арналған “дөңгелек үстел” ұйымдастырылды. Аталмыш шараның негізгі мақсаты – Үкімет отырысында қабылданған “Қазақстан – 2020: Болашаққа жол” атты мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын насихаттау және жастармен пікір алмасу.   Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. “Дөңгелек үстел” барысында хабарлама жасаған “СҚО бойынша Қазақстанның Студенттер альянсы” …

ЖАСТАРДЫҢ “БОЛАШАҚҚА ЖОЛЫ” БАР Read More »

САХНАДА – ӨНЕР МЕКТЕПТЕРІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ

Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен Петропавл қаласындағы №1 өнер мектебінде балалар өнер мектептері мен мамандандырылған музыка мектептерінің фортепьяно бөлімі және хор ұжымдары оқушыларының республикалық 47-ші фестиваль-конкурсының облыстық кезеңі өтті.   Айгүл ЖЫЛҚОЖИНА, білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері. Конкурс қатысушылар үшін жария түрде өтті. Қазылар алқасының шешімімен №8 …

САХНАДА – ӨНЕР МЕКТЕПТЕРІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ Read More »

ҮШ ТІЛДІ БІЛСІН ДЕП…

Таяуда Петропавл қаласындағы “Снежинка” бөбекжай-балабақшасында полилингвалды оқытуды тиімді қолдану туралы қалалық семинар өткізілді. Оған облыс орталығының бірнеше балабақшаларының тәрбиешілері, ағылшын тілінің мамандары қатысты.   Құралай МҰХАМЕДЖАНОВА, “Снежинка” балабақшасының қазақ тілі мұғалімі. Бөбекжай-балабақшаның меңгерушісі Самал Балтабаева шараның бағдарламасы және мақсаты жөнінде айта келіп, ұжымдағы тәрбиешілер бала тәрбиесіндегі шығармашылықтарын дамыта отырып, жаңа технология арқылы біліктіліктерін арттыруды көздейтінін …

ҮШ ТІЛДІ БІЛСІН ДЕП… Read More »

АРАЙСЫҢДАР, ҚЫЗЫЛЖАР ҚОБЫЗШЫЛАРЫ!

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”.   Өнер колледжінің 12 тәрбиеленушісінен құрылған аталмыш ансамбль әр 5 жыл сайын концерт беруді игі дәстүрге айналдырған. Бұл жолғы концерт өнер колледжінде қобыз сыныбының ашылғанына 13 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Концерт “Назқоңыр” халық әнімен ашылды. Ансамбль мүшелері жас та болса, танымал сазгерлердің туындыларын асқан шеберлікпен орындап шықты. Ансамбльдің орындауында, әсіресе, …

АРАЙСЫҢДАР, ҚЫЗЫЛЖАР ҚОБЫЗШЫЛАРЫ! Read More »

ОТАҒАСЫЛАР ОЛАРҒА НЕ СЫЙЛАЙДЫ?

Ұзақ та суық қыстан кейін бүршік жарған бәйшешектей көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз да таяп қалды. Осындай тамаша күні нәзік жандарға кім қандай сыйлық жасайды екен? Бүгінгі нөмірде осы жайлы әңгіме өрбітіп, мереке иелерінің пікіріне құлақ түрелік.   Жанар Омарова, 35 жаста: – Жұбайым жыл сайын мереке қарсаңында мен күтпеген сыйлықты жасауды әдетке айналдырды. …

ОТАҒАСЫЛАР ОЛАРҒА НЕ СЫЙЛАЙДЫ? Read More »

Ақ кимешек салған АНА “Мақсатын” мақтан тұтады

Өткен жылы облыстық ассамблея өткізген шаралардың біріне қатыспақ болып, Қызылжар аудандық орталық кітапханаға кірдім. Шара өтетін оқу залына келе жатқан мен тырс-тырс еткен туфлидің дыбысын естіп, артыма бұрылғанымда басында аппақ жаулығы бар, етегі жер сызған ақ көйлектің сыртынан алтын түстес қамзол киген Сақып Құсайынкелінін көрдім. Тар дәлізде ысырылып жол бергенімде биязы жымиып: “Амансың ба, қарғам!” …

Ақ кимешек салған АНА “Мақсатын” мақтан тұтады Read More »

