«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА ТҮРІ

Тотыкамал ҚҰЛЖАНОВА, СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы. 2012 жылдан “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы шеңберінде инновация енгізетін iciн жаңа бастаған кәсіпкерлерді гранттық қаржылай қолдаудың жаңа түрі қарастырылды. Кәсіпкер ретінде тіркелгеніне бip жылдан аспаған және кәсіпкерлік қызметке байланысты кредиттік тарихы жоқ, iciн жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне нысаналы гранттар өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. …

ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Read More »

БИЗНЕС БІЛІММЕН ӨРГЕ БАСАДЫ

“Даму” қорының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының басшыларын Назарбаев Университетінің негізінде үш күндік тегін бизнес-курстарға қатысуға шақырады. “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының 4-ші бағыты “Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту” “Назарбаев Университеті” ААҚ негізінде шағын және орта бизнестің топ-менеджерлерін тегін оқытуды қарастырады. Оқыту үдерісі бизнесті жүргізуде туындаған мәселелерді өз бетімен шешу …

БИЗНЕС БІЛІММЕН ӨРГЕ БАСАДЫ Read More »

БАНКТЕН КРЕДИТ АЛҒАН 11 КӘСІПКЕР жәрдемқаржы алатын болады

Өңір басшысының орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалығымен “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыс әкімдігі жанындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Онда екінші деңгейдегі банктер арқылы кредит алып, өз ісін дамытуға ниет білдіріп жатқан кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету мәселесі қаралды. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”.   Мағжан Жұмабаев ауданындағы Қарақоға ауылының жеке кәсіпкері …

БАНКТЕН КРЕДИТ АЛҒАН 11 КӘСІПКЕР жәрдемқаржы алатын болады Read More »

КӨКТЕМДЕ ЕСІЛ ҚАУІПТІ

Жұлдыз ЕСЕНҒАЗИН, Есіл аудандық ТЖ бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі. Есіл ауданының әкімдігінде төтенше жағдай және су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Оған осы жұмысқа жауапты бірқатар мекеме басшылары қатысты. Онда су тасқыны қаупі бар учаскелердегі қалыптасқан жағдай айтылып, аудан аумағында 2013 жылғы су тасқынына қарсы іс-шаралар пысықталды. Жиында аудан әкімінің …

КӨКТЕМДЕ ЕСІЛ ҚАУІПТІ Read More »

САУ МАЛДЫҢ ЕТІ ҒАНА саудаға шығарылады

Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Кеше облыс орталығындағы “Алтын арман” базарының ет бөлімінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының бастығы Владимир Корабельников жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, Аққайың ауданындағы “Леонов” ШҚ мен “Полтавское” ЖШС-іне Австриядан әкелінген симменталь тұқымды ірі қараның бойынан аурудың табылуына байланысты, оларды жою шаралары аяқталуға жақын екендігін айтты. …

САУ МАЛДЫҢ ЕТІ ҒАНА саудаға шығарылады Read More »

ЕСЕПТЕГІШ БОЛМАСА, СУ АҚЫСЫ ҚЫМБАТТАП КЕТЕДІ

Облыс орталығындағы “Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің акт залында жеке су есептегіш құралдарын орнату мәселелері жөнінде “дөңгелек үстел” өтті.   Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Оның жұмысына табиғи монополияларды реттеу жөніндегі облыстық департаменттің директоры Марат Мұстафин, “Қызылжар су” ЖШС-нің бас директоры Аслан Сатин, мемлекеттік органдардың өкілдері және су есептегіші құралдарын орнатумен айналысатын жеке кәсіпкерлер қатысты. Бүгінде …

ЕСЕПТЕГІШ БОЛМАСА, СУ АҚЫСЫ ҚЫМБАТТАП КЕТЕДІ Read More »

МҰРАҒАТТАР ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, үздіктер марапатталды

Облыстық мұрағаттар және құжаттамалар басқармасында алқа жиыны өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов қатысты.   Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Мұрағат саласының 2012 жылдағы жұмысын қорытындылаған отырыста басқарма бастығы Рустам Бикенев баяндама жасады. Биыл 90 жылдық мерейтойын атап өткелі тұрған мұрағат былтыр мұрағаттардың ұйымдар мен кәсіпорындардан қабылданған құжаттар мөлшері белгіленген жоспардан асыра орындалған. 18 мыңнан …

