«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫРТАУДА АЙТАРЛЫҚТАЙ ІСТЕР АТҚАРЫЛУДА

Айыртау ауданындағы Володар темір жол вокзалын күрделі жөндеуден өткізуге 55 миллион 785 мың теңге қаржы бөлінген еді. Аталмыш ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Серік Біләлов құрылыстың барысымен танысты.  Самат ЕСМАҒИ,журналист. Ауданда мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру оң жолға қойылған. Солардың бірі – “ТКШ-ны жаңғырту” бағдарламасы. Осының арқасында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Саумалкөлдегі көпқабатты үйлердің біріне …

АЙЫРТАУДА АЙТАРЛЫҚТАЙ ІСТЕР АТҚАРЫЛУДА Read More »

КОМПЬЮТЕР КӨМЕГІМЕН болат кесуші шебер

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде “ЗИКСТО” акционерлік қоғамы да өндіріске бірқатар технологиялық жаңғыртулар енгізуде. Жаңартылған өндіріс құрал-жабдықтары кәсіпорынның өнімділігін арттырып, жұмысшыларға жаңа серпінмен еңбек етуге мүмкіндік тудырып отыр. Болатты лазермен кесу аппараттары өндіріске енгізілгелі кәсіпорындағы өнімділік пен сапа артқан. Сонымен қатар акционерлік қоғамның ұжымы заманауи техникалардың құлағында ойнайтын жас кадрлармен …

КОМПЬЮТЕР КӨМЕГІМЕН болат кесуші шебер Read More »

БАЛАЛАР “БАЛАПАНМЕН” бірге өсіп келеді

Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы №488 қаулысын жүзеге асыру үшін “Балаларды мектеп жасына дейінгі тәрбие және оқумен қамтамасыз ету бойынша 2010-2014 жылдарға арналған “Балапан” бағдарламасы қабылданды. Бүгінгі күні аталмыш бағдарлама аясында еліміз бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Республика бойынша мектепке дейінгі 8524 ұйымда, дәлірек айтсақ, 2908 балабақша мен …

БАЛАЛАР “БАЛАПАНМЕН” бірге өсіп келеді Read More »

“САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН” БАҒДАРЛАМАСЫ сәтті жүзеге асырылу үстінде

Өткен жылдан бері жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқан “Саламатты Қазақстан” бағдарламасының мақсаты Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту және елдің әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру болып табылады.  Рашида ИВАНОВА, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының бастапқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі орынбасары. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мерзімі екі кезеңнен тұрады. 2011-2012 жылдар бірінші …

“САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН” БАҒДАРЛАМАСЫ сәтті жүзеге асырылу үстінде Read More »

ЖИНАҚ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ЖЕҢІЛ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында тұрғын үй құрылысын дамытумен қатар, Қазақстанда азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін әрі қарай өркендетуді ынталандыру шаралары қамтылған және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту халықтың кең ауқымды бөлігін қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге ықпал жасайтыны айтылған. Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. Осыған байланысты ел Үкіметі 2012 жылы …

ЖИНАҚ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ЖЕҢІЛ Read More »

САПАЛЫ АУЫЗСУ ІШЕТІН АУЫЛДАР саны жылдан-жылға көбею үстінде

Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!” Жолдауында ауызсу мәселесіне ерекше маңыз беріп: “Қазақстандықтарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселелері – халықтың денсаулығын жақсартудың аса маңызды міндеті, сондықтан бұл біздің басымдығымыз болады” деген еді. Мемлекет басшысы елімізде халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың осыдан 8 жыл бұрын басталғанын және оның …

САПАЛЫ АУЫЗСУ ІШЕТІН АУЫЛДАР саны жылдан-жылға көбею үстінде Read More »

АУРУ АЗАБЫН ТАРТСА ДА, мүгедектер мойымайды

Василий ЧАЙКИН,“Тайынша психоневрологиялық интернат-үйі” КММ-нің директоры. Біздің интернат-үйіміз 1993 жылы ашылған болатын. Бүгінгі күні мұнда ұзаққа созылатын психикалық аурулардың ауыр түрімен зардап шегетін 500 мүгедек тұрып жатыр. Диагноздарының ауыр екеніне қарамастан, әр тұрғынның толыққанды өмір сүруін көздейтін интернат-үйіміздің мамандары күн сайын көп жұмыс атқаруда. Ол үшін тұрғындар кез келген еңбек түрімен шұғылдана алатын әрі қызығушылықтары …

АУРУ АЗАБЫН ТАРТСА ДА, мүгедектер мойымайды Read More »

