«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ КӨМЕГІМЕН АШЫЛҒАН ТОНАУ

Облыс орталығының екі тұрғыны Северный ықшамауданында тұратын құрбыларына қонаққа барып, үй есігінің кодын теріп жатқан кезде аулада қолында сөмкесі бар жақсы киінген жігітті көздері шалып қалады. Осы екі арада арам ой сап ете қалып, әлгілер жігітті жағынан періп, сөмкесін тартып алып қаша жөнеледі. Соққыдан тез есін жинап алған жәбірленуші бірден ұялы телефонынан “102” нөміріне қоңырау …

ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ КӨМЕГІМЕН АШЫЛҒАН ТОНАУ Read More »

ҚОЛДЫ БОЛҒАН 11 ҚОЙ қожайынына қайтарылды

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық ішкі істер бөлімі мал ұрлығының бетін ашты. Буденное ауылының 19 жасар тұрғыны ұсақ құқық бұзушылық үшін екі тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын. Дәл осы күні аудандық ішкі істер бөліміне 11 қойдың жоғалғаны жайлы ферма бригадирі шағым түсірген. Тәртіп сақшылары оқиға орнына шыққанда ұрлыққа қатысы бар адамның бұл жерлерді жақсы білетінін анықтады. …

ҚОЛДЫ БОЛҒАН 11 ҚОЙ қожайынына қайтарылды Read More »

АСҚАНҒА – ТОСҚАН

Ерлан МАХМЕТОВ, СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы. Қызылжар ауданының 20 жасар тұрғыны бір айдың ішінде бірнеше ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қолға түсті. Ұсталғанға ҚР ҚК “алаяқтық”, “бопсалау”, “ұрлық”, “тонау” баптары бойынша айыптар тағылып отыр. Барлық қылмыстарын ол соңғы бір айдың ішінде жасап үлгерген. Әскер қатарында борышын өтеп келген соң ол өз оқуына қайта орналаспақ …

АСҚАНҒА – ТОСҚАН Read More »

ОН АЙДАҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Мақсұт Жолмағамбетовтің төрағалық етуімен биылғы жылдың 10 айында облыстың қылмыстық-атқару инспекцияларының (ҚАИ) жұмысын қорытындылау бойынша жедел кеңес өткізілді. Нариман САХАТОВ, облыстық қылмыстық-атқару инспекциясының бастығы. Облыстық ҚАИ аппаратының, кадр бөлімінің қызметкерлері, аумақтық ҚАИ бастықтары, сонымен қатар СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының өкілі қатысқан кеңесте сондай-ақ департаментке келіп түскен ұсыныстар қарастырылып, …

ОН АЙДАҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ Read More »

КИКБОКСТАН ЕЛ КУБОГЫ БАСТАЛДЫ

Облыс орталығындағы бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Президент күніне орай дәстүрлі “Қызылжар” турнирі аясында кикбоксингтен ел кубогы басталды. Осымен 13-ші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларының 170-ке жуық спортшы қатысуда. Бірнеше күнге созылатын бұл сайысқа халықаралық дәрежедегі төреші Талап Мұхитов бастаған қазылар алқасы төрелік жасайтын болады. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. …

КИКБОКСТАН ЕЛ КУБОГЫ БАСТАЛДЫ Read More »

“BEELINE” 8000-шы АБОНЕНТТІ ҚОСТЫ

“КаР-Тел” мен “2Day Telecom” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері Петропавл қаласында FTTB (fiber-to-the-building) талшықтық-оптикалық технология бойынша жоғары жылдамдықты “Үйдегі Интернет” желісіне 8000-шы абоненттің қосылғандығын хабарлайды. Мерейтойлық абонент қараша айы бойы кең жолақты Интернет желісін тегін пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар оған “Beeline”-нің брендтелген сыйлықтары тапсырылады. “КаР-Тел” ЖШС-нің Петропавлдағы FTTB бағыты бойынша жетекшісі Юрий Молофеев: “Бүгінде еліміздегі өзге …

“BEELINE” 8000-шы АБОНЕНТТІ ҚОСТЫ Read More »

