«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚАЗАҚША УИКИПЕДИЯ”

“Қазақша Уикипедия” жобасындағы мақалалардың саны 200 мыңнан асты. Жағымды жаңалық па? Иә! Сол сәтте-ақ Сіздің санаңызда: “Бұл қандай жоба және осынша сүйіншілейтіндей оның қандай пайдасы бар?” деген сұрақ туындайды. Оған жауап беруге тырысайық. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Уикипедия дегеніміз – редакциялауға болатын онлайн-энциклопедия. Ол 2001 жылы мәре алған. Осы уақытқа дейін ол әлемнің 285 тілінде …

“ҚАЗАҚША УИКИПЕДИЯ” Read More »

МАРАПАТ ЖАУҒАН КҮН

С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында әділет органдарының қызметкерлері кәсіби мерекелерімен бірге, 20 жылдық мерейтойларын да атап өтті. Биыл Тәуелсіз Қазақстанның әділет органдарының құрылғанына – 20 жыл. Өңірімізде аталмыш салада 300-ге тарта адам еңбек етеді. Оларды өңір басшысының атынан айтулы күнмен құттықтай келген оның орынбасары Александр Чжен әділет органдарының бірқатар қызметкерлерін облыс әкімінің Құрмет …

МАРАПАТ ЖАУҒАН КҮН Read More »

ТЕАТРДАҒЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ кейіпкері – жерлес ақын

Жұма, 21 желтоқсан күні С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында ақын Мүтәллап Қанғожиннің 75 жасқа толуына арналған әдеби-сазды кеш болып өтті. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,  “Солтүстік Қазақстан”. Оқырмандардың ақынмен жүздесуін облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов ашып, өңір басшысы Серік Біләловтің құттықтау хатын тапсырып, мерейтой иесінің иығына шапан жапты. Осы салтанатқа Алматыдан арнайы келген Қазақстан Жазушылар одағы …

ТЕАТРДАҒЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ кейіпкері – жерлес ақын Read More »

ДӘЙЕКТІ ЖОБАЛАР демеуқаржыландырылады

Өткен аптада облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалық етуімен өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда солтүстікқазақстандық 14 кәсіпкердің “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы алған несиелеріне демеуқаржы бөлу туралы өтініштері қаралды. Кәсіпкерлерден түскен өтінімдер мақұлданған жағдайда, олардың алған несиелерінің 3,6 миллион теңгесі субсидияланады деп күтіледі. Өңірдің іскер азаматтары өздерінің …

ДӘЙЕКТІ ЖОБАЛАР демеуқаржыландырылады Read More »

ОЛ МӘСКЕУДЕ ҚАЛМАЙ, туған еліне оралды

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. “С. Киров атындағы зауыт” АҚ-да өндіріс өнімдерін шығарумен алты цех айналысады. Соның жинақ цехының фрезерлеу және бедерлеу учаскесінде бүгінгі техниканың дамыған заманында жаңаша жұмыс істеуге мүмкіндік артқан. 2010 жылы “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында өндірістегі бірқатар құрал-жабдықтар заманауи техникамен жаңғыртылған кезде бұл учаскеге де немістің озық технологиялы станогы қойылды. …

ОЛ МӘСКЕУДЕ ҚАЛМАЙ, туған еліне оралды Read More »

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: “БУРАБАЙДА АНТАЛИЯ мен ДУБАЙДАН ДА ЖАҚСЫ БОЛАДЫ”

Щучье-Бурабай шипажай аймағында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен “Rixos Lake Borovoe” resort-қонақүйі мен “Санта-Клаус деревнясының салтанатты ашылуы өтті. Мемлекет басшысы жаңа қонақүйдің маңында үлкен туристік инфрақұрылым құрылатынын және соның нәтижесінде Бурабайда әлемнің көптеген танымал шипажайларынан да жақсы болатынын атап өтті. “Жаңа жылдың қарсаңында біз ашып отырған бұл тамаша нысанды салғандар – түрік компаниясының құрылысшылары. Қазақстан мен …

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: “БУРАБАЙДА АНТАЛИЯ мен ДУБАЙДАН ДА ЖАҚСЫ БОЛАДЫ” Read More »

