«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ ҰРЛЫҚ АШЫЛДЫ

Шал ақын ауданындағы Жаңасу ауылында 2012 жылдың желтоқсан айында жасалған ұрлықтың беті ашылды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен осы ауылдың 1988 жылы туған тұрғыны айыпталып отыр. Аудан орталығынан 45 шақырым жерде орналасқан Новопокровка ауылының тұрғыны полицияға шағымданған. Жәбірленуші Жаңасу ауылында орналасқан “ТНС – 2020” серіктестігінің бидай кептіру станциясының басқарушысы болып қызмет атқарады екен. Арызданушының сөзінше, …

ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ ҰРЛЫҚ АШЫЛДЫ Read More »

БОПСАЛАУШЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ

Петропавл қаласының 18 жасар тұрғыны бопсалаушылықпен айналысты деген күдікпен қолға түсті. Ол өзінің қылмысын толық мойындап отыр.   Ерлан МАХМЕТОВ, СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.   Петропавл қаласының Ойқала кентінің 18 жастағы тұрғыны мектеп оқушысынан ақша бопсалады деген мәлімет ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі басқармаға келіп түскен. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ақша алу …

БОПСАЛАУШЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ Read More »

АСҚАРБЕК СЫНДЫ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР еліміздің даңқын асырады

Қаңтардың 27-сі мен ақпанның 3-і аралығында гимназия-интернаттың оқушысы Асқарбек Әбілқайыр Ресей Федерациясының Протвино қаласында Жоғарғы энергиялар физикасы институтының ұйымдастыруымен өткен 17-ші халықаралық сайысқа қатысып, “Жас физиктер” аталымы бойынша 1-орынды иеленіп оралды.   Күлжан ТӨКЕНОВА, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат директоры. Бұл Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат оқушыларының халықаралық деңгейдегі сайыстарға …

АСҚАРБЕК СЫНДЫ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР еліміздің даңқын асырады Read More »

ЖОЛДА – ҚАРЛЫ БҰРҚАСЫН…

6-11 ақпан аралығында ауа райы жағдайына байланысты 64 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалған 12 төтенше оқиға тіркелді. Қызылжар ауданында Шаховское ауылына бұрылатын жолдың 6-шақырымында түн ортасында алты жеңіл автокөліктің жолын қарлы бұрқасын бөгеді. Прибрежное ауылдық округінің қолданған шарасы арқасында жол тазартылып, жолаушылар сапарын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алды. Тайынша, Есіл, Ақжар, Уәлиханов, Ғабит Мүсірепов атындағы …

ЖОЛДА – ҚАРЛЫ БҰРҚАСЫН… Read More »

ТІЛСІЗ ЖАУ ОЙРАН САЛЫП ТҰР…

Жыл басынан бері облыста 92 өрт тіркеліп, одан 30 млн. теңгедей материалдық шығын келді. Отта 13 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның 2-еуі – бала. 4 адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды. Өткен аптада ғана оннан аса өрт оқиғасы орын алды. Айыртау ауданының орталығы – Саумалкөл ауылында үш қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен шыққан өрт диван …

ТІЛСІЗ ЖАУ ОЙРАН САЛЫП ТҰР… Read More »

МҮГЕДЕК БАЛАЛАР МӘУЛІТТЕ БІР ҚУАНЫП ҚАЛДЫ

Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) жетім-жесірлерге, мүгедек-кемтарларға үнемі қамқор болған. Сондықтан Алланың елшісінің туған айы – Мәуліт айы аясында Қызылжар қалалық “Нұр” мешітінің имамдары шаһардағы мүгедек балаларға арналған №2 коррекциялық мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерімен кездесіп, қайырымдылық шарасын өткізді. Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ, журналист. Қызылжар қаласындағы №2 коррекциялық мектеп-интернатта денсаулықтарында кінәрат бар 223 бала тәрбие алып жатыр. Ұжым басшысы Николай Хованскийдің …

МҮГЕДЕК БАЛАЛАР МӘУЛІТТЕ БІР ҚУАНЫП ҚАЛДЫ Read More »

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ҚАЗЫҒЫН ҚАҚҚАН

Жамбыл ТАСЕМЕНОВ, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы. … Қазақтың “Біз де бала болғанбыз!” деген нақылын естісем, кейін қалған күндерім еске түседі. Қыр жағалап, көбелек қудық, алысып-жұлысып күрестік, сөйте жүре әке-шешемізге қолғабыс жасап, түздің жұмысын да тындырдық. Оқудан да қол үзбей, көбіміз жоғары білімді игердік. Алдымыз жетпіске таяп, баламыздан немере сүйіп отырмыз. Өмір өткенімен қызық, болашағымен …

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ҚАЗЫҒЫН ҚАҚҚАН Read More »

Қиял құсы, сені ұшырдым…

 Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. САЛА ЖҮРГЕЙ МАҒАН ДА КӨЗ ҚЫРЫҢДЫ Сырым бар саған ашар, ей, келешек, Келесің ғой бәрібір, “Келме!” десек, Өзің сынды біз-дағы балдырған ек, Жасқа толдық жасайтын елмен есеп.