2012 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтары және 2011 жылы пайдаланылмаған республикалық және облыстық бюджеттерден нысаналы трансферттерді қайтару есебінен облыстық бюджет шығыстары

Облыс мәслихаты 2012 жылғы 29 қазандағы №8/2 шешіміне 2-қосымша Облыс мәслихаты 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне 5-қосымша

“2012-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

(Бесінші шақырылымның сегiзiншi сессиясы) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 106-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ: 1. «2012-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» облыстық мәслихаттың IV шақырылымы …

“2012-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Read More »

“САЯБАҚТА”

Мына қыс секілді бір тамаша қыс, Биязы, күні жылы қарасаңыз.Сықырлап, сызданбастан ызғарыменКөңілден шығып тұр-ау қарашамыз.Саябақ ақ мамыққа оранғаны,Емес пе қыстың анық төр алғаны?!Жастар жүр жылы күнде серуендеп,Шаттанып нұр-шуаққа олар-дағы.

“ЕСІЛДІҢ” ЕНШІСІ – алтыншы орын

Ұлттық лигада ойнайтын ерлер командалары еліміздің волейболдан ХХІ чемпионатының кезекті турында 11-18 қарашада Ақтөбе облысының Хромтау қаласында бас қосты. Бұл жеті команда осы ойындармен алғашқы турды тамамдады. Ойындар нәтижесінде көшті “Алматы” клубының волейболшылары бастады. Олардың 14 ұпайы бар. Екінші орындағы “Атырау” волейболшылары да осынша ұпай жинады. Олар алматылықтарға ойналған партиялардағы коэффициент айырмашылығы бойынша жол берген. …

“ЕСІЛДІҢ” ЕНШІСІ – алтыншы орын Read More »

АУДАНДЫҚ КВН ЛИГАЛАРЫ АШЫЛДЫ

Айыртау және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда аудандық қазақша КВН лигалары ашылды. Қазақстан КВН одағы “Петропавл КВН” филиалы мен “Қызылжар жастары” ЖҚБ бірлесіп өңірімізде қазақша КВН қозғалысын одан әрі дамыту мақсатында осындай қадамға барып отыр. Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”.   Аталмыш аудандарда өткен алғашқы ойындарға Айыртау ауданынан 7 құрама (Саумалкөл қазақ орта мектебінен – “Айыртау арландары”, …

АУДАНДЫҚ КВН ЛИГАЛАРЫ АШЫЛДЫ Read More »

КАПИТАН ҚЫЗЫНЫҢ ӘКЕСІНЕ АРНАҒАН СЫЙЛЫҒЫ

  Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. 6 жасар Томирис Манапова жол полицейлері күні қарсаңында өзінің әкесіне тамаша сыйлық жасады. Петропавл қаласындағы “Петушок” балабақшасының тәрбиеленушісі ЮНЕСКО клубы ұйымдастырған Халықаралық балалар байқауы фестивалінің жеңімпазы атан ды. Жас дарынның Алатаудай қадір тұтатын әкесі Айдын Байматов жол полициясы батальонының бөлімше командирі болып қызмет атқарады. Сондықтан кей уақыттары үйіне жұмысынан кеш …

КАПИТАН ҚЫЗЫНЫҢ ӘКЕСІНЕ АРНАҒАН СЫЙЛЫҒЫ Read More »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕ

Петропавлдағы Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Үндістан, Түркия және Ресей тауарларының халықаралық жәрмеңкесі өтуде. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Үнді мен цейлон шайларына сұраныс көп. Мұнда табиғи тастардан жасалған әшекей бұйымдарының бірнеше түрі бар. Қыз-келіншектер бірінен-бірі естіп, жәрмеңкемізге ағылып келіп жатыр”, – дейді шара ұйымдастырушысы Мунира Әбидходжаева. Расында да, қанық түсті сырғалар мен білезіктер көздің …

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕ Read More »