АУЫЛҒА КЕЛГЕН АУЫЗСУ әр үйге енгізілсе дейді тұрғындар

Самат САПАРАЛЫ, журналист. Ауызсу елімізде, соның ішінде, өңірімізде де әзірше шешімін күткен мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай қабылданған “Ақ бұлақ” мемлекеттік бағдарламасы бұл олқылықтың орнын толтырмақ. Кешенді бағдарлама бірнеше жылға жоспарланған. “Ауызсу” бағдарламасы бойынша су елді мекендерге енгізілсе, жаңасының мақсаты – оны әр үйге жеткізу. Шаховское елді мекеніне магистральдық су құбыры тартылғанымен, колонкалар жұмыс …

АУЫЛҒА КЕЛГЕН АУЫЗСУ әр үйге енгізілсе дейді тұрғындар Read More »

ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА – ӨНЕР ШАШУЫ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарлама облыс орталығындағы қалалық Мәдениет үйінде болып өтті. “Тәуелсіз елге – жастар өнері” деп аталған мерекелік шараны тамашалауға жиналған қала тұрғындарына жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті. Көпшілікке танымал “Арт-Думан КZ” тобының “Көк тудың желбірегені” атты әнімен бағдарламаның шымылдығы ашылды. Одан әрі сахна төрінде ел бірлігін, халықтар достығын, …

ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА – ӨНЕР ШАШУЫ Read More »

БАС ЖҮЛДЕ – ЖАРҚЫНДА

Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. 15 желтоқсан күні Петропавлда Тәуелсіздік күніне арналған облыстық ақындар айтысы өтті. Дәстүрлі түрде өтетін доданың бас жүлдесі Жарқын Жұпарханға бұйырды. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйытқы болуымен өтетін жылдағы айтыс осы жылы да өз жалғасын тапты. Алайда, осы жолы ақындар сөз тартысының жоғары деңгейде өтуіне Қызылжардың қылықты ауа райы кері …

БАС ЖҮЛДЕ – ЖАРҚЫНДА Read More »

“ЫМЫРТ”

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ. Шам жүзінде жайнап, ойнап ақ қылау, Сәуле шашқан ымырттағы шақ мынау. Өрнек салып ақ көрпесін төсеген Табиғат та таңғалдырар тапқыр-ау. Ымырт жетіп, түскен шақта кешкілік, Жел ойнайды бар айбатын сес қылып. Ондай сәтте жан қалмайды көшеде Жылы үйіне тығылған соң есті жұрт.

ТЕКСЕРІСТЕР ЗАҢНАМАҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың баспасөз орталығында “Бақылау-қадағалау органдарының тексерістер жүргізуі” тақырыбына арналған ақпараттық семинар өтті. Оған облыстық салық, техникалық реттеу және метрология, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, төтенше жағдайлар, экология департаменттерінің өкілдері және қала кәсіпкерлері қатысты. Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Кеңесті кіріспе сөзбен ашқан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Александр Иванищев бақылау-қадағалау мәселелерін арқау еткен ақпараттық …

ТЕКСЕРІСТЕР ЗАҢНАМАҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ Read More »

АРАЙЛЫМ СМАҒҰЛОВА – ТЕЛЕАРНА ҰЙЫМДАСТЫРҒАН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ

Жуырда өңіріміздегі “Первый Северный” телеарнасының бастамасымен және облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында Тұңғыш Президент күні қарсаңында “Қазақстанның гүлденуі” тақырыбында жарияланған мақалалар мен телебағдарламалар байқауы өткізілген болатын. Осы байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары марапатталды. “Первый Северный” телеарнасының директоры Олеся Герасимованың айтуынша, облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында осындай байқау енді жыл сайын ұйымдастырылатын …

АРАЙЛЫМ СМАҒҰЛОВА – ТЕЛЕАРНА ҰЙЫМДАСТЫРҒАН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ Read More »

ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Кеше “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Өңір басшысы, облыстық партия филиалының төрағасы Серік Біләлов жүргізген бюро мәжілісінде Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан халқына арнаған “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі …

ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ Read More »

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН БАҒДАРЛАМА “Қазақстан – 2050” Стратегиясы облыс активінің отырысында талқыланды

  Кеше Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өңір активінің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған жиналысы өтті. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. – Жолдау – тарихи маңызы бар стратегиялық құжат. Биылғы Жолдау экономиканы нығайту мен халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша жаңа міндеттер қоюмен …

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН БАҒДАРЛАМА “Қазақстан – 2050” Стратегиясы облыс активінің отырысында талқыланды Read More »

МЕН – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІМІН!