МАҚСАТЫМЫЗ КЕДЕЙЛЕРСІЗ АУМАҚ ҚҰРУ Қазірдің өзінде мемлекеттік атаулы көмек алушылар жоқ, ауылдық округтер саны 43-тен 83-ке дейін көбейтілді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауына сәйкес қазақстандықтарды жұмыспен қамту басым бағыттардың бірі болып табылады.  Осыған орай биылғы жылы Мемлекет басшысының 2011 жылғы тапсырмасы бойынша әзірленген “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасын ауқымды іске асыру басталды. Бағдарламаның негізгі мақсаты жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға …

МАҚСАТЫМЫЗ КЕДЕЙЛЕРСІЗ АУМАҚ ҚҰРУ Қазірдің өзінде мемлекеттік атаулы көмек алушылар жоқ, ауылдық округтер саны 43-тен 83-ке дейін көбейтілді Read More »

АЛТЫ ЖЫЛҚЫ ҰРЛАҒАНДАР орман ішінде қолға түсті

Облыста тағы бір мал ұрлығы тіркелді. Қызылжар ауданының тәртіп сақшылары алты жылқыны қолды етіп, орманға байлап кеткен топты ұстады. Қызылжар ауданындағы Қарлыға ауылының маңында жылқылардың байлаулы тұрғанын бір жергілікті тұрғын байқап қалған. Ол мән-жайды трассада кезекшілікте жүрген жол сақшыларына дереу хабарлаған. Тиісті бөлімдерге ақпарат берілген соң, аталмыш ауданның полицейлері ұрыларды құрықтау үшін орманға келеді. Тәртіп …

АЛТЫ ЖЫЛҚЫ ҰРЛАҒАНДАР орман ішінде қолға түсті Read More »

РОМАНТИКАЛЫҚ КЕШКІ АС адам өлімімен аяқталды

Петропавл қалалық ІІБ-нің жедел уәкілдері кезекшілік барысында кісі өлтіру фактісі бойынша кінәліні анықтады. Батыр Баян көшесі бойында орналасқан үйден әйелдің мүрдесі табылған. 41 жастағы үй қожайынының жер жастанып жатқанын оның құрбысы анықтаған. Бұл әйелдің айтуынша, ол бір күн бұрын осы үйден кеткен кезде марқұмның жанында бір ер адам қалған. Іздестіру жұмыстарын жүргізе келе, қонақтың төртінші …

РОМАНТИКАЛЫҚ КЕШКІ АС адам өлімімен аяқталды Read More »

ӨҢІРЛІК БАҚ ӨКІЛДЕРІ дін туралы семинарға қатысты

Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Прозрение – Көз жету” қоғамдық бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырмасымен “Дін тақырыбын БАҚ-та түсіндірудің негізгі қағидаттары” тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Облыстық, қалалық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан аталмыш жиында “Прозрение – Көз жету” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Максим Доценко өңір журналистері үшін үшінші рет өткізіліп отырған аталмыш жиын олардың …

ӨҢІРЛІК БАҚ ӨКІЛДЕРІ дін туралы семинарға қатысты Read More »

ВИНОКУРОВТЫҢ ІЗБАСАРЛАРЫ бола алатын жас шабандоздар

Велоспорттан екі айға созылған облыс біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.Жарыс 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде жас велошабандоздар жекелей сында, екінші кезеңде – топтық, ал үшінші және төртінші кезеңдерде айналмалы жарысқа шықты. Қатысушылардың жалпы саны 100 шамасына жетті. Олар жасына қарай екі топқа бөлінді. 1996 жылы туған Александр Самусенко жекелей сында …

ВИНОКУРОВТЫҢ ІЗБАСАРЛАРЫ бола алатын жас шабандоздар Read More »

САХНАДА – “АҚ КЕМЕ”

Театр сахнасында – 15 жыл. Көп те, аз да емес. Облыстық қуыршақ театрының әртісі Сапар Мапенов – осынша ғұмырын театр өнеріне арнаған сахнагер.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Театрға жанымен берілген адам бірден танылады. Ол балаша ақкөңіл, мейірбан болады. Сапар Мапеновтің бойынан осы қасиеттерді тану қиын емес. 15 жыл ішінде дана ақсақал, мейірбан шаян, ақылды мысық, …

САХНАДА – “АҚ КЕМЕ” Read More »

ЕСЕНИЯ ЕПИФАНЦЕВА – халықаралық ән байқауының жүлдегері

Облыс орталығындағы №8 эстетикалық бағытта жалпы білім беретін мектеп-кешеннің 3-сынып оқушысы Есения Епифанцева Мәскеуде өткен халықаралық конкурста жүлделі орынға ие болып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып қайтты.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. “Арт фестиваль – Роза Ветров” балалар қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өткен байқауға түрлі елдерден 900-ге жуық мектеп оқушысы қатысқан. Есения ән додасында қазақ және орыс тілдерінде “Айналайын” …

