«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!

Петропавл-Астана тас жолының бойындағы Аққайың ауданына қарасты Астраханка ауылының маңында жолаушылар тасымалдайтын “Сетра” автобусының жүргізушісі қатты тайғақ салдарынан рульге ие бола алмай жолдан шығып кеткен. Автобустағы 21 жолаушының екеуі бала болған. Абырой болғанда, адамдар аман. Автобусты жол жиегінен “Астраханское” ШҚ “К-700” тракторы сүйреп шығарып, ол өзінің “Петропавл-Омбы” бағытындағы сапарын жалғастырған. СҚО төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің …

АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР! Read More »

ҚЫЗЫП ЖАНҒАН ОТҚА ПЕШ ТЕ ШЫДАМАЙДЫ

Жыл басынан бері облыста 809 өрт шығып, жалпы құны 492 млн. теңгеге шығын келтірген. Тілсіз жаудан 46 адам жапа шеккен, оның ішінде 5-еуі – бала. Күйікке шалдыққандардың 32-сі түрлі ауырлық деңгейінде жарақат алған. Күн суытып, аяз қысқан сайын пештегі от та қыза түсетіні аян. Алайда, қатты қыздырып жаққан отқа барлық пеш қондырғылары шыдай бермейді де, …

ҚЫЗЫП ЖАНҒАН ОТҚА ПЕШ ТЕ ШЫДАМАЙДЫ Read More »

“ШЫМКЕНТ-ШОУ” КҮЛКІГЕ КЕНЕЛТТІ

Облыс орталығындағы “Метро” ойын-сауық кешенінде “Күлпаш” есімімен белгілі Берік Тұрсынбеков бастаған “Шымкент-Шоу” әзіл-сықақ театрының кеші өтті. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Беткеұстар театрға айналған “Шымкент-Шоу” жаңа қойылымдарымен күлкіге кенелтті. Театр шымылдығы әсем әнмен ашылып, халық асыға күткен “Күлпаш” сахнаға шыққанда, көрермен күлкіге қарық болды. Театр ұжымы мерекелік жаңа бағдарламамен желтоқсанның бірінде сапарға шығыпты. Еліміздің көптеген қалаларында …

“ШЫМКЕНТ-ШОУ” КҮЛКІГЕ КЕНЕЛТТІ Read More »

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ЖЕТІ АДАМҒА облыстың құрметті азаматы атағы берілді

Дүйсенбі күні облыс әкімі Серік Біләлов өңіріміздің өркендеуіне өз үлестерін қосқан және осы жолда еңбек етіп жүрген жеті адамға “Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы” атағын берді. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”.   – Осы бір құрметті атақты тапсыру еліміздің Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында өтуінде үлкен мән бар. Біз Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерімен, қол жеткізген толағай …

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ЖЕТІ АДАМҒА облыстың құрметті азаматы атағы берілді Read More »

№2 ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ 10-шы қазандығын қосып, қуаттылығын арттырды

“СевКазЭнерго” АҚ 2-ЖЭО-дағы қайта жаңартылған қазандығын іске қосты. Бұл шара облыс әкімі Серік Біләловтің қатысуымен өтті. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Шекті тарифті бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы қаулысы нәтижесінде еліміздегі энергия өндіретін ұйымдар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алған болатын. Осы орайда “СевКазЭнерго” АҚ үш жарым миллиард теңгеге №7 стансасының қазандығын қайта жаңартты. …

№2 ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ 10-шы қазандығын қосып, қуаттылығын арттырды Read More »

ШКІ ӘСКЕР – НАҒЫЗ ЕРЛЕР ҮШІН!

Мен қазір Ішкі әскер қатарында азаматтық борышымды өтеп, еліміздің тыныштығын күзетіп жүрмін. Әскерге келген күннен бастап ата-анама, туған-туыстарыма, ал ең бастысы, Отаныма деген сүйіспеншілік сезімім үдей түсті. Нұрсұлтан ӘБДІРАХМАНОВ, Тайынша ауданы, Зеленый Гай ауылынан  шақырылған қатардағы жауынгер. Домалақ Жер-Ананың төсінен орын тепкен менің Қазақстаным – дүниедегі ең асыл жер! Мен өзімнің туған жеріме, туған еліме …

ШКІ ӘСКЕР – НАҒЫЗ ЕРЛЕР ҮШІН! Read More »

ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – мәртебелі мамандық

Еркінбек БАЙБОЛОВ, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, подполковник. “Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес әскери-техникалық және басқа әскери мамандықтар бойынша мамандар даярлау Қорғаныс министрлігінің арнайы ұйымдарында Қарулы Күштердің қажеттілігіне орай тегін және оқуға кеткен шығындарды толық немесе жартылай өтеу арқылы ақылы негізде жүргізіледі. Әскери-техникалық және басқа әскери мамандықтар …

ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – мәртебелі мамандық Read More »

АЛАҒАН ҚОЛ БЕРЕГЕН ДЕ БОЛСА ИГІ

Нұрлан ЖҰМАБАЕВ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы “Зекет” қорының СҚО бойынша өкілі. Жаратушы Хақ әр пендесіне әртүрлі тағдыр береді. Қазақ мұндайда “Пешенеңе жазылғаны солай” деп жатады. Құдай тағала тағдырды солай жазды, біз көндік. Дегенмен, он сегіз мың ғаламның иесі ешкімнің несібесін жемек емес. Әркімге өзіне лайықты кәсіп береді. Сол кәсібі арқылы нәсібін жеткізеді. Біздің жұртта “байлық …

АЛАҒАН ҚОЛ БЕРЕГЕН ДЕ БОЛСА ИГІ Read More »

ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ – КЕПІЛДІКТІҢ БІР ТҮРІ

Міндетті әлеуметтік сақтандыру – халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі және кез келген елдің тұрғындарының 50 пайыздан астамын құрайтын еңбекке қабілетті халықтың мүдделерін қорғайтындықтан, қоғамның ең маңызды әлеуметтік кепілдігі. Арай НҰҒЫМАНОВА, облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім бастығы. Міндетті әлеуметтік сақтандыру табысты жоғалтумен байланысты түрлі тәуекелдерден әлеуметтік қорғау болып саналады. Әлеуметтік төлемдер жұмысшының табыс деңгейі …

ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ – КЕПІЛДІКТІҢ БІР ТҮРІ Read More »

САҢЛАҚТАР ІЗІН БАСАР ІНІЛЕР ҚАЙДА?

Республикалық баспасөзде Астанада ересектер арасында бокстан ел чемпионаты өтетіні, оған бүкіл өңірлерден бүгінгі таңдағы ең үздік шеберлер қатысатыны күні бұрын жазылғанда елеңдеп, газеттерге үңіліп, көгілдір экранға көз салып тағатсыздандық. Өйткені, уақыт ұшқыр. Лондон Олимпиадасы өте шықты. Келесіде кезегін тосып 2016 жылғы Риоде-Жанейро ойындары тұр. Қазірден бастап кез келген құраманың бапкерлері осы ойындарға жол салдыратын лицензияларды …

САҢЛАҚТАР ІЗІН БАСАР ІНІЛЕР ҚАЙДА? Read More »

ФУТЗАЛДАН ӨТКЕН ТУРНИРДЕ облыс әкімі жүлдесі сарапқа салынды

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Қаладағы балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінде 8-9 желтоқсан күндері облыс әкімінің жүлдесі сарапқа салынған дәстүрлі 7-ші футзал турнирі өтті. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған осы шағын футбол турниріне 8 команда қатысты, соның ішінде Ресейдің көршілес Қорған және Омбы қалаларының командалары да бар. Командалар алдымен екі топқа бөлініп, бір-бірімен кездесіп, …

ФУТЗАЛДАН ӨТКЕН ТУРНИРДЕ облыс әкімі жүлдесі сарапқа салынды Read More »

“ӘЛЕМДЕ САҢЫРАУЛЫҚ БОЛМАЙДЫ!” шарасы өтті

Үстіміздегі жылғы 7 желтоқсанда “Қазақ саңыраулар қоғамы” қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалы облыстық саңырау балаларға арналған мектеп-интернат ұжымымен бірлесіп “Әлемде саңыраулық болмайды!” атты қайырымдылық шарасын өткізді. Ол елімізде тұңғыш рет аталып өтілген Президент күні мемлекеттік мерекесі аясында Петропавл қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Шараға қаламыздағы түрлі ұйымдардан демеушілер, меценаттар тартылды. …

“ӘЛЕМДЕ САҢЫРАУЛЫҚ БОЛМАЙДЫ!” шарасы өтті Read More »

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖҮРГЕНДЕРГЕ тыйым салынған зат жіберіп, әуре болмаңыз

“ЕС-164/3” мекемесі қызметкерлерінің негізгі мақсаты: мекемедегі жазасын өтеп жатқан тұлғаларға түрлі айлалы жолмен жіберілетін тыйым салынған заттардың жолын кесу және оның алдын алу болып табылады. Бұл ретте біздің мекемеде жұмыс белсенді түрде жүргізілуде. Арман ЖҰМАБАЕВ, СҚО бойынша ҚАЖД “ЕС-164/3” мекемесі бастығының орынбасары. Мәселен, мекеме аумағына кірген-шыққан тұлғаларды, автокөліктерді тексеру қатаң бақылауға қойылған. Ұзақ мерзімді кездесу, …

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖҮРГЕНДЕРГЕ тыйым салынған зат жіберіп, әуре болмаңыз Read More »

КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ САРДАРЫ – оның көзі тірі шежіресі