Ақмарал ЕРСАЙ, М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің 1-курс студенті. Адам адам болып жаралғаннан бері, даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни қанқұйлы соғыстардан соң ғана әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал ХХ ғасырдың соңында әлем картасының келбеті ешқандай дүрбелеңсіз-ақ өзгеріп шыға …

МЕН – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІМІН! Read More »

МӘДЕНИЕТ пен ӨНЕР ӨРЛЕУІ

Биыл алғаш рет мерекеленген Тұңғыш Президент күнінің мән-маңызы ерекше. Біз осы аса елеулі оқиғаны еліміздегі мәдени өрлеу үрдісімен байланыстырғымыз келеді. Өйткені, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ел тізгінін қолға алған алғашқы күннен бастап бұл саланың өркендеуіне айрықша мән берді. Ал 2000 жылды “Мәдениетті қолдау жылы” деп жариялауы мәдениет нысандарының қатарын көбейтті, бұрындары жекеменшікке өтіп кеткендерін мемлекетке қайтаруға …

МӘДЕНИЕТ пен ӨНЕР ӨРЛЕУІ Read More »

САЯСАТКЕРДІҢ БАҚЫТЫ – халықтың шексіз сенімі мен сүйіспеншілігінде

Жамал АХМЕТОВА, облыстық кәсіподақтары кеңесінің төрайымы.  Тәуелсіздік жылдарында Елбасының парасатты басшылығы арқасында Қазақстан тұрақты және дамыған мемлекетке айналды, соның арқасында халықтың жағдайын жақсартуға арналған белсенді және мақсатты мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді, еңбек адамдарының әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау бойынша шаралар атқарылуда. Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей басшылығымен еліміздің, барлық қазақстандықтардың игілігі үшін еліміздің саясатында, экономикалық және әлеуметтік өмірінде Елбасының …

САЯСАТКЕРДІҢ БАҚЫТЫ – халықтың шексіз сенімі мен сүйіспеншілігінде Read More »

БЕРЕКЕ мен БІРЛІК – ЕГІЗ ҰҒЫМ

Қазақстанның басты жетістігіне айналған қоғамдық келісім елдің нәтижелі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуының кепіліне айналды. Бұл бағытта Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының да қосып отырған үлесі зор. Осыған орай Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Елена Мезёвамен кездесуді жөн санадық. – Елена Николаевна, бүгінгі таңда тұрақтылық, бірлік, жаңғырту ұғымдары зор маңызға ие. Осы …

БЕРЕКЕ мен БІРЛІК – ЕГІЗ ҰҒЫМ Read More »

БАР БОЛСЫН, БАҺАДҮР ТҰЛҒАМЫЗ!

Бүгінде Қазақстан озық ел, озат мемлекет атанып, әлем картасына өзінің мәңгілік белгісін салды. Тәуелсіздік таңбасын! Жұмыр жердің иен бөлігін иемденіп, жер көлемі жағынан дүниежүзі бойынша тоғыздыққа табан тіреген Қазақстан “көшпелі” деген ұғымды тапжылтпай басып, Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деген мәртебелі атақты бұдан аттай жиырма жыл бұрын күллі адамзаттың санасына құйды. Бұл бақыттың алтын тамыры Азаттықта жатыр. …

БАР БОЛСЫН, БАҺАДҮР ТҰЛҒАМЫЗ! Read More »

ДАҢҚҚА БӨЛЕНЕ БЕР, ДӘРІГЕРЛЕР!

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жыл қорытындысын шығарып, үздік қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттады. Үстіміздегі жылы өңіріміздің медицина саласы жақсы жаңалықтарға толы болды. №3 қалалық аурухананың жанынан ашылған экстрокорпоральды ұрықтандыру орталығының көмегіне жүгінген 8 әйелдің 4-еуі жүкті болып, соның ішінде егіз бала туғандар жоқ емес. Кардиология мен онкологиялық індеттердің алдын алу мақсатында көптеген …

ДАҢҚҚА БӨЛЕНЕ БЕР, ДӘРІГЕРЛЕР! Read More »