ЕСЕНИЯ ЕПИФАНЦЕВА – халықаралық ән байқауының жүлдегері Read More »

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА заң бұзушылықтар әшкереленді

Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 2012 жылдың 9 айында бақылаумен 178 нысан қамтылды, оның 152-сі – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын нысандар.Анықталған заң бұзушылықтардың жалпы сомасы – 12 459 млн. теңге, соның ішінде 80 пайызы немесе 9 954,9 млн. теңгесі – қаржылық бұзушылықтар; 10 пайызы немесе …

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА заң бұзушылықтар әшкереленді Read More »

ҚОЛӨНЕРДІҢ “ЕКІНШІ ТЫНЫСЫ” туризм арқылы ашылады

Дүйсенбі күні Петропавлдағы Достық үйінде “Ассамблея” корпоративтік қоры ұйымдастырған “дөңгелек үстел” өтті.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Онда “Ассамблея” облыстық корпоративтік қоры қолға алған “Ауылдық этномәдени бірлестіктерді дамыту жөніндегі шаралар кешені” жобасы негізінде атқарылған жұмыс қорытындыланды. Корпоративтік қор өңіріміздің барлық аудандарын аралап, этномәдени бірлестіктермен және жергілікті қолөнершілермен кездесіп, өңіріміздегі қолөнер саласының даму деңгейіне социологиялық зерттеу жүргізген …

ҚОЛӨНЕРДІҢ “ЕКІНШІ ТЫНЫСЫ” туризм арқылы ашылады Read More »

АҚМОЛАЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ҚЫЗЫЛЖАР САХНАСЫНДА

Бұрнағы күні Қызылжар өңірі “Достықтың жол картасы – 2012” мега-жобасының эстафетасын қабыл алды. Оны бізге Ақмола облысы табыс етті.   Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Елбасымыз, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қолдаған “Достықтың жол картасы – 2012” мега-жобасы Шығыс Қазақстан облысында жалауын көтерген болатын. Елдің бірлігін ұрандаған эстафетаны осы күнге дейін Павлодар – Қарағандыға, ол өз …

АҚМОЛАЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ҚЫЗЫЛЖАР САХНАСЫНДА Read More »

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ЖАҢА ДЕПУТАТТАРЫ

Жексенбі күні Қазақстанның 11 өңірінің 45 сайлау округінде шығып кеткен депутаттардың орындарына сайлауы өтті. Округтерде депутаттыққа үміткер болып 112 адам тіркелген болатын. Олардың 48-і – Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері, 52-сі – партияда жоқтар, ал 12-сі – қандай партияға жататынын көрсетпегендер. Сайлау қорытындысы бойынша 10 облыстық, 8 қалалық, 27 аудандық мәслихаттардың депутаттары сайланды. Сайланған мәслихат …

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ЖАҢА ДЕПУТАТТАРЫ Read More »

“ОҢТҮСТІК” КӘРІЗ КОЛЛЕКТОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ уақытында аяқталуы тиіс

Облыс әкімі Серік Біләлов “Оңтүстік” кәріз коллекторын жаңғырту барысымен танысты. Жөндеу жүргізіп жатқан мамандар негізгі құбыр тарту жұмыстары желтоқсан айының басында аяқталады, дейді. Самат ЕСМАҒИ,журналист. Республикалық бюджеттен бөлінген қомақты қаржыға жөнделіп жатқан “Оңтүстік” кәріз коллекторының жалпы ұзындығы 5 шақырымнан артық. Қазіргі таңда оның тең жартысы салынған. Өңір басшысы мердігерлерге жайбасарлықтан арылып, негізгі жұмыстарды желтоқсанның басына …

“ОҢТҮСТІК” КӘРІЗ КОЛЛЕКТОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ уақытында аяқталуы тиіс Read More »

ТҮРІК БАУЫРЛАРДЫҢ “СҰЛТАНЫ” тағы 15 жұмыс орнын ашты және 15 оралман ағайынға қамқорлық жасап отыр

  Кеше “Сұлтан макарон бұйымдары” АҚ-да вафли мен макарон шығаратын желілерді іске қосуға арналған салтанатты шара болып өтті. Оған облыс әкімі Серік Біләлов пен “Окан-Холдинг” компаниясының президенті Бекир Окан, Түркияның және Қазақстанның БАҚ өкілдері қатысты. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Жаңа өндіріс орнының ашылу салтанатында сөз сөйлеген өңір басшысы Серік Біләлов:– Біздің еліміз егемендік алған жылы …

ТҮРІК БАУЫРЛАРДЫҢ “СҰЛТАНЫ” тағы 15 жұмыс орнын ашты және 15 оралман ағайынға қамқорлық жасап отыр Read More »