«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР ЖАҢА МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АСЫҚ

“Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында жас кәсіби мамандардың “Қазақстан – 2050: жастар қуаты” атты форумы болып өтті. “Жас Отан” жастар қанаты ұйымдастырған шараға мәслихат депутаттары, ардагерлер, жас мамандар мен студенттер қатысты. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Форумға жиналған белсенді жастар Елбасының халыққа арнаған биылғы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларды орындауды қалайша жүзеге асыру керектігін ортаға салды. …

ЖАСТАР ЖАҢА МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АСЫҚ Read More »

КЕМЕҢГЕРЛІКТІҢ ТАҒЫ БІР АЙҒАҒЫ

Хикмет ЧЕТИН,  Түркияның Ұлы Ұлттық Кеңесінің бұрынғы төрағасы. Мен Қазақстанға тағы бір мәрте келуге мүмкіндік алғаныма өте бақыттымын. Мен Сіздердің елдеріңізге Тәуелсіздік ала салысымен келген алғашқы сыртқы істер министрімін. Содан бері мұнда талай мәрте болдым және де әр сапарымда жақсы өзгерістер барын көрдім. Бүгінгі Қазақстан экономикалық жағынан да, әлеуметтік даму жағынан да әлемнің барлық елдеріне …

КЕМЕҢГЕРЛІКТІҢ ТАҒЫ БІР АЙҒАҒЫ Read More »

ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСАТЫНЫНА СЕНІМДІМІН

Михаэль ЛАУБШ,  Орталық Азия елдері бойынша саяси сарапшы (Германия).  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқына Жолдауын бүкіл әлемдегідей, Еуропада да қызу талқылау үстінде. Құжаттың Еуроодақ аясында ғана емес, сондай-ақ бізде – Германияда да толықтай оң баға алуында сөз жоқ. Бұл “Қазақстан – 2030” Стратегиясының, “Еуропаға жол” бағдарламасының жалғасы болып табылады және барлық қоғамның топтасуын көздейді. …

ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСАТЫНЫНА СЕНІМДІМІН Read More »

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

Пламен ДИМИТРОВ,  София университетінің оқытушысы (Болгария). Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, жаңа қазақстандық отаншылдық көпұлтты және көпконфессиялы қоғамның жетістігінің негізі болып табылады. Бұл, түптеп келгенде, болашақ ұрпақтар үшін бағдар. Осыдан барып Президенттің кемеңгерлігі, көрегендігі және стратегиялық ойлау қабілеті тағы бір мәрте танылады. Іс-қимылдың жаңа бағдарламасы қазақстандықтардың келешекке сеніммен қарауына мүмкіндік беретін уақыттан озған қадам екені бүгіннің өзінде …

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР Read More »

ҚАЗАҚСТАННАН ҮЙРЕНЕРЛІК ТҰСТАРЫМЫЗ БАР

Олег САВЧЕНКО, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты.  Кеңестік кеңістіктегі ТМД елдерінің бірінде де мұндай ұзақмерзімді Стратегия жоқ. Тіпті, Ресейдің өзінде де жекелеген салаларға ғана қатысты 2030, 2040 Стратегиялары бар. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жігері мен парасаты бүгінгі күні осындай сапалы ұмтылыс жасап, Қазақстанның алдағы 50 жылда өмір сүретін қағидалары мен тезистерін, міндеттерін айқындауына мүмкіндік береді. …

ҚАЗАҚСТАННАН ҮЙРЕНЕРЛІК ТҰСТАРЫМЫЗ БАР Read More »

БҰЛ БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДАН КЕЛЕДІ

Мәулен ӘШІМБАЕВ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан Президенті 2050 жылы әлемнің неғұрлым дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену туралы басты міндетті белгіледі. Әрине, бұл – асқақ және жоғары мақсат. Ал мен оны әбден қолжетімді деп ойлаймын. Егер 1997 жылды еске алар болсақ, онда Елбасы 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жариялады, бірақ оны сол кезде жұрттың …

БҰЛ БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДАН КЕЛЕДІ Read More »