МҰРАҒАТТАР ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, үздіктер марапатталды Read More »

ЕҢБЕКАҚЫ ЖӨНІНЕН КӨШТІҢ СОҢЫНДАМЫЗ

Мерген КИІКБАЙ.   ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәлім-деуінше, үстіміздегі жылдың қаңтар айында еліміздегі орташа еңбекақы мөлшері 99 152 теңгені құраған. Көш басында әдеттегідей мұнайлы өңір – Атырау облысы. Атыраулықтардың орташа табысы 174,5 мың теңгеге дейін шарықтапты. Ал көштің соңында, өкінішке қарай, біздің Солтүстік Қазақстан облысы шаң қауып қалған болып шықты. Солтүстікқазақстандықтардың өткен айдағы орташа еңбекақысы …

ЕҢБЕКАҚЫ ЖӨНІНЕН КӨШТІҢ СОҢЫНДАМЫЗ Read More »

ҚОЛДАУ ІЗДЕП КЕЛГЕН 8 АДАМ “Нұр Отан” филиалы төрағасының қабылдауында болды

Кеше “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Самат Ескендіров партияның қоғамдық қабылдауына қолдау іздеп келген азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, бәріне де нақты жауап берді.   Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”.   М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің энергетика және аспап жасау кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымының докторы Қайрат Кәшеков өздерінде жасалып, патент алынған электр қуатын үнемдейтін модульді өндіріске енгізу …

ҚОЛДАУ ІЗДЕП КЕЛГЕН 8 АДАМ “Нұр Отан” филиалы төрағасының қабылдауында болды Read More »

“БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ҮШІН бәсекеге қабілетті болуымыз керек”

Гүлжан ТӨКЕНОВА: “БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ҮШІН бәсекеге қабілетті болуымыз керек” Елбасы “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында: “Бәсекеге қа-білетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің аза-маттарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс …

“БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ҮШІН бәсекеге қабілетті болуымыз керек” Read More »

ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЕҢБЕКАҚЫСЫ біліктілік деңгейіне қарай белгіленеді

Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Елімізде педагогтердің сапалы кәсіби дамуы және біліктіліктерін арттыру жүйесін жетілдіру үшін корпоративтік басқару мен әлемдік тәжірибе негізінде деңгейлік бағдарламалар бойынша оқытудың жаңа жүйесін енгізу туралы шешім қабылданды. Ол бойынша жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін үш деңгейлік оқыту жүзеге асуда. Осы мақсатта “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымдарының педагогикалық шеберлік орталығы …

ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЕҢБЕКАҚЫСЫ біліктілік деңгейіне қарай белгіленеді Read More »

ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Оңтүстік Кореяда өткен бүкіләлемдік мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы олимпиадалық қысқы ойындарға коррекциялық №2 мектеп-интернаттың 4 баласы қатысып, жүлделі орындар алып келді. Олар бір алтын, бір күміс және екі қола медальға ие болып, Корей жерінде төрт мәрте Қазақстанның Туын асқақтатып, Гимнін шырқатты.   Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Қазақстанның құрама командасында 28 адам болған, соның ішінде …

ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ Read More »

ЖАС БАСКЕТБОЛШЫЛАР БӘСЕКЕСІ

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының мұрындық болуымен Қызылжардағы “Барыс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты “Қарасай” стадионының спорт залында өңірлік БЖСМ тәрбиеленушілері арасында баскетболдан облыстық чемпионат өтті. Жеткіншектердің басын тоғыстырған сайыста барлығы 14 команда, 160-тан астам спортшы өзара сынға түсті. Екі күнге созылған шараның қорытындысы бойынша қызылжарлық “Барыс І” …

ЖАС БАСКЕТБОЛШЫЛАР БӘСЕКЕСІ Read More »

“ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ” бас жүлдені бапкеріне байлады

Өткен сенбі күні облысымыздың спорт өмірінде елеулі оқиға болды. Өңірімізде қазақ күресінің өрлеп, өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан балуан – спорттың осы түрінен облыстың бас жаттықтырушысы, ұлттық спорт түрлері мектебінің директоры Есләмбек Бекмұрзиннің алпыс жасқа толуына орай республикалық жарыс өтті. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Қаламыздағы белдесулерге Астана, Көкшетау қалаларынан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Ақмола, Жамбыл, Қостанай, …

“ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ” бас жүлдені бапкеріне байлады Read More »

ЖЕТІМДЕР ДЕ ЖЕТІЛЕДІ Түлектердің кездесуі осыны көрсетті

Анна КУЧЕРЕНКО, зейнеткер.   Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернат түлектерінің жыл сайынғы дәстүрлі кездесуін білім ошағының директоры Ризабек Кәкпенов ашты. Ол бұған дейін жоғары оқу орындары мен орта арнаулы білім беру мекемелеріне түскен түлектеріне тоқталды. 2006-2012 жылдар аралығында мектеп-интернатты бітіргендердің 102-сі оқуға түскен. Оның 40-ы – жоғары оқу орнында, 45-і – …

ЖЕТІМДЕР ДЕ ЖЕТІЛЕДІ Түлектердің кездесуі осыны көрсетті Read More »

МОЛАНЫ ҚОРЛАҒАН АЙУАН

Ерлан МАХМЕТОВ, СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы. Тәртіп сақшылары Петропавл қаласы Жұмысшы кентіндегі зираттардың бірін қорлады деген күдікпен 35 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол моладан темір шынжырларды ұрлаған екен. Жұмысшы кентінің тұрғыны шамамен кешкі 6-лар шамасында тым ауыр сөмке сүйретіп бара жатқандықтан, кезекшілік атқарып жүрген патрульді полиция қызметкерлері назарына іліккен. “Дорбада не бар және оны …

МОЛАНЫ ҚОРЛАҒАН АЙУАН Read More »

РЕФОРМАЛАУ НӘТИЖЕСІНДЕ Әділет министрлігі қызметіне елеулі өзгерістер енгізілді

Тәуелсіздік жылдарында құқық қорғау органдары жүйесінің реформалануымен қатар Әділет министрлігі қызметінде де бірқатар өзгерістер енгізілді. Министрлікті қайта жасақтау, өзгерту – солардың бірі.   Жанболат САМАШЕВ, Петропавл қаласы әділет басқармасының бастығы. Мәселен, бүгінгі күні Әділет министрлігіне қарайтын “АХАТ пункті” ақпараттық жүйесі енгізіліп отыр және ол сәтті жұмыс icтeп келеді. Бұл жүйе ТМД елдерінде жоқ. Оның көмегімен …

РЕФОРМАЛАУ НӘТИЖЕСІНДЕ Әділет министрлігі қызметіне елеулі өзгерістер енгізілді Read More »

ОН ЕКІ МАМАНДЫҚ беретін озық колледж

Өткен жылы республикалық “Алтын сапа” сыйлығын алуға арналған байқауға белсене қатысып, Қызылжар өңірінен Президент Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімовтің Алғыс хатына ие болған 10 өндіріс орны мен мемлекеттік мекеменің бірі – Борки кентіндегі Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі. Соған орай тарихы сонау 1944 жылы желтоқсан айында тракторшылар мен бригадирлер даярлау мақсатында құрылған ауыл шаруашылығын механикаландыру мектебінен бастау …

ОН ЕКІ МАМАНДЫҚ беретін озық колледж Read More »

ПАРАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС бірлескен іс-қимылды қажет етеді

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шеңберінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимыл мәселелері” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті.   Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Жиын барысында СҚО ТЖД бастығының орынбасары Александр Швецов аумақтық орган жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде Қоғамдық кеңес құрып, әлеуметтік кеселдің алдын алу бойынша аталмыш департаменттің кәсіпкерлермен ынтымақтастығы …

ПАРАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС бірлескен іс-қимылды қажет етеді Read More »

ЖАЛҒАН ТЕРРОРШЫЛАР жазаға тартылу үстінде

Асқар ЖҮНІСОВ, облыстық прокуратураның экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі бөлімнің аға прокуроры. Терроризммен күрес бүгінгі күннің маңызды мәселесіне айналған шақта, екінші бір “бас ауруы” пайда болды. Ол – терроризм актілері туралы жалған ақпарат. Бұл індеттен еліміз де ада емес. Соңғы уақытта елімізде “жалған терроризм” оқиғалары, яғни адамдар көп жүретін қонақүй, сауда үйлері, банк, мектеп …

ЖАЛҒАН ТЕРРОРШЫЛАР жазаға тартылу үстінде Read More »