2 млрд. 600 млн. ТЕҢГЕ – ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ

Өткен жұма күні жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Асқар Сақыпкереев 2012 жылдың қорытындысы және алда тұрған міндеттер жайында БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.   Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Басқарманың мүгедектерді оңалту бөлімінің бастығы Лариса Шереметьева көмек сұрай келген жандарға байланысты электрондық деректер базасын жасау мәселесінің қалай жүзеге асырылып жатқандығын, компьютерден нақты мысалдар келтіре …

2 млрд. 600 млн. ТЕҢГЕ – ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ҚЫСПЕН ҚОШТАСТЫ

Қызылжарлықтар қысты шығарып салу мейрамын атап өтті. Бұл шара Қазақстан Конституциясы көшесіндегі Орталық алаңда басталып, тоғыз шағын ауданда лайықты жалғасын тапты. Жиналған қауым құймақтан, ыстық шай мен палаудан ғана емес, әрбір ұлттың тағамдарынан дәм татуға мүмкіндік алды. Тіл үйірер дәмді тағамдар тегін таратылды.   Бұл күнгі халық серуенінен, әртүрлі ойын-сауық шараларынан қала тұрғындары сырт қалған …

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ҚЫСПЕН ҚОШТАСТЫ Read More »

СПАРТАКИАДА АЛАУЫ ТҰТАНДЫ

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Петропавлда мектеп және колледж оқушыларының республикалық VI қысқы спартакиадасының ақтық жарысының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сайыста еліміздің барлық түкпірлерінен келген 2000-нан астам қатысушы өз өңірлерінің намысын қорғайды. Салтанатты шараны облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов кіріспе сөзбен ашты.

ТУЫСТЫҒЫН ТАНЫТҚАН “СҰЛТАН макарон бұйымдары” АҚ-да 30-ға тарта оралман әйелдер еңбек етуде

Нұрсайын ШӘРІП,   “Солтүстік Қазақстан”.   “Окан-Холдинг” компаниясының “Сұлтан макарон бұйымдары” АҚ 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оған сол кезде голландияның “VAN DER POL” фирмасының печенье шығаратын 50 метрлік желісі орнатылған болатын. Содан бері онда “Қызылжар”, “Әсем”, “Балқаймақ”, “Улыбка”, “Легенда”, “Забава” сияқты тәтті тағамның қырық шақты түрі шығарылуда. Әртүрлі салмақта арнайы орамамен шығарылатын печеньелер …

ТУЫСТЫҒЫН ТАНЫТҚАН “СҰЛТАН макарон бұйымдары” АҚ-да 30-ға тарта оралман әйелдер еңбек етуде Read More »

ПРЕЗИДЕНТ БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВТЫ…

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Кездесу кезінде Б.Сағынтаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясында және Қазақстан Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде алға қойылған тапсырмаларды іске асыру барысы туралы баяндады, сондай-ақ қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттер жөнінде мәлімдеді. Мемлекет басшысы …

ПРЕЗИДЕНТ БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВТЫ… Read More »

“ҚАРЫЗЫҢДЫ ҚАЙТАР!”

Көші-қон полициясы қызметкерлері сот шешімі бойынша қарыздарын өтемей жүрген азаматтардың мекенжайын анықтау шарасын өткізуде. Акцияның алғашқы күні 10-нан астам борышкер анықталды. Жыл басынан бері қарызы бар 300 азамат пен 65 алимент төлемеушіге іздеу жарияланған болатын. Полицейлер олардың тең жартысын анықтап, ескерту жасады. Мәселен, қоғамдық орында ішімдік ішкен 40 жастағы ер адам 1500 теңге көлеміндегі айыппұлын …

“ҚАРЫЗЫҢДЫ ҚАЙТАР!” Read More »

БІРЛІКТІҢ БЕСІГІНДЕЙ АССАМБЛЕЯҒА – 18 ЖЫЛ

Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Кеше облыс орталығындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 18 жыл толуына орай “дөңгелек үстел” өтті. Облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Елена Мезева әлемде теңдесі жоқ қоғамдық институттың құрылу тарихына тоқталды. Әу баста қоғамдық институт ретінде құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының кейін саяси ықпалы зорайғанын, оның атынан Парламент Мәжілісіне сайланған депутаттардың жүзеге асырып …

БІРЛІКТІҢ БЕСІГІНДЕЙ АССАМБЛЕЯҒА – 18 ЖЫЛ Read More »