ШАҒЫН ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ

Бақыт СӘБИЕВА, “Ұлттық банк” облыстық филиалының бөлім бастығы. 2012 жылғы 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының “Шағын қаржылық ұйымдар туралы”, “Шағын қаржылық ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңдары күшіне енді. Бұл заңдарда Ұлттық банкке шағын қаржылық ұйымдардың (бұдан әрі – ШҚҰ) есептік тіркеу, ШҚҰ есебін алу, тексерістер …

ШАҒЫН ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ Read More »

ОН НЫСАННЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

25 желтоқсанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру картасына енгізілген нысандарды іске қосуға арналған жалпыұлттық телекөпірге қатысты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Тікелей эфирдегі телекөпір барысында Индустрияландыру картасына енгізілген елеулі нысандардың тұсаукесері болып өтті. Жобалардың бір бөлігі табысты жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың базасында жүзеге асырылуда. Өзге бағыттар базалық салаларды жаң-ғыртуға, өңірлік дамуға, “Қолжетімді тұрғын …

ОН НЫСАННЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ Read More »

ПАНА ІЗДЕГЕН ЕЛІКТЕРДІ атуға шыққан аңшылар ұсталды

Солтүстікқазақстандық полицейлер облыс орталығынан шыға берісте елік атып жүрген қаланың 4 тұрғынын ұстады. Облыстық ІІД-нің жедел орталығы басқармасына қырағы қала тұрғындарынан Мамлют ауданына барар жақта белгісіз біреулердің елік атып жүргені жайында хабар түседі. Оқиға орнына кезекшілікте жүрген жол және патрульдік полиция қызметкерлері жетті. Ұсталған төрт петропавлдық елік атуға еш қатысы жоқтарын айтқанымен, олардың қолдарындағы қару …

ПАНА ІЗДЕГЕН ЕЛІКТЕРДІ атуға шыққан аңшылар ұсталды Read More »

ӨРТ ӨРШІГЕН ЖЫЛ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент 2012 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылап, тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтау мәселесі бойынша брифинг өткізді. Онда мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Нұрлан Атығаев өңірімізде орын алған оқиғалар мен фактілерді алға тарта отырып, адами және табиғи факторлардың салдарынан орын алған апатты оқиғаларды тілге тиек етті. Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. …

ӨРТ ӨРШІГЕН ЖЫЛ Read More »

ЖАС БЛОГЕРЛЕР ЖОБАСЫ – бірінші орында

22-23 желтоқсан күндері Астана қаласында “Нұр Отан” ХДП қолдауымен, “Болашақ” қауымдастығы, “WikiBilim” қоғамдық қорының серіктестігі, “Мінбер” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Астана Интернет Форумы өтті. Аталмыш шарада солтүстікқазақстандық өкілдер қорғап барған жоба бірінші орын алғандығын сүйіншілеп жеткізбекпіз. Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Форумда қазақтілді жобалар және Интернет маркетинг, оқшаулау мен ақпараттық қауіпсіздік тақырыптары талқыланды. Оннан астам спикердің ішінде …

ЖАС БЛОГЕРЛЕР ЖОБАСЫ – бірінші орында Read More »

ШУАҚ ШАШҚАН ШЫРША

“Нұр Отан” ХДП СҚОФ мен “Болашақ бейбітшілік пен келісімде” қоры бірігіп Петропавлда қайырымдылық шарасын өткізді. Олар жетім және мүгедек балаларға жаңажылдық сыйлықтар таратты. Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Шараның өтуіне қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары атсалысты. Сахнада мерекелік шағын ертегі қойылымы көрсетіліп, ән айтылып, би биленді.

БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ БАҒДАРЫ АЙҚЫН

Таңат СҮГІРБАЕВ, “Асыл мұра” орталығының жетекшісі. Еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан халқы тағы бір аса маңызды, салтанатты оқиғаны көңіл түкпіріне ұялатып, қуанышқа кенелді десем, асыра айтқаным емес. 14 желтоқсанда теңдесі жоқ өнер шаңырағы – “Астана Опера” мемлекеттік опера театрында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа бағдарламасын жариялады. …

БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ БАҒДАРЫ АЙҚЫН Read More »