АУЫЛ АРУЫ

“Солтүстік Қазақстан” газетінде қыз-келіншектерге арналған “Ұлпан” қосымшасы жаңа байқау жариялап отыр. Ай сайын жарық көретін басылым “Ауыл аруы” атты байқауға елді мекендерде тұратын қыздарды қатысуға шақырады.   Үміткерлердің жасы 18-30 арасында болуы керек. Басты талап – редакцияға сапалы түскен фотосуреттеріңізді жіберу. Сонымен қатар өздеріңіз жайлы қысқа да нұсқа мәлімет беру. Басқа сұрақтар бойынша 36-01-82 телефонына …

АУЫЛ АРУЫ Read More »

ТОҚЫМАНЫ КӘСІП ЕТКЕН НАДЕЖДА

Тоқыма тоқуды өзіне кәсіп еткен адамды қазіргі нарықтық заманда елестету мүмкін еместей көрінеді. Тоқу, тігу ескіліктен қалған қолөнер сияқты әспеттелгелі қашан. Бірақ сол көне іс екінің бірінің қолынан келе бермейтін өнер екендігі даусыз.   Надежда Полубелова тапсырыс бойынша әртүрлі киім-кешек тоқып, айына 50 мың теңге табыс табады. Қалай дейсіз ғой. Өте оңай. Ең бастысы ынта …

ТОҚЫМАНЫ КӘСІП ЕТКЕН НАДЕЖДА Read More »

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА АШЫЛҒАН АСХАНА ұлттық тағамдарды насихаттауда

Қазіргі таңда сұранысқа ие тағамдарды тұрғындарға ұсынып жүрген асханалардың бірі – “Айналайын”.   “Айналайын” десең, айналайын. Қалтасы тәттілерге, жүрегі сүйіспеншілікке толы әжең мен атаңның ыстық алақанын есіңе түсіретін осы бір сөз құлаққа жағымды әрі ыстық естіледі. Асхананың ішіне кірсең де сол – балалық шақтағы жайлылықты сезінесің. Отбасы, туғантуыс, құрбы-құрдас, әріптестеріңмен бірге отырып, әңгіме-дүкен құратын жайлы …

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА АШЫЛҒАН АСХАНА ұлттық тағамдарды насихаттауда Read More »

ШАҢЫРАҒЫНА ШЫРАЙ БЕРГЕН АНА

“Адамның өзін еңбектен қалдырмағаны – Қарттыққа аяғын алдырмағаны” деген теңеу Сұлушаш Ғаббасоваға арналғандай. Халқымыз “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” деген емес пе? Осы жаны жайсаң, жайдары жүзді аяулы ана, асыл әже, еңбекқорлығымен балашаға, келін, немерелеріне үлгі болатындай. Оның ашық жарқын көңілін, мейірімділігі мен жомарттығын Алла тағаланың тағдырына тартқан сыйы десек болғандай. Шал ақын ауданындағы Балуан …

ШАҢЫРАҒЫНА ШЫРАЙ БЕРГЕН АНА Read More »

ӘЙЕЛДЕР – ҚОЗҒАУШЫ КҮШ

Әйел – ана, отбасы және балалар құқығын қорғау саласындағы табыстарымыз әлемдік ауқымда кеңінен мойындалып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстандағы гендерлік теңдік стратегиясында әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою туралы конвенцияның ережелеріне орай гендерлік индикаторлар анықталған. Аз уақыт ішінде гендерлік теңдік бағдарламасын іске асыруда жеткен жетістіктеріміз әлемнің бірде-бір елінде жоқ.   Қазіргі таңда қазақстандық …

ӘЙЕЛДЕР – ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Read More »

АУЫЛДЫҢ ӨНЕРПАЗ БАЛАЛАРЫ Ресейден бас жүлдемен оралды

Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Бескөлдік өнерпаздар бақ сынаған аспаптық жанрға 29 үміткер қатысқан. Оның ішінде жеке және жұптасып орындаушылар, ансамбльдер бар. – Аспаптық жанрдың ішінде біз бас жүлдені еншіледік. “Шашу” домбыра ансамблі екі шығарма ойнады. Біріншісі фортепьяноның сүйемелдеуімен орындалған Брамстың “Венгер биі” және екінші шығармамыз Исламбектің “Күрішшілер биі” болды, – дейді ансамбль жетекшісі Берік …