ЖЕТІСТІККЕ ТОЛЫ ОН БЕС ЖЫЛ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай облыс мектептерінде түрлі шаралар өткізілуде. Солардың бірі Петропавл қалалық классикалық гимназиясында өтті. Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Қазақстан – 2030” даму стратегиясына – 15 жыл” деген тақырыпта өткізілген “дөңгелек үстел” білім ошағының Тұңғыш Президент күніне арналған шаралар жоспары аясында ұйымдастырылды. Шара барысында білім ошағының ұстаздар қауымы мен жоғары сынып оқушылары …

ЖЕТІСТІККЕ ТОЛЫ ОН БЕС ЖЫЛ Read More »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ФОРУМЫ партияның облыстық филиалында қорытындыланды

Алдыгүні “Нұр Отан” ХДП-ның облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында өңіріміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес форумының жұмысы қорытындыланды. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Нұр Отан” ХДП орталық аппаратының партиялық бақылау комитеті хатшылығының меңгерушісі Нұрлан Баймұрзаевтың қатысуымен өткен аталмыш отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Омаров атқарылған жұмысты …

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ФОРУМЫ партияның облыстық филиалында қорытындыланды Read More »

ЖЕТКІЛІКТІ КӨҢІЛ БӨЛІНБЕЙ КЕЛЕДІ

Өткен жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қуат тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді, биылғы жылдың 13 қаңтарында қуат үнемі және қуат тиімділігін арттыру туралы заң қабылданды. Еліміздегі қуат тиімділігін арттырудың осы кешенді жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға 2012 жылдың қарашасына дейін қуат үнемінің кешенді жоспарын жасау міндеті жүктелген болатын. Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. …

ЖЕТКІЛІКТІ КӨҢІЛ БӨЛІНБЕЙ КЕЛЕДІ Read More »

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ФОТОКӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

  Бұрнағы күні облыс орталығындағы бейнелеу өнері мұражайында еліміздің Тұңғыш Президентінің күніне орайластырылған “Ұлт көшбасшысы” ретроспективті фотокөрме ашылды.   Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Көрменің мақсаты – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірімізге жасаған жұмыс сапарларының фотоиллюстрациялары арқылы жергілікті тұрғындарға қала мен облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі кезеңдерін көрсету. Көрмеге Александр Коротков пен Виталий Власенконың 1991 жылдан бастап …

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ФОТОКӨРМЕСІ АШЫЛДЫ Read More »

ШРИ-ЛАНКАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ

Астана қаласындағы Бейбітшілік және Келісім сарайында Шри-Ланканың Қазақстандағы Мәдениет күндері аясындағы концертті тамашалауға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы (ДСР) Президенті Махинда Раджапаксе келді, деп хабарлады Қаз-Ақпарат. Бұл шаралар Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка ДСР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 20 жылдық мерейтойына арналған. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Шри-Ланка Республикасының Президенті Махинда Раджапаксамен кездесу …

ШРИ-ЛАНКАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ Read More »

“ҚАРАҒАНДЫ ИНВЕСТ-2012″ ФОРУМЫ

21 қарашада “Қарағанды Инвест-2012” III-халықаралық инвестициялық форумы ашылды, деп хабарлады ҚазАқпарат. Форумның басты мақсаты – қолайлы инвестициялық жағдайды жақсарту және Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс экономикасына отандық және шетелдік инвестиция тартуды одан әрі ынталандыру. Форумда нақты инвестициялық жобаларды талқылау және облыстық кәсіпорындарының инвестициялық жобалары бойынша дерекқор алудың нақты мүмкіндігі ұсынылды. Шараны ел …

“ҚАРАҒАНДЫ ИНВЕСТ-2012″ ФОРУМЫ Read More »

“АРМАН! ЕҢБЕК! СЕНІМ!”

  Елордада “Арман! Еңбек! Сенім!” деген ұранмен “Жас Отан” жастар қанатының II съезі өтті. Оған қатысып қайтқан облыс делегаттары өз ойларымен бөлісті. Диляра БАҚТЫБАЕВА, “Жас Отан” жастар қанатының Белсендісі.   Астана қаласының “Сарыарқа” республикалық велотрегінде өткен “Жас Отан” жастар қанатының ІІ съезінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға осындай үндеу тастап, бірлік пен ынтымақ …

“АРМАН! ЕҢБЕК! СЕНІМ!” Read More »