“АТОМ” ЖОБАСЫН ЖАҚТАЙМЫЗ

Павел ДМИТРИЕВ, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ география және экология кафедрасының меңгерушісі, доцент, биология ғылымының кандидаты, “Экосфера” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі. Мемлекеттің беделі қалай танылады? Бұл – пікірталас тудыратын сауал. Бұл бедел экономикалық дамудың деңгейінен, халықтың әл-ауқатынан, әскери күш-қуаттан танылады дерсіз Сіз. Әлбетте, дұрыс ойлайсыз. Алайда, бүгінгі күннің өлшемі өзгеше. Өйткені, көптеген жаһандық саяси, экономикалық, экологиялық проблемалар Мемлекет …

“АТОМ” ЖОБАСЫН ЖАҚТАЙМЫЗ Read More »

АҚЖАРДА ЕШ ЗӘРУШІЛІК ЖОҚ

Фарида ЖАЗИТОВА,  журналист. “Ауызсу” бағдарламасының аясында 2002-2010 жылдар аралығында Ақжар ауданының Талшық ауылында су құбырларын тарату жүйесін қалыпқа келтіру қолға алынған болатын. Енді ол “Ақжар” мемлекеттік қазыналық мекемесінің басқаруына тапсырылды. Талшық ауылында әр 20 метр сайын колонкалар орнатылған. Тұрғындар, өткен жылдары қыстың аязды күндері бұл құдықтар қатып, істен шығатын, дейді. Биыл су күні-түні ағып тұр. …

АҚЖАРДА ЕШ ЗӘРУШІЛІК ЖОҚ Read More »

ТІРШІЛІК НӘРІ ТЕГІН ЕМЕС екендігін түсінетін кез жетті

Бүгінгі күні “Есіл су” филиалы Солтүстік Қазақстан облысының 11 ауданының 230 елді мекенін және Қостанай облысының 2 ауданын ауызсумен қамтамасыз етіп, барлығы 2210 мың адамға қызмет көрсетеді. Мейірбек ЕГЕНОВ, “Қазсушар” РМК “Есіл су” филиалының директоры. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда АЕМ саны 13 елді мекенге артты, Ақжар ауданының – Бостандық, Киевское, Мағжан Жұмабаев ауданының – …

ТІРШІЛІК НӘРІ ТЕГІН ЕМЕС екендігін түсінетін кез жетті Read More »

АҚЫРЗАМАН боларын Алла ғана біледі

Болат ҚОЖАХМЕТОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Осы ретте Мұхаммед пайғамбар жер бетінде бүлік атаулының етек алатынын да болжаған екен. Күні кеше ғана өзіміз қандай болсақ, өміріміз де сондай тыныш еді, енді мынау ХХІ ғасырың ұйқымызды шайдай ашты ғой: біресе анда, біресе мында сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, бұрқ-бұрқ… Мың жылдық тыныштық орнаған мекен сияқты болып көрінетін жерге жайғасқан, дәлірек айтқанда, …

АҚЫРЗАМАН боларын Алла ғана біледі Read More »

ДІНДЕ ЭКСТРЕМИЗМ ЖОҚ

Бүгінде Қазақстан Республикасы конфессияаралық және этносаралық келісім салтанат құрған ынтымақты елдің үлгісіне айналып отыр. Кеңес Одағының және атеистік жүйенің ыдырауы рухани кеңістік бос қалған жылдарда ұмытылып кеткен қазақстандық қоғамның ұлттық және діни дәстүрлерінің қайта жаңғыруына серпін берді. Қазіргі таңда дін қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан мемлекет Қазақстандағы діни қатынастарды дамытуға әрқашан ерекше көңіл бөлуде. …

ДІНДЕ ЭКСТРЕМИЗМ ЖОҚ Read More »

“ҚАЗАҚША УИКИПЕДИЯ”

“Қазақша Уикипедия” жобасындағы мақалалардың саны 200 мыңнан асты. Жағымды жаңалық па? Иә! Сол сәтте-ақ Сіздің санаңызда: “Бұл қандай жоба және осынша сүйіншілейтіндей оның қандай пайдасы бар?” деген сұрақ туындайды. Оған жауап беруге тырысайық. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Уикипедия дегеніміз – редакциялауға болатын онлайн-энциклопедия. Ол 2001 жылы мәре алған. Осы уақытқа дейін ол әлемнің 285 тілінде …

“ҚАЗАҚША УИКИПЕДИЯ” Read More »