АУДАН ТАРИХЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІ
Мағжан Жұмабаев ауданының орталығындағы мәдениет және демалыс саябағы – Булаево қаласының ажарын аша түсетін сәулетті де көрікті орын. Ондағы өрнектастармен өрілген жүргінші жолдары, қасбеті келісті Мәдениет үйі мен оның жанындағы Мағжан ескерткіші, жазғы эстрада алаңы, тынығушылар орындықтары мен субұрқақ, аңдардың мүсіндері аса бір талғампаздықпен жасалған. Ауданның өткені мен бүгінінен сыр шертетін тарихи-өлкетану мұражайы да осы …