АУЫЛДЫҢ ӨНЕРПАЗ БАЛАЛАРЫ Ресейден бас жүлдемен оралды Read More »

ТӨЛ МӘДЕНИЕТІМІЗ РУХЫМЫЗДЫ БАЙЫТАДЫ

Қуандық ҚАСЫМОВ, С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Еліміз егемен мемлекет болып, әлемдік қоғамдастық енді ғана тәуелсіздігімізді тани бастаған, алғашқы қиындықтардың шырмауынан бірте-бірте босанып шыққан шақта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзіне тән көрегендікпен халқымыздың болашаққа деген сенімін нығайтты. Әлі есімде, ол 1997 жылы “Қазақстан – 2030” Стратегиясын жариялап, елдің …

ТӨЛ МӘДЕНИЕТІМІЗ РУХЫМЫЗДЫ БАЙЫТАДЫ Read More »

БИЛЛУР СЫНДЫ ШӘКІРТТЕРІМ еңбегімді ақтап жүр

Гүлнәр ҒАБДУЛЛИНА, №4 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі.   “Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы” деген тақырыпта қазақ тілінен өзге ұлт балаларының арасында өткен VI республикалық сырттай олимпиаданың I турында Петропавл қаласындағы №4 орта мектептің 6-сынып оқушысы Биллур Гадирбеков 40 сұрақтың 39-ына дұрыс жауап беріп, II кезеңге өтті. Щучье қаласындағы “Балдәурен” оқу-сауықтыру орталығының негізінде ұйымдастырылған республикалық …

БИЛЛУР СЫНДЫ ШӘКІРТТЕРІМ еңбегімді ақтап жүр Read More »

СЕМИНАРДАҒЫ САБАҚТАР – жас ұстаздарға жәрдем

Аймангүл ЕСМАТОВА, “Парасат” мектеп-лицейінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі. “Парасат” мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері аудандық семинар өткізді. Шара барысында ашық сабақтар өткізіліп, сынып жетекшісіне көмек ретіндегі “Жаңа үлгідегі ата-аналар жиналысы” әдістемелік құралының тұсауы кесілді. Семинарға жиналғандар назарына ашық сабақтар ұсынылды. Жас ұстаздарға баланың ойлау қабілетін арттыруға бағытталған жаңа технологияға құрылған сабақтар үлгілері көрсетілді. Аудандағы бастауыш сынып …

СЕМИНАРДАҒЫ САБАҚТАР – жас ұстаздарға жәрдем Read More »

ПОЛИЦЕЙ АБЫРОЙЛЫ БОЛМАЙ қылмыс азаймайды

Тәртіп сақшыларының халық алдындағы беделі төмендеп кеткенін еліміздің күш-құрылым жетекшілерімен кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатты сынға алған болатын. Бұрындары форма киген адамға жұрт құрметпен қарайтын, ал бүгінде оларға деген сенім азайды. Полицейде бедел болмаса, қоғамда қылмыстың көбейетіні де жасырын емес. Сондықтан тәртіп сақшыларының аяққа тапталған абыройын көтеру жайы әркімді ойландыруы қажет.   Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ, журналист. …

ПОЛИЦЕЙ АБЫРОЙЛЫ БОЛМАЙ қылмыс азаймайды Read More »

ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ШАҢҒЫШЫЛАРЫ

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Борки кентінде шаңғы тебуден өткен облыстық чемпионатқа өңіріміздің 12 ауданынан 100-ден астам спортшы қатысты. Екі күнге созылған дода барысында олар шаңғы тебуден өзара мықты да шапшаң жас спортшыны анықтады. Өңірлік додаға қатысуға мүмкіндік алып, мәреге бірінші болып жетуді мақсат еткен 100 спортшы жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа іріктелді. Жарыс жолына бірінші …

ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ШАҢҒЫШЫЛАРЫ Read More »

ЖҮКТІ ӘЙЕЛ НЕНІ БІЛУГЕ ТИІС?

Любовь БОДАРЕВА,   қалалық әйелдер консультациясының акушер-гинеколог дәрігері.   Жүктіліктің алғашқы белгілері білінгеннен бастап әйел міндетті түрде әйелдер консультациясына қаралуы қажет. Оған жүктілік кезінде 6-8 рет барып, босанғаннан кейін 8-10 апта бойы байқалып тұруы ләзім. Жүктілік 40 аптаға созылады. Және оны шартты түрде 3 кезеңге – әрбір триместрді 13 аптаға бөліп қарайды. Екіқабат әйелдің әйелдер …

ЖҮКТІ ӘЙЕЛ НЕНІ БІЛУГЕ ТИІС? Read More »