ӨМІР-ДЕРЕК: Бауыржан Ниязұлы Құлжанов. 1953 жылы Аққайың ауданындағы Еркіндік ауылында туған. Қазақ күресінен спорт шебері. Облыстық күрес федерациясының президенті. Комсомол ардагері. Кеден қызметінің полковнигі. Петропавл қаласының Құрметті азаматы. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Оның өмірбаянындағы үш тағанның бірі – спортпен, оның ішінде қазақ күресімен шұғылдануы, екіншісі – комсомол қызметін атқарған жылдары облыс жастарын бұқаралық спортпен айналысуға …

КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ САРДАРЫ – оның көзі тірі шежіресі Read More »

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ФОРМУЛАСЫ кездесу тақырыбына айналды

Бейсенбі күні “Нұр Отан” ХДП-ның облыстық филиалында “Нұр ару” жас әйелдер клубының мүшелері өңіріміздің белсенді әйелдерімен кездесті. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”.   Жетістікке жету формуласы. Жиынға жиналғандар осы жайында әңгіме өрбітті. Табысқа жетіп, өмірде көпті көрген өңіріміздің белсенді нәзік жандылары артынан ерген сіңлілермен жетістікке жетудің сырларымен бөлісті. “Адамды жетістікке жеткізе алатын – тек еңбек” деп …

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ФОРМУЛАСЫ кездесу тақырыбына айналды Read More »

“ДАМУ” АЯСЫН КЕҢЕЙТУ КӨЗДЕЛУДЕ

Гүлмира ЖАҚЫПОВА, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ы өңірлік филиалының бас менеджері. Өткен аптада Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың баспасөз орталығында “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Қанат Сұлтанғазиевтің, екінші деңгейлі банктердің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысқан “дөңгелек үстел” өтті. Аталмыш шараны ұйымдастырудағы мақсат “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша өткелі отырған …

“ДАМУ” АЯСЫН КЕҢЕЙТУ КӨЗДЕЛУДЕ Read More »

ЕСКЕРТУ

Облыстық гидрометеорологиялық орталықтың мәліметі бойынша өңірімізде желтоқсанның 10-ы мен 14-і аралығында ауа температурасы күрт төмендеп, сынап бағанасы түнде 25-30 градустан 30-35, кей жерлерде 40 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 15-20, жекелеген аудандарда 25 градус аяздан 23-28, кей жерлерде 33 градусқа дейін суытады. Осыған орай ҚР ТЖМ СҚО бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті адамдардың үсікке шалдығуы мен …

ЕСКЕРТУ Read More »

“ЖҰЛДЫЗДАРҒА ҚАРА” ЖОБАСЫ төрт кәсіпкерге жол ашты

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. “Жұлдыздарға қара” жобасына жасы 18-ге толған 1 және 2 топтағы мүгедектер қатысты. Грант түрінде берілетін қаржыны олар кәсіпкерліктегі машықтығы мен біліктілігін және тәжірибесін жетілдіру үшін пайдаланады. Биылғы жылдың 1-ші қыркүйегі мен 26-шы қазаны аралығында кәсіпкерлер өз бизнес-идеялары және оны жүзеге асырудың жолдарын көрсетіп, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалына өтініш …

“ЖҰЛДЫЗДАРҒА ҚАРА” ЖОБАСЫ төрт кәсіпкерге жол ашты Read More »

ДҮКЕН ТОНАП, пайда таппақ болған

Есіл ауданының ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жергілікті жердегі бірнеше дүкенді тонады деген күдікпен Қостанай облысының үш тұрғынын ұстады. Қазан айының соңында Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Покровка ауылындағы дүкендердің бірінің иесі хабарласып, белгісіз біреудің кассадан 12 мың теңгені ұрлап кеткендігін айтқан. Сатушының сөзіне қарағанда, сол күні дүкенге жас жігіт кіріп, “анамынаны көрсетші” деген. …

ДҮКЕН ТОНАП, пайда таппақ болған Read More »

ӨҢІРІМІЗДЕ ЗАҢСЫЗ ЕҢБЕК ЕТКЕН 5 өзбекстандық ұсталды

Облыстық көші-қон полициясының қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу шараларын өткізу барысында заңсыз еңбек етіп жүрген Өзбекстанның бес азаматын анықтады. Олардың екеуі әкімшілік тұтқынға алынса, үшеуі айыппұл төлеп, елден кетулері қажет. 24 және 36 жастағы Өзбекстан азаматтары Қазақстаннан 2009 жылы кетуі тиіс еді. Соттың шешімі бойынша олар заңсыз еңбек еткендері үшін қуылған болатын. Алайда, осы күнге …

ӨҢІРІМІЗДЕ ЗАҢСЫЗ ЕҢБЕК ЕТКЕН 5 өзбекстандық ұсталды Read More »